Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

2.Объектінің экономикалық белгілері бойынша салықтар: тұтынуға салынатын салықтар және табысқа салынатын салықтар бӛлінеді.

Тұтынуға салынатын салық – мұнда белгілі тауарларға (қызмет кӛрсетуге) салық салынады. Табысқа салынатын салық – салық тӛлеушілердің әр түрлі табыстарынан түскен ақша қаражаттарына салық салынады.

3.Салық кӛлемін анықтау анықтау тәсілі бойынша: үйлесімді салық, үдемелі салық, кемімелі салық бӛлінеді Үйлесімді салық – табыс кӛлемінің ӛзгерісіне қарамастан салық мӛлшері,

ставкасы ӛзгеріссіз қалатын салық. Мысалы КПН, ҚҚС Үдемелі салық – салық мӛлшері табыстың ӛсуіне қарай ӛсіп отыратын салық.

Кемімелі салық – салық мӛлшері табыс ӛскен сайын кеміп отыратын салық

4.Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай: жалпы мемлекеттік немесе республикалық салықтар; жергілікті салықтар.

5.Пайдалану ретіне және тәртібіне қарай салықтар: жалпы салықтар және мақсатты салықтар болып бӛлінеді.

Жалпы салықтар – бір қазынаға түсетін және жалпы бір мақсатқа жұмсалатын салықтар. Мақсатты салықтар – белгілі бір мақсатқа арналған салықтар (кӛлік сал – жол жӛндеуге, әлеуметтік салық -- әл-тік тӛлемдерге).

6.Салықтарды тӛлеуге байланысты салықтар: заттай және ақшалай салықтар болып бӛлінеді.

Заттай салықтар – салықты затпен немесе тауар түрінде тӛлейді. Ақшалай салық – ақша түрінде тӛленеді.

7.Салық субъектілеріне қарай немесе салықты тӛлеушілерге байланысты: заңды және жеке тұлғалардың салықтары, сондай-ақ аралас салықтар бӛлінеді. Заңды тұлғалардың салықтарына: корп. табыс сал.; заңды тұлғалардың мүлік салығы жатады. Жеке тұлғалардың салықтарына: жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салық жатады. Аралас салықтарға заңды тұғалармен де жеке тұлғалармен де тӛленетін салықтар жатады. ҚРнда салықтардың басым бӛлігі аралас салықтар болып табылады.

8.Салықтардың қолданылу қызметтеріне орай: жай салықтар және тӛтенше салықтар бӛлінеді.

Жай салықтар – мемлекеттің күнделікті қызмет барысында қолданылады. Мұнда ҚР-дағы барлық салықтар жатқызылады.

Тӛтенше салықтар – мемлекеттік шығындардың деңгейінің кӛбеюіне орай қосымша табыстарды қажет еткен жағдайда тӛтенше оқиға кезінде қолданылады. (әскери салықтар-соғыс кезінде қолданылған) Негізінен, тӛтенше салықтар уақытша сипатта болады, яғни белгілі бір кезең аралығында себепті салдардың жойылғанына дейін қолданылады.

9.Салықты есептеу және тӛлеу субъектісі бойынша салықтарды: қызметақылы және қызметақысыз деп бӛлуге болады.

Қызметақылы салық кезінде – салық органдары салық тӛлеушіге салық сомасын жекелеп бекітеді және салық сомасы, салық базасы мен салықты тӛлеу мерзімі кӛрсетілген салық органдарының ӛкімдерін, яғни салық хабарламасын алғаннан кейін салық тӛлеу міндеттеледі (жер салығы)

21

Қызметақысыз салық – салық тӛлеушілерде ӛз алдына есептеледі және тӛленеді. Салық органдары салықты дұрыс есептеуін және дер кезінде тӛленуіне бақылау жасайды.

10.Салық базасының пайда болуы және салықты тӛлеу кӛзіне қарай салықтар: активті және пассивті салықтар болып бӛлінеді.

Активті салық – салық тӛлеушінің ағымдаға шаруашылық және ӛндірістік қызметтерінің нәтижесінде салық салынатын объект, салық салынатын объект, салық базасы және тӛлем кӛзі анықталады. Пассивті салық кезінде салық объектілері және салықтық іс-әрекет салық тӛлеушілердің қызметтеріне және тәртібіне сәйкес емес, яғни салық тӛлеушілердің белгілі бір қызметтерінің нәтижесінде алынған түсім, табыс, пайдаға байланысты болмайды.

11. Салықтардың тӛленуіне қарай: тұрақты салықтар және біржолғы салықтар бӛлінеді.

Тұрақты салықтар – салық тӛлеушілердің меншігіндегі мүліктеріне немесе табыс табудағы қызметтеріне белгілі бір мерзім аралығында тұрақты ұсталатын салықтар. Біржолғы салықтар – кейбір жағдайларға байланысты туындайды. (сыйға және мұраға салық)

Бақылау сҧрақтары:

1Салық жүйесі деген не?

2ҚР-ның салық жүйесіндегі салықтарды атаңыз?

3ҚР-ның салық жүйесіндегі алымдарды атаңыз?

4ҚР-ның салық жүйесіндегі тӛлемақыларды атаңыз.

5Салық жүйесі қандай белгілеріне қарай жіктеледі?

6Салықтардың тӛленуіне қарай салықтар қалай бӛлінеді?

7Салық базасының пайда болуы және салықты тӛлеу кӛзіне қарай салықтар қалай бӛлінеді?

8Салықты есептеу және тӛлеу субъектісі бойынша салықтар қалай бӛлінеді?

9Объектінің экономикалық белгілері бойынша салықтар қалай бӛлінеді?

10Салық субъектілеріне қарай немесе салықты тӛлеушілерге байланысты салықтар қалай бӛлінеді?

11Салықтардың қолданылу қызметтеріне орай салықтар қалай бӛлінеді?

12Жанама салықтар деген не?

13Жанама салықтардың қандай түрлері бар?

14Тура салықтардың қандай түрлері бар?

15Активті және пассивті салықтар деген не?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1Салықтардың жүйесінің қалыптасуы

2ҚР-ның салық жүйесінің даму кезеңдеріне салыстырмалы талдау

3Мемлекеттің кірістерін қалыптастырудағы салықтардың алатын орны

4ҚР-ның салық жүйесі мен шетел салық жүйесін салыстырмалы талдау

22

3 Тақырып Салық саясаты: типтері, мақсаттары және міндеттері

1.Салық саясатының экономикалық мәні

2.Салық саясатының мақсаты мен міндеті

3.Салық саясатының экономиканың даму ерекшеліктерімен байланысы

Мемлекеттің салықтық саясаты – бұл қоғамның алдында тұрған

мақсаттарды іске асыруға бағытталған және мемлекетпен салық саласында жүргізілетін шаралардың және актілердің жүйесі.

Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа қарай сәйкес жүргізеді.

Рыноктық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бӛлігін қалыптастырудың ӛзін ақтамаған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бӛлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі

Экономикалық, саяси, ұлттық және басқа ӛзгешеліктеріне қарамастан кез келген мемлекеттің салық саясаты қоғамдық ұдайы ӛндіріс процесінің қатысушысы мемлекет болатындығымен анықталады. Сондай-ақ мемлекет қызмет етуінің мақсаттарының бірі, қоғамның алдында тұрған әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу болып табылады, мұның ӛзі салық саясатын қалыптастыруға әсер етеді.

Салық саясатының мақсаттарын және міндеттерін анықтап, мемлекет оны іске асыру әдістерін және құралдарын таңдайды. Қандай да бір әдісті пайдалану нақты жағдайдан, дәстүрден тәуелді болады.

Кӛбінесе салық саясатының мақсаттары және міндеттері нақты экономикалық конъюнктуралардан тәуелділікте анықталады. Салықтық саясатты ӛткізу негіздері мемлекеттік бюджетті қабылдау арқылы әрбір қаржылық жылға жасалады. Салық саясатын жүргізу сәйкес нормативтік актілерді қабылдау жолымен бейнеленеді. Салық саясатының бағыттарын қарастыра отырып, оның үш типін бӛлуге болады. Бірінші тип - максималды салықтар саясаты, «алуға болатынның барлығын алу» принципімен сипатталады (взять все, что можно).

Екінші тип – кәсіпкерлерге қолайлы салықтық климатты қамтамасыз етіп, кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасайтын саналы салық саясаты. (политика разумных налогов).

Үшінші тип – неғұрлым жоғары салық салу деңгейін кӛздейтін, бірақ сәйкесінше әлеуметтік қорғалған салық саясаты.

23

4 Тақырып. Салық механизмі: мазмҧны, қҧрылымы және элементтеріне сипаттама

1.Салық саясаты және салық механизмінің экономикалық мәні

2.Салық саясатының мақсаты мен міндеті, салық механизмінің элементтері

3.Салық ауыртпалығын тарату

1. Кез-келген мемлекет, қызметтің әртүрлі сферасындағы қоғамның мүддесін айқындап сәйкес саясатты ӛңдейді және іске асырады – экономикалық, әскери, әлеуметтік, халықаралық және т.б. Мемлекеттік реттеу процесінде негізгілердің бірі болып тікелей мемлекеттің қаржылық және салықтық саясатына ауысатын қаржылық механизм табылады.

Мемлекеттің салықтық саясаты – бұл қоғамның алдында тұрған мақсаттарды іске асыруға бағытталған және мемлекетпен салық облысында жүргізілетін шаралардың және акттердің жүйесі.

Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа қарай сәйкес жүргізеді.

Рыноктық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бӛлігін қалыптастырудың ӛзін ақтамаған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бӛлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі

Экономикалық, саяси, ұлттық және басқа ӛзгешеліктеріне қарамастан кез келген мемлекеттің салық саясаты қоғамдық ұдайы ӛндіріс процесінің қатысушысы мемлекет болатындығымен анықталады. Сондай-ақ мемлекет қызмет етуінің мақсаттарының бірі болып, қоғамның алдында тұрған әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу табылады, мұның ӛзі салық саясатын қалыптастыруға әсер етеді.

Салық саясатының мақсаттарын және міндеттерін анықтап, мемлекет оны іске асыру әдістерін және құралдарын таңдайды. Қандай да бір әдісті пайдалану нақты жағдайдан, дәстүрден тәуелді болады.

Кӛбінесе салық саясатының мақсаттары және міндеттері нақты экономикалық конъюнктуралардан тәуелділікте анықталады. Салықтық саясатты ӛткізу негіздері мемлекеттік бюджетті қабылдау арқылы әрбір қаржылық жылға жасалады. Салық саясатын жүргізу сәйкес нормативтік актілерді қабылдау жолымен бейнеленеді. Салық саясатының бағыттарын қарастыра отырып оның үш типін бӛлуге болады. Бірінші тип - максималды салықтар саясаты, «алуға болатынның барлығын алу» принципімен сипатталады (взять все, что можно).

24

Екінші тип – кәсіпкерлерге қолайлы салықтық климатты қамтамасыз етіп, кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасайтын саналы салық саясат. (политика разумных налогов).

Үшінші тип – неғұрлым жоғары салық салу деңгейін кӛздейтін, бірақ сәйкесінше әлеуметтік қорғалған салық саясаты.

Дамыған экономикада аталып ӛткен салықтық саясат типтері ӛзара үйлеседі. Мемлекет және салық саясатының ӛзара әсерін зерттеуде мемлекеттік салық саясатының сипатының бір түрін бейнелеу қажет – бұл этатизм. Ол кеңестік периодта басым болған және ӛзгертілген түрде қазіргі кезге дейін сақталған.

Этатизмнің белгілері болып мыналар табылады:

1-ден, мемлекет мүддесінің басымдылығы (приоритет интересов государства);

2-ден, субъектілердің міндеттерінің олардың құқықтарынан басымдылығы;

3-ден, мемлекеттің салықтық босаңсуы (произволы).

Салықтық произвол мемлекеттің ӛзінің бекіткен принциптерін және ережелерін бұзуы. Мемлекеттің ережелерді бұзуы сәйкес нормативтікактттерге тікелей қарама-қайшы салықтық саясатты іске асыруда айқындалатын, фискалды суверенитетке ие болатындығымен түсіндіріледі.

Бұл жағдайда салық тӛлеушілердің құқықтарын қорғау қызметін заңдылық режимін абсолютті сақтау атқарады. Салықтық произволға қарсы кепілдіктің келесі түрі ретінде салық тӛлеуші статусын нығайту табылады.

2. Ғылыми еңбектерде «салықтық механизм» ұғымы нақты кеңістікте және уақытта салықтық ӛндірісті іске асыруға бағытталады. Ең бірінші салықтық механизм – методологиялық және содан кейін методикалық реттегі ұғым. Сәйкесінше салықтық механизм екі жақты мазмұнға ие болады. Бұл мазмұнды кең және шағын позициядан қарастыру қажет.

Біріншіден, салықтық механизм – бұл осы ұғымды ұйымдастыруэкономикалық категория ретінде сипаттайтын, сәйкесінше ӛндірісте құрылған ұлттық табыс бӛлігін қоғамдандыру кезінде қалыптасатын, қайта таратушылық қатынастарды басқарудың объективті қажетті процесі ретінде сипаттайтын салықтық теория облысы. Осы процесте қалыптасатын қатынастардың барлық сферасын үш ішкі жүйеге бӛлуге болады: салықтық жоспарлау, салықтық реттеу және салықтық бақылау. Осы ішкі жүйелердің спецификасын теориялық анықтау экономикалық теорияның іргелі ережелеріне бағынады, ӛйткені олардың барлығы нақты экономикалық базисте дамитын ұдайы ӛндірістік қатынастардың құрамдас бӛлігі болып табылады.

Екіншіден, тәжірибе салықтық жоспарлау, реттеу және бақылаудың концептуалды сфераларына ӛзгертулер енгізуде. Сондықтан салықтық механизм нақты салықтық қызметтің жиыны ретінде де қарастырылуы керек яғни бұл нақты салықтық ӛндіріс. Осындай позициядан салықтық механизм

25

салықтық қатынастар жүйесін субъективті шектеудің экономикалық рычагы ретінде болады.

Салық әкімшілігінің заңдарымен және заң астылық акттерімен шектелетін салықтық ӛндіріс заңды талаптардың шеңберінен тұрады.

Салықтық механизм салықтық құқыққа, салықты басқаруға негіздеріне сүйеніп салықтық қатынастарды ықшамдауға мүмкіндік береді. Кез-келген салықтың қалыптасуы кезінде қолданылатын нақты салықтық режим тек қана салықтың заңдарының ережелерінен емес, сонымен қатар оларға шығарылатын инструктивті указаниеден тәуелді болады. Осы механизм қызметтің ұйымдастыру-құқықтық қызмет формасынан, тӛлеуші статусынан тәуелді бӛлінеді. Тӛлеуші статусынан тәуелді заңды және жеке тұлға болады. Салықтық ӛндіріске салықтық процестерде қалыптасатын жақтардың құқықтары және міндеттерімен шартталған ерекшеліктер тән. Бұл ерекшеліктер ҚР азаматтық кодексімен. Қарастырылатын нормалар және ережелердің әсерімен құрылады.

Салықтық техника салықтық механизмнің функционалдық мазмұнын ғана анықтамайды, сонымен қатар қоғамдық ӛмірдің барысына тікелей әсер етеді. Тиімді салық механизмін қабылдау салықтарды дұрыс таңдауды және оларды есептеу және бюджетке тӛлеудің сәйкес нормаларын және ережелерін қамтамасыз етуді білдіреді. Мұнда салықтық жеңілдіктер және санкциялар құрамы маңызды. Олар салықтық реттеудің бастапқы негізі, ал салықтық бақылаудың құрамдас бӛлігі ретінде болады.

Функционалдық қатынаста салықтық механизм механизм элементтерінің әсері екі ішкі жүйе бойынша шектеледі: фискалды және реттеуші. Олардың арасында паритеттерді сақтау тиімді салық механизмін құру туралы айтуға мүмкіндік береді. Берілген мақсат кез-келген елдегі саяси және экономикалық тұрақсыздық кезінде мүмкін емес. Салықтық механизм таза субъективтік кӛзқарастардан абсолютті бос болуы керек және шағын ведомстволық басқарудан тәуелсіз болуы керек.

Салықтық механизмнің барлық ішкі жүйелері шартты шектелген, ӛйткені олар практикада қиылыспайды, ал салықтық реттеу және бақылау ортақ болады, ӛйткені олар салықтың реттеуші функциясында пайда болады.

Ағымдағы салықтық реттеу процесінде салықтық жеңілдіктер жүйесі түріндегі кӛтермелеу әдістері және айыппұлдар есептеу түріндегі санкциялық әдістер қолданылады. Бұл әрекеттердің барлығы салық салудың реттеуші бағыттарын ашады. Салықтық механизмнің элементтері салықтық әрекеттердің салыстырмалы ерікті кешені болып табылады және олардың әрқайсысы ұйымдастыру, бағалау және жалпылауда ӛздерінің ережелеріне бағынады. Салықтық механизмнің элементтері шегінде оған тән тәсілдер немесе салықтық әрекеттің техникасы қолданылады. Салықтық жоспарлаудың, реттеудің және бақылаудың салықтық әдістерінің айырмашылығы осы облыстарды салыстырмалы тәуелсіз ретінде зерттеуге, оларға тән заңдылықтарды бекітуге мүмкіндік береді. Осы негізде жүйе ретінде салық механизмін жетілдіру бағыттары ӛңделеді.

26

Салықтық жоспарлау жоспарлаудың жалпы теориясы және практикасынан, маркетинг және басқа ғылымдар нұсқауларынан шығып іске асырылады. Сол ережелерге салықтық реттеу және бақылау бағынады. Олар үшін маңызды басқару және құқықтың жалпы теориясымен ӛңделген нұсқаулар болып табылады.

Салықтық иеханизмнің ішкі мазмұнын бюджет кірістерін қалыптастыру, салық сомасын территориялар арасында қайта бӛлу кезінде қалыптасатын ұйымдастыру-экономикалық және құқықтық қатынастар құрайды. Ұйымдастыру экономикалық қатынастар жүйесі салық механизмін құрау спецификасын анықтайды. Салықтық механизмнің негізгі сипаттамалары:

-ҚР-ның салық салу жүйесіндегі негізгі салық формаларының тізімі негізінен халықаралық стандарттарға жауап береді. Табыс салығы, мүлікке салық және т.б.;

-мемлекет деңгейінде және территория деңгейінде салық сұрақтарының барлық шеңбері бойынша шешім қабылдау механизміне халықаралық салықтық құқықтырдың нормаларның сәйкес келмеуі;

-бюджет кірістерін салықтық әдістермен қалыптастыру кезіндегі салықтық қатынастардың толықтығы, тұрақтылығы, жүйелілігіне қол жеткізілмеген, оған халықаралық салықтық құқық нормалары сәйкес келмейді;

-салық заңдарының жиынтығы принципті сипаттағы нұсқаулардан тұрады. Осы нұсқаулар толық іске асырылмайды. Нақты салықты тӛлеу және есептеу методикасы ӛзара байланыстырылмаған, бұл салықтың бюджетке тӛлену уақтылығына бақылауды қиындатады.

Бақылау сҧрақтары:

1.Салық механизмі деген не?

2.Салық саясаты деген не?

3.Салық саясатының типтері қандай?

4.Салық механизмінің элементтеріне сипаттама

5.Салықтық реттеу деген не?

6.Салықтық жоспарлау және болжау деген не?

7.Салықтық бақылау деген не?

8.Салық ауыртпалығы деген не?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1 Қазақстан Республикасының салық саясатындағы реформаларға салыстырмалы талдау

2Салық механизмі салық саясатын жүзеге асыру құралы ретінде

3Салық механизмі: қызметі, элементтері және қажеттілігі

4ҚР-ның салық саясаты: жағдайына талдау және реформалау қажеттілігі

5Қазақстан Республикасының салық саясаты: проблемалары және жетілдіру перспективалары

27

1 Бӛлім бойынша тестттер

Тӛмендегілердің қайсысы салық саясатының типтеріне жатпайды? 1) дұрыс жауабы жоқ

2)максималды салықтар саясаты;

3)саналы салық саясаты;

4)әлеуметтік қорғалған;

5)аталғандардың барлығы

Салық тӛлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық кӛлемінде және белгіленген мерзімдерде орындау қажеттілігіне негізделген салық салу принципі – бұл

1)айқындылық;

2)жариялылық;

3)міндеттілік;

4)әділдік;

5)біртұтастық.

Тӛлеуге жататын салық сомасын анықтау бойынша тиісті тұлға әрекеттерінің жиынтығы – бұл

1)салық жеңілдігі;

2)салықты есептеу тәртібі;

3)салық салу базасы;

4)салықты тӛлеу тәртібі;

5)салық есептілігі.

Тӛмендегілердің қайсысы салық функцияларына жатпайды?

1)реттеуші;

2)фискалды;

3)қайта бӛлу;

4)нарықтық;

5)бақылау.

Мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы – бұл

1)салық саясаты;

2)салық базасы;

3)салық механизмі;

4)салық құқығы;

5)салық міндеттемесі.

Қандай да бір қызметті жүзеге асыруға немесе қандай да бір игілікті қолдануға құқық беретін, арнайы құқықтық қатысуды иелену үшін жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті біржолғы жарна – бұл

1)алымдар;

2)салықтар;

3)тӛлемақылар;

4)қаржылар;

5)дұрыс жауабы жоқ.

28

Мемлекет бекіткен және орталықтандырылған, жалпымемлекеттік қаржы ресурстар қорын құру мақсатымен алынатын салықтар мен басқа да міндетті тӛлемдердің, сондай-ақ олардың алу тәсілдерінің, әдістерінің, принциптерінің және салық органдарының қызметтерінің жиынтығы – бұл

1)салық құқығы

2)салық саясаты

3)салық механизмі;

4)салық салу принциптері;

5)салық жүйесі

Ӛндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша салықтар түрлері:

1)тұтынуға және табысқа;

2)тікелей және жанама;

3)бекітілген және реттеуші;

4)үйлесімді, үдемелі, кемімелі;

5)жай және тӛтенше

Салық кӛлемін анықтау анықтау тәсілі бойынша салықтар түрлері

1)тұтынуға және табысқа;

2)тікелей және жанама;

3)бекітілген және реттеуші;

4)үйлесімді, үдемелі, кемімелі;

5)жай және тӛтенше

Салық салу бірлігіне салықтың тіркелген мӛлшері тағайындалатын ставкалар

– бұл:

1)пайыздық ставкалар;

2)маргиналды ставкалар;

3)қатаң ставкалар;

4)тең ставкалар;

5)тӛмендетілген ставкалар.

Тауар бағасына тағайындалу түрінде алынатын салықтар

1)жанама;

2)тікелей;

3)нақты;

4)мақсатты;

5)бекітілген.

Қандай салық кезінде салық органдары салық тӛлеушіге салық сомасын жекелеп бекітеді және салық сомасы, салық базасы мен салықты тӛлеу мерзімі кӛрсетілген салық органдарының ӛкімдерін, яғни салық хабарламасын алғаннан кейін салық тӛлеу міндеттеледі

1)қызметақысыз салық;

2)қызметақылы салық;

3)активті салық;

4)пассивті салық;

5)дұрыс жауабы жоқ.

Салықтардың тӛленуіне қарай салықтар қалай жіктеледі? 1) тұтынуға және табысқа;

29

2)тікелей және жанама;

3)бекітілген және реттеуші;

4)тұрақты және бір жолғы;

5)жай және тӛтенше.

Заңға сәйкес салық тӛлеушіні бӛлшектеп немесе толығымен салық тӛлеуден босату – бұл

1)салық жеңілдігі;

2)салықты есептеу тәртібі;

3)салық салу базасы;

4)салықты тӛлеу тәртібі;

5)салық есептілігі.

Берілген жеңілдіктерді қоспағанда барлық тауарлардан алынатын жанама салық түрі

1)акциздер

2)жеке жанама салығы

3)қазыналық монополиялық салықтар

4)кедендік баж

5)әмбебап жанама салығы

Бюджеттік қорды, бюджет кірістерін қалыптастыруға бағытталған салық функциясы

1)реттеуші;

2)фискалды;

3)қайта бӛлу;

4)нарықтық;

5)бақылау.

Салық кӛлемін анықтау анықтау тәсілі бойынша салықтар түрлері

1)тұтынуға және табысқа;

2)тікелей және жанама;

3)бекітілген және реттеуші;

4)үйлесімді, үдемелі, кемімелі;

5)жай және тӛтенше

Салық салу бірлігіне салықтың тіркелген мӛлшері тағайындалатын ставкалар

– бұл:

1)пайыздық ставкалар;

2)маргиналды ставкалар;

3)қатаң ставкалар;

4)тең ставкалар;

5)тӛмендетілген ставкалар.

Тауар бағасына тағайындалу түрінде алынатын салықтар

1)жанама;

2)тікелей;

3)нақты;

4)мақсатты;

5)бекітілген.

Объектінің экономикалық белгілері бойынша салықтар түрлері:

30