Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЭТ каз.Маратпен ..doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Орташа ауыспалы шығындар жалпы ауыспалы шығындарды өндірілген өнімдердің санына бөлу арқылы құрылады:

AVC

=

TVC

Q

Шығындарды бағалау әдісіне байланысты «бухгалтерлік» және «альтернативтік шығындар» деп айырады.

Бухгалтерлік шығындар - бұл белгілі бір өнім санын істеп шығаруға өндіріс факторларының фактілік шығыны.

Бірақ бір және сол ресурстарды әртүрлі альтернативтік мақсатта қолдануға болады. Сондықтан пайдалана алмаған мүмкіндік шығын­дары немесе альтернативтік шығындар болады.

Альтернативтік шығындар - ресурстарды қолдануда альтерна­тивтік әдістердің барлық мүмкіншілігінен ең пайдалысынан алуға болатын ақылы сомасы.

Қаражаттардың жиналуына байланысты шығындар сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

Сыртқы шығындар - фирманың шикізатты, жабдықтарды, энергияны «сырттан» сатып алуға кеткен шығындары, яғни кәсіпорынның құрамына кірмейтіндері.

Ішкі шығындар - бұл өздерінің жеке қолданатын ресурстарына төленбеген шығындар. Мысалы өсіп шыққан астықтың бір бөлігін фирма келесі жылға қолдануға алып қалады. Оны фирма өзінің ішкі қажеттігіне қолданады және ол төленбейді.

Өнімді максималды шығару мақсатында фирма шекті шығын­дарын есептейді.

Шекті шығындар МС (marginal cost) - шығарудың берілген көлеміне қарағанда әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруге қажетті қосымша шығындар.

МC

=

DTC

DQ

Ол фирманың стратегиясын анықтау үшін қажет. Тұрақты шығындар өзгермейтін болғандықтан, шекті шығындар ауыспалы шығындардың өсуіне тең, яғни шикізат, жұмыс күші және т.б.

Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бір жағынан жекеленген­дердің жиынтығы болып табылады, басқа жағынан дербес (жеке меншік шаруашылығы) ұдайы өндіріс жүргізуші фирмалардың өзара тәуелділігін білдіреді.

Дербес ұдайы өндіріс - бұл тауарды жасау және кіріс алу мақсатында өндіріс факторларын өндіргіш ретінде қосып, біріктірудің үздіксіз қайталану процесі.

Ұ дайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың айналымды­лығы. Капиталдың айналымдылығы бұл - өндіріс пен айналу сферасы арқылы өндіріс факторлары құндарының қозғалысы. Осының нәтижесінде кезекпен үш сатыны өтіп, дәйекті (жүйелі) өндірістік, ақшалық және тауарлық форманы қабылдайды.

Өндірістік циклдың сатысы:

Мұнда: А – бастапқы капитал (авансталған ақша);

Т – тауар

ЖК - жұмыс күші

ӨК - өндіріс құралдары;

Ө - тауарлар мен қызметтерді өндіру процесі;

Т¢ - өндірілген өнім;

А¢ - алғашқы авансталған капиталдың өсуі

Үш сатының әрбіреуі белгілі функцияларды орындайды:

  • біріншісінде өндіріс жағдайы құрылады;

  • екіншісінде тауарлар мен қызметтер өндірісі жүргізіледі;

  • үшіншісінде тауарлармен қызметтерді өткізу және пайда алу жүреді;

Үздіксіз қайтадан басталатын процесс ретінде қарасты­рылатын айналымдылық капитал айналымы деп аталады.

Айналымдылық пен айналым арасында айырмашылық бар: айналымдылықтың бір ағымында (айталық аяқ киім партиясын өндіру) фирмаға бастапқы авансталған құнның бір бөлігі ғана қайтып келеді; ал айналымның бір ағымында фирмаға бастапқы авансталған құнның барлық бөлігі қайтым келеді. Бұл үшін бірнеше айналымдылықтың болуы мүмкін.

Айналым уақытпен және жылдамдықпен өлшенеді.

Айналым уақыты бұл - ағымда, ресурстар, өндіріс және айналыс сфераларын өтіп, бастапқы (ақшалай) форма­сына қайтып келетін кезең.

Айналым уақыты өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді.

Айналым жылдамдығы бір жыл ішінде жүргізілетін, ресурстардың айналымы санымен өлшенеді. Айналым саны мына формуламен анықталады:

n – бір жылдағы айналым саны;

o – қабылданған уақыт бірлігі (1 жыл)

t - берілген ресурстардың айналым уақыты;

Айналымды өндірістік капитал істейді. Өндірістік капитал - тұйық ұдайы өндіріс циклында жұмыс істейтін өндіріс факторларының құндық формадағы көрінісі.

Қолданған өндірістік капиталдың құнын жасалған тауарлар құнына көшіру әдісіне тиісті, әр түрлі натуралдық-заттық формасы­мен оның элементтері екі топқа бөлінеді: негізгі капитал, айналым капиталы.

Негізгі капиталға жататындар: ғимарат, жабдықтар және т.б. Олар өндірістік циклда бірнеше рет қолданылады және құнын бөліктеп көшіреді.

Айналым капиталына жататындар: шикізат, материалдар, жұмыс күші. Олар толығымен қолданылады және құндарын бір өндірістік цикл кезеңінде көшіреді.

Негізгі капиталдың жұмыс мерзімі кезеңінде оның құнын, өндірілген тауарлар құнына көшіру процесінде оны амортизациялық қорда аккумуляциялауды (жинау) амортизация деп атайды.

Амортизациялық қор физикалық және моральдық тозу кезінде өндіріс процесінен шығып қалатын негізгі капиталдың элементтерін қалпына келтіру үшін арналған.

Негізгі капиталдың физикалық тозуы - оның тұтыну құнын жоғалтуы.

Моральдық тозу бұл - екі себеппен құнын жоғалтуы:

  1. Осыған ұқсас және арзан еңбек құралын жасау;

  2. Осы баға бойынша өнімділігі жоғары еңбек құралын шығару.

Физикалық және моральдық тозуды есептеу амортизацияның нормасын құру үшін көп маңызы бар.

Амортизацияның нормасы - пайызда көрсетілген амортизациялық төлемдердің жылдық соммасының, негізгі өндірістік капиталдың орташа жылдық құнына пайыздағы қатынасы.

Ол негізгі капитал құнын қанша жылда орнын толтыру керек екенін көрсетеді. ҒТП жағдайында жабдықтардың жұмыс істеу мерзімі қысқарады, сондықтан амортизацияны тездету проблемасы пайда болады.

Негізгі қорларды (капиталды) қолдануды жинақтап қорытатын көрсеткіш қордың қайтарылуы (фондоотдача ФО):

Мұнда: ФО – қордың қайтарылуы;

П - өнімдерді шығару;

Фнег - негізгі өндіріс қорларының (капиталдың) құны

Айналым қорларын қолдану материал сыйымдылығымен (материалоемкость МЕ) беріледі:

Мұнда: Фоб - айналым қорлары

П - шығарылған өнімдердің құны

Негізгі және айналым капиталынан басқа фирмалардың айналыс қорлары болады, ол өткізу процесіне арналған.

Айналма қорларына және қорлар айналымдылығына салынған ақша қаражаты айналым қаражаттарын құрайды.

Айналым қаражаттарын қолдану тиімділігі (эффективность) айнамдылық коэффициентімен анықталады. Ол (соңғысы) бір жылда өткізілген өнімдер құнының, айналым қаражаттарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.

Пайда мәселесі экономика теориясындағы ең қиыны және даулы болып саналады. Оның көздерімен экономикада атқаратын ролі де айтыс тудырады.

Қазіргі кезде «пайда» сөзі (алғашқыда шығындалған капитал суммасына) «өсу», «көбею», «үстеме» деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде ғана емес, олар сатылып кеткенде көзге түседі. Сондықтан, пайданы коммерциялық қызметтегі жетістікпен байла­ныс­тырады.

Осыған орай заңды сұрақтар туындайды: ол қай салада жасалады, кім өндіреді, ненің арқасында пайда болады.

Әр түрлі мектептер мұны әр түрлі түсіндіреді.

Меркапиталистер пайда айналым арқылы пайда болады және оның негізгі көзі болып сыртқы сауда есептеледі дейді.

А.Смит пен Д.Ракардо пайданы жұмысшы еңбек өнімінен шегеру дейді.

К.Маркс пайданы жалдамалы еңбектен қана шыққан қосымша құнның өзгерген, туынды формасы ретінде қарастырған.

Бұл категорияның қазіргі Батыс экономистерінің анықтамасы бойынша әр түрлі нұсқалардың компромистік қоспалары сияқты көрінетіні және оның негізгілері төмендегідей екені белгілі:

  • пайда – өндірістің бар факторларынан түсетін табыс немесе ол рента, пайыз және еңбекақы;

  • пайда - кәсіпкерлік іс-әрекетке сыйақы және техникалық жетіл­дірулерді енгізу;

  • пайда - тәуекелге, белгісіздікке бел буу.

Қазіргі уақыттағы пайда туралы түсінік үш бағытта жүргізілуде: кейнстік, институционалды-әлеуметтік және неоклассикалық.

Кейнстіктер макроэкономика деңгейіндегі жиынтық пайда концепциясын алға тартады.

Институционалды-әлеуметтік теорияда пайда әлеуметтік, сыртқыэкономикалық факторлар тұрғысынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне қамқорлық, т.б.

Неоклассикалық теорияда, неғұрлым толық түрде пайданы зерттеу жетілген мен жетілмеген бәсеке жағдайында негізгі мақсаты пайданы максимизациялау болатын жеке фирма деңгейінде жүргізі­леді.

Фирма жалпы, орташа және шекті табысты есепке алады.

Жалпы табыс бүкіл өнімді өткізуден түсетін түсімге тең.

Орта табыс сатылған өнімнің бір бірлігіне есептеледі.

Шекті табыс дегеніміз - бір бірлік қосымша өнімді сатудан жалпы табыстың өсуі.

Сандық тұрғысынан қарағанда пайда тауарды сатудан түсетін жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Бұл шығындардың құрамына не кіретініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы айырады.

Бухгалтерлік пайда - жалпы табыс пен өндірістің бухгалтерлік шығындары арасындағы айырма (23 сұрақты қараңыз).

Экономикалық пайда - жалпы табыс пен экономикалық шығын­дар­дың айырмасы. Тура осы - экономикалық теория ғылымы­ның зерттейтін мәселесі.

Егер фирманың жалпы табысы оның шығындарына тең болса, онда экономикалық пайда «нөлдік» немесе «қалыпты» делінеді (экономикалық шығындарға неоклассиктер кәсіпкердің «тәуекелінен туатын пайданы кіргізеді»).

«Қалыпты пайда» – неоклассика моделіндегі «жетілген бәсеке» пайдасының негізгі түсінігі.

«Қалыпты» пайда (Марксте - орта пайда) – фирманы «шаруада» ұстау үшін алатын жоғары табысы.

Жетілмеген бәсеке жағдайында, егер фирма нарықта монополиялық жайда болса (газ, мұнай, теміржол т.б.), онда ол қолайлы табиғи ортада пайда бола беретін (табиғи байлық, климат т.б.) монополиялық пайда түсіреді.

Фирма үшін пайданың қажетті көзі болып құрылтайшы пайда есептеледі. Ол – акцияны ашық жазылу арқылы сатудан түсетін сомамен кәсіпорынға салынған нақты капиталдың арасындағы айырма. Оны осы акционерлік қоғамның құрылтайшылары иеленеді.

Фирма табыстарының салыстырмалы мөлшері пайда нормасымен суреттеледі.

Пайда нормасы - пайызбен берілген пайданың өндіріс шығында­рына шаққандағы арақатынасы.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Айырбас

Альтернатива

Бөлу

Интенсивті өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Материалдық өндіріс

Өндіріс

Өндіріс факторлары

Ресурс

Таңдау

Тұтыну

Экстенсивті өндіріс

Бақылау сұрақтары

  1. Қоғамдық өндірістің сатылары.

  2. Экономикалық ресурстар және олардың түрлері.

  3. Өндіргіш күштерге сипаттама.

  4. Өндіріс құралдары және оларлың түрлері.

  5. Қоғамдық өндірістің түрлері.

  6. Ұдайы өндіріс және оның типтері.

  7. Қоғамның экономикалық таңдауы.

  8. Тиімділік проблемасына сипаттама.

  9. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы.

3 тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

  1. Экономикалық жүйе және оның элементтері.

  2. Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.

  3. Аралас экономикалық жүйе.

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.

Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.

Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.

  1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.

  2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?

  3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)

  4. Кім үшін өндіру керек?

  5. Өзгерген жағдайларға бейімделе алама? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).

Экономикалық өсуді зерттеуде екі бағытты бөледі. Бірінші бағытты жақтаушылардың ойынша, (Макконнел, Брю) экономикалық өсуді екі әдіспен есептеп шығаруға болады:

  1. не ЖҰӨ (немесе ТҰО) жалпы өсуін санап;

  2. не осы көрсеткіштердің кісі басына өсуі;

Екінші бағыттағылардың ойынша, экономикалық өсу бұл сан жағынан ғана емес, сонымен қоса өнімдердің және өндіріс факторларының сапасы жағынан жетілдірілуі деп санайды.

Экономикалық өсудің үш типін ажыратады: экстенсивтік, интенсивтік, аралас (нақтылы) экономикалық өсу.

Экстенсивтік өсу - қосымша өндіріс факторларын қатыстыру арқылы ұлттық өнімді өсіру.

Мысалы, 1950-ші жылдардың аяғында астық өндірудің көлемін көбейту үшін Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы жүргізілді.

Интенсивтік өсу - технологияны және техниканы жетілдіру арқылы ұлттық өнімді өсіру.

Нақты өмірде экстенсивтік және интенсивтік типте болмайды. Олар аралас болып келеді.

Аралас (нақты) өсу – технология мен техниканы жетіл­діру арқылы және қолданатын өндіріс факторлары­ның санын өсіру нәтижесінде өндірсітің қуаттылығын (күшін) өсіру.

Экономикалық өсу пайызда алынған жылдық өсу қарқынымен өлшенеді.

ҰЖО өсу қарқыны =

ҰЖО1

х100 %

ҰЖО0

Мұнда ҰЖО1 – есеп беретін жылдағы ұлттық өнім

ҰЖО0 - базистік жылдағы ұлттық өнім

Қандай қарқын қолайлы екені әлі айтыста және талқылануда. Бірақ мүмкін болатын варианттар: а) жоғары қарқынды; б) нольдік қарқыны; в) жағымсыз қарқыны (қайшы); г) үйлесімді қарқыны (қолайлы).

Алғашқы көзқарасқа жоғары қарқыны болғаны пайдалы сияқты.

Бірақ, біріншіден, өнімнің сапасын ескеру керек: сөйтіп жарылатын телевизорларды өндірудің жоғары қарқыны бұл - қауіпті.

Екіншіден, өнімнің өсуінің құрылымы маңызды: соғыс өнімінің үлес салмағының (удельный весь) жөнсіз көбеюі (өсуі) және тұтыну заттарының төмендігі халықтың өмірлік жағдайын төмендетеді, бұл да жаман.

Өз кезегінде экономикалық өсудің нольдік қарқыны да көбінесе теріс сипатта болмайды. Мысалы, егер олар материал сиымдылығын (материалоемкость) төмендетсе, осыменен өндіріс факторларына шығынды үнемдейді. Бұл да жаман емес. Нөлдік өсу милитаризация шығындарына да пайдалы, егер оған объективті себеп болмаса.

Жағымсыз қарқыны - бұл ұлттық экономиканың дағдарысына дәлел. Олар 80-90 жылдарға тән. Ол кездегі дағдарыс бірнеше себептермен түсіндіріледі: соғыс өнімдерінен және өндіріс құрал- жабдығынан үлкен мол үлес салмағы бар экономиканың орынсыз, ұтымсыз құрылымы.

Бұрынғы кеңес үкіметіндегі республикалардың арасындағы шаруашылық байланысының бұзылуы, күйреуі, нарықты экономикаға көшудің қиындығымен түсіндіріледі.

Үйлесімді (оптимальный) қарқыны. Олар тым жоғары не тым төмен болмайды. Олар макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындай болуы керек.

Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, солардың маңыздысы: ұсыным факторлары, сұраным факторлары, бөлу факторлары.

Ұсыным факторына жататындар:

1. Табиғат ресурстарының саны және сапасы (жер), пайдалы қазбалылар, климат (ауа райы және т.б.): табиғат жағдайлары жақсы болған сайын, экономикалық өсуге елдің мүмкіншілігі көп болады;

2. Еңбекке қабілеті бар халықтың саны және сапасы: бұл жағдайдағы байланыстылық тура;

  1. Негізгі капиталдың болуы;

  2. Өнімді өндіруге қолданатын технологияның деңгейі;

Сұраным факторына жататындар: өндірілген өнімдерге қоғам­ның жиынтық сұранымын көтеріп, сонымен оның өсуін ынталан­дыратындар.

  1. Жалақы жоғары болса, сұраным да жоғары.

  2. Мемлекеттің фискалдық саясаты, салық жоғары болса, жалақы төмен, яғни сұраным да төмен, экономикалық өсу де төмен.

  3. Халықтың сақтық қор жинауға (сбережения) бейімділігі де нақты сұранымды төмендетеді, яғни, экономикалық өсуді де төмендетеді.

Бөлу. Ресурстарды бөлу өнімдердің өсуі үшін ең жақсы ұйымдастырылуы керек. Өсудің факторларына байланысты экономикалық өсудің модельдері құрылады. Олар екеу: көп факторлық және екі факторлық.

Көп факторлы модель өсуге, аталған барлық факторлардың әсерін болжайды. Осы факторлардың барлығының өзара әрекеті туралы жалпы түсінікті өндірістік мүмкіншіліктер қисығы береді. Ол өндірілген өнімдердің варианттар санына факторлардың әр түрлі қосындысы қалай әсер ететінін көрсетеді. Кез келген ұсыным факторларының күшеюі (санының көбеюі мен ресурстар сапасының жақсаруы және техникалық прогресс) өндірістік мүмкіншіліктер қисығын оңға жылжытады.

Екі факторлы модель өзіне еңбек пен капиталды ғана қосады. Американдық экономист Денисонның мәліметі бойынша, өнім өсуінің 2/3 еңбек (капитал) өнімділігінің өсуі арқылы, 1/3 – еңбек шығынын (еңбекті) өсіру арқылы іске асырылады.

Екі факторлы модельдің екі вариантын құруға болады: біріншісінде ҒТП ескерілмейді; екіншісінде ескеріледі.

Егер ҒТП қатыспаса, онда капиталдың қорлануы бірте-бірте соңғы өнімділікті төмендетуге әкеледі және экономикалық өсуді тежейді. ҒТП қолданған кезде капитал мен еңбекті өнімділікті болып - ҒТП инвестицияның өсуін әкеледі.

14-сурет.

Инвестициялар экономикалық өсуге әр түрлі әсер етеді. Олардың біреуі еңбек шығынын үнемдеуге және капитал шығынын өсіруге әкеледі. Оларды еңбек сақтағыш (трудосберегающий) деп атайды. Басқа инвестициялар еңбекке қарағанда, капиталды салуды айтарлықтай қысқартады. Оларды капитал сақтағыш (капитало­сберегающими) деп атайды. Еңбекті және капиталды тең үнемдегендегі инвестицияларды нейтралды деп атайды.

Өнеркәсібі дамыған барлық елдердің экономикалық дамуы циклмен сипатталады: басылу, көтерілу, күйреу, жандану, қайтадан басылу, тағы да жандану, және т.с.с. Бірақ бұл қайталану шеңбер емес, шиыршықты серіппе (спираль) түрінде жүреді. Сондықтан циклдылық - бір орында тұру емес ол прогрессивтік даму формасы.

Цикл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын білдіреді.

Ауытқудың үш түрі бар.

1) Нарықтық сұранымның тауарлар мен қызметтердің ұсынысынан ауытқуы. Бұл қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болуы мүмкін. Біріншісі тез ауытқып кету, екіншісінде тепе-теңдік үш-төрт жылдан соң қайта кәсіптендіру арқылы қалпына келтіріледі.

2) Сұранымның жабдықтарға, құрылыстарға және т.б. өзгеруімен байланысты ауытқулар 8-12 жылда капиталдың қайта жиналуымен жеңіп шығады. Бұл Маркспен, Энгельспен зерттелген өнеркәсіптік циклдар деп аталады. Олардың ұзақтығы орташа цикл деуге де болады. 10-15 жылға мерзімінің созылуы негізгі капиталдың жұмыс істеу мезгілімен түсіндіріледі. Негізгі капиталды жаппай жаңарту экономиканы жандандыруға әкеледі, ол көтерілуге көшеді және жұмыс істейтін техниканың ескіруі дағдарысқа соғады.

3) Бір технологиялық өндіріс әдісінен екіншіге өтумен байланысты ауытқу, оның аралары (шегі) адамзат өркениетінің ірі кезеңдерімен шектеледі. Бұл өтулер өндірістің барлық құрамдас элементтерінің ауысуына әкеледі, бір жұмысшылар ұрпағы басқамен ауысады немесе олар түбімен басқа мамандыққа көшеді. Технологиялық өндіріс әдісі - материалдармен, технологиямен, ақпаратпен және өндірісті ұйымдастыру мен, еңбек құралының бірлігі, тұтастығы.

Мерзімі 40-60 жылғы ұзақ циклдар Кондратьев деген ғалымның атымен байланысты және «Кондратьевтің ұзақ толқындары» деп аталды. Кондратьевқа даңқтылықты 1928 ж. КСРО-да Экономика Институтында жасаған «Большие циклы конъюнктуры» деген баяндамасы әкелді. Бұл теорияны ХХ ғ. Шумпетер, Кларк, Митчел және т.б. дамытты.

Тепе-теңдіктен екінші мен үшінші арасындағы ауытқудың жалпысы, олардың технологиялық өндіріс әдісінің мәнімен байланысты болуы, яғни қоғамдық өндірістің белгілі ғылыми принциптерін қолданумен.

Айырмашылығы: орташа циклдың ұзақтығы машинаның жұмыс істеу мерзімімен байланысты. Технологиялық өндіріс әдісінің бір кезеңінде, техниканың бірнеше ұрпағы ауысуы мүмкін және оларға өздерінің циклдары сәйкес келеді. Бірақ та, соңында бар технологиялық өндіріс әдісі кезеңінде жетілдірудің уақыты таусылады, жаңа технологиялық өндіріс әдісінің уақыты келеді, жаңа ұзақ толқындар болады.

Экономикалық теорияларда циклдың себебін әр түрлі түсіндіреді:

  • неоклассикалық бағыт дағдарысты тез өтетін, кездейсоқ көрініс ретінде қарастырады;

  • толық тұтынбау концепциясы артық өндірудің экономикалық дағдарысын, көп еңбекшілердің кедейлігімен түсіндірді;

  • ХІХ ғ. аяғында циклдың несие-ақша концепциясы пайда болды. Осы бойынша дағдарыс - ақшаға сұраным мен ұсыныс облысындағы бұзылудың нәтижесі;

  • Маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылығынан, негізінен өндірістің қоғамдық сипаты мен жеке капиталистік иемдену арасындағы қайшылықтан көреді;

  • Кейнстік теория тепе-теңдіктен жүйенің ауытқу себебін нарықты механизмнің әлсіздігімен түсіндірді және өндірісті реттеуде мемлекеттің араласуының жолдарын ұсынды.

Қазіргі кездегі экономистерде циклдың себебін анықтауда үш жол бар:

Бірінші жол циклды сыртқы (экзогендік) факторлармен түсіндіреді.

Екінші жол - ішкі (эндогендік) факторлармен.

Үшінші жол - бірінші және екіншінің қосындысымен (синтез).

Бірінші жолда негізгісі - сыртқы факторларды зерттеу. Сыртқы факторлар - экономикалық жүйеден тыс болатын көріністер.

Оған жататындар: тұрғындар санының өзгеруі, ойлап табу - инновациялар, соғыстар және басқа да саяси жағдайлар. Тұрғындардың өсуі өндіріспен жұмысбастылық деңгейін өсіреді, ол көтерілу шыңына әкеледі. Тұрғындар санының төмендеуі кері нәтиже береді. Технологияның түбімен өзгеруі (автомобиль, самолет, компьютер) іскерлік белсенділіктің жоғарлауына және кең инвестицияға әкеледі. Осыдан - жаңа жұмыс орындары ашылады экономиканың өсуі басталады. Саяси жағдайлар іскерлік белсенділікке әр түрлі әсерін тигізеді. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс АҚШ-ты қайта қаруландыруға итермеледі, нәтижесінде 30-жылдардағы ұлы депрессия соғыстан кейінгі көтерілумен ауысты. Керісінше, Жапония үшін соғыстан кейінгі қарулы күшінің болуына тыйым салу, экономиканы инвестициялауға мүмкіндік ашып, «жапондық таңқаларлыққа» әкелді.

Екінші жолдың негізгісі - ішкі факторларды оқу. Ішкі факторлар бұл жүйенің ішінде болатын көріністер. Оған жататындар: тұтыну, инвестициялау және үкіметтің әрекеті.

Тұтынудың әсері: фирма, сатып алушы нені қалайды, соның бәрімен қамтамасыз етуге ұмтылады; нәтижесінде тұтынушы шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сөйтіп өнімдерді өндіру, жұмысбастылық және сату көлемі өседі, экономика көтерілу фазасына кіреді. Ал тұтынушы шығындары қысқарғанда, кері жағдай пайда болады және сондықтан басылу кезеңі басталады.

Инвестициялаудың әсері: негізгі қорларға салу, жаңа жұмыс орындарын құрады, ол тұтынушының сатып алу қабілеттілігін өсіреді - осының бәрі көтерілуге мүмкіндік туғызады. Ал инвестициялаудың деңгейі төмендегенде, кері көрініс жүреді және басылу кезеңі басталады.

Үкімет әрекетінің әсері: екі әдіспен жүргізіледі - фискалдық саясатпен, яғни салықтарды жинау мен оларды жұмсау және монетарлы саясатпен, яғни ақша айналымын реттеумен.

Үшінші жолда циклдың себебін анықтауда ішкі және сыртқы факторларды синтездейді. Осы концепцияның авторларының ойынша сыртқы (экзогендік) фактор циклға алғашқы түрткіні (қозғауды) береді, ал ішкі (эндогендік) фазааралық ауытқуларға әкеледі. Осы бағыт өнімділеу.

Қазіргі теория Самуэльсонның, Хикстің іскерлік циклы моделімен байланысты. Онда цикл ұлттық табыстың (немесе ҰЖӨ), тұтынудың және капитал қорлануының өзара әрекеттерінің нәтижесі ретінде қарастырылады.

Осы байланыс тұрақты мультипликатормен акселератормен сипатталады.

Мультипликатор капитал салудың өсуінен ұлттық табыстың (ҰТӨ) өсу байланыстылығын көрсетеді.

Акселератор - ұлттық кірістің (немесе ҰЖӨ) өсуінен салымдардың өсуі байланыстылығы.

Самуэльсон мен Хакстің айтуларынша, акселератор мен мультипликатор принциптерін қосу, нақты өмірдегідей де осындай циклды жасауы мүмкін.

Айталық экономика толық жұмысбастылықта делік: ҰЖӨ көбейді, өнімдерді өткізу жоғары қарқында жүріп жатыр. Осы кезде акселератор принципі бойынша өнімдерді өткізудің өсуі инвестицияның жоғары деңгейіне әкеледі. Ал мультипликатор бойынша инвестиция деңгейінің көтерілуі ҰЖО әрі қарай өсуіне мүмкіншілік жасайды. Экономика бұл жағдайда көтерілу фазасында болады. Кері жағдай болуы да мүмкін.

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

  1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

    1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

    2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

    3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

    4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

  1. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

    1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

    2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

    3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.

Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:

  1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

  2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

  3. Техникалық прогресс шектеулі.

  4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

  5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

  6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:

Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.

Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.

Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.

  1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

  2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

  3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

  4. Орталықталынған ресурстар қоры.

  5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.