- •Мазмұны
- •1. «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша
- •Факультеттің барлық бакалавриаттарына арналған силлабус
- •4. Оқу пәндерінің деректемелері:
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •Оқу пәнін оқытудың жоспары.
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәніне қойылатын талап
- •2. Глоссарий
- •3.Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәрісті оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар;
- •1. Кіріспе дәріс. Экономикалық теорияның пәні және әдісі
- •Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •Қорытынды
- •2. Шолу дәрісі. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
- •Қорытынды
- •3. Ақпараттық дәріс. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік. Экономикалық жүйенің типтері және оның даму заңдылықтары
- •Қорытынды
- •4. Дәріс. Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауарлық өндіріс. Ақша.
- •Қорытынды
- •5. Кеңестік дәріс. Нарық: түрлері, құрылымы, моделдері. Сұраныс және ұсыныс.
- •Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
- •Артықшылығы
- •Кемшіліктері
- •Құрылымы жағынан нарықты мынадый критерилерге бөлуге болады:
- •Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты. Тауарлар мен қызметтер нарығы
- •Қаржы нарығы
- •Қорытынды
- •Мәселелік дәріс. Бәсеке және монополия.
- •Қорытынды
- •Ақпараттық дәріс. Капитал (қорларының) айналымы және толық айналымы.
- •1. Инвестициялар былай бөлінеді:
- •Қорытынды
- •Қорытынды
- •9. Кеңестік дәріс. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар.
- •Еңбек нарығы
- •Жер нарығы
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •Қорытынды
- •10. Мәселелік дәріс. Ұлттық экономика жүйе ретінде.
- •Қорытынды
- •1. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
- •«Қазақстан –2030» стратегиясы»
- •Ұзақ мерзімді жеті басымдық:
- •Қорытынды
- •12. Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция.
- •Тоқырау фазасының сипаттамасы:
- •Жандану фазасының сипаттамасы:
- •Өрлеу фазасының сипаттамасы:
- •Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
- •Экономикалық циклдардың типтері
- •Қорытынды
- •13. Дәріс. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары.
- •Қорытынды
- •14. Аналитикалық дәріс. Мемлекеттің әлеуметік және аймақтық саясаты
- •Қорытынды
- •15. Кеңестік дәріс. Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу
- •Қорытынды
- •Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •2.Төмендегi өндiрiс факторларының қай тiзiмi дұрыс:
- •4.Студенттер үшін институтта оқудың баламалы құны:
- •5.Өндірістік мүмкіндіктер сызығында бір өнімді өндірудің өсуі төмендегімен сәйкес келеді:
- •1. Тест
- •3) Айналым шеңберіндегі мемлекеттің ролін анықтаңыз:
- •4) Төмендегі елдерді экономикалық жүйелер типтері бойынша жіктеңіз:
- •5) Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •7. Рента деп …. Түсіну керек:
- •Есептер:
- •2.Инфляция түрлерi:
- •Бақылау сұрақтары
- •6. Білім алушының еңбек көлемі көрсетілген өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Эканомикалық циклдардағы реттеудегі мемлекеттерді анықтау.
- •7. Семинарлық сабақ жоспары
- •Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері.
- •Дискуссия тақырыбы : «Экономикалық мектептер және қазіргі кездегі экономикалық теория»
- •Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік. Экономикалық жүйелер типтері мен олардың даму заңдылықтары.
- •Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауарлық өндіріс. Ақша.
- •Бәсеке және монополия.
- •Экономикалық сөздік жасау қажет;
- •Капитал (қорларының) айналымы және толық айналымы.
- •Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •Ұлттық экономика жүйе ретінде Сабақтың мақсаты
- •Экономикалық өсу және экономикалық цикл
- •Талдау сұрақтары
- •Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •Талдау сұрақтары
- •Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы
- •Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау;
- •8. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау
- •9.Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша
- •10.Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;
кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;
экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.
Артықшылығы
өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;
шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;
шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;
әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Кемшіліктері
нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;
қоғамда теңсіздікті туғызады;
тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;
нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.
Құрылымы жағынан нарықты мынадый критерилерге бөлуге болады:
Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:
игіліктер мен қызметтер нарығы;
өндіріс құралдарының нарығы;
ғылыми- техникалық құралдар нарығы;
құнды қағаздар нарығы;
жұмыс күші нарығы.
Нарықтарды тауарлы топтар бойынша жіктеуге болады.
өндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;
халық тұтынатын тауарлар нарығы;
шикізат пен материалдар нарығы.
Кеңестік критериі бойынша мынадай нарықтар болады.
аймақтар ішіндегі;
аймақтар аралық;
республикалық;
республикааралық;
халықаралық (әлемдік) нарықтыр.
Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:
монополиялық;
олигополиялық;
салааралық нарықтыр.
Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтыр болады:
көтерме сауда нарықтары;
бөлшек сауда нарықтары;
ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.
Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:
заңды, ресми нарықтар;
заңды емес, көлеңкеленген нарықтар.
Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты. Тауарлар мен қызметтер нарығы
тұтыну тауарларының нарығы – азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы;
қызметтер нарығы;
тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.
Өндіріс факторының нарығы
жылжымайтын мүліктер нарығы;
еңбек құрылымдарының нарығы;
шикізат пен материалдар нарығы;
қуат ресурстарының нарығы;
пайдалы қазбалар нарығы.
Қаржы нарығы
капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;
несие нарықтары;
құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.);
валюта, ақша нарықтары.
Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Экономикалық теориядағы жасырын экономика - әртүрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр әлеуметтік экономикалық салаларға лауазымдық қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.
Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.
Экономикалық мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.
Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.
Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.
Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.
Бәсекенің деңгейі
Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.
Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.
. Ұсыныс қисығы |
Ұсыныс қисығының жылжуы |
Р
S
Р1 A
B Р2
Q2 Q1 Q
|
Р S1
S0
S2
Q
|
Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді. |
Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары (азаюы). |
Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.
Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
Нарықтағы тепетеңдік. |
|
Р S
PЕ
Р
|
Мұнда: Е – сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысқан тепе-теңдік нүктесі; Ре- теңдік баға; Qе- теңдік көлем.
|
Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:
|
Теңдік бағаның өзгеруі |
Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі |
Сұраныстың өсуі |
Өсуіне |
Өсуіне |
Сұраныстың азаюы |
Төмендеуіне |
Азаюына |
Ұсыныстың азаюы |
Өсуіне |
Азаюына |
Ұсыныстың өсуі |
Төмендеуіне |
Өсуіне |
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.
Сұраныстың қисығы |
Сұраныс қисығының жылжуы |
Р Р1 А
Ро В D
Q 1 Qо Q
|
Р
D1
D
Do Q |
Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді. |
Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы). |
Икемділік – бұл сатып алушының интенсивтік реакциясын көрсететін көрсеткіш. Егер бағаның өзгерісі, сатып алу көлеміне қатты әсер етсе, онда сұраным икемді болып табылады. Ал егер, бағада үлкен өзгеріс болмаса, сұранымның бағалық икемділігі сатып алу көлемінің өзгерісін баға өзгерісінің қатынасы арқылы қарастыру керек. Сұраным икемділігі бағаға қатысты болады. Баға 1%-ға өзгерсе, сұраным көлемі салыстырмалы түрде өзгереді, сондықтан тәжірибеде абсолютті шамадан гөрі салыстырмалы шама өз рөлін атқарады.
Икемді сұраныс. |
Икемсіз сұраныс. |
Р
Р1
Р2 D
Q1 Q2 Q
|
Р
Р1
Р2 D
Q1 Q2 Q
|
ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгереді, ал жалпы түсім өседі. |
ЕPD < 1, баға өскен сайын, сату көлемі азаяды және жалпы түсім азаяды.
|
Бірлік икемділік. |
Абсолютті икемді сұраныс. |
Р
Р1
Р2
D
Q1 Q2 Q
|
Р
P D
Q1 Q2 Q
|
ЕPD = 1, бағаның әрбір 1 % өзгеруіне сұраныс көлемінде 1 % өзгереді, ал жалпы түсім өзгермейді. |
ЕPD = ∞, баға өте аз көлемде өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз көп өзгереді. |
|
|
Абсолютті икемсіз сұраныс. |
|
Р
D Р1
Р2
Q Q
|
ЕPD = 0, бұл баға көлемі өзгергенімен, сұраныстың көлемі өзгермейді. |