Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

33.Жер нарығы, рента

Табиғат ресурстары (жерді) рента түріндегі табыс әкеледі. Рента дегеніміз бұл кәсіпкердің (арендатордың) жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады

Жер рентасы 2 негізгі формада болады:дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі де екіге бөлінеді.

- Дифферециалды рента 1 жер учаскілерінің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.

- Дифферециалды рента 2 капиталдық салымдарға байланысты бір жердегі әртүрлі өнімділікке байланысты.

Абсолюттік рента жер учаскілерінің өнімділігі мен орналасуына байланыссыз алынатын рента.

Жерді иемдену (иелік ету) - жеке адамның немесе заңды ұйымның белгілі бір жер теліміне (учаскесіне) құқығын мойын-дау. Негізінде жерге иелік ету жерге жеке меншіктің үстемдігімен түсіндіріледі. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайда-лану қалыптасқан дәстүрге немесе заңдық тэртіпке сай жерді пай-далану. Жерді пайдаланушының жер иесі болуы міндетті емес. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемдену мен жерді пайдалану, көп жағдайда, бір-біріне сэйкес емес.

Жаңа классикалық мектеп өкілдері ресурстың (жердің) сатылатындығы өте тиімді, қолайлы деген көзқарасты қолдайды. Өндірістің эртүрлі факторының баға дэрежелерін салыстыру (мысалы, жалақы қойылымын аренда төлемінің қойылымымен) өндірушіге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде еңбек пен капиталдың үйлесімділігі, шығындар мен тиімділік туралы маңызды мәліметтер береді.

Рыноктық экономика жағдайында жер тауарлы сипат а лады,ол сатып алынады жэне сатылады. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды:

Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызының мөлшері * 100 %

Жер бағасы теориялық түргыдан осылайша анықталады. Тэжірибеде жер бағасы жеручаскесінің сұранысы мен үсынысына ықпал ететін көптеген факторларға тәуелді. Қазіргі таңда ренталық қатынастарды жүзеге асыру аясындағы өте өзекті болып отырған мэселелер: -жер рентасының нақты сандық анықталуы;

-жер рентасын қоғамдық мүқтаждықтар үшін пайдаланудың жэне алудың қағидаларын негіздеу;

-жер рентасын жер салығы жэне жерге жалдамалық төлем арқылы алудың нақты механизмін жасау;

-жер учаскелеріне бағаны анықтаудың эдістемесін негіздеу.

34.Капитал нарығы, пайыздық табыс

Капитал (ағылшынша бас мүлік, бас сома, латынша – ең басты) – экон. ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.

Тауар өндірісі п.б.қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), - тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін - өнеркәсіптік.

Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл котегорияны тұңғыш зерттеушілердің – меркантилистер ж/е физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі болады.

Капитал котегориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зертеумен қатар, ол онын мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді.К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдайды. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті – станок, машина, шикізат т.б. түрінде.

Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмның қалыптасуының бастапқы қезеңі деп тұжырымдады.

Заттық немесе натуралдық концепция: Капитал - өндіріс құрал –жабдықтары н/е сатуға арналған тауарлар.

А.Смит: Капитал – заттардың қорланған запасы ретінде.

Д.Рикардо: Капитал - өндіріс құрал-жабдықтары ретінде.

А.Маршал: Капитал - өндіріс алғышарттарын жинайтын заттар.

Дж.Кларк: Капитал – еңбекпен қатар өндірістің мәңгі бастауын көрсететін өндірістік игіліктердің запасы дейді.

П.Самуэльсон: Капитал – ірі фабрикалардың дайын өнімі ж/е жартылай өңделген шикізат қоймаларының өндірістік құрал-жабдықтары ретінде анықтайды.

Ақшалай немесе монетарлық концепция: Капитал – процент әкелетін ақша.

Дж.Кейнс: Капитал – бұл ақша н/е оның ауыстырушысы – несиелік ақша деген қөзқарастарды қарастырады. Алайда басқалар капиталды табыс алумен байланыстырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]