Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

3)табиғи монополия субъектiсi нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;

4)сот үкiмiнiң заңды күшiне енуi немесе қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын болып танылған салық тӛлеушiмен жасалған операциялар бойынша;

6)сот жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жасаған мәмiле деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша;

7)жарғылық капиталға үлес ретiнде берiлген мүлiк бойынша;

8)бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.

Қосылған құн салығы салынбайтын өткiзу бойынша айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртiбi

1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет кӛрсетулер бойынша ӛнiм берушiге тӛленуге тиiс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.

2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын тӛлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бӛлек есептеу әдiсiмен есепке жатқызылады.

Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде ӛзгертiлмеуге тиiс.

Барабарлық әдiс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады.

Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын тӛлеушi салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшiн алған тауарлар, жұмыстар, қызмет кӛрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бӛлек есеп жүргiзедi.

Есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредиттiк ұйымдардың кепiлдегi мүлiктi (тауарларды) алуға және ӛткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бӛлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.

Қаржы лизингiне мүлiктi берген кезде, есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушiнiң мүлiктi қаржы лизингiне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бӛлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.

Лизинг берушiнiң қаржы лизингiне беруге жататын мүлiктi сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшiн шеккен шығыстар ретiнде қаралады.

4 Салықты есептеу және тӛлеу тәртібі

Қосылған құн салығын төлейтiн барлық төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат шот-фактура болып табылады.

71

Қосылған құн салығын тӛлеушi тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi ӛткiзу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, осы бапта ӛзгеше белгiленбесе, аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi алушыға шот-фактураны ресiмдеуге мiндеттi.

Сәйкес жазып берiлген шот-фактура жүк жӛнелтушiлердiң немесе оны алушылардың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшiн негiз болып табылады.

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна ретiнде қосылған құн салығының сомасы сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептеп шығарылған қосылған құн салығының сомасы мен сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.

Ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта ӛңдеудi жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен қосылған құн салығын тӛлейдi.

Ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта ӛңдеудi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:

1)қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметтi қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн мына қызмет түрлерiн:

ет және ет ӛнiмiн ӛндiрудi;

жемiстер мен кӛкӛнiстердi қайта ӛңдеудi және консервiлеудi; ӛсiмдiктер мен жануарлар майын ӛндiрудi;

сүттi қайта ӛңдеу мен iрiмшiк ӛндiрудi; ұн-жарма ӛнеркәсiбi ӛнiмiн ӛндiрудi; жануарлар үшiн дайын жемшӛп ӛндiрудi; нан ӛндiрудi;

балалар тағамын және емдәмдiк тағам ӛнiмiн ӛндiрудi;

крахмал-ciрне ӛнеркәсiбi ӛнiмiн ӛндiрудi жүзеге асыру нәтижесiнде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;

2)шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қоспағанда, арнаулы салық режимдерiн қолданбайтын;

3)акцизделетiн ӛнiмдi ӛндiру, қайта ӛңдеу және ӛткiзу бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.

1. Қосылған құн салығының ставкасы 12 проценттi құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мӛлшерiне қолданылады.

2. Сәйкес кӛрсетiлген тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi ӛткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нӛлдiк ставка бойынша салынады.

Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен алып ӛтетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын жиынтық кедендiк тӛлем құрамында тӛлей алады, оның мӛлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.

Күнтiзбелiк тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi болып Қосылған құн салығын тӛлеушi қосылған құн салығы жӛнiндегi декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi салық

72

кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрмей әрбiр салық кезеңi үшiн табыс етуге мiндеттi.

Декларациямен бiр мезгiлде салық кезеңi iшiнде сатып алынған және ӛткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет кӛрсетулер бойынша шотфактуралардың тiзiлiмдерi табыс етiледi, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып алынған және ӛткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет кӛрсетулер бойынша шот-фактуралар тiзiлiмдерiнiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Қосылған құн салығын төлеу мерзiмi

1.Қосылған құн салығын тӛлеушi бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25нен кешiктiрмей әрбiр салық кезеңi үшiн тӛлеуге мiндеттi.

2.Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден тӛлемдерiн тӛлеу үшiн айқындалатын күнi тӛленедi.

Бақылау сҧрақтары:

1.Қосылған құн салығын тӛлеушілер

2.Қосылған құн салығының салық салу объектілері

3.Салық салынатын айналым қалай анықталады?

4.Салық салынатын импорт қалай анықталады?

5.Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар

6.Қосылған құн салығының ставкалары қандай?

7.Қандай айналымдар нӛлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға жатады?

8.Қосылған құн салығын тӛлеу мерзімі қандай?

9.Қосылған құн салығы бойынша есепке тұру критерилері қандай?

10.Барабарлық әдіс бойынша қосылған құн салығын есепке алу қалай жүзеге асырылады?

11.Қосылған құн салығын есепке алудың бӛлек есептеу әдісі дегеніміз не?

12.Қосылған құн салығы бойынша декларация қай уақытта тапсырылады?

13. Қосылған құн салығынан босатылған қаржылық қызмет түрлері қандай?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1.Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі қосылған құн салығының ӛзгерістеріне салыстырмалы талдау

2.Қосылған құн салығының шетел тәжірибесінде қолданылу ерекшеліктері

3.Қосылған құн салығының есептелу механизмін жетілдіру жолдары

4.Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы: проблемалары және жетілдіру перспективалары

5.Қосылған құн салығының бюджет кірістерін қалыптастырудағы рӛлі

73

Тақырып 9. Акциздер

1.Акциздердің экономикалық мәні.

2.Салық салу объектісі мен тӛлеушілері.

3.Акциздерді тӛлеу тәртібі мен мерзімі.

Қазақстан Республикасының аумағында ӛндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, тізбесі тӛменде кӛрсетiлген тауарларға акциз салынады.

Мыналар акциз тӛлеушiлер болып табылады:

1)Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;

2)акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;

3)Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын кӛтерме, бӛлшек саудада ӛткiзудi жүзеге асыратын;

4)егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз тӛленбеген болса, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны,

жеңiл автомобильдер, шикi мұнай, газ конденсаты мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке ӛткен Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне акцизделетiн тауарларды ӛткiзудi жүзеге асыратын;

тәркiленген, иесiз, және Қазақстан ӛтеусiз берiлген

5)егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз тӛленбесе, акцизделетiн тауарлардың конкурстық массасын ӛткiзудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

Акцизделетiн тауарлар тiзбесi:

1)спирттiң барлық түрлерi;

2)алкоголь ӛнiмi;

3)құрамындағы этил спиртiнiң кӛлемi 0,5 проценттен аспайтын сыра;

4)темекi бұйымдары;

5)бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;

6)жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);

7)шикi мұнай, газ конденсаты

1.Акциз ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы ӛлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.

2. Алкоголь ӛнiмiне акциздер ставкасы 1-тармаққа сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу кӛлемiне байланысты бекiтiледi.

74

3. Спирттiң барлық түрiне және шарап материалына акциз ставкалары спирттiң және шарап материалының бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

Алкоголь ӛнiмдерiн ӛндiру үшiн ӛткiзiлетiн спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь ӛнiмдерiн ӛндiру үшiн пайдаланбайтын тұлғаларға ӛткiзiлетiн спиртке және шарап материалына белгiленетiн базалық ставкадан тӛмен белгiленуi мүмкiн.

1. Мыналар акциз салынатын объект болып табылады:

1)акциз тӛлеушiнiң ӛзi шығарған және (немесе) ӛндiрген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

акцизделетiн тауарларды ӛткiзуi;

акцизделетiн тауарларды алыс-берiстiк негiзде қайта ӛңдеуге беруi; алыс-берiстiк, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды,

қайта ӛңдеу ӛнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi; жарғылық капиталға жарнасы;

заттай ақы тӛлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы; ӛндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды ӛзiнiң құрылымдық

бӛлiмшелерiне тиеп жӛнелтуi;

ӛндiрушiнiң жасап шығарған және (немесе) ӛндiрген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды ӛздерiнiң ӛндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетiн тауарларды ӛзi ӛндiруi үшiн пайдалануы;

ӛндiрушi жүзеге асыратын акцизделетiн тауарларды лицензияда кӛрсетiлген ӛндiрiс мекенжайынан ауыстыруы;

2)бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын кӛтерме саудада ӛткiзуi;

3)бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бӛлшек саудада ӛткiзуi;

4)конкурстық массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке ӛткен және мемлекет меншiгiне ӛтеусiз берiлген акцизделген тауарларды ӛткiзуi;

5)акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы.

2. Акциздiк маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы акцизделетiн тауарларды ӛткiзу ретiнде қарастырылады.

Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.

Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.

Әрбiр салық кезеңi аяқталған соң салық тӛлеушiлер ӛзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына акциз жӛнiндегi декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

Акциз тӛлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша есепқисапты табыс етедi.

75

Бақылау сҧрақтары:

1.Акцизделетін тауарлар тізбесі

2.Акциздерді тӛлеушілер

3.Акциз салу объектілері

4.Акциздердің қандай ставкалары бар?

5.Акциз салығын тӛлеу мерзімі қандай?

6.Акциздерді тӛлеуден кімдер босатылады?

7.Акциздер бойынша шегерім жасауға жатпайды

8.Акциздер бойынша декларация қай уақытта тапсырылады?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1.Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциздер ӛзгерістеріне салыстырмалы талдау

2.Акциздердің шетел тәжірибесінде қолданылу ерекшеліктері

3.Акциздердің есептелу механизмін жетілдіру жолдары

4.Қазақстан Республикасындағы акциздер: проблемалары және жетілдіру перспективалары

5.Акциздердің бюджет кірістерін қалыптастырудағы рӛлі

10 Тақырып. Экспортқа рента салығы. Ойын бизнесіне салық

1.Экспортқа рента салығының салық салу объектілері, тӛлеушілері және тӛлеу реті

2.Ойын бизнесіне салықтың салық салу объектісі мен тӛлеушілері

3.Ойын бизнесіне салықтың тӛлеу тәртібі мен мерзімі

Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және міндетті салық сараптамасынан ӛткен ӛнімді бӛлу туралы келісімнің (келісімшарттың) және Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың шеңберiнде ӛндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты кӛлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын, кӛмiрдi экспортқа ӛткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын тӛлеушiлер болып табылады.

Экспортқа ӛткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының, кӛмiрдiң кӛлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады.

Экспортқа нақты ӛткiзiлетiн шикi мұнай, газ конденсаты бойынша шикi мұнайдың, газ конденсатының кӛлемi және сәйкес тәртiппен есептелген әлемдiк баға негiзiнде есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.

76

Экспортқа iс жүзiнде ӛткiзiлетiн кӛмiрдiң кӛлемiн негiзге ала отырып есептелген экспортталатын кӛмiрдiң құны кӛмiр бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.

Экспортқа рента салығын тӛлеудiң ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шикi мұнай, газ конденсаты жӛнiндегi шешiмi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен салық тӛлеушiнiң арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн.

Шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда тӛлеу сәйкес келiсiмшарттарда белгіленген тәртіппен және мӛлшерде ақшалай түрде есептелген осы салықтар мен тӛлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс. Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығын тӛлеу бойынша салық кезеңi болып табылады.

Салық тӛлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-нен кешiктiрмей тӛлеуге мiндеттi.

Экспортқа рента салығы жӛнiндегi декларация салық тӛлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Мынадай дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесi салығын тӛлеушiлер болып табылады:

1)казино;

2)ойын автоматтары залы;

3)тотализатор;

4)букмекерлiк кеңсе қызмет кӛрсетулер жӛнiндегi қызметтi жүзеге асыратын.

Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде: - ойын үстелi;

- ойын автоматы; - тотализатор кассасы;

- тотализатордың электронды кассасы; - букмекер кеңсесiнiң кассасы;

- букмекер кеңсесiнiң электронды кассасы ойын бизнесiне салық салу объектiлерi болып табылады.

Салық салу объектiсiнiң бiрлiгiнен ойын бизнесiне салық ставкасы:

1)ойын үстелiне – айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 830 еселенген мӛлшерiн;

2)ойын автоматына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 30 еселенген мӛлшерiн;

3)тотализатор кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 125 еселенген мӛлшерiн;

77

4)тотализатордың электронды кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 125 еселенген мӛлшерiн;

5)букмекер кеңсесiнiң кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 75 еселенген мӛлшерiн;

6)букмекер кеңсесiнiң электронды кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 75 еселенген мӛлшерiн құрайды.

Ойын бизнесi салығы үшiн салық кезеңi күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.

1.Ойын бизнесi салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында ӛзгеше белгiленбесе, сәйкес айқындалған әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.

2.Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн пайдалануға берiлген кезде, ойын бизнесi салығы белгiленген ставка бойынша, 15-iнен кейiн белгiленген ставканың 1/2 мӛлшерiнде есептеледi.

Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн шығып қалған кезде, ойын бизнесi салығы белгiленген ставканың 1/2 мӛлшерiнде, 15-iнен кейiн белгiленген ставка бойынша есептеледi.

3.Ойын бизнесi салығы есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген орны бойынша бюджетке тӛленуге жатады.

Ойын бизнесi салығын тӛлеушiлердiң қосымша тӛлемi

1.Қосымша тӛлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.

2.Ойын бизнесi салығын тӛлеушiлер үшiн салық кезеңi iшiндегi табыстың шектi мӛлшерi:

1) казино қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 135000 еселенген мӛлшерiн;

2) ойын автоматтары залы қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 25000 еселенген мӛлшерiн;

3)тотализатор қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 25000 еселенген мӛлшерiн;

4)букмекер кеңсесi қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 2000 еселенген мӛлшерiн құрайды.

Ойын бизнесi салығы бойынша декларация есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей, салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етiледi.

78

Бақылау сҧрақтары:

1.Экспортқа рента салығын тӛлеушілер кімдер?

2.Экспортқа рента салығының салық салу объектілері

3.Экспортқа рента салығын салық базасы қалай анықталады?

4.Экспортқа рента салығын тӛлеу мерзімі қандай?

5.Экспортқа рента салығының ставкалары

6.Ойын бизнесіне салықты тӛлеушілер

7.Ойын бизнесіне салықты салу объектілері қандай?

8.Ойын бизнесіне салықтың ставкалары қандай?

9.Ойын бизнесіне салықты тӛлеу мерзімі қандай?

10.Ойын бизнесіне салық бойынша декларация қай уақытта тапсырылады?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1.Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі экспортқа рента салығының пайда болу алғышарттары

2.Ойын бизнесіне салықтың шетел тәжірибесінде қолданылу ерекшеліктері

3.Ойын бизнесіне салықтың есептелу механизмін жетілдіру жолдары

4.Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесіне салықтар: проблемалары және жетілдіру перспективалары

5.Экспортқа рента салығының бюджет кірістерін қалыптастырудағы рӛлі

3 Бӛлім тақырыптары бойынша практикалық сабақ есептері:

1 есеп. Салық кезеңінде мынадай ақпарат қалыптасты:

Ел аумағында ӛндірілген ӛнім ӛткізілді (ҚҚС сыз) - 100000 мың теңге Экспортқа канцтоварларды ӛткізу бойынша айналым – 48600 мың

теңге

Жабдықтаушылардан шикізат сатып алынды (ҚҚС пен) – 48000 мың

теңге

Транспорттық қызмет тӛленді – 3000 мың теңге Жабдықтар сатылып алынды – 4000 мың теңге

Салық тӛлеуші пропорционалды әдісті пайдалатындығын ескеріп есепке алуға жатқызылатын ҚҚС сомасын анықтаңыз

Бюджетке тӛлеуге жатқызылатын ҚҚС анықтаңыз

2 есеп. «АВС» кәсіпорынның 2010 жылғы мәліметтері (млн.тг):

1.Тауарларды ӛткізі бойынша айналым: қаңтарда 20, ақпанда 25, наурызда 18, сәуірде 23, мамырда 19, маусымда 24.

2.«АВС» кәсіпорынның тӛлеуге ұсынған, шот-фактура бойынша ҚҚС сомасы мамыр айында 2, маусым айында 1 құрады.

Табу керек: Кәсіпорынның ҚҚС бойынша салық міндеттемесін және ҚҚСғын тӛлеуші ретінде тірекелу мерзімін анықтау.

79

3 есеп. Жеке кәсіпкер 2010 жылдың қаңтар айында есепке алу әдісімен кедендік құны 800 000 тг. құрал-жабдықтарды импорттады (кедендік алымдардың ставкасыкеден құнынан 0,2 %, кеден баждары салынбайды).

Табу керек: Жеке кәсіпкердің импорт кезіндегі ҚҚС бойынша салық міндеттемесін анықтау.

4 есеп.Алкоголь ӛнімдерін ӛндіруші зауыттың 2010ж наурыз айындағы мәліметтері:

Тауар аты

Ӛндірілді

 

Ӛткізілді

 

 

(литр)

Бутылка

Бутылка саны

1 бутылканың

 

 

кӛлемі (литр)

(шт)

құны жанама

 

 

 

 

салықтарсыз

 

 

 

 

(тг)

Арақ (40% )

2000

0,5

1500

300

Акциз ставкалары: алкоголь ӛнімдерінесусыз спирттің(100% ) 1 литріне 250 тг.

Табу керек: Тауарларды ӛткізу бойынша ҚҚС сомасын анықтау.

5 есеп. Алкоголь ӛнімдерін ӛндіруші зауыттың 2010ж наурыз айындағы мәліметтері:

Тауар аты

Ӛндірілді

 

Ӛткізілді

 

 

(литр)

Бутылка

Бутылка саны

1 бутылканың

 

 

кӛлемі (литр)

(шт)

құны жанама

 

 

 

 

салықтарсыз

 

 

 

 

(тг)

Шарап

5000

0,7

4000

350

Сыра

10000

0,5

15000

100

Акциз ставкалары: шарап- 1 литріне 20 тг.; құрамында этил спиртінің 0,5% бар сыраға- 1 литріне 10 тг.

Табу керек: Тауарларды ӛткізу бойынша ҚҚС сомасын анықтау.

6 есеп. «Свет» кәсіпорынының 2010ж І тоқсанындағы мәліметтері (мың тг.):

1.Тауарларды сату бойынша айналым 4000, оның ішінде босатылған айналым200;

2.Салық салынатын айналым мақсатындағы қолданылатын тауарлар, қызмет кӛрсетулер бойынша:

а) кәсіпорын қызметкерлерінің жол жүру бойынша теміржол билеттеріндегі ҚҚС340;

б) кәсіпорын тӛлеген, бақылау-касса машиналарының чектеріндегі ҚҚС- 9. Табу керек: Кәсіпорынның ҚҚС бойынша бюджетке тӛлейтін сомасын, ҚҚС бойынша декларация мерзімін, тӛлеу мерзімін анықтау.

80