Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

56. Қр индустриялдық–инновациялық стратегиясын (2003-2015 ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері

Мақсаты: Шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау

Мiндеттерi: Өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру; кәсiпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құндар тiзбегiндегi элементтердi игеру; ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру; сапаның әлемдiк стандарттарына көшу; дүниежүзілiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.

Iске асыру мерзiмi 2003-2015 жылдар                      1-кезең-2003-2005жылдар                      2-кезең-2006-2010жылдар                       3-кезең - 2011-2015 жылдар

Қажетті ресурстар: Стратегияны iске асыруға жұмсалатын және қаржыландыру     инвестициялық сипаттағы тiкелей шығындардың көздерi болжамды көлемi жылына 1,2 млрд. АҚШ долл. құрайды. Бұл ретте Стратегияны iске асыруға жұмсалатын мемлекеттiк шығындардың құны 2002 жылғы бағалармен жылына 260 млн. АҚШ долл. құрайды. Республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемi тиiстi жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. Стратегия iс-шараларын қаржыландыру үшiн Даму банкiнiң, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаражаты тартылатын болады. Бұл ретте жаңа инвестициялық және инновациялық институттарды құру iрi қаржы ресурстарын iздестiрудi қажет етедi.

Күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына кемiнде 8,8-9,2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8 еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 %-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. Стратегияны iске асыру нәтижелерi 2015 жылы мұнай, газ кен орындарын қарқынды игеру жағдайында экономиканың және өнеркәсiптiк өндiрiстiң құрылымын түбегейлi өзгерiске ұшыратпайды. Стратегияны iске асыру: ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң үлестiк салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiнгi мөлшерде ұлғайтуға; ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке арттыруға; ЖIӨ құрылымында өңдеушi өнеркәсiп үлесiнiң төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке дейiн төмендеуiн бәсеңдетуге (салыстыру үшiн бұл көрсеткiш индустриялық саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын едi). Сонымен қатар Стратегия iске асырылмаса, өнеркәсiптiк өндiрiстегi кен өндiру салаларының қосылған құнының үлесi, оның iшiнде мұнай өндiру 2000 жылғы 31,0 және 25,6% қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56 % және50-51 %-ке жетуi мүмкiн. Стратегияны iске асыруды есепке алғанда кен өндiру кәсiпорындары 46-47 %-тi ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiс орындарының үлесi 2000 жылғы ЖІӨ 0,1 %-нен 2015 жылы 1-1,4 %-ке дейiн артады. Өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының құрылымында сапалық өзгерiстер болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы көлемiнiң 40,1 %-нен 27-28 %-ке дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесi 38,1 %-тен 45-46%-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өнiмнiң үлесi 2000 жылғы 0,6 %-пен салыстырғанда 9-11 %-тi құрайды.

57. ҚР ауылшаруашылығын дамыту мәселелері

Елбасы  Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, еңбек өнімділігін 2 есеге дейін көтеру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін жүктеген болатын. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісі болып,онда саланы дамытуға қатысты үш түрлі өзекті мәселе сарапқа салынды. Бірінші болып егін-терім науқанына дайындық барысы талқыланды. Жалпы алғанда ауыл шаруашлық құрылымдарының егін жинау науқанына дайындығы жақсы. Жергілікті атқару органдарының мәліметі бойынша негізгі астық себуші аймақ саналатын солтүстік облыстарда егін жинау техникаларын, астық сақтау қоймалары мен элеваторларды науқанға әзірлеу жоспарға сәйкес іске асырылуда, ал оңтүстік облыстар астық жинауға кіріскен.. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қажетті дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген.  Дегенмен, алқада егін-терім науқанын табысты өткізіп, азық-түлік нарығын тұрақтандыруға бағытталған нақты тапсырмалар айтылды. Атап айтқанда, бидайдың келесі күзге дейін жететін қорын жинап алу, астық екпейтін аймақтарда "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының" тұрақтандыру қорын жеткілікті мөлшерде жинақтау және ауылдық статистер мен жергілікті атқару органдарының қатысуымен астықты есептеудің шынайылығын қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді. Ғылыми ұйымдарға шұғыл түрде егін жинауға қатысты ұсыныстар әзірлеп, тауар өндірушілерге тарату тапсырылды. Сонымен қатар ішкі жеміс-жидек және бақша дақылдары нарығын толтыру мен осы өнімдерді қысқа сақтау, жылыжайларды жаңадан көптеп салу мен жеміс-жидек қоймаларын кеңейту мәселелері де көтерілді.  Шұғыл шара ретінде жергілікті атқару органдарына жеміс-жидек және бақша дақылдарын дайындау мен тасымалдау жұмысын жандандыру, коммунальдық базарлардың мүмкіндіктері мен көше саудасы әдісін пайдалана отырып делдалдарсыз тікелей сауда жасауды ұйымдастыру тапсырылды.  Екінші мәселе Астана және Алматы қалалары мен облыстық бюджеттерге берілген, ауыл шаруашылығын дамытуға арналған мақсатты трансферттерді тиімді пайдалану мәселесіне арналды. Талқылау барысында мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне кері әсер етіп отырған факторлар аталды. Мұнан басқа жергілікті жерлерде құрылған ведомствоаралық комиссиялардың жұмысы өз дәрежесінде еместігі, олардың бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуын көбіне-көп қағаз жүзінде ғана тексеретіні айтылды.  Осыған байланысты жергілікті атқару органдарына егін егілетін жер көлемін нақты жоспарлау және болжауды, тиісті субсидияларды уақытылы бөлуді, квота бөлу мәселесінде ведомствоаралық комиссиялар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету тапсырылды. Ведомствоаралық комиссиялар құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қосу туралы ұсыныс айтылды. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті тарапынан бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейту қажеттігі, бюджет қаржысын пайдаланудың тиімділігін арттыру керек екені атап өтілді.  Үшінші мәселе аясында "Таза су" салалық бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды. Ауылдық жерлерде тұрып жатқан жарты миллионға жуық адам әлі күнге дейін ауыз суды ашық көздерден алады. Сондай-ақ бағдарламаны іске асырудағы олқылықтар мен шешілмеген мәселер ашық айтылды. Осыған байланысты жергілікті атқару органдары басшыларына жаңадан салынған сумен қамтамасыз ету нысандарын коммуналдық меншікке қабылдап алу мен оларды одан әрі ұстап тұру үшін тиісті шараларды қолға алу тапсырылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]