Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

4. Қазақ жерінде қолөнер нешісінші ғасырдан бастап қатты дами бастады?

А) ХVI ғасырда

Ә) ХVII ғасырда

Б) ХVIII ғасырда

В) ХIХ ғасырларда

Г) ХХ ғасырда

5. Сөйлемді толықтырыңыз. Әрбір отбасы мүшесі ... мүшесі.

А) сол елдің

Ә) заманның

Б) адамның

В) қоғамның

Г) халықтың

6. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы неден басталады?

А) өзінен

Ә) мемлекеттен

Б) отбасынан

В) ортасынан

Г) тәрбиесінен

7. Сөйлемді толықтырыңыз. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ...

А) баспана

Ә) тәрбие

Б) бала

В) ұрпақ

Г) салт-дәстүр

8. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін жағдай жасайды. Ендеше бала бойына қандай мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады?

А) қажеттігін толық қанағаттандыру

Ә) дене және ой еңбегіне үйрету

Б) күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге,

В) адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету

Г) а,ә,б,в

9. Киіз үй біздің заманымыздың нешінші ғасырынан бастап пайдаланған?

А) II

Ә) ІII

Б) IV

В) VI

Г) VII

10. Балшықтан қыстық үй (қыстау) нешінші ғасырдан бастап салына бастады?

А) ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан

Ә) ХІV ғасырдың екінші жартысынан

Б) ХV ғасырдың екінші жартысынан

В) ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан

Г) ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан

11. «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім» – депті. Кімнің сөзі?

А) А.Құнанбаев

Ә) В.А.Сухомлинский

Б) Р.Шеридан

В) Н.П.Радлов

Г) барлық нұсқа дұрыс

12. «Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған төзбейтін, ымырасыз адам бол» Кімнің сөзі?

А) А.Құнанбаев

Ә) В.А.Сухомлинский

Б) Р.Шеридан

В) Н.П.Радлов

Г) барлық нұсқа дұрыс

13. Қай жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік «Востокфильм» кино қоғамы құрылды?

А) 1926жылы

Ә) 1927 жылы

Б) 1928 жылы

В) 1929 жылы

Г) 1930 жылы

14. Елімізде Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтің қаншасы табылған?

А) 69

Ә) 79

Б) 89

В) 99

Г) 100

15. Еліміздің шығыс өңірінен алынатын пайдалы қазбалар қатарын көрсетіңіз.

А) мыс

Ә) көмір

Б) газ

В) фосфор

Г)мұнай

16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы кім?

А) Шоқан Уалиханов

Ә) Шәкен Ниязбеков

Б) Е. Шаймерденұлы

В) Жандарбек Мәлібеков

Г) Шот – Аман Уалиханов

17. Мінез-құлық әдептеріне нелер жатады?

А) биязылық

Ә) кішіпейілділік

Б) салмақтылық

В) кең пейілділік

Г) аталғандардың барлығы

18. Шаңырақ ұғымы нені білдіреді?

А) үлкен үйді

Ә) достықты

Б) татулықты

В) отбасыны

Г) еңбекқорлықты

19. «чистосердечный» сөзінің аударасын табыңыз

А) қатыгез

Ә) қарапайым

Б) ақкөңіл

В) кешірімді

Г) жомарт

20. Қазақ халқы бала тәрбиесінде ненің орнына ерекше мән берген?

А) тегіне

Ә) бойына

Б) мінезіне

В) бет-әлпетіне

Г) еңбекке

Емтихан сұрақтары

1. Киіз үй іші нешеге бөлінеді?

А) 1

Ә) 2

Б) 3

В) 4

Г) 5

2. Қазақстанда киіз үй жасайтын кәсіпорындар бар. Олар: .........

А) Үшарал киіз үй комбинаты, Сарыағаш, Атырау және Ақтау тұрмыс өтеу комбинаттары

Ә) Үштөбе киіз үй комбинаты, Сарыағаш, Алматы және Атырау тұрмыс өтеу комбинаттары

Б) Ақмола киіз үй комбинаты, Семей, Атырау және Ақтау тұрмыс өтеу комбинаттары

В) Үштөбе киіз үй комбинаты, Сарысу, Атырау және Орал тұрмыс өтеу комбинаттары

Г) Үшарал киіз үй комбинаты, Семей, Атырау және Алматы тұрмыс өтеу комбинаттары

3. Көлгірлік (екіжүзділік) адам бойындағы қандай қасиет?

А) ең жаман жағымсыз

Ә) ең жақсы

Б) ең пайдалы

В) ең керек

Г) ең тиімді

4. Еліміздің орталығында алынатын пайдалы қазбалар қатарын көрсетіңіз.

А) түсті металл

Ә) көмір, мыс

Б) мұнай, газ

В) газ, түсті металл

Г) түсті металл, көмір, мыс

5. Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалары неше түрлі әдіс бойынша өндіріледі?

А) 1

Ә) 2

Б) 3

В) 4

Г) 5

6. Бүкіл өмірін Қазақстанның жер қойнауындағы табиғи қазба байлықтарын минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арнаған адам?

А) Шоқан Уәлиханов

Ә) Қаныш Сәтбаев

Б) Сәкен Сейфуллин

В) Мұхтар Әуезов

Г) барлығы дұрыс емес

7. Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің қанша елі сатып алуға өтініш білдірген?

А) 50-ге

Ә) 60-қа

Б) 70-ке

В) 80-ге

Г) 90-ға

8. Темірден бұйымдар жасайтын шеберді қалай атаған?

А) үйші

Ә) зергер

Б) ұста

В) тоқымашы

Г) бәдізші

9. Қазақ киносы қай кезде пайда болды ?

А) қазан төңкерісінен кейін

Ә) Ұлы Отан соғысынан кейін

Б) егемнеді ел болғаннан бастап

В) көшпенділер кезінде

Г) желтоқсан оқиғасынан кейін

10. Алғашқы кино шежіре қай жылы түсірілді?

А) 1921

Ә) 1922

Б) 1923

В) 1924

Г) 1925

11. Қазақтың алғашқы киносы «Амангелді» көркем фильмін қандай киностудия жасады?

А) «түрксіб»

Ә) «мосфильм»

Б) «біріккен орталық киностудия»

В) «востокфильм»

Г) «ленфильм»

12. Мақалдың жалғасын табыңыз. Жалқаулық- ................

А) нашар дағды

Ә) жаман әдет

Б) жаман ауру

В) жаман дерт

Г) барлық нұсқасы дұрыс емес

13. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім?

А) С.Сейфуллин

Ә) А.Құнанбаев

Б) М.Шаханов

В) М.Мақатаев

Г) М.Жұмабаев

14. «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда бірігіп, қандай атпен өзінің қызметін бастады?

А) бірлескен орталық киностудия деген атпен

Ә) орталық киностудия деген атпен

Б) біріккен орталық киностудия деген атпен

В) қазақфильм киностудия деген атпен

Г) көркемфильм киностудия деген атпен

15. Қазақстанның өмір - тұрмысы туралы қандай киножурнал шығарылды?

А) «соңғы хабар» атты

Ә) «соңғы хат» атты

Б) «соңғы сәт» атты

В) «соңғы хабарлама» атты

Г) «соңғы үміт» атты

16. Тілдер туралы Заңға өзгерістер қашан енгізілді?

А) 11шілде 1993 жыл

Ә) 11 маусым 1994 жыл

Б) 11 шілде 1995 жыл

В) 11 маусым 1997 жыл

Г) 11 шілде 1997 жыл

17. Қай жылы «Менің Қазақстанным» әні әнұран болып қабылданды?

А) 2005

Ә) 2006

Б) 2007

В) 2008

Г) 2009

18. Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер әскері қай жылы құрылды?

А) 1991 жылы қаңтарда

Ә) 1992 жылы қаңтарда

Б) 1993 жылы қаңтарда

В) 1994 жылы қаңтарда

Г) 1995 жылы қаңтарда

19. Мемлекеттік тіл қандай тіл?

А) мемлекеттік басқару тілі

Ә) заң шығару тілі

Б) сот ісін жүргізу тілі

В) іс қағаздарын жүргізу тілі

Г) аталғандардың барлығы

20. Киелі сандар туралыдың қатарын көрсетіңіз.

А) 5,7,913

Ә) 40,41,13,3

Б) 9,5,3,41

В) 3,9,41,41

Г) 3,7,9,40

21. Қазіргі айтыс ақындары

А) Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев

Ә) Балғынбек, Сара Тоқтамыс

Б) Серік Құсанбаев, Б.Қалиолла, А.Ғафуров

В) Айнұр Тұрсынбаева, Мэлс Қосымбай

Г) Барлық нұсқасы дұрыс

22. Қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі кім?

А) Д Нүрпейісова

Ә) Қ Сағырбаев

Б) А. Әлтаев

В) А.Ғафуров

Г) барлық нұсқасы дұрыс емес

23. Қ. Сағырбаев қай жылы, қай жерде туды?

А) күйші 1818 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған

Ә) күйші 1818 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған

Б) күйші 1818 жылы қазіргі Орталық Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған

В) күйші 1818 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған

Г) күйші 1818 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған

24. Ұлттық құндылыққа нені жатқызамыз?

А) мәдениет

Ә) әдебиет

Б) өнер

В) музыка

Г) барлық нұсқасы дұрыс

25. «Біз құрап жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр»,- деген. Кімнің сөзі?

А) Қ Сағырбаев

Ә) А.Құнанбаев

Б) М.Әуезов

В) Д.Қонаев

Г) Н.Назарбаев

26. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». Кімнің сөзі?

А) А.Құнанбаев

Ә) М.Әуезов

Б) М.Жұмабаев

В) М.Дулатов

Г) М.Мақатаев

27. Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді?

А) 1845

Ә) 1846

Б) 1847

В) 1848

Г) 1849

28. Жүсіпбек Аймауытов қай жылы мұғалімдер семинариясында оқыды?

А) 1914-1919

Ә) 1910-1919

Б) 1911-1919

В) 1912-1919

Г) 1914-1919

29. Сөйлемді толықтырыңыз. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «... ...» газетінің редакциясында істейді.

А) Ақ жол

Ә) Ақ таң

Б) Ақ бата

В) Ақ тас

Г) Ақ шал

30. Сәкен Сейфуллин қай жылы «халық жауы» деген жаламен жазықсыз тұтқынға алынды?

А) 1929

Ә) 1939

Б)1949

В) 1959

Г) 1969

31 «Абай жолы» роман-эпопеясы дүние жүзі халықтарының қанша тіліне аударылған?

А) 116

Ә) 126

Б) 136

В) 146

Г) 156

32. Неміс ғалымы Эрнест Геккель экология деген ұғымды ғылымға қай жылы енгізген?

А) 1856

Ә) 1866

Б) 1876

В) 1886

Г) 1896

33. Сөйлемді толықтырыңыз. Қазір дүние жүзінің 124 елінде ...-ден артық ірі қорық бар екен.

А) 1600

Ә) 2600

Б) 3600

В) 4600

Г) 5600

34. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан қанша қорық бар?

А) 10

Ә) 20

Б) 30

В) 40

Г) 50

35. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан қанша аңшылық қорықша бар?

А)10

Ә) 20

Б) 30

В) 40

Г 50

36. Біздің республикамызда қанша зоологиялық бақ бар?

А) 12

Ә) 22

Б) 32

В) 42

Г)52

37. Біздің республикамызда қанша ботаникалық бақ бар?

А) 14

Ә) 24

Б) 34

В) 44

Г) 54

38. Біздің республикамызда қанша табиғат ескерткіштері бар?

А) 1

Ә) 2

Б) 3

В) 4

Г) 5

39. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш. Қорық мұражайдың құрамында қанша тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар?

А) 60-ден астам

Ә) 70-ден астам

Б) 80-ден астам

В) 90-ден астам

Г) 100-ден астам

40. 1975 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген монша тарихи мәдени ескерткіш ретінде қай жылдан бастап мұражайға айналдырылды?

А) 1976

Ә) 1977

Б) 1978

В) 1979

Г) 1980

41. ҚАТУ - ға мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин есімі қай жылы берілді?

А) 1992 жылы 7 мамырда

Ә) 1993 жылы 7 мамырда

Б) 1994 жылы 7 мамырда

В) 1995 жылы 7 мамырда

Г) 1996 жылы 7 мамырда

42. Қазір Қазақстанда қанша ұлттық, қанша мемлекеттік университеттер бар?

А) 4,33

Ә) 5,34

Б) 6,32

В) 7,35

Г) 8,36

43. Қарағанды мемлекеттік университеті қай жылы ашылды?

А) 1971

Ә) 1972

Б) 1973

В) 1974

Г) 1975

45. Сөйлемді толықтырыңыз. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп атап көрсеткен.

А) 4-бабында

Ә) 5-бабында

Б) 6-бабында

В) 7-бабында

Г) 8-бабында

46. Бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) неше жыл оқытылады?

А)1

Ә) 2

Б) 3

В) 4

Г) 5

47. Магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – неше жыл оқытылады?

А)1

Ә) 2

Б) 3

В) 4

Г) 5

48. Докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) неше жыл оқытылады?

А) 1 немесе 2 жыл.

Ә) 2 немесе 3 жыл.

Б) 3 немесе 4 жыл.

В) 2 немесе 3 жыл.

Г) 4 немесе 5 жыл.

49. Сөйлемді толықтырыңыз. Бір жазда жастардың күшімен Астананың сол жағалауындағы ... гектар жер жасылдандырылды. «Ғашықтар» саябағы мен әкімшілік ғимараттың жанына жүздеген ағаш отырғызылды.

А) 100

Ә) 200

Б) 300

В) 400

Г) 500

50. «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» -деген. Кімнің сөзі?

А) А.Құнанбаев

Ә) Ж.Жабаев

Б) М.Мақатаев

В) Д.Қонаев

Г) Н.Назарбаев

ГЛОСАРИЙ

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

Отан, туған өлке – Адам үшін туған жерден артық ешнәрсе жоқ. Туған жер деп адам өзінің туып-өскен жерін айтады. Туған жер ұғымы – кең ұғым. Бұл ұғымға туған үйің, туған ауылың, туған қалаң жатады. Қазақ халқында туған жер мен туған ел, Отан деген түсініктер бір - бірінен бөлінбейтін ұғымдар.

Баспана - адам тұратын үй, жай,қалқа немесе басқа архитектуалық құрылыс, ғимарат.

Киіз үй - Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы, Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол - көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп - қонуға ыңғайлы үйі.

Мінез-құлық - адамның тұрақтыпсихикалықерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез - құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері.

Келбет – 1) бет-әлпет, пішін, түр-тұлға, кескін, мүсін;

2) ауыспалы поэтикалық, көркемдік мағынада қолданылғанда бейнелік ұғым. Мысалы, өмір келбеті, сұлулық келбеті, ел келбеті. Бірақ, мұндағы келбет жай ғана бейне ұғымында емес – көркем, көрікті, сымбатты, ажарлы бейне ұғымында қолданылады.

Қасиет – адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым.

1) Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Жағымды қасиеттер (имандылық, инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік, ар-абырой, адалдық пен әділеттілік, т.б.)

2) Объектілердің немесе энергияның белгілі бір әсер еткен немесе өзара әсер еткен жағдайлар байқалатын сандық немесе сапалық сипаттамасы.

Атаққұмарлық немесе амбиция — адам бойындағы мансапқа, даңққа қызығушылық, өркөкіректік пен өзімшілдік қасиет. Мансапқұмарлыққа ұқсас. Атаққұмарлыққа шалдыққан адам өз бойындағы іскерлік, білімділік, парасаттылық қабілеттерінің бар-жоғымен санаспай, қалайда жоғары атаққа, лауазымды қызметке қол жеткізуді мақсат тұтады. Ол қызметі мен беделі жоғары адамдар алдында өзін өзгелерден ерекше көрсету үшін жағымпаздық жасайды. Көңіліне ұнамаған адамдар жайында өтірік-өсек тарату арқылы күншілдік пен қызғаншақтық көрсетеді.

Амбиция - өзін өзі сүю, өзіне сенушілік, басқа адамдарға  деген жағымсыз қатынас, олардың  күші  мен  жағдайларына  сенбеушіліктің күшеюі. Амбиция адамдардың  жанұяда, ұжымында қатынастарын қиындатады.

Уақыт — өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі.

Қолөнер - қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару - жарақ, құрал - саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.

Кино - (гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі.

Театр -  (грекше theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын - сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын - жай. 

Өнер - көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. 

Айтыс - ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма - қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

Күй - музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы.  Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй - қазақ, қырғыз,  өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау.

Табиғат - Бізді қоршаған орта:  жан жануарлар  мен  өсімдіктер,  Жер  мен  Ай,  Күн  мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да  табиғат  деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Экология - гректің "Эко-Ойкос" деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді.

Ұлттық саябақ - елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған. 

Университет - жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны.

Қоғам -  жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік.

Білім  - адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.

МАЗМҰНЫ

1.

АЛҒЫ СӨЗ

3

2.

СИЛЛАБУС

4-13

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

3.

Бірінші сабақ

14-20

4.

Екінші сабақ

20-26

5.

Үшінші сабақ

26-31

6.

Төртінші сабақ

32-39

7.

Бесінші сабақ

39-44

8.

Алтыншы сабақ

45-51

9.

Жетінші сабақ

51-58

10.

Сегізінші сабақ

59-65

11.

Тоғызыншы сабақ

66-70

12.

Оныншы сабақ

71-75

13.

Он бірінші сабақ

75-82

14.

Он екінші сабақ

82-88

15.

Он үшінші сабақ

88-95

16.

Он төртінші сабақ

95-102

17.

Он бесінші сабақ

102-108

18.

Тест тапсырмалары

109-125

29.

Глоссарий

125-128

А.А.Ақажанова

Теруге жіберілді 20.02.2015 Басуға қол қойылды 20.02.2015

Пішімі 60х84 1/16 Тапсырыс 241

Шартты баспа табағы Таралымы 50 дана

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті баспасы, 2015 ж.