Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

namaz-alippesi

.pdf
Скачиваний:
580
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
3.13 Mб
Скачать

НАМАЗ

Намаз – тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, белгілі сөздер мен қимылдардан тұратын ғибадат.

Намаз кімге парыз?

Намаз балиғат жасына жеткен, есі дұрыс әрбір мұсылманға парыз. Аллаһ елшісі : «Үш адамның:

ауруынан айыққанына дейін есінен айырылған жындының, оянғанға дейін ұйқыдағы адамның және ержеткеніне дейін сәбидің (амалдарын жазатын) қалам көтерілген», – деп айтқан (Ахмад, Əбу Дауд).

Яғни олар орындамаған құлшылықтары үшін жауапқа тартылмайды.

Ата-ана балаларына намаз оқу керектігін уағыздап, түсіндіріп, оларға жеті жасынан бастап намаз оқуды үйретуі тиіс. Балалар он жасқа толғанда намазды өз дәрежесіне сай оқығысы келмесе, оларды тәртіпке шақырып жазалауға болады. Аллаһ елшісі : «Балаларыңды

жеті жасынан бастап намазға үйретіңдер, ал он жастан бастап (намазға немқұрайды қараса), оларды ұрыңдар және төсектерін бөлек салыңдар», – деген

(Əбу Дауд, Ахмад).

Намаз үкімдері

Намаз оқу барысында орындалатын амалдардың үкімдері әртүрлі болады. Сол амалдардың үкімдеріне сай, намаздың дұрыс не бұрыстығы, толық не кемшілігі анықталады. Сондықтан әрбір намазхан намаз амалдарының үкімдерін білуі тиіс. Ол амалдар: шарт, парыз, уәжіп, сүннет, мандуб деп бөлінеді.

21

Намаздың шарттары

Намаздың шарттары дегеніміз – намаз алдында орындалатын міндетті амалдар. Олар кейде «намаздың сыртқы парыздары» деп те аталады. Олар:

1.Намаз уақытының кіруі.

2.Үлкен және кіші хәдәстан тазару. Яғни, дәреті жоқ адамдар дәрет алып, ғұсылы жоқтар ғұсыл құйынуы тиіс.

3.Дененің, киімнің және намаз оқитын жердің таза болуы және оларды нәжіс тиген жағдайда мүмкіндігінше тазарту. Бұлай ету мүлдем мүмкін болмаса, онда сол қалпында намаз оқуға рұқсат етіледі.

4.Әуреттің жабық болуы. Еркектің әуреті – кіндік пен тізе аралығы. Ал әйелдің намаз кезінде ашуға рұқсат етілетін беті мен қолының білезікке дейінгі бөлігінен басқа денесінің барлығы әурет деп есептеледі. Әйелдің киімі дененің өңін ажырата алатындай жұқа болмауы керек, егер де матадан денесінің өң-түсі көрінсе, оның намазы дұрыс болмайды.

5.Намаз оқығанда дененің және беттің тұтас құбылаға қарауы.

6.Ниет. Адам әр намазды оқуға жеке ниет етуі тиіс.

Намаз парыздары (тіректері)

Намаздың дұрыс болуы үшін міндетті түрде орындалуы тиіс бірқатар парыздары бар. Намаз парыздары «рүкін» немесе «намаздың ішіндегі парыздар» деп аталады. Намаз оқыған адам осы парыздардың бірін қалдырып кетсе, намазы дұрыс саналмайды және қабыл болмайды. Олар:

1.Тәкбиратул-ихрам(немесеифтитахтәкбірі)–намаз- ды «Аллаһу әкбар» деп бастау.

22

2.Қиям – намазда тік тұру. Қиям парыз намаздарында ғана рүкінге жатады.

3.Құран оқу. Имамға және жеке намаз оқушыға парыз және нәпіл намаздардың әр ракағатында ұзын бір аят немесе қысқа үш аят оқыса да жеткілікті.

4.Рукуғ – иілу, еңкею. Рукуғ қолдар тізеге қойылып, төмен қарай иілу арқылы жасалады.

5.Сәжде – маңдайды жерге тигізу. Сәжде жасағанда мұрын мен маңдай, екі алақан, екі тізе және башпайлардың ұштары жерге тиіп тұруы тиіс.

6.Қағдатул-ахира – соңғы отырыс. Яғни намаздың соңында «тәшәһһуд» дұғасы оқылатындай уақыт отыру.

Намаздың уәжіптері

1.«Фатиха» сүресін оқу.

2.Парыз намаздарының алғашқы екі ракағатында, сүннет және нәпіл намаздардың барлық ракағатында «Фатиха» сүресінен кейін қосымша бір сүре немесе бірнеше аяттар оқу. Ол «зәм сүресі» деп те аталады.

3.Қосымша сүрені «Фатихадан» кейін оқу.

4.Сәжде жасаған кезде маңдаймен қоса мұрынды да жерге тигізу.

5.Үш не төрт ракағатты намаздардың алғашқы екі ракағатынан кейін отыру.

6.Алғашқы және соңғы отыруда «тәшәһһуд» (әттахият) дұғасын оқу.

7.Алғашқы отыруда «тәшәһһуд» дұғасын оқып болғаннан кейін, кідірмей үшінші ракағатқа тұру.

8.Намазды сәлем берумен аяқтау.

9.Намаздың парыздарын асықпай байыппен орындау.

10.Намаздың парыздарын дұрыстап, жөнімен орындау.

23

11.Дауыстап оқылатын намаздарда Құранды дауыстап, іштен оқылатын намаздарда іштен оқу.

12.Имамға ұюшының намаздағы барлық ісқимылдарды имамға ілесіп орындауы.

13.Үтір намазында «құнұт» дұғасын оқу және оны оқудан бұрын тәкбір айту.

14.Намаздың бір немесе бірнеше уәжібінде қателессе, намаз соңында сәһу сәждесін жасау.

15.Тіләуат сәждесін жасау. Мұсылман намазда тіләуат сәждесі бар аятты оқыса, сол аятты аяқтағаннан кейін сәжде жасайды да, орнынан тұрып намазын келген жерінен әрі қарай жалғастырады.

Намаздың сүннеттері

1.Бес уақыт намаз бен жұма намазы үшін азан мен қамат айту.

2.Алғашқы ифтитах тәкбірін айтқанда қолдарды жоғары көтеру.

3.Имамға ұйыған адамның ифтитах тәкбірі имамның ифтитах тәкбіріне жақын болуы.

4.Оң қолды сол қолдың үстіне қою.

5.«Сәнә» дұғасын оқу.

6.Фатихаданбұрын«Әъузубилләһиминәш-шайтанир- ражим» мен «бисмилләһир-Рахмәнир-Рахим» сөздерін іштен айту.

7.Фатиханы оқып болғаннан кейін «әмин» деп іштен айту.

8.Имамның тәкбірлерді, «Самиъаллаһу лимән хамидаһ»-ты және намаз соңында екі жаққа берілетін сәлемдесу сөздерін дауыстап айтуы.

9.Рукуғ пен сәждеге барардағы және олардан көтерілгендегі тәкбірлерді айту.

24

10.Рукуғтан тұрғанда: «Самиъаллаһу лимән хамидаһ, Раббәнә уә ләкәл-хамд» деп айту. Имам «Самиъаллаһу лимән хамидаһ»-ты дауыстап, ал «Раббәнә уә ләкәлхамд» деген сөзді ішінен айтады.

11.Ер кісілердің рукуғта қолдарын тізелеріне қойып, саусақтарын ашып ұстауы.

12.Рукуғта үш рет «Субханә раббиәл-ъазим» және сәждеде үш рет «Субханә раббиәл-аълә» деп айту.

13.Екісәждеарасындажәнетәшәһһудқаотырғандасол аяқты жерге төсеп, оң аяқты тік ұстаған күйі саусақтарды құбылаға қарату.

14.Сәждеге бара жатқанда жерге алдымен тізелерді, сосын қолдарды, содан кейін маңдайды қою.

15.Тәшәһһудқа немесе сәжде арасында отырғанда екі қолды екі санның үстіне қою.

16.Парыз намаздарының үшінші және төртінші ракағаттарында «Фатиха» сүресін оқу.

17.«Әт-Тахият» дұғасынан кейін Пайғамбарымызғасалауат айту.

18.Барлық намаздарда сәлемнен бұрын дұға жасау.

19.Намаз соңында әуелі оңға, содан кейін солға сәлем

беру.

20.Намаз оқитын жердің алды жағына сутра1 қою.

Намаздың мәкруһтері

Төмендегі амалдар намаздың мәкруһтеріне жатады:

1.Намаз уәжіптерінің бірін әдейі қалдырып кету. Бұл жағдайда намаз бұзылады, ол намазды қайта оқу керек.

2.Намаз сүннеттерінің бірін әдейі қалдырып кету.

1 Сутра – намаз оқып тұрғандардың алдынан өзге біреу кесіп өтпеу үшін қойылатын қалқа. Сутраның қызметін сөмке, кітап секілді адамның алдын бөгеп тұратын кез келген зат атқара алады.

25

3.Дәрет қыстап тұрғанда намаз оқу.

4.Отқа қарап намаз оқу.

5.Адамның не жануар сияқты жаны бар нәрсенің суретіне қарап намаз оқу.

6.Екі иығы жалаңаш күйде не іш киіммен намазға тұру.

7.Намазда көздерді жұму не аспанға қарау.

8.Намаз уақытының шығып кету қаупі жоқ кезде дайын болған асты жемеу.

9.Ойды алаңдататын және көңілді бөлетін заттардың қасында намаз оқу.

10.Екінші ракағатта бірінші ракағаттан үш не одан көп аят асыра оқу.

11.Сүре не аят тәртібін бұзып оқу.

12.Бір сүрені екі ракағатта оқу.

13.Намаз табиғатына сай келмейтін жерлерде намаз оқу. Мысалы: монша, малқора, қоқыс төгетін жер.

14.Намазды бұзбаса да, қажетсіз іс-әрекеттерді жасау.

15.Намазда есінеу.

16.Намазда сіңбіру, түкіру, саусақтарды айқастыру, шатырлату тәрізді әдепсіз қылықтар жасау.

17.Ұйқы қысып тұрғанда қосымша түнгі намаз оқу.

18.Мешітте бір жерді ғана намаз оқуға әдет етіп алу.

19.Намазда бүйірін таяну.

Намазды бұзатын амалдар

Төмендегі жайттардың бірін істеп қойған адамның намазы бұзылады және бұл намазы қабыл болмайды. Ол адам намазды басынан қайта оқу керек. Олар төмендегіше:

1.Намазда сөйлеу;

2.Бір нәрсе ішіп-жеу;

26

3.Намаз тіректері, шарттары немесе уәжіптерінің бі-

рін әдейі қалдырып кету, мысалы, намаздың Құран оқу, рукуғ, сәжде, соңғы отырыс сияқты рүкіндерін жасамау. Ал уәжіптердің бірін шатасып, байқамай тастап кетсе, намаз бұзылмайды. Бірақ ол намаз аяғында сәһу сәждесін жасайды.

4.Намазда басы артық қимылдардың көп болуы, яғни сырттан қараған адам бұл намаз оқып тұрған жоқ деп ойлап қалатындай жағдай.

5.Күлу;

6.Кеуденің құбыладан басқа жаққа бұрылуы;

7.Әуреттің ашылуы;

8.Дәреттің бұзылуы;

9.Есінен танып қалу, ақылдан адасу;

10.Әйелдермен қатар тұрып қалу;

11.Қандай да бір қимылды имамнан бұрын істеу;

12.Таяммуммен намаз оқып жатқан адамның су

көруі;

13.Мәсіге мәсіх тарту мерзімінің аяқталуы және т.б. жатады.

Сәһу (жаңылысу) сәждесі

Сәһу сәждесі – намазда кеткен қателіктерді түзету мақсатында орындалатын екі сәжде.

Сәһу сәждесі қалай жасалады?

Намазбарысындақателескенадамнамазындағысоңғы отыруда «әт-тахият» дұғасын оқып болғаннан кейін, оң жаққа сәлем беріп, екі рет сәһу сәждесін жасап, қайтадан «әт-тахият»,«салауат»жәнесәлемненбұрынғыдұғаларды оқып, екі жаққа сәлем берумен намазды аяқтайды.

27

Сәһу сәждесі намаздың бір немесе бірнеше уәжібін шатасып орындамай кеткенде және мына жағдайларда жасалады:

а) Намаз аяқталмай тұрып сәлем беру. Мұндай жағдайда ол орнынан тұрып намазды келген жерінен жалғастырып, толық аяқтауы керек, сонан соң оң жаққа сәлем береді де, екі рет сәжде жасайды.

ә) Намазда қандай да бір нәрсені артық орындау.

б) Екінші ракағаттан кейінгі тәшәһһуд оқу үшін отыруды ұмытып кету. Бірінші отырысты қалдырып, орнынан түрегелген адам мұнысы толық көтерілгенге дейін есіне түссе, тәшәһһуд айту үшін қайта отыруы тиіс. Ал егер толық түрегеліп қойса, онда қайтып отырмайды. Ол кісі намаз соңында қателігін түзеу үшін сәһу сәждесін жасайды.

в) Қанша ракағат оқығанын ұмытып қалса не ракағат санынан жаңылысып кетсе.

Ескерту: Орындалған ракағат санынан күмәнданған адам көңіліндегі аз санға тоқталуы керек.

28

Намаз уақыттары

Әр намаз өз уақытында оқылуы керек. Өйткені Аллаһ тағала: «Расында намаз мүміндерге уақыты белгіленген парыз болды», – деген (Ниса, 103).

1.Таң намазының уақыты таң атқаннан күн шыққанға дейін.

2.Бесін уақыты күн төбеден ауа бастағаннан, әр заттың көлеңкесі өзінен екі есе ұзын болғанға дейін.

3.Аср намазының уақыты бесіннің шығуынан күн батқанға дейін жалғасады.

4.Шам намазы күн батқаннан қызыл шапақ семгенге дейін оқылады.

5.Құптан намазы қызыл шапақ семгеннен таң атқанға дейін оқылады.

Намаз оқуға тыйым салынған уақыттар

Пайғамбарымыздың сүннетінде намаз оқуға тыйым салынған уақыттарда бар. Олар:

1.Күн көкжиектен көрінгеннен бастап, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт.

2.Күндәлтөбегешықаннанбатысжаққаауабастағанға дейінгі уақыт.

3.Аср намазынан кейін күн батқанға дейінгі уақыт.

29

ТАҢ НАМАЗЫ

Таң намазы екі бас сүннет және екі бас парыздан тұрады.

Таң намазы кіргенде құбылаға қарап, төмендегідей азан шақырады:

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Әшһәду әллә иләһә илләллаһ! Әшһәду әллә иләһә илләллаһ!

Әшһәду әннә Мухаммәдәр-расулуллаһ! Әшһәду әннә Мухаммәдәр-расулуллаһ! Хәййя ъаләс-саләһ!

Хәййя ъаләс-саләһ! Хәййя ъаләл-фәләх! Хәййя ъаләл-фәләх!

Әс-саләту хайрум минән-наум! Әс-саләту хайрум минән-наум! Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Лә иләһә илләллаһ!

Азаннан кейін мына дұға оқылады:

«Аллаһумма Рабба һәзиһид-даъуәтит-тәәммәти, уәс-саләтил-қа-имати әәти Мухаммәдәнил-уәсилә- тә уәл-фәдиләтә уәбъасһу мәқамән махмудәнилләзи уәъадтәһ».

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]