- •Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары.
- •3.Статистикалық бақылау, міндеттері мен мақсаттары
- •4.Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдері.
- •5.Статистикалық топтау және топтау белгісін таңдау принциптері, түрлері
- •9. Дәрежелік орташа шамалар
- •10. Құрылымдық орташа шамалар. Мода мен медиана
- •12. Орташа шаршылық ауытқу, шашыранды және оның қасиеттері
- •13. Шашыранды түсінігі, оның түрлері. Шашырандылар қосу ережесі
- •14.Шашыранды немесе дисперсия
- •15. Статистикалық графиктер түсінігі. Графиктің элементтері.
- •16.Өсіңкілік қатарлар түсінігі мен түрлері
- •17. Өсіңкілік қатарлардың аналитикалық көрсеткіштері.
- •18.Халық статистикасы
- •19.Трендті белгілеу және тегістеу тәсілдері
- •20.Статистикадағы индекстер түсінігі мен түрлері.
- •22.Үйлесімдік және арифметикалық орташа индекстер.
- •23.Байланысты анықтаудағы параметрдік көрсеткіштер
- •25.Құбылыстардың өзара байланыс түрлері
- •26. Өсінкілік қатарлардың итерполяция мен экстпрополяциясы
- •27. Аналитикалық әдіс арқылы өсінкілік қатарларды тегістеу
- •28. Маусымдық индексы: түсініг мен есептеу тәсілі
- •29. Корреляция коэфициенттері. Оның шарттары
- •30.Халық статистикасы: объектісі ,мақсаттары, көрсеткіштері.
16.Өсіңкілік қатарлар түсінігі мен түрлері
Өсіңкілік қатар – статистикалық көрсеткіштердің, құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандық мәндер тізбегін айтады. Өсіңкілік қатарлар негізгі 2 бөліктен тұрады: 1. Қатардың дәрежесі, 2. Уақыт көрсеткіші, белгісі. Қоғамдық құбылыстармен процестердің шамасын сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы әрбір сандық мәнін қатардың дәрежесі деп атайды. Құбылыстармен процестер болып өткен уақытының мерзіміне қарай Өсіңкілік қатарлар бір мезгілді және уақыт аралықты болып екі түрге бөлінеді. Бір мезгіліді өсіңкілік қатардың нақты сандық шамалары құбылыстың белгілі бір сәттегі болған жағдайын сипаттайды. Уақыт аралықты өсіңкілік қатарлар – құбылыс мөлшерінің белгілі бір уақыт ішінде қандай шамада болғанын сипаттайтын көрсеткіш. өсіңкілік қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес боп екіге бөлінеді.
Өсіңкілік қатарлар нақты (абсолютті), қатысты және орташа шамалар болып үшке бөлінеді.
Нақты (абсолютті) шамалар өсіңкілік қатардың, дәрежесі ретінде әрбір уакыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді. Оған абсолютті өсім жатады. Абсолюттік өсім - қатардың алдыңғы (базисті) және кейінгі деңгейінің арасындағы әртүрлілік.
; т - тізбекті
; баз- базисті
Қатысты шамалы өсіңкілік қатар екі уақыттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болады, яғни әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытка қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбегін айқындайды. Ал ол өсу, өсім қарқыны ретінде процентпен өлшенеді. Өсу қарқыны (Өқ)- динамикалық қатардың деңгейлерінің қатынасы, ол коэффициентпен және пайызбен көрсетіледі:
Өқ ; Өқ ;
Өсім қарқыны 2 тәсілмен анықталады:
А) абсолюттік өсімнің алдыңғы деңгейге қатынасы: Өсім қ ;
немесе базисті: Өсім қ ;
б) өсу деңгейі мен бірліктің арасындағы әртүрлілігі ретінде: Өсім қ қ-1 немесе өсу деңгейі мен 100% арасындағы әртүрлілік Өсім қ қ-100%.
1% өсімнің абсолюттік мәні (А1%) абсолюттік өсімнің тізбектісінің өсім деңгейі тізбектісіне қатынасына тең: А1%= ;
Бір процент өсімнің орташа абсолюттік мәні келесі формуламен есептеледі:
А1%= ;
Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштерінің орташа өзгеруін сипаттауды айтады. 1.Орташа абсолюттік өсім:
; т - тізбекті
; баз- базисті
2.Өсудің ортажылдық деңгейі мына формуламен есептеледі:
А) өсудің тізбекті коэффициентінен орташа геометриялық: қ= ;
Б) соңғы және алдыңғы деңгейлердің қатынасы: қ= ;
3.Өсімнің ортажылдық деңгейі келесі жолмен шығарылады:
___ __ ___ __
Өсім қ қ-1; Өсім қ қ-100%.
17. Өсіңкілік қатарлардың аналитикалық көрсеткіштері.
Аналитикалық тәсіл – өсіңкілік дәрежесі уақыт функциясы арқылы, ал қатарлардың нақты мәні тегістелген дәрежесімен ауыстырылады. Бұл әдісте математикалық функциялар қолданылады. Өсу қарқыны – әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп не аз екенін сипаттайды. Базалық:Kө=Yi/Y0.тізбектік: Kө=Yi/ Yi-1. Өсім қарқыны-бұл нақты өсімнің салыстырмалы шамасын көрсетеді. Оны анықтау үшін нақты өсім шамасын базалық ретінде алынған уақыт дәрежесіне бөлу керек. Өсу қарқыны мен өсім қарқынының байланысы: ⧍Ө= Kө-1(коэфф.), ⧍Ө= Kө-100(пайызбен).