Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЭТ каз.Маратпен ..doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Негізгі түсініктер мен терминдер

Икемділік

Қиылысқан икемділік

Сұраныс

Сұраныстың бағалық икемділігі

Сұраныстың заңы

Сұраныстың қисығы

Сұраныстың табыстық икемділігі

Ұсыныс

Ұсыныстың заңы

Ұсыныстың икемділігі

Ұсыныстың қисығы

Бақылау сұрақтары

  1. Сұраныс: түсінігі, заңы және кисық сызығы.

  2. Сұранысқа әсерін тигізетін бағасыз факторлар.

  3. Ұсыныс: түсінігі, заңы және қисық сызығы.

  4. Ұсынысқа әсерін тигізетін бағасыз факторлар.

  5. Сұраныстың бағалық және табыстық икемділігі.

  6. Ұсыныстың икемділігі.

  7. Нарықтағы тепе-теңдік.

3 БӨЛІМ. ЖЕКЕ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТІҢ МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

8 Тақырып. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.

  1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.

  2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

  3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы.

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерліктің тамыры ғасырлар тереңіне бойлаған. Дегенмен, нарықтың қажетті атрибуты ретінде ол капитализмнің даму сатысында қалыптасты.

А.Смит кәсіпкерді жекеменшік иесі ретінде, өзінің коммерциялық идеяларын іске асырушы және пайда алушы ретінде сипаттаған.

Қазақстан заңдарында: «кәсіпкерлік - азаматтар мен бірлестіктердің дербес, бастамалық іс-әрекеті», - деп түсіндіріледі және ол пайда түсіруге бағытталып, өзінің мүліктік жауапкершілігінің тәуекелге баруына негізделген.

Кез келген шаруашылық қызметін кәсіпкерлік деуге болмайды, ол тек тәуекелге, бастамашылыққа, кәсіпкерлік ойға, дербестікке, жауапкершілікке, белсенді ізденіске байланысты ғана саналады. Осылардың бәрі бірдей кәсіпкерліктің белгілері боп есептеледі.

Кәсіпкерлікте субъектілер және объектілер бар.

Кәсіпкерліктің субъектілеріне жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциялар (акционерлік қоғам, жалдық ұжым, кооперативтер) және мемлекет кіреді.

Кәсіпкерліктің объектілері болып кез-келген шаруашылық іс-әрекеттің түрлері, коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, кеңес беруші әрекеттер, құнды қағаздармен жұмыс істеу саналады.

Қызметтің мазмұнына қарай кәсіпкерліктің түрлері ажыратылады.

Өндірістік кәсіпкерлік - бұл тауар және қызметтер, ақпарат, рухани байлық өндірумен байланысты. Өндірістік қызмет бұл жерде негізгісі.

Коммерциялық кәсіпкерлік - өндіріспен байланысы жоқ тек операциялар мен өзара келісім арқылы тауарлар мен қызметтерді қайта сатуға негізделген. Кәсіпкердің пайдасы тауарды сатып алу бағасынан артық бағаға сату арқылы құралады. Егер де бұл операциялар заң жүзінде істелген болса, онда ол спекулятивтік болып саналмайды.

Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі. Сауда-саттық объектісі болып бұл жерде ақша, валюта, құнды қағаздар есептеледі.

Делдалдық кәсіпкерлік - екі жақтың өзара келісімге ынтасын біріктіретін іс-әрекеттен тұрады. Мұндай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер пайда алады.

Сақтандырушы кәсіпкерлік – бұл қаржылық кәсіпкерліктің ерекше түрі, оның мәні мынада: кәсіпкер алатын сақтандыру жарнасы тек сақтандырылған жағдайдан соң ғана қайтып оралады. Жарнаның қалған бөлігі кәсіпкерлік пайдасын құрайды.

Көріп отырғанымыздай, кәсіпкерліктің барлық түрі пайда түсіруге бағытталған. Бірақ бұл үшін шектеулі ресурстарды қисындастыра білу қажет.

Ресурстардың (қорлар) әртүрлі қисындарын таба білу, жүргізу - кәсіпкер қызметінің негізгі бөлігі.

Олар Шумпетердің ойынша, бес бағытты қамтиды:

  1. Жаңа игілікті дайындау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау.

  2. Өндірістің жаңа әдісін кіргізу.

  3. Жаңа сатып өткізу нарығын игеру.

  4. Шикізат пен жартылай фабрикаттардың жаңа көзін табу.

  5. Өндіріске қажетті қайта құруды жүргізу.

Уақыттың әрбір жаңа кезеңінде жаңа қисындар (комбинациялар) табылуы мүмкін.

Кәсіпкерліктің бұл сапасын Ж.Б.Сей аңғарып да, А.Смит берген анықтаманы толықтырған. Оның ойынша кәсіпкер - өндірістің факторларын қисындастыратын экономикалық агент.

Кәсіпкерлік қызмет меншіктің бір формасымен ғана байланыста болмайды: жеке, коллективті не қоғамдық. Оның әртүрлі варианты мен үйлестірулері бар. Бұдан туатын ой – кәсіпкерлікпен айналысу үшін, қолданылатын капиталдың толық меншік иесі болып керегі жоқ, қарыздыққ, не бөтен капиталды пайдалануға болады. Дегенмен қарыз капиталды белгілі бір пайда мөлшерімен қайтару қажет. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел деңгейі артады.

Тәуекелге бару - кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.

Тәуекел – бұл жоспар мен болжамда айтылғанмен салыстырған­дағы шығындалу мүмкіндігі немесе пайданы толық ала алмауы.

Тәуекелдің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржы­лық, несиелік және пайыздық.

Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адам санына кері пропорционалды деген ой бар. Дегенмен, тәуекел сақтандырушы кәсіпкерлікпен айналысушы мекемелерде сақтандырылады.

Тәуекелді әртүрлі әдіспен өлшеуге болады:

  1. Статистикалық өлшеу - бұрынғы шығындардың статистикасын зерттеп, болашаққа болжам жасайды;

  2. Эксперттік - мамандар мен тәжірибелі бизнесмендердің кеңес­терін ескереді;

  3. Есептік-аналитикалық, математикалық тәсілдерді қолданады.

Кәсіпкерлік жаңашылдықсыз мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерлік мінез-құлықтың екі моделін ажыратады: классикалық және инновациялық.

Біріншісінде бизнесмен өзінің қызметін қолында бар ресурс­тардан (қорлардан) максималды түрде пайда алуға ұмтылады.

Екіншісі - қолда бар ғана емес, басқа да сыртқы ресурстарды қатыстыруға ұмтылу. Өзінің және сыртқы қорларды пайдалана отырып кәсіпкер өз бизнесін дамытудың ең оңтайлы жолын қарастырады.

Кәсіпкерліктің әр түрлі формалары болады. Оларды топтастыру негізі екі белгіден тұрады: меншік формасы және фирманың көлемі.

Меншіктің формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Ұлттық экономикада бұл екі сектордың салмақ үлесі үнемі қозғалыста: меншікті мемлекеттендіргенде мемлекеттік кәсіпкерліктің шегі кеңейеді, жекешелендіру оны кішірейтеді.

Мемлекеттік кәсіпкерлік көбіне капиталды көп керек етеді әрітұрақты, өйткені үкімет тарапынан қаржылық және ұйымдастыру­шылық көмекке ие.

Сонда да жеке сектордың мемлекеттік сектордан бірнеше артық­шылығы бар:

  • пайдалы қызмет саласын таңдауда еркіндікте;

  • бизнес көлемінде шектеусіз;

  • тұрақты бағамен шектелмеген.

Кәсіпкерліктің үш түрін ажыратады:

  • жеке тұлғалық немесе жеке;

  • серіктестік немесе жолдастық;

  • корпорация (акционерлік қоғам).

Жеке тұлғалық кәсіпкерлік деп иесі бір-ақ адам болатын бизнесті айтады. Ол шексіз мүліктік жауапкершілікте бірақ оның капиталы аз, жекетұлғалық кәсіпкерліктің кемшілігі де осында.

Оның артықшылықтары: әрбір жекеменшік иесі бүкіл пайдаға ие, ол өз бетінше кез келген өзгерісті енгізеді. Ол тек кіріс салығын төлейді де корпорация үшін белгіленген салықтан босатылған.

Бұл - ұсақ дүкен, қызметтер саласы кәсіпорындары, заңгер, дәрігерлердің кәсіпқой қызметтерін қамтитын, кең тараған бизнес формасы.

Серіктестік не жолдастық деп екі не одан да көп иесі бар бизнесті айтады. Бұл да кіріс салығымен қамтылады. Серіктестіктің артықшылығы оны тез арада ұйымдастырып, қосымша күшпен, қаражатпен жаңа идея тартуға болады. Кемшіліктеріне дами бастаған іске қаржының тапшылығы, қосымша капитал тартудың қиындығы, фирманың мақсаттарын әрқилы түсіну, табыс пен шығындағы әркімнің үлесін бөлу қиындығы т.б. жатады. Серіктестік формада брокерлік кеңсе, аудиторлық фирма, қызметтер саласы, т.с.с. ұйымдастырылады.

Корпорация деп бірлесіп кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін біріккен адамдар жиынтығын айтады. Корпорацияның меншіктік құқықтары акцияларға бөлінген, оның иелері акция ұстаушылар деп аталады, ал корпорацияның өзі - акционерлік қоғам боп саналады. Корпорацияның табысына корпорация салығы салынады. Қазақстанда кәсіпкерліктің осы формасы кең дамыған.

Корпорация жетістіктеріне мыналар жатады:

  • акциялар мен облигацияларды сату арқылы ақша капиталын шексіз түрде тарту;

  • басқару функцияларын атқару үшін кәсіпқой мамандарды шақыру;

  • корпорация дамуы тұрақты, өйткені бұл қоғамнан біреулердің (акционер) шығуы фирманың жабылуына әсер етпейді.

Бизнесті ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемшілік­теріне мыналар жатады:

- корпорацияның акция ұстаушыларына дивиденд ретінде төленетін табысқа екі есе салық салынады: бірінші рет корпорация­ның табысының бір бөлігі ретінде, екінші рет акция иесінің жеке табысына. Кіші-гірім корпорация иелеріне мұндай 2 рет салық салу аса ауыр. Сондықтан АҚШ-та заң мұндай фирмаларға S - (Small susiness corporation) корпорация статусын береді, оның мәні корпорация табысы оның иелерінің жеке табысы боп есептеліп, кіріс салығы ғана салынады;

- экономикалық заңсыздықтарға кең мүмкіндіктер бар. Тіпті ешқандай нақты құны болмаса да, акцияларды шығару және сату мүмкіндігі;

- меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акциялары әртүрлі иелерге тарап кеткен корпорацияларда бұл жағдай жиі кездеседі. Акция иелері максималды дивиденд алғысы келсе, менеджерлер ақшаны айналымға жіберу үшін оны кемітіп бағады.

Қалған кемшіліктер жетістіктердің сыртында көрінбей қалады.

Кәсіпкерліктің көлем белгісіне қарай шағын, орта және ірі бизнестер болып ажыратылады.

Қазіргі Батыс экономикасында шағын бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды, оларда жұмыс істеушілердің жартысынан астамы қамтылған. Шағын бизнестің ең көп тараған үлгісі - франчайзинг жүйесі (franchise – жеңілдік) және венчурлық (venture – тәуекелдік) кәсіпкерліктер.

Франчайзинг – бұлар ірі фирмалардың фабрикалық маркасын пайдаланып, өз іс-әрекетін белгілі аймақта, белгілі салада жүргізу үшін контрактға отырушы ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың төмен бағамен сатып алуға, тауарды жеткізуге көмек, несие алуға, қондырғылар алуға жеңілдіктері бар. Мұндай фирмалар ірі компаниялардың өнімін бөлшек саудалаушысы болып келеді. Бұл контракт-келісімдер екі жаққа дай пайдалы: ұсақ фирмалар көмек, несие алса, ірілері ақшаларын үнемдейді және өз көмекшілерінен үнемі төлем алады.

Венчурлық фирма - ғылыми зерттеулер жүргізіп, оларды одан әрі дамытушы және аяқтаушы коммерциялық ұйым. Олар бизнесті жаңа жолға қоюмен жасайды, сондықтан егер жаңа өнім нарық сұранысына жауап бермей жатса, тұтынушының көңілінен шықпаса «жанып та» кетуі мүмкін. Мұның өзі оларға бұл шаруаны қысқа мерзімде жүзеге асыруға итермелейді. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны болып АҚШ саналады (екінші дүниежүзілік соғыстан бастап). Қазіргі уақытта олар Қазақстанда да ұйымдастырыла бастады.

Орта бизнестің ролі төменірек. Ол ірі фирмамен де, кіші кәсіпкер­лікпен де бәсекелес болғандықтан не ірі фирмаға айналып кетеді, не біржола жоғалып та кету қаупі бар. Тек жекелеген монополист фирмалар ғана (инвалид коляскасын жасаушы, қол сағаттарын жөндеуші, т.с.с. ерекше өнім шығаруға бейімделген) өз орнына ие.

Ірі бизнес өзінің аса беріктігімен анықталады. Оның нарықтағы монополистік жағдайы оған әрі көп, әрі арзан қалың тұтынушыға арналған өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Әр елде өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар. Заңдарға байланысты барлық ұйымдар (заңдық тұлға) коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.

Коммерциялықтардың негізгі мақсаты - пайда түсіру. Коммер­циялық еместер мұндай мақсатты ұстанбайды.

Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестік, өндірістік коо­пе­ратив, мемлекеттік, муниципалдық кәсіпорындар ретінде құрылады.

Шаруашылық серіктестер, өз кезегінде мына формада: толық серіктестік, сенім серіктестігі (коммандиттік), жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық, қосымша жауапкершілікті қоғамдастық, ашық не жабық акционерлік қоғам, еншілес не тәуелді т.б. кездеседі.

Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативі, қоғамдық не діни ұйымдар, қайырымдылық фондылары болып құрылады.

Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

  1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

  2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.

  3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

  4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және праволық жағдайлар

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қазметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша –қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық –кемдігі; еңбек ақы қорының артық –кемдігі; қарыз (несие) беретін мекемелердің ақша ресурстарды болуы керек т.б.

Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы шарт. Оған қоғамның рухани даму дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты.

Құқықтық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді бюрократтардан қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке праволық заңдар т.б.

Кәсіпкерліктің түрлері

  1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.

  2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

  3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

  4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

Ұжымдық – құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктектер – адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленгенмөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.

Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.

Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.

Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олрадың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.

  1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

  2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми –техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

  3. Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

  4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

  5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандардын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

  6. Финанс - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын (фирма) дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.

8.1. кесте

Кәсіпорындардың негізгі формалары

Формалар

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Жеке шаруашылық -бизнем, иесі бір адам.

  • Іс әрекеттің еркінділігі,

  • тәуелсіздік,

  • барлық пайдаға ие болу

  • Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі,

  • несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.

Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма:

  • жауапкершілігі шектеулі,

  • толық жауапкершіліктегі,

  • жауапкершілігі аралас серіктестік.

  • Ұйымдастырудің қарапайымдылығы,

  • қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл,

  • мамандандырылу-дың деңгейі жоғары,

  • өндіріс көлемін кеңейту мүмкін-шілігі мол.

  • әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі,

  • серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі,

  • құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы,

  • бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.

Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық.

  • Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі,

  • фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қаймайды.)

  • Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі,

  • акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі,

  • кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындар түрде болуы мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында формалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.

Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық – праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

  1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктістік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

  2. Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

  3. Жауапкершілігі шектелген серіктестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.

  4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.

  5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.

  6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.

  7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік правосы (құқұғы) жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

Төменгі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналасуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.

8.2. кесте

Кәсіпкерлік істің элементтері

Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1)

Бизнес –жоспарды жасақтау (2)

І-ші бөлім кіріспе

Ресурстың керектігін анықтау (3)

Кәсіпорынды басқару (4)

1.Бизнес мүмкіндігің ұзақтығы

Бизнесті сипаттау, жоспардың мазмұны

ІІ-ші бөлім

1.Керекті ресурстарды анықтау

1.Басқару стилін жасақтау

2.Бизнес мүмкіндігін іске асыру нарығы

1.Кәсіпорынды сипаттау (қортынды)

2.Қолда бар ресурстарды анықтау

2.Басқару жүесін енгізу

3.Бәсекелестікті талдау

2.Саланы талдау

3.Ресурстың керектігін теңестіру

3.Ұйымдастыру процедурасын зерттеу

4.Бизнес мүмкіндігінің нарыққа кәсіпораңға бағалылығы

3.Өндіріс жоспары

4.Маркетинг жоспары

4.Керекті ресурстармен жабдықтаушыларды анықтау

4.Жүйелі түрде талдау жүргізу (күшті және осал жерлері, болашақ қауіптер)

5.Бизнес мүмкіндігіндегі тәуекел мен пайда

5.Финанс жоспары

6. Ұйымдастыру жоспары

7.Оперативті жоспар

5.Жабдықтаушыларға жақындау қатынастарын жасақтау

5.Табыс факторларын анықтау

6.Мүмкіндіктерді кәсіпкерлік біліммен, дағдымен, тілекпен ұштастыру

8.Тиімділік есебі

Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды. Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері:

  • тәуекел

  • белсенділік

  • тәуелсіздік

  • тапқырлық

  • жауапкершілік

  • белсенді түрде іздену

Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:

  • өндірістік – тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты;

  • коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады;

  • каржылық – бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі бірақ айналым объектісіне ақша ,валюта, бағалы қағаздар жатады;

  • делдалдық – сатушылар мен сатып алушыларды табыстыратын, кездестіретін, келістіретін байланыс түрінде жүзеге асады;

  • сақтандыру – кәсіпкерліктің ерекше формасы оның мағынасы: әсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады;

Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:

  1. Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.

  2. Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.

  3. Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.

  4. Бәсеке дамуының негізін құрайды.

  5. Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.

Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж.), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж.), «2001-2002 ж.ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.

Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта

кәсіпкерліктің ролі мен орны:

  1. Шағын өндіріс нарық коньюктурасының өзгерісін икемді сезінді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарда мүмкін емес.

  2. Шағын кәсіпкерлік іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

  3. Шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады.

  4. Шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады.

  5. Шағын өндіріске ғылыми-техникалық жаңалықтардың әлемдік тәжірибеде 50% келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палориоид» типті фотоаппараттар)

  6. Шағын бизнестің әлеуметтік қиын жағдайды жұмсарту орны бөлек. Ауыр дағдарыс кездері халық осыдан жұмыс тауып, өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.

2001 жылдың басында Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерліктің 348 мың субъектілері тіркелді, бұл елдің жұмыспен қамтылғандарының жалпы санының төрттен бірін құрайды. Шағын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер саны халықтың жұмыспен қамтылғанының 40%-ке жеткізу міндеті қойылды.