Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЭТ каз.Маратпен ..doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Қоғамдық өндірістің құрылымы

Материалдық өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б.

Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.

Ұдайы өндірістің типтері

жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

  1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

  2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

  3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Қоғамның экономикалық өмірі әрқашанда үнемі қозғалыста болады. Осы қозғалыс адамзат үшін қажетті және өмірлік маңызы бар өндірістің үнемі жаңаруы не қайталануы ғана емес, сонымен қоса бұл - өндірістің сапасы жағынан және саны жағынан өзгеруі.

Экономикалық даму процесінің түпкі мазмұны бұл экономикалық жүйенің мүмкіншілігінде жатыр, яғни, көп нәтиже жасау. Сөйтіп қоғамның өсіп келе жатқан қажеттігін және сапа жағынан өзгеретін қажеттігін қанағаттандыру.

Экономикалық өсу - барлық елдердің алдында тұрған орталық экономикалық проблема.

Оның динамикасы бойынша ұлттық экономиканың дамуын, халықтың өмірлік деңгейін, сирек ресурстар проблемаларының шешілуін жан-жақты қарайды.

Экономикалық өсуді зерттеуде екі бағытты бөледі. Бірінші бағытты жақтаушылардың ойынша, (Макконнел, Брю) экономикалық өсуді екі әдіспен есептеп шығаруға болады:

  1. не ЖҰӨ (немесе ТҰО) жалпы өсуін санап;

  2. не осы көрсеткіштердің кісі басына өсуі;

Екінші бағыттағылардың ойынша, экономикалық өсу бұл сан жағынан ғана емес, сонымен қоса өнімдердің және өндіріс факторларының сапасы жағынан жетілдірілуі деп санайды.

Экономикалық өсудің үш типін ажыратады: экстенсивтік, интенсивтік, аралас (нақтылы) экономикалық өсу.

Экстенсивтік өсу - қосымша өндіріс факторларын қатыстыру арқылы ұлттық өнімді өсіру.

Мысалы, 1950-ші жылдардың аяғында астық өндірудің көлемін көбейту үшін Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы жүргізілді.

Интенсивтік өсу - технологияны және техниканы жетілдіру арқылы ұлттық өнімді өсіру.

Нақты өмірде экстенсивтік және интенсивтік типте болмайды. Олар аралас болып келеді.

Аралас (нақты) өсу – технология мен техниканы жетіл­діру арқылы және қолданатын өндіріс факторлары­ның санын өсіру нәтижесінде өндірсітің қуаттылығын (күшін) өсіру.

Тиімділік проблемасы экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды мейілінше дұрыс пайдалануы жолдарын зерттейді.

Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше.

Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді:

  • тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды;

  • фирмалар - пайданы максималдауды;

  • мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін сипаттайды.

Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады.

Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.

Y

А C D

F

E

B X

Мысалы экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Х және У

  • А - барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған

  • В - Х тауарын өндіруге,

  • С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану

  • Е - ресурстарды толық пайдаланбау

  • Д - осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс.

2 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы.

Альтернативті шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен тауар өндіру қажеттігі. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды.

Ұсыным көлеміне әсер ететін негізгі фактор - шығындар. Сондық­тан қанша тауар өндіру керек туралы шешім қабылдау үшін, фирма шығындарды талдап шығуы қажет.

Шығындар - бұл өндіріс факторларын алуға төлемдер. Шығын­дардың мәні әртүрлі экономистермен түрлі тұрғыдан, әртүрлі мақсатпен қарастырылады.

К.Маркс шығындарды оқып білуді, құнда көрінетін жалдамалы жұмысшыны қанау ерекшелігін зерттеумен байланыстырады.

К.Маркстің айтуынша, тауар өндіру үшін қоғам қалай тірі еңбек (қажетті және қосымша), сондай құралдардың, шикізаттың, жанар­майдың және т.б. құнында көрсетілген затталған еңбек жұмсауы (шығындалуы) керек.

Тауардың құнын құрайтын осы еңбек шығындарын ол «қоғам шығындары» деп атады.

Тауарды өткізген соң түскен ақшадан капиталист құралдарға, шикізатқа, жанармайға, энергияға және қажетті еңбекке төлемге жұмсалған шығындардың орнын жауып өтейді. Қосымша еңбек төленбейді.

Демек, капиталистің шығыны, яғни, оның өндіріс шығындары қоғамдық шығындардан (тауар құны) аз (төленбеген қосымша еңбек көлемінен).

Атап айтқанда, пайданың көзі сол болып саналады. Демек Маркста пайда шығындардан тыс жатыр.

Маркс өндіріс шығындарынан басқа айналым шығындарын бөледі, яғни тауарларды өткізу процесімен байланысты шығындар.

Тауар құнын құруда айналым шығындарының барлығы емес, тек өндіргіш болып саналатын бөлігі, яғни, айналым саласында өндіріс процесінің жалғасын білдіретіндер ғана қатысады (жүк тасымалдау, сақтау, орау және т.с.с).

Сондықтан Маркста барлық шығындар баға құрушы болып саналмайды.

К.Маркске қарағанда, қазіргі кездегі батыс экономистері шығындарды шаруашылыққа қарайтын қызметкер тұрғысынан қарас­тырады. Олардың ойынша, кәсіпкер барлық шығындардан кіріс тосады. Осының негізінде олар тәуекелге төлем ретінде бағалап, кәсіпкердің пайдасын шығынға қосады.

Оларға қарағанда, Маркстің айтуынша, өндіріс шығындарының сомасы (C+V) пайдамен (P) бірге өндіріс бағасын құрайды.

Шетел әдебиеттерінде шығындарды басқаша классификация­лайды.

Өндіріс көлемі өсуінің оларға әсеріне байланысты шығындар тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді.

Тұрақты шығындар FC (Fixed cost.) – бұл өндіріс көлеміне байланысты еместер. Оларға жататындар: ғимарат пен құрылыс амортизациясына аударылған сомалар, ренталық төлемдер, әкімшілік-басқарма шығындары және т.б. Бұл шығындар кәсіпорын тоқтап қалса да төленуі қажет.

Ауыспалы шығындар VC (variable cost) - бұл шығындар өндірілетін өнімдер санына байланыстылар. Олар шикізаттарға, материалдарға, жалақыларға және т.б. шығындардан тұрады. Өндіріс көлемінің өсуімен бірге олар да артады.

Шығындардың тұрақты және ауыспалы болып бөлінуі жағдайға байланысты және талдау жасайтын кезеңге байланысты. Сонымен ұзақ мерзімдік кезеңде барлық шығындар ауыспалы болады, өйткені ұзақ мезгілде барлық жабдықтаулардың айырбасталуы мүмкін (жаңа зауыт сатып алынады немесе ескісі сатылады).

Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы барлық немесе жалпы шығындарды TC (total cost) құрайды.

Жалпы, ауыспалы және тұрақты шығындарды графикте беруге болады (10-сурет).

Бірлік өнімді өндіруге кеткен шығындарды өлшеу үшін орташа жалпы АТС (average total cost), орташа тұрақты AFC (average fixed cost) және орташа ауыспалы шығындар AVC (averade variadle cost) категориялары қолданылады.

Орташа шығындар фирманың пайдалылығын анықтау .үшін маңызды: егер баға орташа шығынға тең болса, онда фирмада пайда болмай, нөлдік тиімділік болады.

Егер баға орташа шығыннан аз болса, онда фирма шығындалып, күйреуі мүмкін.

Егер баға орташа шығыннан көп болса, онда фирма осының айырмашылығы көлемінде пайда алады.

Орташа жалпы шығындар жалпы өндірілген өнімдердің санына бөлгенге тең:

ATC

=

TC

Q

Орташа тұрақты шығындар жалпы тұрақты шығындарды өндірілген өнімдердің санына бөлу арқылы анықталады:

AFC

=

TFC

Q