Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайберділы (1858-1931)ақын,жазушы,философ,тарихшы,композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Шәкәрімнің әкесі ҚұдайбердіҚұнанбайдыңКүңкедеген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды.

Шәкәрім араб,парсы,түрік,орыс тілдерінжетік білді. Ол «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»).

1905 жылыШәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911).

2-тапсырма Шәкәрімнің «Өзімшілдік»ғибадатын оқып, өз ойыңызды жақты, жақсыз сөйлемдермен жазбаша білдіріңіз

Бір байдың қызына шешек шығып, бетін тыртық қылғандықтан, бір соқырға беріпті. Досы байға келіп: «Сондай дәрігер келіпті, күйеуіңіздің көзін неге қаратпайсыз?»-десе, бай: «Күйеуімнің көзі ашылған соң, қызымның бетіндегі тыртығын көріп, шығарып жібереді ғой. Қызым байдан шыққаннан да күйеуім соқыр қалпында қалғаны артық»,-депті.

Жаңа сөздер:тыртық– шрам; қарату – здесь: лечить; соқыр қалпында қалғаны– оставаться слепым

3-тапсырма Шәкәрімнің төменде берілген ғибадатын оқып, пікіріңізді ауызша білдіріңіз

Бір еңбекші қызметкер қандай тастақ жер болса да жалаң аяқ жүре берген соң, бай: «Сен неге дәйім жалаң аяқ жүресің?» - дейді. Сонда қызметкер былай дейді: «Жалданған бай мені тақтай алып кел деп

жұмсаған соң, барсам, екі аяғы тобығынан жоқ бір бишара еңбектеп жоңқа жонып отыр екен. Соны көргенде, мынаның башпағы түгіл, башпақ киетін аяғы да жоқ, мен башпағым жоқ деп асып жүр екем ғой деп, содан бері жалаң аяқ жүруге әбден әдеттендім»,- депті.

Жаңа сөздер:тастақ – каменистый; жалаң аяқ – босяком; дәйім – постоянно; жұмсау – посылать; тобық – еңбектеу – ползать; жоңқа – дерево башпақ – обувь; әбден әдеттену – очень привыкать; мүсәпір – инвалид.

4-тапсырма  «Қанағат қарын тойдырар, қанағатсыздық жалғыз атыңды сойдырар» деген мақалдың жоғарыда берілген мәтінге қандай қатысы бар?

9 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма Абайдың «Отыз бірінші» қара сөзін жаттап алыңыз

Отыз бірінші сөз

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну (үлгі) керек, көңілденіп, тұтынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе –күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

2-тапсырма Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сұрақтар құрастырыңыз

3-тапсырма Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз

О достоинствах человека суди по тому, как он начал дело, а не по тому, как ему удалось завершить его.

Как ни прекрасна мысль, пройдя через человеческие уста, она тускнеет.

Человек дитя своего времени. Если он плох, в том виноваты и его современники.

Х МОДУЛЬ:КӨРКЕМ СӨЗ – КӨРКЕМ ӨНЕР

1-сабақ Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы

1-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз

жалғастыру – продолжать

қазақ жұртшылығы үшін – для казахского народа

саналы өмір– сознательная жизнь

тыйым салынды – запрещалось

шығармашылық мұра – творческое наследие

2-тапсырма Мәтінді оқып, түйіндеме (резюме) жазыңыз

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1907 жылы Баянауылға барып, орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды.

Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әртүрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап, Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.

  

3-тапсырма Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, жазылу ерекшелігін түсіндіріңіз

4-тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Жүсіпбек Аймауытұлы қашан және қандай жанұяда дүниеге келген?

2. Қазақ жұртшылығы үшін Ж.Аймауытұлының орны қандай?

3. Ж.Аймауытұлының еңбектері жайлы не білесіздер?

4. Ж.Аймауытұлы шығармаларының маңызы?

5-тапсырма Төмендегі сөз тіркестерімен жалқы есдерді қолдана отырып, сөйлем құрыңыз

Ауыл молдасы, алаш қозғалысы, саяси жұмыстар, шығармашылық мұра, ақындық сезім.

6-тапсырма Төмендегі тақырыптардың біреуін таңдап, сол бойынша реферат дайындаңыз

1.Ж.Аймауытұлының психология және әдістеме туралы жазған еңбектері

2. Ж.Аймауытұлының зерттеу еңбектері

3. Ж.Аймауытұлы шығармаларының кейіпкерлері

2-сабақ М.Әуезов – суреткер

1-тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз

1. Мұхтар Әуезов кім?

2. Қандай шығармаларын атап бере аласыз?

3. Қайда туған?

4. Қандай ғылыми дәрежесі бар?

5. Қандай драмалық шығармаларын білесіз?

6. Қазақ театрын ең алғаш ашқан пьесасы қалай аталады?

7. Қазақтың ұлы ақыны Абай өміріне не арнады? Ол шығармасы неше тілге аударылды және қандай сыйлыққа ие болды?

2-тапсырма Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз

Мұхтар Омарханұлы Әуезов Семейқалалық мұғалімдер семинариясына оқып жүргендеШәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза»дастаны негізінде «Еңлік-Кебек»пьесасын жазып, оны1917жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде киіз үй сахнасына шығарады.

М. Әуезов мұраcының аса үлкен бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетінжинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы,әдебиеттануменфольклордыңтеориялық проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды.

«Абай жолы»– Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы»қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелді. Жазушы өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оныңұлттықдәстүрінбарлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті.

М. Әуезовтің «Абай жолыроман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі»(Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақхалқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды.

«Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар.

Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай»романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы(1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы»роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін олЛениндік сыйлықтыңлауреаты (1959) атанды. Роман-эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы»топтамасында екі том болып басылды.

3-тапсырма Мәтінде айтылған қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы не білесіз? Хабарлама жасаңыз

4-тапсырма Мәтіннен кірме сөздерді табыңыз, оларға жалғанған қосымшалар туралы айтыңыз

5-тапсырма «М. Әуезовтің суреткер жазушы» екеніне дәлел ретінде бір шығармасынан үзінді жазыңыз

Үлгі:Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйтқып, шалқи түсіп,кейде лапылдап, жалпылдай жанады. Қырын отырған әкесінің үлкен, кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді.Түсі суық. Қарасұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді.

6-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, қысқарған сөздердің емлесін түсіндіріңіз

Сөз өнері

«Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Бұл сөзді қадірлеу керектігін білдіреді. Сөз өнері ақылға, қиялға, көңілге байланысты болады. Ақыл ісі – аңдау. Қиял ісі – меңзеу. Көңіл ісі – түю. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын, қиялдың меңзеуін айтуға жарау. Оны тілмен айтып білдіруге көп шеберлік керек. Мұны мынадан байқауға болады: орыс ақыны А.С. Пушкин өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. Л. Толстой шығармасын баспаға беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай өзгертеді екен.

Сөздік

сөз қадірі – цена слова

аңдау – догадаться, понимать

меңзеу – направить, намекнуть

түю – сделать заключение

айтуға жарау – выразить

айтып білдіруге – чтоб передать

7-тапсырма Қысқартылған сөздерді толық жазыңыз

Қаз АТУ, ЕҰУ, БҰҰ, ТМД, РФ, СӨЖ, ҚазҰУ, КСРО

8-тапсырма «Мен М.Әуезов жайлы не білемін?» деген тақырыпта өзара сұхбаттасыңыз

3-сабақ О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы

1-тапсырма Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз

Қаламгер (писатель); тілші(корреспондент); жерлес(земляк); өр мінезді (принципиальный); сағыныш (тоска); шыншыл(правдивый).

2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған. О. Бөкейдің әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса, сөзі өткір, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ашық кісі болған.

О.Бөкей 1961 жылы С. Торайғыров атындағы орта мектепті бітіріп, сонда тәлімгер, кейін «Алтай» ауылында тракторшы болып еңбек еткен. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, өз өңіріндегі Большенарым ауданында «Еңбек туы» және Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы»газеттерінде тілшілік қызметтер атқарды. Жиырма бес жасында О. Бөкеев Алматыға келіп, «Лениншіл жас” (бүгінгі «Жас алаш») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды.

1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты тұңғыш повестер және әңгімелер жинағы ерекше үнімен оқырмандарды елең еткізді. О. Бөкеев «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) жинақтарын шығарды. Жазушының көлемді шығармаларын айтпай, кез келген шағын әңгімелерінде де туған жеріне, тіпті оның әр түп ағашына деген ыстық сағынышы көрініп тұрады. Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетін де осындай асқар асуға шығарып үлгерді.

Қай шығармасын алсаңыз да, өмірге деген құштарлық, өмірді жақсартуға деген ұмтылыс жеңіп шығады. Қаламгердің кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және ТМД елдері халықтарының тілдерінде жарық көрді.

3-тапсырма Пейзаж туралы ойды жалғастырыңыз

Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Ол тақырыпты толығырақ ашу үшін қолданылады. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады...

4-тапсырма «Дала кемесі, сары алтын, меңіреу дала, жасыл кілем» тіркестерінің ауыспалы мағынада (метафоралық тіркес) берілуін түсіндіріңіз, әрқайсысымен сөйлем құраңыз

5-тапсырма О. Бөкейдің бір шығармасынан табиғат көрінісі суреттелген үзінді жазып, ауыспалы мағынадағы сөздерді табыңыз