Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Отбасы – шағын мемлекет

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

9-тапсырма Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз

Үлгі: Отбасының берекесі неде?

10-тапсырма Отбасы, жанұя туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз

Үлгі: Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар. Мағынасы: Баласы бар үйде өте көңілді, қызықты, ал баласы жоқ үйде тып-тыныш, көңілсіз, жабырқау.

2-сабақ Отбасының қоғамдағы орны

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Отбасыңызда мереке, атаулы күндерді қалай тойлайсыздар?

2. Өз ұлтыңыздың салт-дәстүрі туралы не білесіз?

3. Жанұяңызда ұлттық дәстүрлерді ұстанасыздар ма?

4. Ата-анаңыздың отбасылық достары туралы не айта аласыз?

2-тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз және мазмұндаңыз

Отбасының қоғамдағы орны

Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін барлық жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Қоғамда отбасының алатын орны үлкен. Әрбір отбасы мүшесі – қоғамның мүшесі. Барлық қоғам мүшелері сияқты оның өзіндік көзқарасы, құқы бар. Отбасы қоғамның бөлшегі болғандықтан, 1993 жылдан бастап 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні болып аталады. Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.

2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды.

ҚР Президенті Жарлығымен "Отбасы күні" Қазақстанда 8 қыркүйек күні тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.

3-тапсырма Сұхбатты аяқтаңыз

-Менің атым – Елена, ал сенің атың кім?

-Менің атым – Әділ.

-Сенің отбасың бар ма?

-Иә, бар.

-Үлкен бе?

-Жоқ, үлкен емес, шағын: ...............................

4-тапсырма Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыз

1.аты, менің атым, Мейіржан, әкемнің, Алуа.

2.оқимын, мен, С. Сейфуллин атындағы, Қазақ агротехникалық, университетте.

3. мектепте, ол, қаласындағы, №15, пәнінің, Астана, биология,мұғалімі.

4. ауылда, зейнеткерлер, әке мен шешем, істейді, ағаларым, жұмыс.

5. жездесі, кісі, Жұлдыздың, бұл.

6. шағын, емес, отбасымыз, үлкен, біздің

5-тапсырма Төмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғаңыз.

Ата-ана, ата, әже, әке, ана, бала, күйеу бала, қыз, ұл, тұңғыш, ортаншы, кенже, ата, апа, келін, жеңге, жезде, немере, сіңлі,қарындас, іні, аға, жиен, бөле, нағашы, ағайын, бауыр.

3-сабақ Cәлем - сөздің анасы

1-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз