Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Galia_otchet_ped_praktika.docx
Скачиваний:
315
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
859.69 Кб
Скачать

Кім асырап алына алады? Кім асырап алушы бола алады немесе баланы асырап алғысы келетіндерге қойылатын талаптар Баланы асырап алудың қадамдық рәсімі

  • Қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша қызметті жүзеге асыратын органға қажетті құжаттарды және өтінішті беру.

  • Қорғаншылық және қамқоршылық органынан жолдама алу немесе баланы асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою.

  • Бар жолдамаға сәйкес жеке:

    • баланы таңдау және орган өкілінің қатысуымен тиісті білім беру, медициналық және басқа ұйымның жағдайына сәйкес режимнің талаптарын сақтаумен баланың тұрақты тұру орнына 2 аптадан кем емес уақытта тікелей байланысты жақсарту (баламен, оның әдеттерімен, қалауымен, мінезінің ерекшеліктерімен, қыдыруымен, ойынымен танысу);

    • бала туралы толық ақпаратты алу және оның құжаттарымен танысу;

    • баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу айғағын жазбаша нысанда растау;

    • бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйымның өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландыруды жүргізу үшін медициналық мекемеге жүгіну;

    • асырап алудан бас тартуды алуды жазбаша растау немесе асырап алу рәсіміне әрі қарай қатысу (растау бланкісі қандай болады ) қажет.

  • Асырап алуға үміткерлікке барлық құжаттарды дайындағаннан кейін асырап алушылар сотқа құжаттарды қоса берумен өтініш береді.

  • Білім басқармасы/бөлімі сотқа баламен асырап алушының жеке қарым-қатынасы айғағы туралы мәліметтерді көрсетумен, комиссия қорытындысы негізінде баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты сотқа ұсынады.

  • Сот шешімі бойынша баланы асырап алуға тікелей қатысу. Сотта сіздің жеке қатысуыңыз, орган өкілі және прокурордың қатысуы міндетті.

  • Жеке басын куәландыратын құжатты және сот шешімін көрсетіп, балалар үйінен, интернаттан немесе басқа ұйымнан асырап алынған баланы алып кету.

  • АХАЖ немесе ХҚКО балаға құжаттарды қайта тіркеу, туу туралы жаңа куәлік алу және ЖCН тағайындау.

  • Баланы асырап алу туралы сот шешімі шыққан орын бойынша бала 18 жасқа толғанға дейін жылына 1 реттен кем емес есептерді ұсыну. Есептер өмір шарттары, оқыту, тәрбиелеу және асырап алынған баланың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Сондай-ақ жүйелі түрде жүргізілетін қамқоршылық және қорғаншылық бойынша органның тарапынан тексерулерге кедергі келтіруге болмайды.

Қр білім және ғылым министрлігі

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

«Күз ханшайымы-2014»

атты тәрбиелік іс-шарасының жоспары

Ұйымдастырушы: заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының 2 курс магистранттары

Алматы, 2014 жыл

Мақсаты: жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуілсіз Қазақстанда тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірімділікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

/Сахна байхауға сай безендірілген. Күзгі бал кеші екі жүргізушінің монологтарымен басталады./

Монолог

І жүргізуші: Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтшы Шынарай,

Бұл қай кезде болады?

ІІ жүргізуші: Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады.

Бұл құбылыс Жанар

Күзде ғана болады.

І жүргізуші: Көк аспаны мөлдіреп,

Шуақты көзі елжіреп,

Асыр салып жүретін,

Сары көйлегім желбіреп.

Айтшы Шынарай

Бұл қай мезгілдің келгені?

ІІ жүргізуші: Жайдарлы күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқар күз.

Жанар бұл алтын күздің келгені.

І жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, жалынды студенттер! Бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Заң» факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының 2 курс магистранттарының ұйымдастырумен өткелі отырған «Күз ханшайымы – 2014» атты күзгі байқауға қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын! Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз – жазғы даланың дархан дастарқаны. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.

І жүргізуші: Бүгінгі кереметтей күзгі байқауымыз факультетіміздің сұлу да сымбатты қыздарымен өтуде. Олай болса, бүгінгі «Күз ханшайымы – 2014» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортаға шақырамыз.

  1. 3 курс студенті Туленова Айнұр

  2. 3 курс студенті Темірбаева Шырын

  3. 3 курс студенті Бисекова Данагүл

  4. 3 курс студенті Ақылжан Әсел

ІІ жүргізуші: Өткізгелі отырылған сайысымызды ашып, үміткерлерімізге сәт сапар тілеу үшін азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқық кафедрасының з.ғ.к., профессор Омарова Айман Бекмуратовнаға сөз береміз

І жүргізуші: Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар жарыстарда неше бір,

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл, - дей келе, бүгінгі

сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. (әділқазылар таныстырылады.)

1) п.ғ.д., профессор Бердыбаева Светлана Қыдырбековна

2) п.ғ.к., доцент Оңалбеков Ернар Сейткеримович

3) з.ғ.к., профессор омарова Айман Бекмуратовна

4)Закирова Меруерт-қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының магистранты

5) Шайнусипова Назым – кеден, қаржы жане экологиялық құқық кафедрасының магистранты

ІІ жүргізуші: Бүгінгі байқауымыздың үміткерлеріне ақ жол деп, қошемет көрсетіп, шығарып салайық!

І жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар. Бағдарламамыз 5 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру.

  2. Өз өнері

  3. Білгенге маржан.

  4. Дастарқан дәмі

  5. «Күз ханшайымы» сән үлгісі

ІІ жүргізуші: Өтілетін кезеңдер бойынша әділқазылар қатысушыларға ұпай санын қояды. Ұпай жүйесінде ең жоғарғысы – 5 ұпай, төменгісі – 3 ұпай болып есептелінеді. Әр бөлім соңында қатысушылардың ұпай сандары анықталып отырады.

І жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақ жол тілеп үкілі үміттерге,

Таныстыру шартына кезек бердім.

ІІ жүргізуші: Ендеше бірінші шартымыз үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.

  1. Туленова Айнұр

  2. Темірбаева Шырын

  3. Бисекова Данагүл

  4. Ақылжан Әсел

І жүргізуші: Құрметті әділқазылар бірінші кезең бойынша иеленген ұпай сандарымен таныс болсақ.

ІІ жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Үміткерлер аянбай-ақ жан салыпты.

І жүргізуші: Баршаға өнер сүйер жар саламыз,

Үкілі үміттерді қарсы аламыз.

Күйге еніп баршамыз ерекше бір,

Сіздер үшін би билеп ән саламыз.

Құрметті көрермендер, ендігі кезекте қатысушыларымыздың бойындағы өнерлерінің куәгері болыңыздар!

1.Туленова Айнұр – үнді әніне қойылым

2. Темірбаева Шырын – «Шәмілге хаттардан» өлең оқылды

3. Бисекова Данагүл – монолог оқылды

  1. Ақылжан Әсел – Балқадиша әнің орындады

ІІ жүргізуші: Қатысушыларымыздың кереметтей көрсеткен өнерлерін бағалау үшін әділқазыларға кезекті береміз.

І жүргізуші: Құрметті көрермендер сіздердің қошеметтеріңізбен барлық қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де сын бар.

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсең сұраққа жарайсыңдар.

ІІ жүргізуші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын бар ма екен үміткерлер,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық.

  1. Жеті қазынаны атаңдар.

(ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, құмай тазы, қара қазан, жүйрік ат, қыран бүркіт)

  1. «Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер?

(І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин)

  1. Күзде ғана жинап алатын емдік шөптерді атаңыз? (адыраспан, дермине, қараша)

  2. Күзде жиын терім біткенде тойланатын той қалай аталады?

(сабан той)

  1. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз? (бидай, жоңышқа, сәбіз, пияз, арпа)

  2. Жеті атаны ата. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

І жүргізуші: Сайыскерлеріміздің білімдерін қорытындылап, ұпай сандарын көрсек.

ІІ жүргізуші: Аруларымыз келесі сынға дайын болам дегенше, ортаға 3 курс студенті Пошаев Азаматтың орындауындағы Сенің көзің әнін қошеметпен қарсы алыңыздар!

ІІ жүргізуші: Толғанай, білесің бе, ұлт тәрбиесінде дана халқымыз қыз баланың тәрбиесіне мән берген. Қыз баланың бойында сыпайылық пен мейірбандылық қасиеттермен бірге, киім тіге білуге, дәмді тамақ пісіру сынды еңбекқорлыққа тәрбиелеген.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың, Бағдат. Қазіргі кезең «Дастарқан дәмі» деп аталады. Бұл бөлімде әділқазылар астың құрамын мен қатысушының сөз шеберлігіне назар аударады. Олай болса, қатысушыларымызды дәмді астарымен ортаға шақырамыз.

  1. Туленова Айнұр

  2. Темірбаева Шырын

  3. Бисекова Данагүл

  4. Ақылжан Әсел

ІІ жүргізуші: Ендігі әділқазыларға кезек берейік. Алдарыңыздағы дәмді асқа баға беріңіздер.

І жүргізуші: Қатысушыларымыз келесі бөлімге дайындалам дегенше ортаға мың бұралған биші қызымыз Әбдіқұл Мөлдірдің қошеметпен шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,

Бір қыз кетіп барады желіп кетіп.

Иығына төгіліп қара шашы,

Жан біткенді өзіне елікті етіп.

І жүргізуші: Бар сұлулық құйылған бір басына,

Жарысып-ақ тұр сұлбасына,

Бетін шымшып, жауратып күз салқыны,

Еркелейді еріксіз сырласына, - дей келе ортаға күз аруларын шақырамыз.

  1. Туленова Айнұр

  2. Темірбаева Шырын

  3. Бисекова Данагүл

  4. Ақылжан Әсел

ІІ жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.

І жүргізуші: Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар, - дей отырып, «Күз ханшайымы – 2014» байқауының нағыз ханшайымын анықтау үшін кезекті әділқазылар мүшесіне береміз. Әділқазылар мүшелері ұпай сандарын есептеп, жалпы нәтиже шығарам дегенше, сахна төріне 2 курс студенті бұлбұлдай әнші қызымыз Нұрлықұл Бақытты қошеметпен шақырамыз.

Әділқазылардың марапаттау сәті

Бас жүлде - Темірбаева Шырын

1 орын иегері – Бисекова Данагүл

2 орын иегері – Туленова Айнұр

3 орын иегері – Ақылжан Әсел

І жүргізуші: Қымбатты көрермендер, жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін деп кешімізді осымен аяқтаймыз.

ІІ жүргізуші: Тамашалағандарыңызға рақмет, сау саламатта болыңыздар!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]