Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары

1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бiр гектарға есептелiп белгiленедi және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

2.Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының сәйкес базалық салық ставкалары белгiленедi (қосымша слайд)

3.Шӛлейттi, шӛлдi және тау бӛктерiндегi шӛлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының сәйкес базалық салық ставкалары белгiленедi (қосымша слайд)

Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары

Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, ӛзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргiзу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкалары мынадай мӛлшерде белгiленедi:

1) кӛлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге; 2) кӛлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.

Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесiндегi жер учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары

Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесiндегi жер учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары алаңның бiр шаршы метрiне шаққанда сәйкес мӛлшерде белгiленедi (қосымша слайд).

Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары

Елдi мекендердiң тұрғын үйге қызмет кӛрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бӛлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.

Үй iргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға жатады:

1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшiн: кӛлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20

теңге;

кӛлемi 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге.

Жергiлiктi ӛкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн тӛмендетiлуi мүмкiн.

2) қалған елдi мекендер үшiн:

кӛлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;

кӛлемi 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңге.

41

Жергiлiктi ӛкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн тӛмендетiлуi мүмкiн.

Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары

Елдi мекендерден тыс орналасқан ӛнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар сәйкес мӛлшерде белгiленедi (қосымша ).

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлер жоғарыда белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.

Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа да жер пайдаланушыларға берiлген жерлер, сондай-ақ магистральды темiр жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темiр жол кӛлiгi кәсiпорындарының жерлерiне жер салығының базалық ставкалары бiр гектарға есептелiп белгiленедi және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бiр гектарға есептелiп белгiленедi және топырақтың сапасы бойынша сараланады.белгiленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.

Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген, казино орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары

Елдi мекендердiң автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшiн бӛлiнген жерлерi тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi ӛкiлдi орган айқындайды.

Жергiлiктi ӛкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол Кодексте белгiленгеннен кем болмауға тиiс.

Елдi мекендердiң казино орналасқан жерлерi белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Базалық салық ставкаларын түзету

1. Жергiлiктi ӛкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi ӛңiрлерге бӛлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бӛлiнген (бӛлiп шығарылған) және

42

казино орналасқан жерлердi қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының 50 проценттiнен аспайтындай етiп тӛмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

Бұл ретте жекелеген салық тӛлеушiлер үшiн жер салығының ставкаларын жеке-дара тӛмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

2. Мынадай тӛлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0,1 коэффициенттi қолданады:

1)балаларды сауықтыру мекемелерi;

2)дiни бiрлестiктердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар;

3)әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар;

4)қызметiнiң негiзгi түрi ормандарда ӛртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, ӛртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жӛнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;

5)балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;

6)ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;

7)психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеуӛндiрiстiк кәсiпорындар.

3. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар мынадай талаптарға сай келетiн болса:

1)салық кезеңiнде мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентiн құрайтын болса;

2)салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы тӛлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы тӛлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сӛйлеу, сондай-ақ кӛру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 процентiн) құрайтын ұйымдар жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентiн қолданады.

Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi қолданылады.

3.Жер салығын есептеу және тӛлеу реті

Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.

Ауыл шаруашылығы ӛнiмдерiн ӛндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық тӛлеушiлер жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен есептелген жер салығының сомаларын 70 процентке азайтуды ескере отырып есептейдi.

Егер осы Кодексте ӛзгеше белгiленбесе, жер салығы салық тӛлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.

43

Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.

Бюджетке жер салығын тӛлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде салық тӛлеушiлерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады.

Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады.

Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.

Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.

Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы тӛлемдердi есептеуге және тӛлеуге мiндеттi.

Ағымдағы тӛлемдердiң сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25

мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешiктiрiлмей тең үлестермен тӛленуге жатады.

Жаңа құрылған салық тӛлеушi құрылған күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы тӛлемдердi тӛлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.

4. Ағымдағы тӛлемдердiң мӛлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.

Салық тӛлеушi салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын тӛлейдi.

Жеке тұлғалар (ӛз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша - дара кәсiпкерлердi, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) тӛлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.

Жеке тұлғалар (ӛз қызметтерiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жеке кәсiпкерлердi, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей тӛлейдi.

Салық мiндеттемелерi ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн туындаған кезде, салық сомасын тӛлеу салық салу объектiсiне меншiк құқығы мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар ӛз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын заңды тұлғалар үшін белгiленген тәртiппен есептейдi және тӛлейдi.

44

Жер салығын есептеу мен тӛлеу үшiн салық кезеңi күнтiзбелiк жыл болып табылады.

Заңды тұлғалар (мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар декларацияны салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы тӛлемдердiң есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.

Ағымдағы тӛлемдердi тӛлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық тӛлеушiлердi қоспағанда, жаңадан құрылған салық тӛлеушiлер ағымдағы тӛлемдердiң есеп-қисабын салық тӛлеушiнi тiркеу есебiне қойған айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша салық мiндеттемелерi ӛзгерген кезде, ағымдағы тӛлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Бақылау сҧрақтары:

1Жер салығын тӛлеуші заңды тұлғаларды атаңыз

2Салық салу мақсатында жерлер ұандай санаттарға бӛлінеді?

3Салық салу мақсатында елді мекендердің жерлері қалай бӛлінеді?

4Заңды тұлғалар бойынша жер салығының тӛлену мерзімдері қандай?

5Жер салығыннан босатылған заңды тұлғалар

6Заңды тұлғалар бойынша жер салығы декларациясы қай уақытта тапсырылады

7Салық салу объектілері болып табылмайды

8Жер салығының салық салу объектілері қандай?

9Жер салығы бойынша базалық салық ставкаларын түзету?

10Жеке тұлғалар бойынша жер салығының тӛлену мерзімі

11Жер салығы бойынша салық тӛлеуден босатылған жеке тұлғалар

12Заңды тұлғалар бойынша жер салығының ағымдағы тӛлемдерінің есеп қисабы қай уақытта тапсырылады?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жер салығы бойынша реформаларға салыстырмалы талдау

2Жергілікті бюджеттер кірістерін қалыптастырудағы жер салығының рӛлі

3Меншікке салық ретіндегі жер салығының бюджетке түсуін талдау

4Қазақстан Республикасындағы жер салығы: проблемалары және жетілдіру перспективалары

5Жер салығын есептеу және тӛлеудің шетел тәжірибесі

45

2 Бӛлім тақырыптары бойынша практикалық сабақ есептері:

1 есеп.Азамат М. Хаметовтың меншігінде құны 3 555 000 теңге пәтері және құны 950 000 гаражы бар.

Табу керек: М. Хаметовтың мүлік салығы бойынша салық міндететмесін анықтаңыз.

2 есеп. Жеке тұлғаның меншігінде келесідей мүліктері бар:

-Алматы қаласында пәтері, құны- 5 950 500 теңге;

-Астана қаласында үйі, құны- 6 000 000 теңге.

Табу керек: Жеке тұлғаның салық міндеттемесін және тӛлеу орнын анықтаңыз.

3 есеп.«А» заңды тұлғасы 2010 жылы 18 сәуірде құрылды және мүлкінің баланстық құны 150 000 мың теңгені құрады. Жыл ағымында 28 тамызда 20 000 мың теңгеге мүлік сатып алынды.

Табу керек: Заңды тұлғаның мүлік салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

4 есеп.Азамат Б. Ахметов 2010 жылдың 25 шілде айында құны 13 млн.теңге тұрғын үйді екінші топ мүгедегінен сатып алды.

Табу керек: Әрбір жеке тұлғаның мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерін анықтаңыз.

5 есеп.Дара кәсіпкердің 01.01.2010 ж мәліметтері бойынша балансында құны 15 млн.теңге негізгі құралдары бар.

Табу керек: Дара кәсіпкердің салық міндеттемесін анықтаңыз.

6есеп.Кәсіпорын 2010 жылдың 20 маусым айында құны 130 млн.теңге ғимарат сатып алды.

Табу керек: Кәсіпорынның мүлік салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

7есеп.Ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның балансында (01.01.2010ж) құны 28 500 мың теңге ғимараты бар.

Табу керек:Кәсіпорынның мүлік салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

8есеп.Кеңес Одағының Батыры- С. Саметовтың меншігінде Қарағанды қаласында құны 6 420 мың теңге үйі, құны 1 млн.теңге гаражы және құны

635мың теңге саяжайы бар.

Табу керек: С. Саметовтың мүлік салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

46

9 есеп.Жеке тұлғаның меншігінде келесідей мүліктері бар: Ақтау қаласында құны 15 млн.теңге пәтері бар. 2010 жылдың 15 тамыз айында оны сатып, осы жылдың 23 қарашасында құны 13,5 млн,теңгеге үй сатып алды. Бұл жеке тұлға ІІ топтың мүгедегі болып табылады.

Табу керек: Жеке тұлғаның мүлік салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

10есеп.Жеке тұлғаның меншігінде Астана қаласында пәтері бар. Пәтер 2002 жылы кірпіштен салынған, орталықтан жылынатын, 12 қабатты үйдің 10 қабатында орналасқан бұрыштағы пәтер. Пәтердің пайдалы ауданы70,7 шаршы метр.

Табу керек: Жеке тұлғаның мүлік салығы бойынша салық базасын және салық мӛлшерін анықтаңыз.

11есеп.Жеке тұлғаның меншігінде двигателінің кӛлемі 2 200 см3 «Ауди» автокӛлігі және двигателінің қуаты 55 кВт мотоциклі бар.

Табу керек: Жеке тұлғаның кӛлік салығы бойынша салық міндеттемесін анықтау.

12 есеп.

Жеке тұлға 2011 жылдың 20 наурызында двигателінің кӛлемі 4550 см3 «ДЖИП» жеңіл автокӛлігін заңды тұлғаға сатты.

Табу керек: Заңды және жеке тұлғалардың кӛлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерін және салықты тӛлеу мерзімін анықтаңыз.

13 есеп.2011 жылдың 1 қаңтарында заңды тұлғаның балансында двигателінің кӛлемі 2230 см3 AUDI және двигателінің кӛлемі 1350 см3 BMW жеңіл авто кӛліктері болды. 2011 жылдың 15 наурыз айында заңды тұлға BMW жеңіл авто кӛлігін сатты, ал 2011 жылдың мамыр айында двигателінің кӛлемі 2450 см3 NISSAN автокӛлігін сатып алды.

Табу керек: Осы заңды тұлғаның кӛлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерін анықтаңыз.

14 есеп.2011 жылдың 1 қаңтарында «А» заңды тұлғасының балансында мынадай автокӛлік құралдары болды:

1.«Mersedes» автокӛлігі двигателінің кӛлемі – 2500 см3

2.Audi A-6 автокӛлігі двигателінің кӛлемі – 2600 см3

3.Джип KIA автокӛлігі двигателінің кӛлемі – 4100 см3

4.Автобус Volvo52 орындық

5.Автобус Mersedes54 орындық

6.Микроавтобус10 орын

Жыл ағымында 25 наурызда двигателінің кӛлемі 2300 см³ құрайтын Colf автокӛлігін сатып алды. 28 мамырда Audi A-6 кӛлігін сатты. 30 тамызда 12 орындық микроавтобус сатып алды.

47

Табу керек: Осы заңды тұлғаның кӛлік салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

15 есеп.Ұлы Отан соғысының ардагері К.А.Ахметовтың меншігінде келесі автокӛліктер бар:

1.Ауди 100 авто кӛлігі, двигателінің кӛлемі 2000 см3;

2.ВАЗ 2110 авто кӛлігі, двигателінің кӛлемі 1800 см3; Табу керек: Ахметовтың салық міндеттемесін анықтаңыз.

16 есеп.«Алтын алқа» алқасымен награтталған кӛп балалы ананың меншігіде двигателінің кӛлемі 2 000 см3 «Волга» автокӛлігі және колхоз құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, жүк кӛтергіштігі 2 тонналық, 1998 жылғы жүк автокӛлігі бар.

Табу керек: Кӛп балалы ананың кӛлік салығы бойынша салық міндететмесін анықтаңыз.

17 есеп.«Тұлпар» АҚ-ның балансында келесідей автокӛліктер бар:

 

Автокӛлік түрлері

Салық бірлігі

Саны

1

ВАЗ 2109

1500 см3

2

2

Жүк машина

4,5 тонн

3

3

Автобус

32 орындық

4

4

Яхта

750 ат күш

1

5

Самосвал

42 тонна

1

Табу керек: АҚ-ның салық міндеттемесін анықтаңыз.

18 есеп.Ауыл шаруашылығы ӛнімін ӛндіруші ЖШС-тің балансында келесі автокӛліктер бар:

1.астық жинағыш комбайндар- 2;

2.тыңайтқыш енгізуге арналған автомашина-1;

3.автоулыжемшашқыш- 1;

4.5 тонналық жүк машинасы- 1;

5.12 орындық автобус- 1.

Табу керек: ЖШС-тің салық міндеттемесін анықтаңыз.

19 есеп.«Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған жеке тұлға меншігіндегі двигателінің кӛлемі 2 500 см3 «Волга» автокӛлігін 2011 жылдың наурыз айында басқа жеке тұлғаға сатты.

Табу керек: Екі жеке тұлғаның кӛлік салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

20 есеп.«Б» заңды тұлғаның балансында 2000 жылы Ресейден сатып алынған ұшу аппараты бар, двигателінің қуаты 2 500 кВт.

Табу керек: «Б» заңды тұлғаның салық міндеттемесін анықтаңыз.

48

21 есеп.ҚР азаматы А.А.Оспановтың меншік құқығында келесі жер учаскелері бар: гараж салынған жері, ауданы 4*6 м., бау-бақша ауданы 12 сотық, үй салынған жері ауданы 12*15 м.

Табу керек: А. Оспановтың салық міндеттемелерін анықтау.

22 есеп.Жеке тұлғаның меншік құқығында келесідей жер учаскелері бар:

-Қарағанды қаласында тұрғын үйі, алып жатқан жердің ауданы410 м2;

-үй іргесінде жер учаскесі, ауданы735 м2

-бағбандық мақсатындағы жер учаскесі, кӛлемі- 0,85 га.

Табу керек: Жеке тұлғаның жер салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

23 есеп.2010 жылдың 18 наурызында Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан «А» компаниясы Алматы қаласының Қарасай ауданында орналасқан «В» заңды тұлғасынан кӛлемі 1200 м2 құрайтын жер участогын сатып алды.

Табу керек: «А» компаниясының жер салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз

24 есеп.Жеке тұлға Х. С. Валиева Павлодар қаласында тұрады және меншігінде жалпы ауданы 1 860 м2 жер учаскесі бар, оның:

-420 м2үй тұрғызылған жер;

-560 м2үй іргесіндегі жер учаскесі;

-Қалғаны бау-бақша алып жатқан жер.

Табу керек: Жеке тұлғаның жер салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

25 есеп.«Ардақты ана» атағына ие болған кӛп балалы ананың меншігінде келесідей жер учаскелері бар:

-тұрғын үй қоры орналасқан жер учаскесі, алаңы540 м2 ;

-үй іргесіндегі жер учаскесі, алаңы155 м2 ;

-гараж орналасқан жер учаскесі, алаңы70 м2 ;

-бағбандық мақсатындағы жер учаскесі, кӛлемі- 0,65 га.

Табу керек: Жеке тұлғаның жер салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

26 есеп.Заңды тұлғаның меншік құқығында шӛл және шӛлейтті аумақтарда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлері бар: 45 б/б- 12 га; 65 б/б- 20 га; 80 б/б- 25 га; 30 б/б- 10 га. Қостанай қаласында ауданы 600 м2 автопаркі және ауданы 500 м2 тұрғын үй қоры бар. Заңды тұлға ағымдағы жылдың наурыз айында Ӛскемен қаласында жалпы ауданы 350 м2 автотұрақ сатып алды.

Табу керек: Заңды тұлғаның жер салығы бойынша салық міндеттемесін анықтаңыз.

49

27 есеп.Алматы қаласында орналасқан мемлекеттік түзету мекемесінің 2010ж 1 қаңтарындағы балансында ауданы 600 м2. ғимараты бар, оның 150 м2. «А» заңды тұлғаға бір жылға жалға беріп қойған. Құжат бойынша ғимарат және оның іргесіндегі жер учаскесінің жалпы ауданы 1000 м2.

Табу керек: Жер салығы бойынша салық міндеттемесін анықтау керек.

28 есеп.2010ж жеке тұлғаның меншік құқығында тұрғын үйде екі пәтері бар: ауданы 50 м2 бір бӛлмелі пәтер және ауданы 130 м2 үш бӛлмелі пәтер. Тұрғын үй қоры және оның іргесіндегі жер учаскесінің жалпы ауданы 4500 м2, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесінің ауданы 2500 м2. алып жатыр. Тұрғын үйдің адамдар тұратын жердің жалпы ауданы 4000 м2.

Табу керек: Жер салығы бойынша жеке тұлғаның салық міндеттемесін анықтау керек.

29 есеп. Байланыс қызметін кӛрсететін кәсіпорынның меншігінде 1 350 га жер участігі бар, Балл бонитеті76. Жергілікті атқарушы органдар салық ставкасын 15 пайызға кӛтерді.

Табу керек: Жер салығы бойынша заңды тұлғаның салық міндеттемесін анықтау керек.

30 есеп.Заңды тұлғаның меншігінде барлығы 6 600 м2 жер учаскесі бар, оның 3 950 м2 жеріне жанар жағар май құю станциясы орналасқан, 2 600 м2 жерінофис алып жатыр.

Табу керек: Жер салығы бойынша заңды тұлғаның салық міндеттемесін анықтау керек.

31 есеп.«А» заңды тұлғасының иелігінде ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жер учаскесі бар. Жер участогы далалық аймақта орналасқан, оның ауданы 150 га бонитет балы 45. Осы заңды тұлғаның негізгі құралдарының орта жылдық құны 5100 мың теңгені құрайды. Сондайақ заңды тұлғада двигателінің кӛлемі 1800 см3 құрайтын 2 жеңіл автокӛлігі, жүк кӛтергіштігі 3 тонналық 2 жүк автокӛлігі және 12 орындық шағын автобусы бар.

Табу керек: Осы «А» заңды тұлғасының жер салығын, кӛлік салығын, мүлік салығын анықта.

32 есеп. Теміртау қаласында орналасқан «В» заңды тұлғасының жалпы жер ауданы 1050 м2, оның 750 м2 автотұрақ ретінде қолданылады.Теміртау қаласының жергілікті маслихатының шешімі бойынша жер салығының ставкасын 20 пайызға дейін тӛмендету ұйғарылған. Осы заңды тұлғаның мүлкінің орта жылдық құны 2500 мың теңге. Балансында адам тасымалына арналған 45 орындық 2 автобусы, жүк кӛтергіштігі 3 тонналық 2 автокӛлігі бар.

Табу керек: Осы «В» заңды тұлғасының жер салығын, кӛлік салығын, мүлік салығын анықта.

50