Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Бөж тапсырмасы Қазақстан-дүниежүзілік қауымдастықта

1991жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы айқын сыртқы саясат жүргізе бастады.Тәуелсіздіктің бір белгісі-еліміздің дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер тарапынан танылуы болып табылады.

Тәуелсіз жас мемлекетіміз 1992жылы 2 наурыз күні БҰҰ-ына мүше болып қабылданды.Ел өмірінде жаңа кезең басталды.Қазақстан халықаралық құқылы толыққанды субьект ретінде әлем аренасына жетті.Республикамыздың көк байрағы әлем елдері туларының қатарына қадалды.Бүгінде Қазақстанның БҰҰ,ЮНЕСКО(БҰҰ-ның білім,ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы),ЕҚЫҰ(Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы) секілді 100-ге тарта халықаралық ұйымда өкілдігі бар.Қазақстан енді әлемдік мәселелерді шешуге араласады. Қазақстан Республикасы өз болашағын әлемдік мемлекеттер қауымдастығына тығыз байланыстан көреді.Сол қауымдастықпен тығыз байланыс тәуелсіздігіміздің де, экономикалық,әлеуметтік дамуымыздың да басты кепілдерінің бірі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның басым міндеттерінің бірі- дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіру. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз-сауданың маңызды халықаралық мәселелері бойынша шешім қабылдауға белсене араласу мүмкіндігіне ие болу дегеніміз.ДСҰ-ына ену Қазақстанның нарығын кенейтуге көмектеседі,экспорт әлеуетін көбейтеді, әлемнің жүргізуші елдеріне қол жеткізуіне жол ашады.

1-тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.

2-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша түрде өз ойыңызды білдіріңіз.

Тәуелсіздіктің белгісі дегенді қалай түсінесіз?

Тәуелсіз егеменді ел болу үшін қандай шарттар қажет деп санайсыз?

Сізді қазір қандай әлемдік мәселелер толғандырады? Оларды шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?

3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып,үстеуді табыңыздар.

Асқар ертең Астанаға жүреді. Ол күлді. Алматыға қар жауды. Кеше жел соқты. Кеше туристер келді. Студенттер сессияға дайындалып жатыр. Студент дәрісханаға кірді. Кітапхана қаланың орталығында орналасқан.

4-тапсырма. Мына сөйлемдерден мезгіл үстеуді тауып көшіріп жазыңыздар.

Қыста қар, ал көктем мен күзде жаңбыр жауады. Қазір күз мезгілі. Бүгін қыркүйектің он тоғызы. Бүгін алтыншы қыркүйек. Шыңғыс төртінші курста оқиды. Бірінші қыркүйекте сабақ басталады. Автобус аялдамаға тоқтады. Раушан - мұғалім. Қанат - тіс дәрігері. Мараттың мекемесі үлкен.

ЕКІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар

Грамматикалық тақырып: Септік категориясы

Мақсаты: Берілген мәтін арқылы студенттерге қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдары туралы мәлімет беру. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.

Мәулен Балақайұлы Балақаев— қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым. Балақайұлытың ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты.М. Балақайұлы 150-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар мен монографиялық зерттеулердің авторы. М. Балақайұлының «Жай сөйлем синтаксисі» деген докторлық диссертациясы тіл білімі тарихындағы жаңалық ретінде жоғары бағаланды; әсіресе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы – синтаксистің салаларын ғылым тұрғыда жүйелеп, оның құрылымдық қызметін терең зерттеген еңбек. Балақайұлы «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің негізгі типтері» деген монографиясында синтаксистің дербес саласы ретінде сөз тіркесін алғаш зерттеді. Еңбектерінің бірқатары қазақ әдеби тілінің дамуы мен көркем әдебиет тілін зерттеу мәселелеріне арналған. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» деген монографиясы үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986) атағы берілді.

Мархабат Томановтың “Қазақ тілі тарихи грамматикасының мәселелері” (1974), “Түбірлердің дамуы туралы мәселеге” (1974), “Үстеулердің тарихынан” (1975), “Тарихи грамматика мәселелері” (1975 ж. екінші авторы – Т. Қордабаев), “Көне түркі жазуының (Орхон-Енисей) ескерткіштері” (1963), “Махмуд Қашғари (ХІ ғ.)”, “Махмуд Қашғари түркі тілдерінің фонетикалық құрылымы туралы” (1971), “Тарихи морфологияны зерттеуде көне мұраларды пайдаланудың принциптері туралы” (1976), “Көне түркі жазба ескерткіштері – қазақ тілі морфологиясының тарихын зерттеудің көзі болып табылады” (1977) сияқты туындыларының әр­қай­сысы өз алдына бір күрделі мәселенің ауыр жүгін арқалап тұр. “Қазақ лексикографиясының алғашқы нұсқасы” (1968) деп аталатын тарихи сөз­діктануға ар­нап жазған мақаласынан бастап, М.Томанов орысша-қазақша сөздіктерді құрастыруға атсалысты. Олардың ішінде екі тілді құ­ры­лыс, архитектура, физика, астрология, заң, педагогика, психология салаларына арналған салалық терминдер сөздігі бар. Көптеген терминдік сөздіктерге алғысөздер жазып, басылып шығуына мұрындық болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]