Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

38. Ұлттық есеп жүйесі. Макроэкономикалық көрсеткіштер.

Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық процестердiң нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статискалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген. Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк – экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану.

Белгілі бір мерзім аралығында ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесіне жалпы сипаттама беру үшін макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады.

Жалпы ішкі өнім - елдің аумағында орналасқан барлық отандық және шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.

Жалпы ұлттық өнім - тек осы мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.

ЖІӨ - амортизация = Таза ұлттық өнім

ТҰӨ - жанама салық = Ұлттық табыс

Ұлттық табыс - әлеуметтік сақтандыру жарнасы - корпорациялар табысына салық - корпорациялар пайдасын қайта бөлу - транспорт төлемдері + дивидендтер + алынған пайыздар = жеке табыс

Жеке табыс - жеке табыс салығы = қолдағы табысы

Қосымша құн әдісі

Батыс статистикасында қайталама есептеуді болдырмау үшін қосымша құн көрсеткіші пайдаланылады. Қосымша құнға тек қарастырылып отырылған кәсіпорында өндірілген өнімдер мен қызметтердің ғана құны жатады. Басқаша айтар болсақ, егер өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның және т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалатын құнның бір бөлігі қосымша құнға жатады.

ЖІӨ-ді шығыс бойынша есептеу әдісі

ЖІӨ-ді шығыс бойынша есептеуде төмендегі өлшемдер қолданылады:

Y = C + I + G + NX

С – үй шаруашылығының тұтыну шығыстары, олар азық-түлікке, киімге, демалысқа жұмсалған және дәрігер, адвокат, шаштараз және т.б. қызметтеріне кеткен шығыстар;

I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға және техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары;

G - мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;

NX- таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.

ЖІӨ-ді табыс бойынша есептеу әдісі

ЖІӨ-ді табыс бойынша есептеуде келесідей өлшемдер қолданылады:

Y = W + P + R + I + T + A

W- еңбек ақы; P - пайда;R - рента;

I - пайыз;T - салықтар;A – амортизациялық аударымдар.

39. Ұлттық байлық және оның құрылымы

Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды.

Шаруашылық қызметтің негізгі жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық қоғамдық өнім б.т. оны бірнеше анықтауыштар көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

ЖҰӨ-ді елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар ж/е қызметтердің жиынтық рыноктық құны ретінде анықтайды.

Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар ж/е т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы; пайда; рента; процент.

Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады.

ЖІӨ-ді фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің ж/е материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді. ЖІӨ-нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқ. өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. М, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ-ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады.

Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.

Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы ж/е т.б. төлемдер жатады.

Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.

Таза экономикалық табыс – бұл көрсеткіш, қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді.

ЖҰӨ мен экон/қ тұмыс арасында тікелей байланыс бар; ЖҰӨ көп болған сайын, экон/қ тұрмыс жоғары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]