Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

namaz-alippesi

.pdf
Скачиваний:
580
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
3.13 Mб
Скачать

7.Мұрынға су алу (истиншақ). Истиншақ – оң қолмен мұрынға су алып, оны демменен ішке тартып, сосын сол қолмен сіңбіріп тастау;

8.Қалың сақалды саусақтармен тарамдау. Бетті жуып болғаннан кейін сулы қолдың саусақтарымен сақалды алқым жақтан бастап, жоғарыға қарай тарамдау сүннет болады. Ал селдір сақалдылар үшін сақалының түбіне су тигізу парыз етілген;

9.Бетті, шынтақпен қоса қолды және тобықпен қоса аяқтың әрқайсысын үш реттен жуу;

10.Басқа түгелдей бір рет мәсіх тарту. Ал бастың төрттен біріне мәсіх тарту парыз;

11.Құлаққа мәсіх тарту. Басқа мәсіх тартып болғаннан кейін құлақтың ішіне сұқ саусақпен, сыртына бас бармақпен мәсіх тарту сүннет саналады. Құлаққа мәсіх тарту үшін қолды қайта сулаған абзал;

12.Мүшелерді оң жақтан бастап жуу. Яғни алдымен оң қолды, сосын сол қолды және алдымен оң аяқты, кейін сол аяқты жуу;

13.Дәрет алған кезде жуылатын дене мүшелерінің тәртібін сақтау;

14.Дәрет алатын мүшелердің арасын үзбей, бірінен кейін бірін жуу;

15.Ысқылау. Денеге су құйғаннан кейін оны қолмен ысқылау;

16.Дәрет алғанда суды ысырап етпей, үнеммен пайда-

лану.

11

Дәреттің мустахабтары

Мустахаб – Пайғамбарымыз бірде істеп, бірде істемеген амалдар. Бұл амалдарды орындаған адам сауапқа ие болады, ал істемеген адам үшін күнә емес.

1.Мойынға мәсіх тарту;

2.Дәрет алған суы өзіне шашырамас үшін жоғары жерге отыру немесе су шашырамайтын жерге отырып, дәрет алу;

3.Құбылаға қарау;

4.Басқа нәрселерге көңіл аудармай, дәретіне ерекше мән беру;

5.Кең жүзікті қозғау. Ал астына су өтпейтін тар жүзікті астына су тигізу үшін міндетті түрде қозғау керек;

6.Ауыз бен мұрынға суды оң қолмен алып, сол қолмен сіңбіру;

7.Таза жерде дәрет алу;

8.Намаздың уақыты кірмес бұрын дәрет алып, дайын болу;

9.Дәрет алған кезде дүниелік сөздерді айтып, артық сөйлемеу;

10.Дәрет алып болғаннан кейін, судан дәм тату;

11.Дәрет алып болғаннан кейін кәлимаға тіл келтіріп, Пайғамбарға салауат айту, дұға жасау;

12.Дәрет алып болғаннан кейін екі ракағат нәпіл намазын оқу;

13.Дәрет алған кезде жуатын мүшелерді артығымен жуу. Мысалы, қолды жуған кезде шынтақтан асырып жуу, аяқты жуған кезде тобықтан асырып жуу;

14.Дәрет алғаннан кейін сүртінбеу.

12

Дәреттің мәкруһтері

1. Суды ысырап ету. Дәрет алған кезде суды мөлшерден артық пайдалану мәкруһ болып табылады;

2.Суды қажетті мөлшерден аз пайдалану. Суды пайдаланған кезде мәсіх секілді аз пайдалану мәкруһ болады;

3.Бетке су шашу;

4.Дәреттің бір сүннетін әдейі тастап кету;

5.Мәсіхті қолды қайта сулап, жаңадан тарту;

6.Сүннет деген ниетпен әр мүшені үш реттен артық

жуу.

Дәретті бұзатын жағдайлар

Дәретті бұзатын жағдайлардың бірі орын алғанда намаз оқу және одан өзге дәретті болуды талап ететін құлшылықтарды орындауға болмайды. Дәреті жоқ адамға намаз және Құран оқуға, Құран парақтарын ұстап, ашуға рұқсат етілмейді. Дәретті бұзатын жағдайлар төмендегіше:

1.Екі несеп жолының бірінен немесе денеден дәретті бұзатын бір нәрсе шығуы. Мысалы: зәр, жел, қан, ірің, мәзи1 және уәди2;

2.Терең ұйқы;

3.Мас болу;

4.Ақыл-естен тану;

5.Жынданып кету;

1 Мәзи–шақуатқозғанкездежынысмүшесіненбөлінетін,мөлдір, кілегейлі сұйықтық.

2 Уәди – зәр жолынан күшенгенде, дәрет сындырғаннан кейін шығатын қою, ақ түсті сұйықтық.

13

6.Ауыз толтырып құсу;

7.Намазда тұрып қарқылдап күлу;

8.Денеден қан ағу.

Дәретті бұзбайтын жағдайлар

1.Адам денесінің екі несеп жолынан басқа кез келген жерінен шыққан қан немесе сары судың денеге жүз теңгеліктің көлемінен аз жайылуы;

2.Ауыз толмай шыққан құсық;

3.Қатқан қанның қанамай үгіліп түсуі;

4.Түкірік не сіңбірікке аз мөлшерде қан араласуы;

5.Ауыз толтыра қақырық тастау;

6.Мұрыннан, құлақтан не жарадан дене құртының түсуі;

7.Жылау;

8.Дауыс шығармай езу тартып күлімсіреу намазды да, дәретті де бұзбайды.

14

МӘСІХ ТАРТУ

Дәрет алғанда аяқты жуу міндет. Бірақ жуылған аяққа киілген мәсінің сыртынан мәсіх тартуға рұқсат етіледі.

Аяққамәсіхтартудегеніміз–дәреталғанкездемәсінің сыртын ылғал қолмен сүрту.

Мәсіге мәсіх тартуға қатысты мәселелер

1.Мәсігемәсіхтартуоныдәреттіаяққакигенжағдайда рұқсат етіледі;

2.Мәсіх мәсінің үстіңгі жағына тартылады;

3.Тұрғылықты адам аяқ киіміне бір тәулік, ал жолаушы үш тәулік бойы мәсіх тартуына болады;

4.Дәреті бар адам мәсі кисе, оған келесі дәрет алу кезінде аяғын жуудың орнына мәсіх тартуына рұқсат етіледі, ал ғұсыл құйынуды талап ететін үлкен хәдәс жағдайында мәсіні шешу керек;

5.Мәсіх тартуға тыйым салынған жағдайлар:

мәсіге мәсіх тарту мерзімі аяқталса;

үлкен хәдәс жағдайында;

мәсіні шешкен болса.

Мәсіх тарту мерзімі аяқталған не адам мәсісін шешкен жағдайда, мұның алдында дәрет алған болса, онда тек аяқтарын ғана жуады.

15

ҒҰСЫЛ ҚҰЙЫНУ

Ғұсылқұйынудегеніміз–бүкілдененісуменжуу,ауыз- мұрынды шаю.

Ғұсыл құйынуды міндетті ететін жағдайлар

1.Ұйқыда не ояу кезде және осыған ұқсас жағдайларда мәнидің1 шақуатпен бөлінуі;

2.Жыныстық қатынас. Мәни бөлінбесе де еркек қасабасы басының әйелдің мүшесіне кіруі ғұсыл құйынуды міндеттейді;

3.Хайыз2 және нифас3. Әйелдер хайыз және нифастан тазарған соң ғұсыл құйыну керек.

Ғұсылдың парыздары

Ғұсыл құйыну төмендегі парыздары орындалғанда ғана дұрыс болады:

1.Ауызды сумен шаю (мадмада);

2.Мұрынға(кеңсіріккедейін)сутартып,сіңбіріптастау (истиншақ);

3.Денені түгелдей сумен жуу. Яғни, шаш пен сақалдың түбіне, құлақ қуыстары мен кіндіктің ойығына, шатқа түгелдей су тиюі керек.

1 Мәни – жыныстық қатынас кезінде, ұйқыда жатқанда немесе шақуатқа берілгенде серпінмен төгіліп шығатын сұйық зат.

2 Хайыз – әйелдерге ай сайын келіп тұратын қан, етеккір. 3 Нифас – әйелдерге босанғаннан кейін келетін қан.

16

Ғұсыл құйынудың тәртібі

Ғұсыл құйыну келесі тәртіп бойынша жүзеге асады.

1.Қолды білезікке дейін үш рет жуу.

2.Әуретті толық жуу.

3.Намазға дәрет алғандай дәрет алу.

4.Басты жуу.

5.Әуелі оң, содан кейін сол жақтан бастап бүкіл денені сумен жуу. Сондай-ақ қолтық астын, құлақ қуыстарын, кіндікті, аяқ башпайларын жуу және дененің қол жетер жерлерін алақанмен ысқылау керек.

Жүніп болған адамдарға тыйым салынған амалдар

Ғұсылы жоқ адамға төмендегі амалдарды орындауға рұқсат етілмейді. Олар:

1.Намаз оқу.

2.Тауап жасау.

3.Құранды ұстау және оны алып жүру.

4.Құран оқу. Жүніп болған кезде Құранды дауыстап та, іштей де оқуға болмайды.

5.Мешітке кіру.

17

ТАЯММУМ

Таяммум дегеніміз – су жоқ кезде немесе сумен дәрет не ғұсыл алуға шамасы келмегенде, топырақ, тасқа, құм тәрізді таза жерқыртысына екі алақанды ұрып, онымен бетті және екі қолды сүрту.

Таяммум соғуға рұқсат етілетін жағдайлар

Адам тұрғылықты не жолаушы болғандығына қарамастан дәреті бұзылғанда немесе жүніп болғанда, мына жағдайлардың біріне тап келсе, оған таяммум соғуға рұқсат етіледі:

1.Судың табылмауы не тым ұзақта болуы.

2.Жараланған не ауырған адамның суды пайдалануы ауруын асқындырып немесе сырқатынан айығуын созып жіберу қаупі туындағанда.

3.Су тым мұздай болып, адам оны пайдалану өзіне зиян тигізетінін анық білсе. Бірақ мұндағы бір шарт

оның суды жылытып алуға мүмкіндігі және моншаға баруға ақшасы жоқ болуы тиіс.

4.Су қашықта болмаса да адам өзі, отбасы не дүниемүлкі үшін немесе сапарда серіктерінен қалып қоюдан қауіптенсе. Сондай-ақ суға баратын жолда дұшпан немесе басқа қауіп тұрса яки абақтыда отырса, құдықтан су алуға арқаны мен шелегі болмаса, су жоқ есебімен бірдей саналады.

5.Су тым аз мөлшерде болып, ерте ме, кеш пе адам өзінің не басқа біреудің, тіпті иттің де ішуіне керек кезде, сондай-ақтағам әзірлеу, қамыр илеу немесе нәжісті кетіру үшін қажет болатын жағдайда суды үнемдеп, таяммум соққан жөн.

18

Таяммум соғудың тәртібі

1.Таяммум соғуды ниет ету.

2.Таяммумды «бисмилләһ» деп Аллаһтың атымен бастау.

3.Екі қол саусақтарының арасын ашық ұстап, таза топыраққа ұрып, ары-бері қозғап, бетті сипау, яғни бетке мәсіх тарту.

4.Қолдарды қайта топыраққа соғып, саусақтарды қағып тастап, сол алақанмен оң қолға, оң алақанмен сол қолға шынтақтарға дейін түгел мәсіх тарту.

Таяммум соққан адамға рұқсат етілетін істер

Су жоқ кезде соғылған таяммум дәрет пен ғұсыл орнына жүреді. Таяммум соққан адамға сумен дәрет алған адамға рұқсат етілетін істердің барлығы рұқсат саналады. Мысалы: намаз бен Құран оқу, Құран кітабын ұстау және т.б.

Таяммум үшін уақыт мөлшері белгіленбеген және бір рет таяммум соққан адам дәреті бұзылғанша барлық парыз және нәпіл намаздарын оқи береді. Таяммум арқылы тазару дәретпен тең жүреді.

Таяммумды бұзатын амалдар

1.Дәретті бұзатын амалдар таяммумды да бұзады.

2.Су таба алмай таяммум соққан адамның суды табуы.

3.Су қолдануға кедергі болып, таяммум соғуға рұқсат етілген себептің қалмауы.

19

ХАЙЫЗ ЖӘНЕ НИФАС

Хайыз – балиғат жасына жеткен әйелдерге белгілі мерзіммен келіп тұратын қан.

Нифас – әйелдерге босанғаннан кейін келетін қан.

Хайыз және нифас жағдайындағы әйелдерге тыйым салынған амалдар

1.Намаз оқу;

2.Қағбаны тауап ету;

3.Ораза ұстау;

4.Мешітке кіру. Тек айт намазы кезінде ғана оларға мерекелік намаз оқылатын жерге жақын баруға болады.

5.Жыныстық қатынас.

6.Құран оқу.

Хайыз не нифастан тазарған әйел не істеуі керек?

1.Хайыздан тазарған әйел бүкіл денесін жууға, яғни ғұсыл алуға міндетті.

2.Етеккірі тоқтап, ғұсыл құйынған әйел намаз оқуға, ораза тұтуға міндетті. Сондай-ақ оған мешітке баруға, Қағбаны тауап етуге, Құран оқуға және күйеуімен жыныстық қатынас жасауға рұқсат етіледі.

3.Егер хайыз не нифас рамазан айы басталар түнде тоқтаса, әйел ғұсыл құйынып үлгермесе де ораза тұтуға міндетті. Өйткені оған діни міндеттерді орындау бұрынғыдай толық дәрежеде парыз саналады.

20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]