Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Бөж тапсырмасы Қазақстанның білім беру жүйесі

Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына сәйкес жасалады.

Бұл жүйе: отбасылық тәрбие; мектеп жасына дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбие мен оқыту; кәсіптік-техникалық, орта арнаулы, жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, аспирантура, докторантура,РJ докторантура) беру; кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; қосымша білім беру(екінші мамандық) сатыларынан құрылады.

Б ілім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске асырылады.1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңының қабылдауынан кейін ЮНЕСКО ұсынған Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу бағдарламасына сәйкес білім берудің ұлттық жүйесі жаңа моделі жұмыс істеуде. Оған сәйкес, үздіксіз және сабақтастық принципі негізінде білім берудің 4 деңгейі орнатылған:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (мектеп алды білім).

2. Орта білім.

3. Жоғары білім.

4. ЖОО кейінгі білім алу.

1 -тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

1 Сізге Қазақстандағы білім жүйесі ұнай ма?

2 Жақсы өмір сүру үшін білімді болу шарт па?

3 Білімділік адам санасының дамуына әсер ете ме?

4 Отбасылық тәрбиені қалай түсінесіз?

2 -тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Университетте оқу ұнай ма?

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ін неге қаладыңыз?

Әрбір адамның жоғары білімді болуы шарт па?

Қандай мамандық түрлері ұнайды?

Университетегі қандай мәселелер туралы айтқыңыз келеді?

ОН БЕСІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Жастар шетелде және бізде

Грамматикалық тақырып: Сұрау есімдігі

Мақсаты: : Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Жастар шетелде және бізде

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойынында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын.

Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», – деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Астанада «Жастар – халық бірлігі үшін» атты жалпыұлттық форумда еліміздің әр түкпірінен келген тұла бойында отансүйгіштік оты бар жас қыз бен жігіттер екі күн бойы қатарынан елдік парыз жөніндегі түйткілді мәселелерді ой таразысына салды. Жасыратыны жоқ, республикамыздың барлық өңірлерінде жастар белсенділігі күшейіп келеді. Олар әлеуметтік және қоғамдық өмірдің белортасынан табылып келеді. Форумда сөз сөйлеген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің интеллектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын жеткізді.

– Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру сіздердің қолдарыңызда, яғни, болашағымыз жастардың жауапкершілігінде, – деді Мәулен Әшімбаев. – Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Халықтың 30 пайызы жастар. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани-адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн.

Форумда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру керектігі туралы айтты. Сонымен қатар, форумға қатысушылар патриоттық тәрбие, тарихи-мәдени құндылықтарды құрметтеу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау секілді ұсыныстарды ортаға салды.

– Кешегі күн кетті, көп нәрсе қолымызға жетті, бірақ ұлттық намысымызды, тілімізді әлсіретіп алдық. Мәңгүрттенген жоқпыз, бірақ соған жақындап қалдық, – деді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан. – Біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек – жастарда. Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Форумға қатысушы жастар Мемлекет басшысының жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын қолдайтындығы туралы арнайы үндеу қабылдады. Заманның заңғар тұлғаларының бірі – Міржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе, мақтанамын», – деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен мақтанғанымыз да дұрыс шығар.

Мағжан САДЫХАНҰЛЫ.

«Дала мен қала» газеті

Назар аударыңыз!

Іс-әрекеттің басталу сәті мезгілдік ұғымды білдіретін сөзге шығыс септігі және бері көмекші сөзінің тіркесуімен беріледі. Мысалы: Мен күзден бері Астанада тұрамын. Мен спортпен өткен жылдан бері айналысамын.

Бастапқы мезгілдік шекті білдіру конструкциясы мезгіл ұғымды сөз заттанған етістікке көмектес септігінің жалғануымен беріледі. Мысалы: Көктем келісімен күн жылына бастады. Жаңа жыл басталысымен азық-түлікке бағалар өсті.

Мезгілдік ұғымды білдіретін сөздер + септеулік сөз конструкциясы әрекеттің біртіндеп өзгеруін білдіреді. Күн сайын күн жыли бастады. Жыл сайын елдегі жағдай жақсарып келеді.

Іс-әрекеттің аяқталуын білдіретін құрылым барыс септігіндегі мезгіл ұғымды сөзге дейін септеулегінің тіркесуімен беріледі. Біз таңға дейін отырдық. Біз кешке дейін биледік.

Уақыттың шек мезгіл ұғымды сөздермен берілмейтін конструкцияларда шығыс септікті сөз + барыс септікті сөз қолданылады: Біз таңнан таңға дейін жұмыс істейміз. Студенттер сессиядан сессияға дейін көңілді өмір сүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]