Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

1)тұтынуға және табысқа;

2)тікелей және жанама;

3)бекітілген және реттеуші;

4)үйлесімді, үдемелі, кемімелі;

5)жай және тӛтенше

Пайдалану ретіне және тәртібіне қарай салықтар түрлері

1)тұтынуға және табысқа;

2)тікелей және жанама;

3)бекітілген және реттеуші;

4)үйлесімді, үдемелі, кемімелі;

5)жалпы және мақсатты.

Салық базасының құндық ӛлшемінен пайыз түрінде айқындалған ставкалар – бұл:

1)пайыздық ставкалар;

2)маргиналды ставкалар;

3)қатаң ставкалар;

4)тең ставкалар;

5)тӛмендетілген ставкалар

Тӛмендегілердің қайсысы салық саясатының типтеріне жатпайды?

1)дұрыс жауабы жоқ

2)максималды салықтар саясаты;

3)саналы салық саясаты;

4)әлеуметтік қорғалған;

5)аталғандардың барлығы

Салық тӛлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық кӛлемінде және белгіленген мерзімдерде орындау қажеттілігіне негізделген салық салу принципі – бұл

1)айқындылық

2)жариялылық

3)біртұтастық

4)әділдік

5)міндеттілік

Тӛленген салықтың сомасының жалпы кіріске қатынасымен анықталатын салық ставкалары

1)пайыздық ставкалар;

2)маргиналды ставкалар;

3)экономикалық ставкалар;

4)тең ставкалар;

5)тӛмендетілген ставкалар

31

2 БӚЛІМ. МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР

5 Тақырып. Заңды және жеке тҧлғалардың мҥлік салығы

1.Мүлікке салынатын салықтың атқаратын қызметтері мен құрылу қағидалары және экономикалық мәні.

2.Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

3.Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

4.Мүлік салығын есептеу және тӛлеу реті

Мыналар мүлiк салығын тӛлеушiлер болып табылады:

1)Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;

2)Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер;

3)концессия шартына сәйкес концессия объектiсi болып табылатын салық салу объектiсiн иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер.

2. Салық салу объектiлерi бар заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бӛлiмшелерi дербес салық тӛлеушiлер ретiнде қарастырылады.

Мыналар мүлiк салығын тӛлеушiлер болып табылмайды:

1)ӛз ауыл шаруашылығы ӛнiмдерiн ӛндiру, сақтау және қайта ӛңдеу процесiнде тiкелей пайдаланатын, меншiк құқығында бар салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлер.

Ӛз ауыл шаруашылығы ӛнiмдерiн ӛндiру, сақтау және қайта ӛңдеу процесiнде тiкелей пайдаланбайтын салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлер мүлiк салығын осы бӛлiмде белгiленген тәртiппен тӛлейдi;

2)мемлекеттiк мекемелер;

3)уәкiлеттi мемлекеттiк органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

4)дiни бiрлестiктер.

Уәкiлеттi мемлекеттiк органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық тӛлеуден босатылмайды.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер үшiн негiзгi құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлiкке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ жермен берiк байланыстағы ӛзге де құрылыстар (бұдан әрi – ғимараттар) салық салу объектiсi болып табылады.

Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:

1)жер салығын салу объектiсi ретiндегi жер;

2)Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар;

32

3)ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:

4)аяқталмаған құрылыс объектiлерi.

Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.

Салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын тӛлеушiлер болып табылады.

2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

1)мерзiмдi қызметтi ӛткеру (оқу) кезеңiндегi мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер;

2)меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 1000 еселенген мӛлшерi шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған кӛп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;

3)меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 1500 еселенген мӛлшерi шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;

4)меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 1500 еселенген мӛлшерi шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет ӛткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар.

Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және тӛлейдi;

5)кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша жеке кәсiпкерлер.

Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және ӛзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектiлерi қоныстану, пайдалану кезiнен бастап оларға мүлiк

салығын салу объектiсi болып табылады.

33

Заңды тұлғалар салықтың ағымдағы тӛлемдерiнiң сомасын, патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлердi қоспағанда, салық тӛлеушi салық кезеңiндегi 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Жаңадан құрылған салық тӛлеушiлер ағымдағы тӛлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi ӛзгерген кезде, ағымдағы тӛлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.

Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Жеке тұлғалармен бюджетке мүлік салығын тӛлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Бақылау сҧрақтары:

1.Мүлік салығын тӛлеуші заңды тұлғаларды атаңыз

2.Заңды тұлғалар бойынша мүлік салығының салық салу объектілері қандай?

3.Заңды тұлғалар бойынша мүлік салығының салық базасы болып не табылады?

4.Заңды тұлғалар бойынша мүлік салығының тӛлену мерзімі

5.Заңды тұлғалар бойынша мүлік салығы бойынша ағымдағы тӛлемдер қай уақытта тӛленеді?

6.Заңды тұлғалар бойынша мүлік салығыннан босатылғандар

7.Заңды тұлғалар бойынша мүлік салығы декларациясы қай уақытта тапсырылады

8.Мүлік салығын тӛлеуші жеке тұлғаларды атаңыз

9.Жеке тұлғалар бойынша мүлік салығының салық салу объектілері қандай?

10.Жеке тұлғалар бойынша мүлік салығының салық базасы болып не табылады?

11.Жеке тұлғалар бойынша мүлік салығының тӛлену мерзімі

12.Мүлік салығы бойынша салық тӛлеуден босатылған жеке тұлғалар

13.Заңды тұлғалар бойынша мүлік салығының ағымдағы тӛлемдерінің есеп қисабы қай уақытта тпсырылады?

14.Мүліктің ортажылдық баланстық құны қалай анықталады?

34

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1 ҚР-ның салық жүйесіндегі мүлік салығы бойынша реформаларға салыстырмалы талдау

2Жергілікті бюджеттер кірістерін қалыптастырудағы мүлік салығының рӛлі

3Меншікке салық ретіндегі мүлік салығының бюджетке түсуін талдау

4ҚР-ғы мүлік салығы: проблемалары және жетілдіру перспективалары

6 Тақырып. Кӛлік қҧралдарына салынатын салық

1.Кӛлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны. Кӛлік құралдарына салықтың салық салу объектілері және тӛлеушілері.

2.Кӛлік құралдарына салынатын салық бойынша жеңілдіктер.

3.Салықты есептеу мен тӛлеу тәртібі.

1Кӛлік құралдарына салынатын салық мемлекет пен кӛлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салыққа жатады. Кӛлік құралдарының иелері оларды иемдену барысында республиканы автомобиль жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль жолдарын пайдалану мемлекеттік бюджетпен жүзеге асырылады. Сондықтан да кӛлік салғының экономикалық мәні зор.

Салық салу объектісіне және тӛлеуші мен мемлекеттің ӛзара қатынастарына қарай кӛлік кӛлік салығы тікелей салықтарға жатады. Салық объектісіне қарай (кӛлік құралдарының түрлеріне, двигателінің кӛлеміне, есептік кӛрсеткіш мӛлшеріне белгіленген ставкаларға байланысты) тікелей салынады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған кӛлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады.

Ал мыналар:

1)жүк кӛтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;

2)мамандандырылған медициналық кӛлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.

Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бӛлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) кӛлiк құралдары салығын тӛлеушiлер болып табылады.

Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша кӛлiк құралдары салығын тӛлеушi болып табылады.

2 Мыналар кӛлік салғын тӛлеушілер болып табылмайды:

35

1)жалпы меншік құқығында, меншік құқығында ӛзінің мүшелеріне тиесілі және ӛзінің ауыл шаруашылығы ӛнімін ӛндіру, сақтау және қайта ӛңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын мынадай кӛлік құралдары бойынша бірыңғай жер салығын тӛлеушілер:

- двигателінің кӛлемі 2500 текше см. дейінгіні қоса алғанда бір жеңіл автомобиль;

- двигателінің жиынтық қуаты 1000 га егістікке 1000 кВт мӛлшеріндегі жүк автомобидьдері

2)ӛзінің ауыл шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын тӛлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы ӛнімдерін ӛндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесі суретте келтірілген;

3)мемлекеттік мекемелер;

4)салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокӛлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар;

5)салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокӛлiк құралы бойынша - меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;

6)салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокӛлiк құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған кӛп балалы аналар;

7)ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар.

3 Салық тӛлеу мерзiмдерi:

1.Егер меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шiлдеге дейiн болған кӛлiк құралдары бойынша бюджетке салық тӛлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, ағымдағы тӛлемдердi енгiзу арқылы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

2.Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған кӛлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын 1 шiлдеден кейiн алған жағдайда заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде кӛрсетiлген кӛлiк құралдары бойынша салық тӛлеудi жүргiзедi.

3.Жеке тұлғалар меншік құқығында кӛлік құралдары бойынша бюджетке салық тӛлеуді салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірмей жүргізеді.

Кӛлiк құралдары салығын есептеу мен тӛлеу үшiн салық кезеңi күнтiзбелiк жыл болып табылады.

36

Тӛлеушi заңды тұлғалар кӛлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы тӛлемдер есебiн ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, сондай-ақ декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.

Бақылау сҧрақтары:

1Кӛлік салығын тӛлеуші заңды тұлғаларды атаңыз

2Кӛлік салығының салық салу объектілері қандай?

3Кӛлік салығыбойынша салық объектісі болып қандай кӛліктер табылмайды?

4Кӛлік салығыннан босатылған заңды тұлғалар

5Кӛлік салығы декларациясы қай уақытта тапсырылады

6Кӛлік салығын тӛлеуші жеке тұлғаларды атаңыз

7Жеке тұлғалар бойынша кӛлік салығының тӛлену мерзімі қандай?

8Кӛлік салығы бойынша салық тӛлеуден босатылған жеке тұлғалар

9Заңды тұлғалар бойынша мүлік салығының ағымдағы тӛлемдері қай уақытта жасалады?

10Қандай кӛлік құралдары бойынша пайдалану мерзіміне қарай түзету коэффициенттері қолданылады?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1 ҚР-ның салық жүйесіндегі кӛлік салығы бойынша реформаларға салыстырмалы талдау

2Жергілікті бюджеттер кірістерін қалыптастырудағы кӛлік салығының рӛлі

3Меншікке салық ретіндегі кӛлік салығының бюджетке түсуін талдау

4ҚР-ғы кӛлік салығы: проблемалары және жетілдіру перспективалары

7 Тақырып. Жер салығы

1. Жер салығын тӛлеушілер

2.Жер салығының салық салу объектілері және салық ставкалары

3.Жер салығын есептеу және тӛлеу реті

1. Салық салу мақсатында барлық жерлердің нысаналы мақсатына (целевое направление) қарай мынадай санаттары қарастырылады:

1)ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

2)елдi мекендер жерлерi;

3)ӛнеркәсiп, кӛлiк, байланыс, қорғаныс және ӛзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер (бұдан әрi - ӛнеркәсiп жерлерi);

4)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);

37

5)орман қорының жерлерi;

6)су қорының жерлерi;

7)запастар жерлерi.

Жердiң қандай да болсын санатқа тиесiлiгi Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi.

Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:

1)тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендер жерлерi;

2)тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

Жердiң мынадай санаттары салық салуға жатпайды:

1)ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;

2)орман қорының жерлерi;

3)су қорының жерлерi;

4)запастар жерлері.

Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы ӛтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, олар жалпы белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.

Жер салығының мӛлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.

Жер салығы мыналар негізінде есептеледі:

1)меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, ӛтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2)жер ресурстарын басқару жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнiң деректерi.

Мынадай жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады:

1)жеке меншiк құқығындағы;

2)тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3)бастапқы ӛтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар.

Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бӛлiмшелерi жер салығын тӛлеушiлер (бұдан әрi - заңды тұлғалар) ретiнде қарастырылады. Мыналар жер салығын тӛлеушiлер болып табылмайды:

1)шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлер;

2)мемлекеттiк мекемелер;

3)уәкiлеттi мемлекеттiк органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

4)Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен

38

наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет ӛткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeyi:

тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;

үй маңындағы жер учаскелерi;

ӛзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;

гаражға арналған жер учаскелерi бойынша;

5)тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша – "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған кӛп балалы аналар;

6)тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша - жеке тұратын зейнеткерлер;

7)дiни бiрлестiктер.

4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары және дiни бiрлестiктер пайдалануға немесе жалға берiлген жер учаскелерi бойынша салық тӛлеуден босатылмайды.

Жекелеген жағдайларда төлеушiнi айқындау

1.Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде ӛзгеше кӛзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын тӛлеушi болып табылады.

Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын тӛлеушi болып табылады.

2.Жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын тӛлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.

3.Лизинг алушы қаржы лизингiнiң шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын тӛлеушi болып табылады.

39

2. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi)

салық салу объектiсi болып табылады.

Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:

1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.

Алаңдар, кӛшелер, ӛткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған ӛзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;

2)ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi.

Бӛлiнген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, ӛткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен ӛзге де жол қызметiн кӛрсету жӛнiндегi құрылғылар, жол қызметiнiң қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдiк екпелер орналасқан жерлер жатады;

3)Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi;

4)жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi.

Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау

1. Темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiр жол кӛлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiр жол кӛлiгiнiң ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.

2. Электр беру желiлерiнiң тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесiнiң ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ ӛндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желiлерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

40