Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Galia_otchet_ped_praktika.docx
Скачиваний:
315
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
859.69 Кб
Скачать

Акционерлік қоғам корпоративтік құқық субъектісі ретінде

Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. Акционерлік қоғам өз даму сатысында үлкен тарихи кезеңдерден өткен.

Акционерлік қоғамның даму тарихы Рим дәуірінен басталып, кейіннен Франция мемлекетінде, Германияда, Америкада, Россияда және өзіміздің егеменді мемлекетіміздің таихында пайда болған.

Акционерлік қоғамды реттейтін алғашқы нормативті актілер 1807 жылы пайда болды.

Рим дәурінде даму кезеңі қоғамды қалыптастыру өндіріс процесінде жаңа орын алады. Көрші мемлекеттерді жаулап алу нәтижесінде (Греция, Корсикия, Сординия, Сесилия мемлекеттерінің бір бөлігі және т.б. мемлекеттер) Рим державасының территориясының өсу шегі басқа мемлекеттермен сауда қатынастарының шаруашылық іс әрекетінің дамуы Рим құқығына келіп тіреледі. Бастапқы кезде бүл мемлекет діни мақсатты қалыптастырды (sodalitates, collegia salalicia).

Орта ғасырда акционерлік қоғам Гильдиялық көпестердің негізгі 3 бағытымен байланысты болды.

Алғашқы бағыт диірмен тартушы ретінде XII ғасырда Франция мемлекеттерімен бірлесіп, басқару органдарында жарнашы үлкен қызмет атқарды. Олардың жоғары атқарушы органдары болды, оны жалпы жиналыстың жарнашысы басқарды.

Екінші бағыт XIII ғасырдың бірінші жартысында Германияда тау серіктестігінің пайда болуы. Оның басқарушысы жалпы жиналыс қүрды. Ол, көпшіліктің дауысымен қүрылды. Келесі бағыт теңіз серіктестігі (rhederei) қүрылды. Серіктестіктің үйымдастырушысы-басқарушысы болды.

Қазақстанда акционерлік зандар 1998 жылы 10 шілдеде қабылданды. Бұл заң бойынша халықтық қоғам, ашық және жабық үлгідегі акциоенрлік қоғамдар реттелген болатын. Халықтық қоғамның акцияларымен жасалатын мәліметтер есебін орталық депозиттарын немесе тәуелсіз тіркеуші уәкілетті орган белгілеген тәртіп пен жүзеге асырады.

Ашық қоғамның жарлық капиталының ең төмен мөлшері — айлық есептік көрсеткішті 5000 мың еселенген мөлшері болып табылады. Бүл қоғамның жарияланған ең төмен жарғьшық капиталының 25%-і қоғам мемлекеттік тіркеуден өтетін кезге қарай ақшалай төлеуге тиіс болды. Ашық қоғамның төленген жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін:

ашық қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап 1 жыл ішінде

- жарияланған жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерінің 25%-і;

- ашық қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап 1 жыл өткеннен кейін жарияланған жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері құрады.

Жабық Акционерлік Қоғам жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшері құрайды. Жабық қоғамның жарияланған ең төмен жарғылық каптиалы қоғам мемлекеттік тіркеуден өтетін кезге қарай төленуге тиіс болатын.

Ашық қоғам мемлекеттік манаполияны сақгау үшін үшінші түлғаларды тартуды шектеу үшін қүрылады. Мүндай жағдайда үшінші тараптан капитал тарту Акционерлік Қоғамның негізгі мақсаты болудан қалады. Сондықтан өзінің құқықтық табиғаты жағынан Жабық Акционерлік Қоғамның жауапкершілігі шектеулі серіктестікке үқсады.

Кейбір жағдайларда Жабық Акционерлік Қоғамның қызметі мемлекеттік қадағалауды қажет етпейді, өйткені 3- тұлғаларға қатысты емес осылайша, жалпы тәртіп бойынша Жабық Акционерлік Қоғамның акцияларының эмиссиясы — бұл үйымның ішкі қызметі. Сондықган, ол мемлекеттік тіркеуден өтпеуі қажет болатын.

Қазіргі кезде 2003 жылғы 13 мамырд ақабылданған заң акционерлік қоғамдардың қызметін құқықтық реттеуге қызмет етеді және жаңа заңымыз жоғарыда аталып кеткен жабық, ашық үлгідегі акциоенрлік қоғамдарды және халықтық қоғамдарды қарастырмады.

Ресей Федерациясының 1990 жылы 25 желтоқсандағы "Акционерлік қоғамдар туралы" Ережесінде, Акционерлік қоғамға мынандай анықтама берілген: "Табыс табу және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатын көздейтін және акциялар шыгару жолымен өз күралдарын біріктірген заңды және жеке түлғалардың (соның ішінде шетелдік) ерікті келісім-шартты негізінде күралған акционерлік қоғам болып табылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді.

Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.

Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.

Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.

Табиғи монополиялар туралы заңға сәйкес, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге жолмен қатысуға тиым салынады.

Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес, Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.

Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгі бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.

Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.

Шет ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентінен аспауы керек.

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттері емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.

Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:

1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;

2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде және (немесе) басқаруында болған Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;

3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігінде немесе басқаруында болған ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңiнде бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде, уәкiлеттi орган рұқсат еткен реттердi қоспағанда, бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауысы құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.

Аталған шектеулер корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.

Мемлекеттік кәсіпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны кемiген жағдайда корпоративтiк зейнетақы қорларының акционерлерi бiрдей жауапты болып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша инвестициялық кiрiс ысырабының орнын толтырады.

Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

Уәкілетті органның қоғамды жария компания деп тану мыналарды:

1) қоғамның атауын және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мәліметтерін (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігіне сәйкес);

2) интернет желісінде қоғамның осы домендік аты тіркелгенін растайтын құжаттың нөмірін және күнін көрсетіп, қоғамның web-сайтының адрестерін көрсетіп, еркін түрде жасалған қоғамның өтініші негізінде жүргізіледі.

Акционерлік қоғамды жария компания деп тану туралы өтінішке қоса мынадай құжаттар беріледі:

1) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған шектелмеген инвесторлардың тобы арасында қоғамның жария етілген акцияларын орналастыру жөніндегі жариялымның көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде);

2) қоғам уәкілетті органға өтінішін ұсынудың алдындағы айдың аяғындағы жағдай бойынша қоғам тіркеушісі жасаған қоғам акционерлерінің тізілімі;

3) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен әділет органы белгісімен қоғам жарғысының көшірмесі.

Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тану туралы өтінішті оның алған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тану жөніндегі шешімді қабылдауда, қоғам ұсынған құжаттардағы ақпаратты, сондай-ақ уәкілетті органда бар басқа дерек көздерден алған ақпаратты қолданады.

Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп танудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған жағдайда, бас тартудың негізін көрсетіп, ол туралы қоғамға жазбаша түрде хабарлайды.

Қоғамды жария компания деп тану туралы қайталап өтініш ұсынылғанда не уәкілетті органға қосымша құжаттар (мәліметтер) түскенде, уәкілетті органның өтінішті қарау мерзімі қайта басталады.

Уәкілетті органға қоғамды жария компания деп тану үшін қоғам ұсынатын құжаттардың көшірмесі бірінші басшының (не оның орнындағы тұлғаның) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады.

Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірлеп, әр парағы расталып, тігіліп және тігістің түйіні мен параққа жартылай жапсырылып, қағаз пломбамен бекітіліп ұсынылады. Бірінші басшының (не оның орнындағы тұлғаның) қолы және мөр бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылуы тиіс.

Уәкілетті органда қоғамның жария компания мәртебесін жоғалтатын жағдайлар басталғандығы туралы ақпарат болғанда, құжаттарды қоғамнан сұрауға, не қоғамның тіркеушісіне, мәліметтерді беру туралы жазбаша сұраныспен өтініш беруге құқылы.

Жария компания критерийлеріне қоғамның сәйкес келмеуі жөніндегі мәліметтер расталғанда, уәкілетті орган қоғамнан жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.

Қоғамды жария компания деп тану туралы немесе одан жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.

Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тану туралы немесе одан жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы шешімді қабылдаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде тиісті шешімнің көшірмесін уәкілетті орган осы қоғамға, оның тіркеушісіне, қор биржасына жібереді.

Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірге сатып алғысы келетін тұлғаның қоғамға және бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға акцияларды сатып алудың болжанған кезеңі басталғанға дейінгі он күннен кешіктірмей хабарлама жібереді.

Акционерлік қоғамдардың қызметін құқықтық реттеу мәселелері Қазақстан Республикасының қабылдаған заңдарымен тығыз байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]