Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

4)мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды ӛткізу кезіндегі құн ӛсімінен түскен табыстар;

5)дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6)пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын ӛтеп сатып алған кездегі пай бойынша табыстар;

7)бiр мезгiлде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;

заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан кӛп процентi дивидендтердi тӛлеу күнi жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.

Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:

акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша тӛленуге жататын табыс;

заңды тұлғаның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бӛлетiн таза табысының бiр бӛлiгi;

заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мӛлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара ӛтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бӛлуден түсетiн табыс түрiнде алынатын дивидендтерге ғана қолданылады;

8)әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге берілетін, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстықатқару жүйесі және мемлекеттік ӛртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерінің белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын тӛлемдердің барлық түрі;

9)республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай ұтыстарды есептеу күнi қолданыста болатын ең тӛменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;

10)тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең тӛменгі жалақы мӛлшерінде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тӛлемдер;

11)егер осы тармақтың 11-1) тармақшасында ӛзгеше белгіленбесе, гранттар қаражаты есебінен тӛлемдер (еңбекке ақы тӛлеу түріндегі тӛлемдерден басқа);

11-1) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (кӛмек кӛрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып

111

табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын тӛлемдер;

12)экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тӛленетін тӛлемдер;

13)мыналардың:

Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет ӛткерген) және ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың;

I, II, III топтардағы мүгедектердiң; мүгедек баланың;

«мүгедек бала» деген санаты бар адам он сегiз жасқа толғанға дейiн - мұндай адамның ата-анасының бiрiнiң;

«бала кезiнен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ӛмiр бойына – оның ата-анасының бiрiнiң республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең тӛменгi жалақының 55 еселенген мӛлшерi шегiнде бiр жылдағы табыстары;

15)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін ӛткізу кезінде құн ӛсімінен түсетін табыстар.

Егер кӛрсетілген заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да кӛп проценті осындай ӛткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы тармақша қолданылады;

16)ӛткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен ӛткізу кезіндегі құн ӛсімінен түсетін табыстар;

17)бюджет қаражаты есебінен тӛленетін біржолғы тӛлемдер (еңбегіне ақы тӛлеу түріндегі тӛлемдерден басқа);

18)күнтізбелік жыл ішінде әрбір тӛлем түрі бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең тӛменгі жалақының 8 еселенген мӛлшері шегінде медициналық қызмет кӛрсетулерге (косметологиялық қызмет кӛрсетулерден басқа) ақы тӛлеу үшін, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған тӛлемдер.

Кӛрсетілген табыстар медициналық қызмет кӛрсетулерді (косметологиялық қызмет кӛрсетулерден басқа) алуды және оларды тӛлеуге

112

жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады;

19)Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;

20)шет мемлекеттің мемлекеттік қызметіндегі, сол елдегі табысы салық салуға жататын шетелдіктердің ресми табыстары;

21)Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және соларға теңестірілген ӛкілдіктерінде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен тӛленетін ресми табыстары;

22)Зейнетақы тӛлеу жӛніндегі мемлекеттік орталықтан тӛленетін зейнетақы тӛлемдері;

23)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мӛлшерде бюджет қаражаты есебінен тӛленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақысы);

24)жұмыс берушiнiң ӛндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде осы қызметкердiң қызметтiк iссапарын ресiмдемей жасалған жұмыс берушiнiң шығыстары:

оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы тӛлеуге нақты жұмсалған шығыстары мӛлшерiнде;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстар;

оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуға жұмсалған нақты шығыстары жатады;

жұмыс беруші:

қызметкердің Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан ӛткен мерзім ішінде - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік кӛрсеткіштің 6 еселенген мӛлшері;

қызметкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан ӛткен мерзім ішінде - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік кӛрсеткіштің 8 еселенген мӛлшері шегінде қызметкерге тӛлеуге арналған ақша сомасы жатады;

24-1) жұмыс берушiнiң ӛндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатында басқа жерге жiберген кезде жұмыс берушiнiң осы қызметкердi оқыту, оның

113

бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшiн тӛлеуге нақты жұмсаған шығыстары;

25)сәйкес жұмсалған, оқытуға бағытталған шығыстар;

26)Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тӛленетін әлеуметтік тӛлемдер;

27)білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік стипендиялар үшін белгіленген мӛлшерде тӛленетін стипендиялар;

28)жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыру мақсатында алған мүлкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары тӛлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;

29)қайырымдылық және демеушілік кӛмек түрінде алынған мүліктің

құны;

30)он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;

31)сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрі кезінде тӛленетін сақтандыру тӛлемдері;

32)жұмыс беруші ӛз қызметкерлеріне міндетті және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша тӛлейтін сақтандыру сыйлықақылары;

33)сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру тӛлемдері;

34)жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мӛлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары;

36)сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан алынған, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын ӛзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысы;

37)банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде тӛлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

38) эмитент банк тӛлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша тӛлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен тӛлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;

40) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс.

Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері

Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мӛлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы

114

жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең тӛменгі жалақының 12 еселенген мӛлшері құрайды. (МЗП - 15999)

Салық ставкалары

1.Салық тӛлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

2.Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі кӛздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.

Салық кезеңі

1.Салық агенттерінің тӛлем кӛзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

2.Тӛлем кӛзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі былайшы айқындалады:

1.Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

2.Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.

Бұл ретте ұйымның әділет органында мемлекеттік тіркеуден ӛткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.

3.Егер ұйым күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.

4.Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.

2.Тӛлем кӛзінен салық салынатын табыстар

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға табыстардың мынадай түрлері жатады:

1)қызметкердің табысы;

2)жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

3)жинақтаушы зейнетақы қорларынан тӛленетін зейнетақы тӛлемдері;

4)дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

5)стипендиялар;

6)жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

Салықты есептеу, ұстау және төлеу

1.Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті тӛлем кӛзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді.

2.Егер осы Кодексте ӛзгеше кӛзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агенті тӛлем кӛзінен салық салынатын табысты тӛлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.

115

3.Егер осы тармақта ӛзгеше кӛзделмесе, салық агенті тӛленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды тӛлем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін ӛзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бӛлімшелері салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.

Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері болып танылған құрылымдық бӛлімшелер осы Кодекстің 12-бӛлімінің мақсаттары үшін әлеуметтік салықты дербес тӛлеушілер болып танылады.

Салық агентiнiң құрылымдық бӛлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын тӛлеу құрылымдық бӛлiмшелер орналасқан жер бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.

4.Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.

5.Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын тӛлеу мынадай мерзімдері белгіленген:

- Тӛлем кӛзінен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын тӛлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі Салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

- Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, тӛлем кӛзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі кӛздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін тӛлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін тӛлемақыны, әлеуметтік аударымдарды тӛлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:

1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы тӛлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы тӛлеу есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Мемлекеттiк мекемелердiң салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшелiктерi

Мемлекеттiк органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бӛлiмшелерi және (немесе) аумақтық органдары ӛздерiне бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң табыстары бойынша салық агенттерi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бӛлiмшелерi және (немесе) аумақтық (тӛмен тұрған) органдары ӛздерiне бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң табыстары бойынша салық агенттерi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

Бұл ретте, осы бапта белгiленген тәртiппен салық агенттерi деп танылған мемлекеттiк мекемелер әлеуметтiк салық тӛлеушiлер деп танылады.

116

Салықты тӛлеу салық агентiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерде жүргiзiледi.

1. Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық тӛленетін жердегі салық органдарына табыс етеді.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттері осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етпейді.

2-1. Құрылымдық бӛлiмшелерi бар салық агенттерi бӛлiмшенiң орналасқан жерiндегi салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жӛнiндегi декларацияға құрылымдық бӛлiмше бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жӛнiндегi қосымшаны табыс етедi.

3. Тӛлем кӛзінен салық салынбайтын табыстар Мынадай табыс түрлері төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға

жатады:

1)мүліктік табыс;

2)дара кәсіпкердің табысы;

3)жекеше нотариустар жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табысы;

4)басқа да табыстар.

Осы баптың бiрiншi бӛлiгiнiң 2 және 3) тармақшаларында кӛрсетiлген табыстар мүлiктiк табыс болып табылмайды.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi кӛздерден түсетiн табыстарды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бӛлiгiнiң 1) тармақшасында және 2) және 3) тармақшаларында кӛрсетiлген табыстар басқа да табыстар болып табылмайды.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу

1.Тӛлем кӛзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық тӛлеуші салық кезеңі үшін тӛлем кӛзінен салық салынбайтын табыс сомасына белгіленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргізеді.

Тӛлем кӛзінен салық салынбайтын табыс сәйкес кӛзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс пен белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2.Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табыстарын қоспағанда, салық тӛлеушіде тӛлем кӛзінен салық салынбайтын табыстардың бірнеше түрі болған кезде жеке табыс салығын

есептеуді салық тӛлеуші белгіленген ставканы тӛлем кӛзінен салық

117

салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді.

3.Белгіленген салық шегерімдері, егер кӛрсетілген шегерімдер қызметкердің табысын айқындаған кезде жүргізілмеген болса, тӛлем кӛзінен салық салынбайтын табыстардың жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.

4.Дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін дара кәсіпкердің табысы бойынша салықты есептеуді дербес жүргізеді. Салық сомасы дара кәсіпкердің кӛзделген табыстары мен шығыстары сомасына, сондай-ақ сәйкес ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған табысына белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

5.Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара арнаулы салық режимдерінде кӛрсетілген шеңберде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.

Салық төлеу мерзімдері

1.Салық кезеңінің қорытындысы бойынша жеке табыс салығын тӛлеуді салық тӛлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша дербес жүзеге асырады.

2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер сәйкес арнаулы салық режимдерінде кӛрсетілген шеңберлерде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын тӛлеуді жүргізеді.

Салық төлеушінің салық салуға жататын мүліктік табысына:

1)мүлікті ӛткізу кезінде құн ӛсімінен түскен табыс;

2)салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға беруден алынған табыс жатады.

2. Мына мүліктерді:

1)меншік құқығында меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт болған тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;

2)меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында кӛрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, саяжай құрылысы, гараж салу үшiн берiлген жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;

3)егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бiр жылдан аз уақытты құраса, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген, осы тармақтың 1) тармақшасында кӛрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

4)осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында кӛрсетілмеген мақсаттар үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

118

5)бағалы қағаздарды, инвестициялық алтынды сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлестерін;

6)осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында кӛрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;

7)меншік құқығында меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт болған, мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық кӛлік құралдарын және тіркемелерді ӛткізу кезіндегі құн ӛсімі мүлікті ӛткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс болып табылады.

Сенім білдірілген адам механикалық кӛлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен айыруға құқық беретін басқару сенімхаты негізінде алған механикалық кӛлік құралын және (немесе) тіркемені ӛткізген жағдайда мүліктік табысты айқындау үшін кӛлік құралының иесіне осы кӛлік құралының ӛткізілу құнын хабарлайды немесе кӛлік құралы иесінің атынан жеке табыс салығын тӛлеуді жүргізеді, бұл кӛлік құралы иесінің салықтық міндеттемесін орындау болып табылады.

Сенім білдірілген адам механикалық кӛлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен айыруға құқық беретін басқару сенімхаты негізінде алған механикалық кӛлік құралын және (немесе) тіркемені ӛткізген кезде құн ӛсімі сенім білдірілген адамның меншік иесі атынан осы кӛлік құралын ӛткізу құны мен ӛткізілген кӛлік құралының меншік иесі сатып алған құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

Сатып алу құны болмаған кезде мүлікті ӛткізу құны мен ӛткізілетін мүлікке меншік құқығы туындау кезіндегі нарықтық құн арасындағы оң айырма құн ӛсімі болып табылады.

4. Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi ӛткiзу кезiнде мүлiктi ӛткiзу құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн ӛсiмi болып табылады.

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беру жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi ӛткiзу кезiнде мүлiктi ӛткiзу құны мен салық тӛлеушi тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн ӛсiмi болып табылады.

Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттардың табысы

Заң кӛмегін кӛрсеткені, нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін ақы тӛлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жӛніндегі қызметті, нотариаттық және адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алынған барлық табыс түрлері, сондай-ақ қорғау мен ӛкілдікке байланысты шығыстарды ӛтеуден алынған сомалар жекеше нотариустар жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттардың табысы болып табылады.

1. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы алынған

119

табыстың сомасына белгіленген ставканы қолдану жолымен бір айға алынған табыстар бойынша, әрбір айдың қорытындылары бойынша есептеледі.

2. Есептелген салық сомасы табыстары бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын тӛлеуге жатады.

Дара кәсіпкердің табысы

1.Егер осы бапта ӛзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкердің табысы сәйкес корпоративтік табыс салығы салынатын объектіні айқындау үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.

2.Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің табысы сәйкес айқындалады.

Басқа табыстар

1. Мыналар салық тӛлеушiнiң салық салуға жататын басқа да табыстарына жатады:

1)Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi кӛздерден түсетiн табыстар;

2)Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын дипломатиялық және соларға теңестiрiлген ӛкiлдiктерге Қазақстан Республикасында қызметтер кӛрсетуден, жұмыстарды орындаудан түсетiн табыстар;

3)үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;

4)тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыстар.

Талап ету құқығын беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.

Талап ету құқығын беру құны мен осындай құқықты бұрын сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.

Жеке табыс салығы бойынша декларация

1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық тӛлеушілер:

1)дара кәсіпкерлер;

2)жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;

3)мүліктік табыс алған жеке тұлғалар;

4)басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;

5)Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.

120