Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / Философия 2 / Философия тест (каз).doc
Скачиваний:
106
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
985.09 Кб
Скачать

132. Адамның өмір сүруін мәңгілік және абсолютті ақыл-ойға тәуелді деп дәлелдейтін философия:

  1. өмір философиясы

  2. болмыс философиясы

  3. еркіндік философиясы

  4. pyx философиясы

  5. табиғат философиясы

133. Сананың қоғамдық - тарихи мәні:

A) Сана қоғамдық өмірден тыс қалыптаспайды

B) Адамның санасы коғамдық өмірге себепші болып түрады

  1. Мауглидің де санасы болған

  2. Қоғамдық өмір адамның санасына әсерін тигізбейді

  3. Санаға ешнәрсе себепші болмайды

134. Философияның негізгі функциялары:

A) Көзқарастық, сыни, гуманистік, болжамдық.

B) Өмірдің барлық жағдайларына сай келетін ғылыми негізделген ұсыныстар беру.

C) Қоршаған шындықты ғылыми түсіндіру.

D) Болмыс пен ойлау, мәңгі мен өткінші туралы абстрактылы теориялық ойға салыну.

E) Барлық ғылымдардың ғылымы, методологиялық негізі болу.

135. Дәстүрлі қазақ дүниетанымы толық бейнеленген:

A) Халық ауыз әдебиетінде.

B) Аңыздар және ертегілерде.

C) Жыр және термеде.

D) Батырлар жырында.

E) Мақалдар және мақал-мәтелдерде.

136. "Миф" деген сөздің көне грек тілінен аудармасы кандай?

A) аңыз

B) математикалық есеп

C) роман

D) шығарма

E) үндемеу

137. Қоғам базисі:

A) Өндіргіш күштер мен өндірістік катынастар

B) Өндіру тәсілі

C) Өндірістік қатынастар жүйесі

D) Материалды игіліктерді өндіру

E) Әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесі

138. Қай Жаңа заман философы «Монадология» еңбегінің авторы болып табылады?

  1. Г.Лейбниц.

  2. Дж.Беркли.

  3. Дж.Локк.

  4. Д.Юм.

  5. Р.Декарт.

139. Өнер мен ғылым адамдарының арақатынасындағы жалған мен екі жүзділік Ж.Ж.Руссо бойынша жатсынудың қай түріне тән?

  1. Жалпы мәдениеттік.

  2. Моральдық.

  3. Әлеуметтік-экономикалық.

  4. Психологиялық.

  5. Саяси.

140. А.Шопенгауэр бойынша адамның саналы әрекетінен тыс тұрған кара дүрсін күш, әуестік, үстемдікке ұмтылыс дегеніміз:

  1. Ерік.

  2. Билік.

  3. Құштарлық.

  4. Елес.

  5. Іс-әрекет.

141. Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарасы қандай бөлімде көрініс табады?

  1. дін философиясында

  2. онтология

  3. тарих философиясы

  4. гносеология

  5. аксиология

142. Илларион XI г. нені дамытады?

  1. Қасиетті дүние күдіретінің сәулесін асқақтату идеясы және «Орыс жерінің» коғамдық- әлемдік процеске қосылғандығының тарихи -құдайлық идеясы

  2. Ресейдің христиандық негізінде жалпы адамзаттық өркениетке басқарушы рөлі туралы идея

  3. Ресейдің мақсатымен ерекше тағдыры идеясы

  4. «Москва- Үшінші Рим» доктринасы

  5. Батыстық дамуының тарихи жолына өту Ресей үшін қажеттілігі туралы идея

143. Материалдык жүйелердің тіршілік етуінің ұзақтығын, жағдайлардың жүйелігін сипаттайтын материяның атрибуты:

А) уақыт

В) кеңістік

С) бейнелеу

D) қозғалыс

E) тыныштық

144. Анализге қарама-қарсы, заттарды өзара бірлікте қарастыратын ұғым:

  1. Синтез

  2. Сенсуализм

  3. Прогресс

  4. Регресс

  5. Ренессанс

145. Христиандардың адам тұжырымдамасы қандай?

  1. Құдайға сеніп, намаз оқы, сүйіспеншілігінді көрсет, Құдайдың Шаһарын жерде сал.

  2. Азды қанағат ет, ерікті бол, өмір сүруді (өнерді) тәжірибеден үйрен

  3. Табиғат пен қоғаммен бірлікте бол, саған байланысты емес нәрселерді сабырлықпен қабыл ал, тағдырдың алдында жүрексінбе, ерлік пен даналық көрсет

  4. Бәріне күмәндан, басқалардың сөзіне ерме

  5. Рахаттардан қашпа,есінде болсын, өмірдің негізі, қазығы – сезімдік ләззаттар, коғамдық жұмыстарды басқаларға қалдырып, жалғыз өзің немесе достарыңмен бірге бол

146. Ұлттың дұрыс анықтамасын табыңыз:

  1. жері, экономикалық өмірі, тілі және рухани тұрпаты ортақ болған адамдар бірлігінің түрі

  2. қандас туыстың негізіндегі адамдардың бірлестігі

  3. кездейсоқтық жағдайда бірге жиналған бірнеше адамдар

  4. бір-біріне ұксас адамдардың жиынтығы

  5. бір елдің тұрғындарын белгілеу үшін пайдалынылатын шартты ұғым

147. Қай дәуірде құдай ең жоғарғы құндылық болды?

  1. Орта ғасырда

  2. XX ғасырда

  3. Қайта өрлеуде

  4. Антикада

  5. Жаңа дәуірде

148. Өз бетінше түсіндірілмейтін феномендер дүниесі феноменологияның қандай әдісінің нәтижесі болып табылады?

  1. Феноменологиялық редукция.

  2. Трансцендентальды редукция.

  3. Интенционалдық.

  4. Априорлық.

  5. Эйдетикалық.

149. Постмодернизмнің танымдық ұстанымы принципті түрде мынадай сипат алады:

  1. Антижүйелік сипат

  2. Эклектикалық сипат

  3. Агностикалық сипат

  4. Дуалистік сипат

  5. Жүйелі сипат

150. Киниктердің адам тұжырымдамасы қандай?

  1. Табиғат пен қоғаммен бірлікте бол, саған байланысты емес нәрселерді сабырлықпен қабыл ал, тағдырдың алдында жүрексінбе, ерлік пен даналық көрсет

  2. Бәріне күмәндан, басқалардың сөзіне ерме

  3. Құдайға сеніп, намаз оқы, сүйіспеншілігіңді көрсет, Құдайдың Шаһарын жерде сал.

  4. Рахаттардан қашпа, есіңде болсын, өмірдін негізі, қазығы - сезімдік лаззаттар, коғамдық жұмыстарды басқаларға қалдырып, жалғыз өзің немесе достарыңмен бірге бол

  5. Азды қанағат ет, ерікті бол, өмір сүруді (өнерді) тәжірибеден үйрен

151. Көне Қытай философиясындағы заттардың табиғи жолы:

  1. Дао.

  2. Жень.

  3. Инь.

  4. Сяо.

  5. Янь.

152. Өзінің ғылыми ізденістерін астрологиямен болашақты болжау ісімен ұштастырған:

  1. Әл-Кинди

  2. Әл-Бируни

  3. Әл-Ғазали

  4. Әл-Хорезми

  5. Әл-Фараби

153. Қайта өрлеу дәуірінде мемлекет және кұқық философиясымен кім айналысты?

  1. Макиавелли.

  2. Спиноза.

  3. Ньютон.

  4. Галилей.

  5. Коперник.

154. «Мен ойлаймын, олай болса, мен бармын» деген афоризмнің авторы:

  1. Р.Декарт

  2. Г.Лейбниц

  3. Ф.Бэкон

  4. Сократ

  5. Б.Спиноза

155. «Логика ғылымы» атты шығармада болмыстың идеалды негізі мен оның өзіндік даму тәсілдерін ашатын кім?

А) Гегель

В) Беркли

C) Бэкон

D) Кант

Е) Юм

156. Ресейдегі ХІХғ. славянофилдік бағытының өкілдерін көрсетіңіз:

  1. Хомяков А.С, Киреевский И.В.

  2. Аристотель, Платон

  3. Конфуций, Мо-цзы

  4. Кант, Гегель

  5. Белинский В.Г., Чернышевский А.Г.

157. М. Фуконың қарастырған түсінігі:

  1. Эпистема

  2. Құрылым

  3. Ментальді кұрылымдар

  4. Хат

  5. Деконструкция

158. Конфуций этикасының негізгі ұғымы:

  1. Жэнь

  2. Чжен-мин

  3. Дао

  4. Чжун-Юн

  5. Шу

159. Дұрыс философиялық анықтаманы табыңыз:

  1. Идеализм - сананы материалдылықтан жоғары қою, идеяны мойындау

  2. Идеализм - өмір туралы шынайы көрініс

  3. Идеализм - абстрактілі пайымдау

  4. Идеализм - шынайылықтан алыс пайымдау

  5. Идеализм - өмірдегі идеалдардың мәнін түсіндіру

160. Қазақ дүниетанымының "араласу" категориясының философиялық мағынасы:

  1. Өмір кеңістігінде өз отандастарыңмен және бүкіл адамзаттың өкілдерімен бейбіт және ынтымақты өмір сүре білу.

  2. Субъектіні қоршаған ортаны танып-білуге қабілеттілік.

  3. Күнделікті өмірде өзіңнің, отбасыңның алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ететін деңгейде жұмыс істей білу.

  4. Терең ғылыми ізденіске, өзіндік ой калыптастыруға бейімділік.

  5. Логика заңдарына сәйкес ақылды пайымдай білу.

161. Аристотельдің метафизикаға берген анықтамасы:

  1. Алғашқы себептерді зерттейтін ғылым.

  2. Ғылымның дамуын тексеретін ілім.

  3. Ойды тұйықтаушы ғылым.

  4. Азап пен күйзеліске жетелейтін философиялык ой.

  5. Адамның өмірге келгендегі мақсатын талдайтын философиялық бағыт.

162. Самхиттер:

  1. гимн өлеңдер

  2. діни өлеңдер

  3. жүріс тұрыс ережелері

  4. діни салт текстер

  5. философиялық бөлім

163. Томизм философиясының негізін салушы.

  1. Аквинский

  2. Оккам

  3. Кентерберийский

  4. Скот

  5. Августин

164. Қай Ағартушылық заман философы «Табиғат жүйесі» еңбегінің авторы болып табылады?

  1. П.Гольбах.

  2. К.Гельвеций.

  3. И.Гердер.

  4. Ж.Ж.Руссо.

  5. Д.Дидро.

165. Феноменологияның негізін салушы кім?

  1. Гуссерль.

  2. Дильтей.

  3. Шопенгауэр.

  4. Ницше.

  5. Кьеркегор.

166. Шәкәрімнің 1898-1928 жылдарда жазған негізгі философиялық шығармасының бірі-«Үш ...»

  1. Анық

  2. адамгершілік зандар

  3. адасу

  4. сана

  5. жолдас

167. Неопозитивизмде орталық орын алатын мәселе:

  1. Логикалық-лингвистикалық анализ

  2. Болмыс

  3. Таным

  4. Ақыл-ой

  5. Әдеп

168. Болмыс туралы философиялық ілім:

  1. онтология;

  2. социология;

  3. антропология;

  4. гносеология;

  5. аксиология;

169. Ұғым дегеніміз не?

  1. заттар мен құбылыстардың жалпы, мәнді қасиеттерін бейнелейтін ойдың түрі

  2. бір нәрсені сезу

  3. бір нәрсе туралы түсінік

  4. ойдың бөлігі

  5. заттың бейнесі

170. Адамның марксистік тұжырымдамасы қандай?

  1. Адам - қоғамдық қатынастардың жиынтығы; Бұл тордан секіріп шығу мүмкін емес, тек қана қорқақ әлеуметтік әділдікті тез жақындатуға еңбектенбейді

  2. Тоталитаризмге жол берме, біреудің еркіне көнбе, асқақтық пен әсемдікке ұмтыл

  3. Бәрін де өз сезімдеріңнен өткізіп, солардың негізінде өз кұндылықтарыңды, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелеріңді әзірлеп тап.

  4. Адамдар әділ тәртіптерді тек қана пікірлесіп, келісіп орнатуы мүмкін

  5. Табиғатпен, қоғаммен бірлікте бол, өзіңе байлаиысты емес нәрселерді сабырлықпен қабыл ал, тағдырдан жүрексінбе, ерлік пен даналық көрсет

171. Қоғам - табиғат арасындағы динамикалық тепе - теңдіктің бұзылуымен сипатталатын қазіргі замандағы ғаламдық мәселенің бірі:

  1. Экологиялық

  2. Демографиялық

  3. Энергетикалық

  4. соғыс пен бейбітшілік

  5. шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету

172. Техниканың қоғам тіршілігінің барлық саласына енуін сипаттайтын ұғым:

  1. техникаландыру

  2. қалаларды дамыту

  3. автоматтау

  4. машиналандыру

  5. стандарттау, кешендеу

173. Феноменологияның негізін салушы Э.Гуссерль өзінің ілімін қалай түсіндіреді?

  1. "қатаң ғылыми философия" ретінде

  2. ешнәрсе туралы әңгімелер ретінде

  3. миф ретінде

  4. өнер ретінде

  5. дін ретінде

Соседние файлы в папке Философия 2