Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-5279.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

3.2 Дәріс сабақтарының тақырыптары және мазмұны

  1. Кіріспе. Сыртқы күштер жүйесiн топтау және ықшамдау қадалған және таралған күштер; берiлген күштер және тұғыр реакциялары; статикалық және динамикалық күштер; тұрақты және айнымалы күштер. Орын ауыстыру және оның түрлерi. Сызықтық және бұрыштық деформация.

  2. Қию әдісі. Кернеу.Негiзгi қағидалар Iшкi күш ұғымы және қималар тәсiлi. Кернеу және оның түрлерi: толық, тiк және жанама кернеу. Кернеулi және деформацияланған күйлер.

  3. Түзу сырықтардың созылуы және сығылуы. Түзу сырықтардың созылуы және сығылуы. Бойлық күштер эпюрi. Жалпы түрде орналасқан қима­дағы кернеулер және нүктедегi кернеулi күй. Бiр өстi кернеулi күй және Гук заңы. Серпiмдiлiк модулiнiң бiрiншi түрi және оның физикалық мағынасы.Созылу, сығылу кезiндегi деформацияланған күй. Көлденең деформация (Пуассон) еселiгi. Бойлық бағыттағы орын ауыстырулар. Потенциялық энергия. Жергiлiктi кернеулер. Кернеудiң шоғырлануы туралы ұғым және соған мысалдар.

  4. Конструкциялық материалдардың созылу, сығылу кезiндегi механикалық сипаттамалары.Созылу диаграммасы және оны сипаттаушы шамалар. Созылудың нақты диаграммасы. Материалдардың сығылу кезiндегi механикалық сипаттамалары. Сығылу диаграммасы. Материалдардың механикалық сипаттамаларының температураға және күш түсiру жылдамдығына тәуелдiлiгi.

  5. Созылу және сығылу кезiнде берiктiк пен қатаңдыққа есептеу.Межелiк күй ұғымы. Қауiпсiз кернеу және қауiпсiз күш негiзiнде берiктiк пен қатаңдыққа есептеу. Қауiпсiздiк еселiгi. Берiктiкке есептеу түрлерi. Статика­лық түрде анықталмайтын жүйелер.

  6. Ығысу. Бұрыштық деформация және ығысу кезiндегi Гук заңы. Ығысу модулi. Ығысу диаграммасы. Көлденең және симметрия өсi арқылы өтетiн бойлық жазықтықтадағы кернеулер. Ығысу жағдайындағы кернеулi күй. Ығысу деформациясының меншiктi потенциялық энергиясы. Жанама керне­улердiң жұптық заңы. Бойлық өске көлбеу жазықтықтардағы кернеу­лер. Таза ығысу жағдайындағы элементтегi ең үлкен тiк кернеулер.

  7. Түзу өсті дөңгелек көлденең қималы сырықтардың бұралуы. Негізгі түсініктер. Бұралу моменті. Түзу өсті дөңгелек көлденең қималы сырықтардың бұралуы. Бұралған біліктегі деформация мен орын ауыстыру. Берiктiк пен қатаңдыққа есептеу. Бұралғандағы потенциалдық энергиясы.

  8. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. Ауданның статикалық моментi. Орталық өстер. "Ауырлық" орта­лығы. Ауданның өстiк, өрiстiк және полюстiк инерция моменттерi. Инерция радиусы. Бас инерция өстерi. Ауданның бас инерция моменттерi.

  9. Түзу сырықтардың иілуі.Көлденең күштер мен июшi моменттердi анықтау. Июшi момент, көлденең күш және сыртқы күш қарқындылығының дифференциалдық (Журавский) байланыстары. Таза иiлу кезiндегi сырықтың көлденең қи­масындағы тiк кернеулер. Көлденең иiлу кезiндегi жанама кернеулер (Журавский формуласы). Иiлу деформациясының потенциялық энергиясы. Иiлу кезiндегi орын ауыстырулар. Иiлген сырықтың серпiмдi өсiнiң дифференциалдық теңдеуi және оны интегралдау. Иiлу кезiндегi сырық қатаңдығы.

  10. Түзу сырықтардың иілуі кезінде беріктікке есептеу.Сырықтарды иiлуге берiктiкке есептеу. Қиманың тиiмдi пiшiн­дерi. Құранды сырықтардың берiктiгi. Серпімді деформацияның толық потенциялық энергиясы. Орын ауыстыруларды анықтаудың жалпыланған тәсілдері.

  11. Қиғаш иілу. Қатаң білеулердің орталықтан тыс созылуы мен сығылуы.Қиғаш иiлу. Қатандығы үлкен сырықтың орталықтан тыс созылуы және сығылуы. Қимада кернеудiң таралуы. Бейтарап сызық. Қима өзегі. Дөңгелек көлденең қималы сырықтардың иіле бұралуы. Сырық қимасында тiк кернеудiң таралуы.

  12. Кернеулі және деформацияланған күй теориялары.Нүктедегi кернеулi күй. Кернеу құраушылары. Жалпы түрде орналасқан жазықтықтағы кернеудi анықтау. Бас кернеулер. Кернеулi күйдiң диаграммалары (Мор дөңгелектерi). Жиi кездесетiн кернеулi күйлердi талдау. Нүктедегi деформацияланған күй. Деформация құраушылары және оларды жіктеу. Деформацияланған күйдiң бас өстерi және бас деформациялар. Жалпыланған Гук заңы. Көлемдiк деформация. Меншiктi потенция­лық энергия. Көлем өзгертуге және форма өзгер­туге жұмсалатын энергия үлестерi.

13. Беріктік теориялары. Күрделi кернеулi күй жағдайында материалда пластикалық де­формациялар пайда болатын күйi - пластикалық межелiк күй. Жұмса­ру шегiне қатысты жалпыланған қауiпсiздiк еселiгi. Барабар (эквиваленттi) кернеулi күй және барабар кернеу..

14. Деформацияланатын серпімді жүйелер-дің тепе-теңдік күйінің орнықтылығы. Деформацияланатын серпімді жүйелердің тепе-теңдік күйінің орнықтылығы. Эйлер есебі. Пластикалық деформация жағдайындағы орнық­ты­лық. Ясинский формуласы

15. Динамикалық күштер. Негізгі түсініктер. Бойлық және көлденең соққы. Динамикалық еселік. Инерция күштерінің әсеріне беріктікке есептеу.

    1. Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары, олардың құрылымы және көлемі

  1. Теориялық механика негiздерiн қайталау. Абсолют қатты де­нелер жүйесiнiң тепе-теңдiк теңдеулерi. Тұғыр түрлерi және олар­дың реакциясын анықтау. Статикалық түрде анықталған созылған (сығылған) жүйелер. Ішкі күштердің эпюралары. (3 сағ.)

  2. Созылу мен сығылу кезінде беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Қауіпті қималарды анықтау. Тексеру және жобалау есептері. Қатаңдық көрсеткіштері. (2 сағ.)

  3. Түзу сырықтардың бұралуы. Статикалық түрде анықталған және анықталмаған жүйелер. Ығысуға беріктікке есептеу. (2 сағ.)

  4. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. (2 сағ.)

  5. Иiлген сырықтар­дағы iшкi күштер Статикалық түрде анықталатын иiлген сырықтарды берiктiкке есептеу. Беріктік шарты. Иiлген сырықтардағы сызықтық және бұрыштық орын ауыстыру­лар. (2 сағ.)

  6. Қауiптi қималар мен қиманың қауiптi нүктелердегi кернеулі және деформацияланған күй. Бас кернеулер мен бас деформациялар. Берiк­тiк теорияларын пайдаланып берiктiкке есептеу. (2 сағ.)

  7. Бойлай сығылған жiңiшке сырықтардың дағдарыс күшiн Эйлер тәсiлiмен анықтау. Бойлай сығылған сырықтарды сығушы негізгі қауiпсiз кернеудiң ша­масын кемiту жолымен орнықтылыққа есептеу. (1 сағ.)

  8. Жүйелердi инерция күштерiнiң және соққының әсерiне есептеу. (1 сағ.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]