Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЭС-880 .doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
2.64 Mб
Скачать

3.12. Тарату қондырғысының құрылысының түсініктемесі.

Тарату қондырғылары, ашық ауада орналасқан болса онда ол ашық тарату қондырғылары деп аталады. АТҚ-жұмыстың сенімділігін, қауіпсіздік және құрылыстағы минималды шығындардың қызмет ету ыңғайлылығын үлкею мүмкіндігін, ірі блокты тіректің заводтағы дайындалуының максималды қолданылуы қамтамасыз етілуі керек.

Тоқ өткізгіштік бөлімдерінің арасындағы қашықтық және содан әр түрлі АТҚ элементтері ПУЭ талаптарына сәйкес таңдалуы қажет. АТҚ-ның барлық шығындары жоғары емес негізінде тұрады.

Жартылай ажыратқыштардың иілу басының тізбегіне үш қатарлы ажыратқышты қондырғы компоновкасы кеңінен қолданылады. Бұндай АТҚ-да құрылыс жолының үш қатарлы өшіргіш көлденеңінен болуы, тордың ұзындығының көбеюіне көмектеседі.

АТҚ-500 кВ дәл осындай компоновкадан 249,4 м торының ұзындығына ие, ал тордың қадамы 28 м. АТҚ жалпы көлемі сонша өседі, оны электр стансасының алаңына сыйдыру қиынға түседі. АТҚ-500 кВ көлемін азайту мақсатында басқа да компоновкаларды пайдалануы мүмкін, мысалы, ажыратқыштарды екі қатарға шахмат тәрізді орнату. Құрылыстағы үш қатарлы жолға көлденең үш қатарлы ажыратқыштан қарсылық болуы мүмкін. Егер орындықтың биіктігі жабдықтың астында 4 метр болса, онда ол жөндеу-монтажының механизмінің және көрші тізбектегі кернеуді өшірмей жұмысқа дайындығы қамтамасыз етіледі. АТҚ-ның ұзындығы оқшауламаның санының көптігіне, шиналауының ұзындығына себеп болады. Аспалы айырғыштардың қозғалмалы бөлігі оқшауламаның гирляндасында тіректің траверсісіне, порталына, консальға асылады. Қозғалмайтын бөлігі тоқ трансформаторында жөнделеді, кернеу мен тірек оқшауламасында. Ажыратқыштардың қозғалатын бөлігінің түсуі және көтерілуі иілгіш троспен жүргізіледі, ажыратқыштың жетегінің блогымен байланысты. Өшірілген тізбектерді жерлендіру үшін тізбекке телескопиялық жерлендіру қолданылады.

Қарастырылып отырған компоновка 500 кВ желідегі шунттаушы реактордың қондырғыларын қарастырады.

АТҚ екі жұмысшы және бір ауыспалы жүйелік шинасының сұлбасының конструкциясы қарастырылған. Бұл жағдайда өшіргіштің астында шиналау жоқ болады, полюстер арасында жол өтеді, және арнайы аппараттарға жол қажет етпейді. Автокрандар және басқа жөндеу механизмдерін өшіргіштердің тура жолында орнатылады.

Жобаланған АЭС-1200 мВт электр стансасында 500 кВ кернеу жағында екі жүйелік шина және үш ажыратқыш екі тізбекке қолданылады.

Әрбір байланыс екі ажыратқыш арқылы қосылады. Қалыпты режимде барлық ажыратқыштар қосулы, екі жүйелік шина кернеу астында болады. Әр ажыратқышты тексеру үшін ажыратқышты және айырғышты өшіреді, ажыратқыштың екі жағында орнатылған.

Сұлбаның жетістіктері: әрбір ажыратқышты тексергенде барлық байланыста жұмыста қалады. Жартылай, сұлбаның тағы бір жетістігі ол мысалы, оның жоғары беріктігі болып есептеледі, жинақтаушы шинада зақымдалу болғанда да барлық тізбектер сияқты жұмыс қалпында қалады. Егер біріңғай қоректендіру көздері мен желілері онда екі шиналар жүйесі сөндірілген кезде де барлық тізбектердің жұмыстары сақталады, тек қана кернеудің жоғары жағындағы қатар жұмысы істен шығады.

Сұлбаның кемшіліктері: екі ажыратқышы бар желідегі қысқа тұйықталуды өшіру, бұл ажыратқыштың жалпы жөндеу жұмыстарын көбейтеді, қоспалардың тақ санының болуы немесе тарату қондырғысының қымбаттауына әкеп, сол себепті, екі ажыратқыш бір тізбек арқылы жалғануы керек. Егер желінің саны трансформатордың санына сәйкес келмесе онда сұлбаның сенімділігі кемиді. Осы жағдайда бір тізбекке үш ажыратқышқа екі бір атты элементтер жалғанады, сондықтан екі желінің бір уақытта апатта өшуі мүмкін; реле арқылы қорғау тізбегінің қиындылығы сұлбадағы ажыратқыштың санының өсуі 220кВ жағында екі жұмысшы және ауыспалы жүйелік шина қолданылады.

Бұл сұлбаның жетістіктері:

1. І, ІІ шиналар жүйесінің кезекпен жөндеуге шығарудың мүмкіндігі.

2. Кез-келген ажыратқышты ауыспалы ажыратқышпен ауыстырғандағы жөндеу жұмысының шығу мүмкіндіктері.

3. Сұлба сенімді.

Бұл сұлбаның кемшіліктері:

  1. Айырғыштардың үлкен мөлшердегі және қосымша ажыратқыштардың қондырғысы сұлбаның қымбаттауына алып келеді.

  2. Айырғыштарды коммутациялық ретінде қолданылып кезекші адам қимылының қателігіне алып келуі мүмкін.

  3. Егер ауыспалы ажыратқыштың жұмысы кезінде қысқа тұйықталу болса, онда қалған барлық ажыратқыштар өшеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]