Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

бойынша есептелген корпоративтiк табыс салығын тӛлеу есебiне есепке жатқызылады.

Салық тӛлеушi салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша корпоративтiк табыс салығы бойынша тӛлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.

4. КТС тӛлеу мерзімдері мен есептеу тәртібі

Төлем көзiнен ұсталатын табыстар

Тӛлем кӛзiнен ұсталатын табыстарға мыналар:

1)ұтыстар;

2)резидент еместердiң сәйкес айқындалатын, мұндай резиденттердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы кӛздерден алған табыстары;

3)заңды тұлғаларға тӛленетiн сыйақы жатады.

Мыналар төлем көзiнен салық салуға жатпайды:

1)мемлекеттiк бағалы қағаздар мен агенттiк облигациялар бойынша сыйақы;

2)орналастырылған зейнетақы активтерi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына, ӛмiрдi сақтандыру саласында қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлiк инвестициялық қорларға қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына тӛленетiн инвестициялық табыстар;

3)сыйақы есептелген күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

4)қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде банктiк қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға тӛленетiн кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

5)кредиттiк серiктестiктерге тӛленетiн кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

6)Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына тӛленетiн кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

7)резидент банкке тӛленетiн кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;

8)резидент лизинг берушiге тӛленетiн қаржы лизингi бойынша сыйақы;

9)кәсiби қызметiн бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын ұйымдарға тӛленетiн, репо операциялары және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

10)микрокредиттiк ұйымдарға тӛленетiн микрокредиттер бойынша

сыйақы.

Тӛлем кӛзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығының сомасын салық агентi тӛлем кӛзiнен салық салынатын тӛленетiн табыс сомасына белгiленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.

101

Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы кӛздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 10 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады. Тоқтатыла тұру кезеңiнде тӛлем кӛзiнен алынатын табыс салығының ставкасын 10 процент кӛлемiнде қолданылады деп белгiлей отырып, "Салық және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексi (Салық кодексi) 194-бабы 3) тармақшасының қолданылуы тӛлем кӛзiнен алынатын табыс салығының ставкасы кӛлемi бӛлiгiнде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын.

Резидент еместердiң сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы кӛздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынады:

Қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы кӛздерден алатын табыстары мынадай ставкалар бойынша тӛлем кӛзiнен салық салуға жатады:

1)жалпы айқындалған табыстар - 15 процент;

2)ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын тӛлеп сатып алған кездегi табыстар - 20 процент;

3)тәуекелдердi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 процент;

4)тәуекелдердi қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 5 процент;

5)халықаралық тасымалдарда кӛлiк қызметтерiн кӛрсетуден түсетiн табыстар - 5 процент;

6)құн ӛсiмiнен түсетiн табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти - 15 процент.

Салық агенттерi тӛлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жиырма бес күннен кешiктiрмей, тӛлем кӛзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасын аударуға мiндеттi.

Тӛлем кӛзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға тӛлем кӛзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргiзедi.

Салық агенттерi тӛлем кӛзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты тӛлем жүргiзiлген тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

Салық агентi ӛзi орналасқан жердегi салық органына резидент еместiң табысынан тӛлем кӛзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмде:

1)тӛлем кӛзiнен табыс салығын ұстау жӛнiндегi мiндеттеме туындаған есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей;

102

2) резидент еместiң есебiне жазылған, бiрақ тӛленбеген табыстары шегерiмге жатқызылған есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

Бұл ретте есептi салық кезеңiнiң 31 желтоқсаны резидент еместiң есебiне жазылған, бiрақ тӛленбеген табыстарын шегерiмге жатқызу күнi болып танылады.

Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табысына салық салу тәртібі

Салық салынатын табысты анықтау

1.Салық салынатын табысты анықтау, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетiн табысынан корпоративтiк табыс салығын есептеу мен тӛлеу тәртiбi Кодекстiң 83-149-баптарының ережелерiмен белгiленедi.

2.Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетiн жылдық жиынтық табысын тұрақты мекеме қызметiмен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай табыс түрлерi:

1) Қазақстан Республикасындағы кӛздерден алынатын табыстар;

2) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi кӛздерден, оның iшiнде қызметшiлер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар;

4) резидент емес заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегi құрылымдық бӛлiмшелерiнiң табыстарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асырудан алатын осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi арқылы жүзеге асырылатын қызметiне ұқсас немесе бiртектес табыстары құрайды.

Резидент емес кәсiпкерлiк қызметтi ӛзiнiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесiмен бiрлесiп орындалатын бiр жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберiнде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және ӛзi соның тұрақты мекемесi болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсiз әрекет ететiн болса, ол алуы мүмкiн табыс осындай тұрақты мекеменiң табысы болып есептеледi.

Тұрақты мекеменiң табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ӛндiрген тауарларды резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бӛлiмшесi ӛткiзетiн жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және ӛзi соның тұрақты мекемесi болып

103

табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсiз әрекет ететiн болса, ол алуы мүмкiн табыс резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесiнiң табысы болып есептеледi.

Тұрақты мекеменiң табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетiн табыстарды алумен тiкелей байланысты шығыстар олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан шегерiмге жатады.

Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:

1)осы резидент емес заңды тұлғаның меншiгiн немесе зияткерлiк меншiгiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн тӛленетiн роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да тӛлемдер;

2)резидент емес заңды тұлғаның ӛзiнiң тұрақты мекемесiне кӛрсеткен қызметтерi үшiн табыстар;

3)осы резидент емес заңды тұлғаның ӛзiнiң тұрақты мекемесiне берген қарыздары бойынша сыйақылар;

4)резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiнен

Корпоративтiк табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтiзбелiк жыл салық кезеңi болып табылады.

Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.

Бұл ретте ұйымның әдiлет органында мемлекеттiк тiркеуден ӛткен күнi оның құрылған күнi болып есептеледi.

Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.

Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.

Салық декларациясы

1. Қазақстан Республикасындағы кӛздерден тек қана тӛлем кӛзiнен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместi қоспағанда, корпоративтiк табыс салығын тӛлеушi, егер осы бапта ӛзгеше белгiленбесе, корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жерiндегi салық органына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

104

2. Корпоративтiк табыс салығын тӛлеушi корпоративтiк табыс салығы бойынша декларациямен бiр мезгiлде ӛзi орналасқан жердегi салық органына қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi.

Бұл ретте бұрын ұсынылған жылдық қаржылық есептiлiк түзетiлген жағдайда, корпоративтiк табыс салығын тӛлеушi осындай түзету жасалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ӛзi орналасқан жердегi салық органына түзетiлген жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi.

3. Корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып кӛрсету жӛнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.

4. Оңайлатылған декларацияның негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық тӛлеушi Кодекстiң 427бабына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтiк табыс салығы жӛнiндегi декларацияны табыс етпейдi.

Бақылау сҧрақтары:

1.Корпоративтік табыс салығын тӛлеушілер

2.Корпоративтік табыс салығының салық салу объектілері қандай?

3.Салық салынатын табыс деген не, қалай анықталады?

4.Жылдық жиынтық табысқа жататы табыстар түрлері қандай?

5.Салық салу мақсатында табыс болып табылмайтын табыстар қандай?

6.Шегерімдер түрлері қандай?

7.Корпоративтік табыс салығының тӛлену мерзімі қандай?

8.Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдер сомасы қалай анықталады?

9.Қандай тұлғалардың аванстық тӛлемдерді тӛлемеу құқығы бар?

10.Корпоративтік табыс салығының ставкалары қандай?

11.Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация қай уақытта тапсырылады?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1.ҚР-ның салық жүйесіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша реформаларға салыстырмалы талдау

2.Мемлекеттік бюджеттер кірістерін қалыптастырудағы корпоративтік табыс салығының рӛлі

3.Корпоративтік табыс салығының бюджетке түсуін талдау

4.ҚР-ғы корпоративтік табыс салығы: проблемалары және жетілдіру перспективалары

5.Корпоративтік табыс салығын есептеудің шетелдік тәжірибесі

105

12 Тақырып. Тіркелген салық

1.Тіркелген салықтың салық салу объектісі мен тӛлеушілері

2.Тіркелген салықтың тәртібі мен мерзімі

Тiркелген салықты тӛлеушiлер:

1)ұтыссыз ойын автоматтарын;

2)ойын ӛткiзуге пайдаланылатын дербес компьютерлердi;

3)ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4)картты (картинг);

5)бильярд үстелдерiн (бильярд) пайдалана отырып, қызмет

кӛрсетулердi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

Тiркелген салық салу объектiлерi

Мыналар тiркелген салық салу объектiсi болып табылады:

-бiр ойыншымен ойын ӛткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

-бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын ӛткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

-ойын ӛткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;

-ойын жолы;

-карт;

-бильярд үстелi.

Қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында жүзеге асыратын барлық салық тӛлеушiлер үшiн жергiлiктi атқарушы органдар бекiтiлген базалық ставкалар шегiнде бiрыңғай тiркелген салық ставкаларын белгiлейдi.

Тiркелген салық үшiн салық кезеңi күнтiзбелiк тоқсан болып табылады. Тiркелген салықты есептеу тәртiбi және тӛлеу мерзiмi

1. Тiркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында ӛзгеше белгiленбесе, осы Кодекске сәйкес айқындалған әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.

2. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн пайдалануға берiлген кезде тiркелген салық белгiленген ставка бойынша, 15-iнен кейiн белгiленген ставканың 1/2 мӛлшерiнде есептеледi.

Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн шығып қалған кезде тiркелген салық айдың жартысы үшiн деп, 15-iнен кейiн белгiленген ставка бойынша есептеледi.

3. Тiркелген салық есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей, салық салу объектiлерiнiң тiркелген орны бойынша бюджетке тӛленуге жатады.

Тiркелген салық бойынша декларация есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей, салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етiледi.

106

Бақылау сҧрақтары:

1.Тіркелген салықты тӛлеушілер кімдер?

2.Тіркелген салықтың салық салу объектілері

3.Тіркелген салықтың салық базасы қалай анықталады?

4.Тіркелген салықты тӛлеу мерзімі қандай?

5.Тіркелген салықтың ставкалары қалай және кіммен бекітіледі?

6.Тіркелген салықтың ставкалары қандай?

7.Тіркелген салықты тӛлеу мерзімі қандай?

8.Тіркелген салық бойынша декларация қай уақытта тапсырылады?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1.Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі тіркелген салықтың пайда болу алғышарттары

2.Тіркелген салықтың шетел тәжірибесінде қолданылу ерекшеліктері

3.Тіркелген салықтың есептелу механизмін жетілдіру жолдары

4.Қазақстан Республикасындағы тіркелген салықтар: проблемалары және жетілдіру перспективалары

5.Тіркелген салықтың бюджет кірістерін қалыптастырудағы рӛлі

13 Тақырып . Жеке табыс салығы

1.Жеке табыс салығын тӛлеушілер және салық салу объектілері

2.Тӛлем кӛзiнен салық салынатын табыстар

3.Тӛлем кӛзiнен салық салынбайтын табыстар

Төлеушілер:

1.Сәйкес айқындалатын салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын тӛлеушілер болып табылады.

2.Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты тӛлеушілер сәйкес кӛрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын тӛлеушілер болып табылмайды.

3.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын тӛлеушілер болып табылмайды.

Салық салу объектілері

1.Жеке тұлғаның:

1) тӛлем кӛзінен салық салынатын табыстар;

2) тӛлем кӛзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

Салық салу объектілері сәйкес түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

107

1)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мӛлшерлерде бюджет қаражаты есебінен тӛленетін атаулы әлеуметтік кӛмек, жәрдемақылар мен ӛтемақылар;

2)жеке тұлғаның ӛмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ӛтеу;

3)қызметкерлердің жұмысы жол бойында ӛтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет кӛрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай тӛлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын 0,35 айлық есептік кӛрсеткіш мӛлшеріндегі ӛтемақы тӛлемдері;

4)қызметтік, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі:

- Қызметтік іссапарлар кезінде шегерімге жататын ӛтемақылар; - Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін іссапарда

болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік кӛрсеткіштің 6 еселенген мӛлшерінен аспайтын тәуліктік ӛтемақылар;

- Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік кӛрсеткіштің 8 еселенген мӛлшерінен аспайтын тәуліктік ӛтемақылар;

5)Қазақстан Республикасы ѐлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мӛлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегi ӛтемақылар;

6)Қазақстан Республикасы ѐлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында кӛзделген мӛлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегi ӛтемақылар;

7)қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге кӛшкен кездегі жол жүру, мүлкін кӛшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар ӛтемақысы;

8)жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бӛлінбейтін шегерімдерге жатқызылмайтын шығыстары;

108

9)мұндай жұмыстың әрбiр тәулiгi үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын айлық есептiк кӛрсеткiштiң екi еселенген мӛлшерiнде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің далалық үлесі;

10)жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардың ӛндіріс объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыстіршілігін қамтамасыз ету үшін осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген тәуліктік ӛтемақы шегінде тұрғын үй жалдау бойынша және тамақтануға арналған шығыстары;

11)қызметкерлерді Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;

12)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық кӛмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеупрофилактикалық тамақтануға арналған тамақ ӛнімдерінің құны;

13)сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тӛлемдерi;

14)материалдық нұқсанды ӛтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы;

15)тӛлем кӛзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын тӛлем кӛзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

16)жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) тӛлеу үшін ӛмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында кӛзделген тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша құнын ӛтеп сатып алу сомалары;

17)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мӛлшерде міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшін есебіне жазылған ӛсімпұл сомалары;

18)гуманитарлық кӛмек түрінде алынған мүліктің құны;

19)мемлекеттік тіркеуге жататын және меншiк құқығында бiр жыл және меншiк құқығын тiркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық кӛлік құралы мен тіркемелерді ӛткізу кезіндегі құн ӛсімі;

109

20)меншік құқығын тіркеу күнiнен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды ӛткізу кезіндегі құн ӛсімі;

21)бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын, сәйкес кӛрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, саяжай құрылысы және гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін ӛткізу кезіндегі құн ӛсімі;

22)егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, сәйкес кӛрсетілген объектілер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, бау-бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін ӛткізу кезіндегі құн ӛсімі;

23)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын ӛтеп сатып алынған мүлік құнының ӛсімі;

24)жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жӛндеуге жұмсаған шығыстарын ӛтеу немесе жалға алушының жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жӛндеуге жұмсаған шығыстары;

25)опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;

26)жеке тұлғаға ӛтеусіз негізде жарнама түрінде берілген мүліктің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай мүлiктi беру күнi қолданыста болатын айлық есептік кӛрсеткіштің 2 еселенген мӛлшері шегінде құны.

27)адамдарды қабылдау және оларға қызмет кӛрсету бойынша сәйкес жүргiзiлген ӛкiлдiк шығыстар.

28)заңды тұлғалардан және дара кәсiпкерлерден алынған, оның iшiнде қызметкердiң ӛз жұмыс берушiсiнен алған кредиттердi (қарыздарды, микрокредиттердi) пайдаланғаны үшiн сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда.

Салық салуға жатпайтын табыстар

1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады:

1)балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

2)жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жӛніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға тӛленетін сыйақылар;

3)борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

110