Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Халықаралық сыйлықтар. Альфред Нобель.

Нобель сыйлықтары (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі. Нобель сыйлығы айрықша халықаралық сыйлық болып табылады. Жазушы немесе ғалым, мемлекеттік қайраткер. Нобель сыйлығын алған болса, бұл дегеніңіз – жазушы талантты шығарма, кітап жазғаны ғалымның маңызды ғылыми жаңалық ашқаны, ал мемлекеттік қайраткер өз елінің өмірінде прогрессивті роль атқарғаны, мүмкін әлем үшін де Нобель сыйлығы берілген адам адамзат тарихында қалады.

Альфред Нобель, танымал швед жазушысы. Ол 1833 жылы 21 қазанда Стокгольмде дүниеге келген. Оның жаңалықтары, ойлап тапқандары әлемнің барлық елдеріне белгілі болды. 1863 жылы әлемге өзін танымал еткен динамитті ойлап тапты. Нобельды динамит королі деп санады, бірақ ол өзінің ашқан жаңалықтарын адамдарды жою үшін пайдалануды қаламады. Нобель 350-ден астам жаналық ашты.

Ол 1896 жылы 10 желтоқсанда Италияда дүниеден өтті. Қайтыс боларынан бір жыл бұрын өзінің артында қалатын аса үлкен байлығы туралы аманат жазды. А. Нобель қайтыс болған соң, бұл құжатты жариялады. Оның мазмұны көпшілік үшін күтпеген және өзгеше болды. Онда оның барлық байлығы сатылуға қажетті екендігін жазған. Парижде 1895 жылы жазылған өзінің атақты аманат хатында, А. Нобель қалдырған капиталын қалай пайдалану керектігі туралы жазды. Қайтыс болар алдындағы оның қалдырған байлығы 92 млн.доллар. Осы ақшаға акция сатып алуға тиісті. Осы акция әкелетін қаржы адамзатқа үлкен пайда әкелген адамдарға сыйлық ретінде жыл сайын пайдалануға тиісті.

1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық беруді қарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған:

әдебиет

физика

химия

физиология және медицина

бүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет

Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының шамасы 10 млн (шамамен 1,05 млн евро немесе 1,5 млн $) швед кронын құрайды.

1900 жылы Нобель қоры жасалды – бастапқы капиталы 31 млн швед кронынан тұратын дербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. 1969 жылдан бастап Швед банкінің ынтасымен экономика бойынша да сыйлық сыйланатын болды. Экономика бойынша Нобель сыйлығы 1969 жылы Швед Банкімен оның 300-жылдығына орай қабылданды.

Нобель сыйлығы қорының қаржылық жұмысы табысты жүргізіліп келеді. Жыл сайын сыйлық қоры теңдей беске бөлінеді. Физика, химия, медицина және физиология

саласынадағы ғалымдарға сондай-ақ әдебиет саласындағы жазушыларға, бейбітшілікті нығайтуға қызмет еткен қоғамдық қайраткерлерге бес Нобель сыйлығы бар.

Нобель сыйлығына кандидаттарды тандау үшін, бекіту үшін арнайы комитет құрылған. Онда белгілі мамандар жұмыс істейді. Нобель сыйлығына кандидаттар бекітілген соң, олар 10 желтоқсанда Стокгольм мен Ослоға отбасымен бірге шақырылады. Стокгольмде марапаттау рәсімі 1200 адам қатысқан концерт залында өтеді. Кеш банкетпен аяқталады. Ослода бейбітшілік сыйлығын марапаттау рәсімі Норвегия королімен оның отбасының қатысуымен университетте өтеді. Мараппатаудан кейін лауреаттар өздерінің Нобельдік лекцияларын оқиды. Ол лекциялар «Нобельдік лауреаттар» деген арнайы басылымда жарияланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]