Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

namaz-alippesi

.pdf
Скачиваний:
580
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
3.13 Mб
Скачать

НАМАЗ ƏЛІППЕСІ

Құрастырған: Р.Мухитдинов

Алматы, 2013

УДК 28

ББК 86.38 Н20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫНАН ОҢ ҚОРТЫНДЫ БЕРІЛГЕН

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ МАҚҰЛДАҒАН

Н20 Намаз әліппесі/ Құраст. Р.Мухитдинов. – Алматы: «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013. – 96 бет.

ISBN 978-601-7016-33-3

Бұл еңбекте күнделікті оқылатын әр намаздың орындалу тәртібі, намазда және одан кейін оқылатын Құран аяттары мен дұғалар жеке-жеке берілген.

Кітап намазды жаңа бастаған бауырларымызға арналған.

УДК 28

ББК 86.38

ISBN 978-601-7016-33-3 © «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013

Алғы сөз

Намаз – діннің тірегі әрі ол әрбір мұсылманға парыз болғандықтан, оның қалай орындалатынын міндетті түрде білу қажет. Ал намаз оқудың белгіленген уақыты, айтылатын сөздері мен жасалатын амалдарын Мұхаммед пайғамбарымыз үйретіп, оның сахабалары мен имамдартүсіндіріпкеткен.Бізнамазоқудыңүлгісінғұламалар көрсетіп кеткен тәртіп бойынша орындауға міндеттіміз.

Аллаһқа шүкір, қазіргі күнде қоғамымызда намаз оқушылардың саны көбейіп келеді. Солардың ішінде намазды үзбей бес уақыт оқитындар қаншама. Қазақ елі егемендігін алғалы намаз оқуға үндейтін және намаз оқуды үйрететін көптеген кітаптар жарық көрді, жарық көріп те жатыр. Бұл еңбектердің барлығы да халықтың игілігіне жарап, «намаз үйренемін» деушілерге белігі дәрежеде көмегін тигізуде. Дегенмен намаз оқуды үйрететін кітапшалардың көпшілігі екі ракағатты намаз оқу үлігісін беріп, қалған намаздарды осы үлгі негізінде оқылатындығын ескертіп қана кетеді. Бірақ намаз оқуды енді ғана бастағандар бес уақыт намаз оқудыңретін,намазбарысындағыкейбірсәттердішатастырып алып жатады. Осы кемшілікті жою мақсатында бес уақыт намаздың оқылу үлгісін жеке-жеке талдап түсіндіретін еңбектерді шығару қажеттілігі туып отыр. Мінеки, осындай себептермен «Кәусар» баспасы біздің баспа бес уақыт намазды егжей-тегжейлі түсіндіретін кітапша шығаруды ұйғарды.

Редакция

3

КІРІСПЕ

Ислам діні бес тірекке негізделген: Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ және Мұхаммед Аллаһ елшісі екендігіне куәлік беру; намаздарды өз уақытында барлық қажетті шарттары мен парыздарын сақтап, сүннеттері мен әдептерін де қоса орындау; зекет беру; рамазан айында ораза тұту және шама-шарқы келетін, азық-ауқаты, көлігі сияқты жол жабдығы бар, отбасындағылары мен қарамағындағылардың нәпақасы жеткілікті адамға өмірінде бір рет қасиетті Қағбаға қажылық жасау. Аллаһ елшісі Ислам тіректері тура-

лы: «Ислам бес нәрсеге: Аллаһтан өзге құлшылыққа

лайықты ешбір құдай жоқ және Мұхаммед – Аллаһ елшісі екеніне куәлік беруге, намаз оқуға, зекет беруге, Аллаһтың үйіне қажылық жасауға және рамазан айында ораза тұтуға құрылған», – деп айтқан (əл-

Бұхари, Муслим).

Осы тіректердің бірі – намаз. Намаздың қадір-қасиеті туралы Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде көптеген мәліметтер келген. Мысалы,

Аллаһ тағала: «Әрі сондай намаздарын (уақытында оқып) ұқыптылық істегендер. Міне, солар – пейіштерде құрметке бөленетіндер!» (Мағариж, 34-35);

«... және намазды орында. Расында намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды» (Анкабут, 45);

«Намаздарына немқұрайды қарап намаз оқушыларға үлкен қасірет!» (Мағун, 4-5);

«Намаздарында жан-тәнімен беріліп тұратын мүміндер құтылды!» – деген (Муминун, 1-2).

4

(əт-

Аллаһ елшісі : «Қалай ойлайсыңдар, қайсыбі-

ріңнің есігінің алдынан өзен ағып жатса және ол өзенге күніне бес рет жуынса, денесінде бірер кір қалар ма еді?» – деді. Сахабалар: «Жоқ, онда ешқандай кір қалмайды?» – деді. Сонда ол : «Дәл солай Аллаһ (тәулігіне оқылатын) бес уақыт намаз арқылы сендерді күнәлардан тазартады» (əл-Бұхари, Муслим);

«Кімде-кім таң намазын жамағатпен оқып, сосын күн шыққанға дейін Аллаһты еске алып отырса, сосын екі ракағат намаз оқыса, толық, толық және толыққажылықпенумраныңсауабындайалады»

Тирмизи);

«Қиямет күні пендеден ең бірінші есеп алынатыны – намаз. Егер намазы дұрыс болса, оның қалған амалдары да дұрыс болады. Ал егер (намазы) дұрыс болмаса,қалғанамалдарыдадұрысболмайды», – деп айтқан (əн-Нəсəи, əт-Табарани).

Осы аяттар мен хадистер намаздың дінде аса маңызды орын алатынын көрсетеді.

5

Әжетхана әдептері

Ислам шариғатында тән тазалығы әжетханадан басталады. Сондықтан әрбір мұсылман әжетхана әдептерінен хабардар болуы қажет.

1.Әжетханаға Аллаһтың есімі жазылған зат алып кірмеу. Алайда ол затты жоғалтып алудан қауіптенген жағдайдаарнайысөмкегесалыпнебірматаменорапалып кіруге болады.

2.Адамдардан жыраққа кетіп, көзден таса жерге бару. Бұған, әсіресе, үлкен дәретке отырғанда айрықша мән беру керек.

3.Әжетханаға кіруден бұрын және шыққаннан кейінгі дұғаларды оқу.

Кірералдында:«Аллаһумма,инниәъузубикәминәлхубуси уәл-хабаис»;

Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Өзіңнен еркек және ұрғашы шайтандардың (кесірінен) пана сұраймын».

Шыққаннан соң: «Ғуфранәк», – деу. Мағынасы: «Өзіңнен кешірім өтінемін».

4.Әжетханада Аллаһ есімін айтпай, сәлемге жауап қайтармай, үнсіз отыру. Әжетханада отырғанда, аса бір қажеттілік туар болса, мысалы, соқыр кісі адасып, басқа бағытқа бет алып бара жатқанда жол нұсқау үшін сөйлеуге болады. Түшкірген жағдайда Аллаһқа айтылатын мадақты көңілге ойша алу керек, тілді қозғап іштей айтуға болмайды.

5.Құбыла тарабына алдын я артын қаратып отырмау.

6.Нәжіс киімге және денеге шашырамас үшін жұмсақ әрі төменірек жерге отыру.

6

7.Түрлі жәндіктер мен бауырымен жорғалаушыларға зиян тигізбес үшін іннің я қандай да бір тесіктің үстіне отырмау.

8.Жолдарда, адамдар демалатын немесе әңгімелесіп отыратын орындарда дәрет сындырмау.

9.Адамдар шомылатын жерлерде, көлшік пен ағын суларға кіші дәрет сындырмау.

10.Кіші дәретті түрегеп тұрып сындырмаған абзал, өйткені бұл ұят, әдепке жат саналады әрі киімге, денеге зәр тамшылары шашырауы мүмкін. Егер зәр тамшылары шашырамайтыны анық болса, онда түрегеп дәрет сындыруға рұқсат етіледі.

11.Нәжіс шығатын екі мүшені сумен және тас, кесек немесесоғанұқсасқаттыәрітазазаттарментазалауміндетті. Алдымен кесекпен, одан кейін сумен тазалаған абзал.

12.Нәжіс шыққан жерлерді сол қолмен жуу.

13.Іш дәрет алғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе топырақпен тазалау лазым.

14.Әжетханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек.

Дәрет қалай алынады?

Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда) беттеріңді және шынтақтармен

қоса қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар жәнетобықтарменқосааяқтарыңды(жуыңдар)», – деген

(Мəида, 6). Осы аятта Аллаһ тағала бізге дәрет алған кезде жуылуы немесе мәсіх тартылуы тиіс дене мүшелерін атап кеткен.Мұхаммедпайғамбар бұлаяттағыбұйрықтың мәнінөзісіментүсіндіріпкеткен.Пайғамбардың дәрет алғанда ұстанған тәртібі келесі суреттерде беріледі:

7

1

2

Қолды білезікке дейін үш

Ауызды шаю.

рет жуу.

 

Мұрынды шаю.

3

Бетті үш рет жуу.

4

5

6

Әуелі оң қолды шынтақпен

Кейін сол қолды шын-

қоса үш рет жуу.

тақпен қоса үш рет жуу.

8

7

8

Басқа мәсіх тарту.

Құлақтардың іші-сыртына,

 

мойынға мәсіх тарту.

9

Оң аяқты тобығымен

Сол аяқты тобығымен

қоса жуу.

қоса жуу.

Дәрет алып болған соң: «Әшһәду әллә иләһә

илләллаһу, уәхдәһу лә шәрикә ләһу, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ъабдуһу уә расулуһ», – деп айту.

Мағынасы: Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ, Оның серігі жоқ жалғыз екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін.

9

Дәреттің парыздары:

1.Жүздібірретжуу.Жүздепмаңдайдағышаштыңшыққан жерінен бастап иектің соңына дейін және екі құлақ арасын атайды. Дәрет алған кезде осы аралықтарды жуу керек;

2.Екі қолды шынтақпен қоса бір рет жуу;

3.Бастың төрттен біріне бір рет мәсіх тарту;

4.Екі аяқты тобықпен қоса бір рет жуу.

Осы аталған төрт парыздың бірі кем болса, дәрет дұрыс деп есептелмейді және онымен намаз оқуға болмайды.

Дәреттің сүннеттері

1.Ниет. Ол – дәрет алудыжүрегімен бекіту. Ниетті тілмен айтудың қажеті жоқ;

2.«Бисмиллә»-мен бастау. Жалпы әрбір ізгі амалды Аллаһтың атымен бастаған дұрыс;

3.Дәретті бастаған кезде алдымен екі қолды білезікке дейін жуу;

4.Қолдың саусақтары мен аяқтың бармақтарының арасын жуу. Егер аяқтың бармақтарының арасы тығыз болса, онда олардың арасына саусақтар арқылы су жеткізу парыз;

5.Ауызды шайған (мадмада) кезде, мисуак немесе тіс щеткасын пайдалану. Мисуакты пайдалануға қатысты көптеген хадистер келген;

6.Мадмаданы үш рет жасау. Мадмада – ауызға су алып, ауыздың барлық қуыстарына суды жеткізу үшін арлы-берлі шайқап, төгіп тастау. Ал ораза кезінде ішке су кетіп қалмау үшін мадмаданы абайлап жасаған жөн;

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]