Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

47. Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілері.

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани – мәдениет заттары және т.б. жатады. Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару

3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

6. Табысты бөлу әдістері.

 Меншіктің субъектісі - меншік объектісіне ие болу құқығы бар және мүмкіндігі бар, меншік қатынастарының белсенді жағы.

Меншік объектісі – табиғат заттары, заттықтар, энергия, мүліктер, ақпараттар және т.б. түріндегі меншік қатынастарының енжарлық жағы. Субъектісі мен объектісі арасындағы байланыс бір уақытта заңдық, құқықтық және экономикалық санаттарды көрсететін, ие болу, пайдалану, нұсқау беру және жауаптылық қатынастарын ұсынады.

Адамзат қоғамның даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрлері белгілі. Ерте дүниенің өзінде–ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті.

Меншік түрлері:

Жеке

Ұжымдық

Мемлекеттік

Еңбектік

Еңбектік емес

Жеке топтық

Республика меншігі

Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі

Еңбек табысы есебінен

Мұрагерге қалдырған мүлік есебінен табыс: сақтандыру, несие мекемелеріне салған қаржылар, акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан түсетін табыс көздері

А)жалгерлік меншік

Ә)Ұжымдық кәсіпорын меншігі (сатып алынған)

Б)кооперативтік меншік

В) акционерлік меншік:

А) қоғамдық ұйымдарының меншігі

Ә)діни ұйымдарының меншігі

Меншік:

А) шаруашылық қоғамы меншігі

(серіктестігінікі)

Ә) бірлестіктер (ассоциациялар)

Меншігі:

А)шетел мемлекетінің меншігі

(концессия)

Ә)біріккен меншік

(шетел мемлекетік кәсіпорыны)

Республикалық меншік

(жер қойнауы, сулар, өсімдік әлемі, жануар әлемі,әуе кеңістігі)

Коммуналдық меншік

(тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәдениет және денсаулық сақтау, халыққа білім беру, жергілікті бюджет қорлары)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]