Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.06 Mб
Скачать

Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

-экономикалық теория пәнінің мәнін және экономикалық теорияның әдістерін оқыту.

-экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру.

-экономикалық білімнің негізгі бағыттарымен таныстыру.

Талдау сұрақтары:

  1. Экономикалық теория пәні ғылым болып қай ғасырда қалыптасты.

  2. Экономикалық теорияның даму кезеңдері:

-меркантилизм; физиократтар; классикалық саяси экономия; маркстік.

  1. Экономикалық теорияның негізгі зерттеу әдістері (8 әдіс): деректерді жинау және байқау; тарихи логикалық; анализ синтез; индукция дедукция; ғылыми абстракция; эксперименттік; модельдеу; графикалық.

Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек.

Микроэкономика; Макроэкономика; Позитивтік және нормативтік экономикалық теория; Анализ және синтез; Индукция және дедукция; Экономикалық модельдер; Функционалдық анализ, Меркантилистер; Физиократтар; Классикалық саяси мектеп; Маржинализм; Кейнсиандық мектеп; Неоклассиктер; Институционализм; Неоинституционализм.

Дискуссия тақырыбы : «Экономикалық мектептер және қазіргі кездегі экономикалық теория»

Дискуссияның мақсаты:

  • негізгі теориялармен және экономикалық мектептердің өкілдерімен танысу.

  • экономикалық мектептердің айырмашылығын анықтау,осы мектептердің және қазіргі кездегі экономикалық теорияның өзара байланысытылығын анықтау.

Дискуссияны жүргізу тәртібі:

Топ экономикалық мектептерге байланысты бірнеше топшаға бөлінеді. Әрбір топша алдын-ала бір мектеп туралы ақпарат жинап келеді. Олар экономикалық мектептердің өкілдерін, зерттеу обьектісін және негізгі бағыттарын қарастыру керек. Ойының процессінде студенттер қандай экономикалық мектеп қазіргі кездегі экономикаға көзқарастары сай келетінін дәлелдеуі керек.

Сабақтың аяғында оқытушы қай топша осы тапсырманы дұрыс орындап шыққанын анықтайды.

2-Тематикалық семинар.

Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері

Сабақтың мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әрүрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады. Экономикалық жүйені және оның түрлерін талқылау арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіну керек, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін меңгеру. Экономикалық жүйелердің жіктеу өлшемдері арқылы олардың әртүрлі болатындығын түсіну керек

Талдау сұрақтары:

  1. Қоғамдық өндіріс. Өндіріс. Бөлу. Айырбас. Тұтыну. Адам және оның шаруашылық іс-әрекеті.

  2. Маслоудың «қажеттліктер пирамидасын» пайдалану арқылы «қажеттіліктер» түсінігін талдаңыз. Неліктен адамдардың қажеттіліктері шексіз болады?

  3. Экономикалық ресурстар. Өндіріс факторлары. Экономиканың негізгі сұрақтары. Өндіріс ресурстарының шектеулілігі мен экономикалық таңдау. Тиімділік түсінігі. Өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы.

  4. Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың негізгі принциптері (рационалдылық, шектілік, максималды пайда). Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың мазмұны және түрлері.

  5. Экономикалық жүйенiң мәнi, өлшемдері және түрлері және негізгі белгілері

  6. Экономикалық дамудың қазiргi заманғы модельдерi. Әлеуметтiк бағытталған рыноктық экономика концепциясы.

  7. Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.

  8. Экономиканың түрлі типтеріндегі мемлекеттің ролі.

Қайталау сұрақтары:

  1. Қажеттіліктері мен тілектерін қанағаттандыру үшін экономикалық субъектілер өздерінің шектеулі мүмкіндіктерін қалай таңдап, қалай пайдаланады?

  2. Экономикадағы адамның ролі туралы атақты экономист ғалымдардың қандай көзқарастары бар?

  3. Экономикалық ресурстарға / қорларға/ нелер жатады?

  4. Әр түрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешіледі?

  5. Барлық қажетті тауарлар қай экономикалық жүйеде молырақ өндіріледі?

  6. Өндіріс экономикалық тиімділікте деп қандай жағдайда айтылады.

3-Бағыт беруші семинар.