Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЭС-880 .doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
2.64 Mб
Скачать

3.13. Жерге тұйықтағыш қондырғысын есептеу.

Сурет 3.13.1

Ауданы:140 х 130м2

ρ1 = 150 Ом∙м

h1 = 2 м

ρ2 = 60 Ом∙м

tр,з = 0,12 с

tотк,в = 0,01с

Lг = 9 ∙140 + 9 ∙130 = 2430 м

Жанасу коэффициенті:

Мұндағы, М = 0,69 при

Жерлендіру потенциалы:

Жерлендіру қондырғысының кедергісі:

Квадрат қабырғасы бойынша ұяшық саны:

қабылдаймыз m = 8.

Есеп модуліндегі жолақ ұзындығы:

Ұяшық қабырғасының ұзындығы:

а/lВ = 2 контур периметрі бойынша тік жерлендіру саны

қабылдаймыз nВ = 54

Тік жерлендірудің жалпы ұзындығы:

Lв = lв ∙ nв = 10 ∙ 54 = 540 м

Қатысты тереңдігі:

Сонда:

аныктаймыз, сонда ρэ= 1,22 ρ2 = 1,22 ∙ 50 = 61 Ом∙м

Күрделі жерлендірудің жалпы кедергісі:

Жанасу кернеуі:

Uжан = Кп ∙ Iз ∙ R3 = 0,187 ∙ 4920 ∙ 0,19 = 175В

[Әдебиет 4]

3.14. Еңбекті қорғау

Өрттен қорғану шаралары

Өртке қарсы кедергілер. Орт кезінде от жаяынынын үй көлемінде жайылып, өрістеуін шектеу үшін әртүрлі кедергілер орнатылады: өртке қарсы қабырға (брандмауэр), жабын, қалқа, асін, қақпа, үй аралығы, люк, тамбур, шлюз т.б. Бұл кедергілер жанбайтын материалдардан жасалыныды.

Брашауэр дегеніміз от төзімділік шегі 2,5 сағаттан кем емес жанбайтың бітеу қабырға. Ол фундаментке орнатылып, үйдін барлық элементтерін тігінен кесіп өтіп, шатырдан 30-60 см жоғары шығып тұрады. Брандмауэрлер ішкі, сыртқы, көлденен және бойлық болып келеді.

Брандмауэрлер үйді бірнеше бөліктерге беледі. Сондықтан, егер өрт бір бөлікте шыққан болса, от бұл қабырғадан өтпей басқа бөліктерге тарамайды. Сәйтіп өрттін өрістеуі азаяды.

Брандмауэрда есіктер мен қақпалар отқа жанбайтын немесе баяу жанатын материалдан жасалады, олардын от төзімділік шегі 1,2 сағаттан кем болмауы жөн. Брандмауэр тесіктерінін жалпы ауданы онын ауданының 25 %, аспауы керек.

Бір үйде бірнеше брандмауэр болуы мүмкін. Олардың саны үйдің өрт қауіптілік категориясы, от төзімділік дәрежесі, этаждылығы және ауданы бойынша анықталады.

Өртке қарсы төбе жабындары көп қабатты үйлерде қолданылады. Олар үйдін тік бойымен оттын этаждан этажға тарамауын қамтамасыз етеді. Бұл жабындар жанбайтын құрама не тұтас темір бетон түрінде болады. Олардын от төзімділік шегі 2,5 сағаттан кем болмау керек.

Өрт бір үйден екінші үйге ауыспау үшін олар бір-бірінен тиісті аралықта болу керек. Бұл аралықтын шамасын аныңтауда көрші үйдін жану мүмкіншілігінің басты себебі өрт жалынынан шығатын жылу сәулелері екендігі есепке алынады.

Өрттен сақтық аралықтын мөлшері үйлердін өрт қауіптіпік категориясы мен от төзімділік дәрежесі бойынша белгіленеді, ол нормаға сәйкес 9-18 м тең болады.

Өрт кезінде көп мөлшерде түтін шыгады. Оныңқұрамында улағышзаттар болады. Түтінөрттенген үйден адамдарды шығаруға және өрт сөндіру жұмыстарынжүргізугекедергі жасайды. Сондықтан өрт шалғанүйдантүтінді шығару үшін арнайы люктар тағы басқа құралдарқолданылады. Олар өрт шыққанкезде қолмен не автоматтық әдіспен іскеқосылады.

5.2.2 Өрттенген үйден адамдарды көшіру (эвакуациялау). Өрт шыққан кезде адамдарды (дүние-мүліктерді де) бөлмелерден қауіпсіз және тез шығару үшін үйлерді жобалау және салу барысында шығыс есіктері мен жүріс жолдары белгіленді. Олар адамдардың қысқа жолмен және аз уақыттын ішінде сыртқа қауіпсіз шығуын қамтамасыз ету керек.

Бірақ барлық шығыс есіктері (ойықтары) эвакуациялық ретінде бола берменді. Эвакуациялық (көшіру) шығыс деп есіктерді тағы басқа ойықтарды айтады, егер олар:

1) Бірінші қабатта сыртқа тура немесе коридор, вестибюль, басқыш аланы айқылы шығаратын болса.

2) Басқа қабаттарда сыртқа шығысы бар басқыш аланына тура немесе соған жеткізетін коридорға не басқа өтетін жерге шығаратын болса.

3) Сол қабатта сыртқа шығыс жолдары бар іргелес бөлмеге шығаратын болса.

Бөлмелердін эвакуациялық шығыс есіктері екіден кен емес және әр жерде орналасқан болу керек.

Эвакуациялық жолдар деп адамдардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз өтіп, оларды сыртқа шығаратын есіктерге жеткізетін жолдарды айтады. Сларға жататындар: саты, каридор, фойе, галерея т.б. Лифт эвакуациялық жол ретінде есепке алынбайды. Барлық эвакуациялық жолдар табиғи немесе жасанды жарықпен жабдықтану керек.

Ен алыс жұмыс орны мен сыртқа не басқыш аланына шығаратын есіктін аралығы үйдін өрт қауіптілік категориясы, от төзімділік дәрежесі және көлемі бойынша анықталады (40-240 м).

Эвакуациялық шығыс есіктері мең жүріс жолдарынын ені де өрт қауіптілік категорияға, от төзімділік дәрежеге және адам санына сәйкес нормамен қабылданады (0,8 м кем болмау керек). Жүретін жерлердін биіктігі 2 м артық болғаны жөн. Жүретін жолдардын еденге тайғанақ болмауы қажет. Адамдарды өртенген үйден қажетті эвакуациялық уақыты онын өрт қауіптілік категориясы мең көлемі бойынша СНиП 2.01.02-85 нормаларымен белгіленген, ол 0,5-3 мин тең болады.

Барлық эвакуациялың шығыс есіктері және жүріс жолдары әрқашан бос болу керек. Өрт кезінде ададарды, дүние-мүлікті, автомобилдерді тез көшіру үшін қажет:

1) Территорияны керексіз заттармен ластамау.

2) Өтетін және жүретін жерлерді қоқырсытпау.

3) Автомобилдердің санынжобалау мөлшерінен асырмау.

4) Запасқақпалар мен есіктерді заттармен басып тастамау.

5.2.3 Өрт сөндіру материалдары. Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдарды от сөндіргіш заттар деп атайды. Олардың от сөндіру принципі көбіне өрт ошағы мен жанатын заттарды салқындатуға және сол заттарды атмосфералық ауадан аластауға негізделген.

От сөндіргіш заттар арзан, қолдануда қауіпсіз, материалдар мен бұйымдарға зиян келтірмейтін, аз шығынмен жоғары сөндіргіш нәтижа беретін болу керек. Олар қолдану кезінде газ, бу, сұйық және қатты түрде болуы мүмкін. Негізгі от сөндіргіш заттар мыналар болады: су, су буы, тұздардын су ерітінділері, көбік, инертті газдар, минералдық ұнтақтар, құм, топырақ, әр түрлі жапқыштар т.б.

1) Өртті сумен сөндіру. Су ен қолайлы, өте арзан, көп қолданылатын от сөндіргіш зат болып есептеледі. Онын от сөндіргіш қасиеттері - жылу сыймдылығы мен булану жылылығы жоғары болғандықтан ол өрт ошағын салқындатып, жанған заттын температурасын оның жану температурасынан төмен азайтады (1 л су қайнап, буға айналу үшін шамамен 2680 кДж жылылық керек болады); пайда болған су буы өрт ошағында ауа оттегісінін концентрациясын жану процесі жүрмейтін концентрациядан төмен кішірейтеді (1 л судан І70О л бу шығада); судын қатты ағыны механикалық әсерін тигізіп, от жалынын ығыстырып, басып өшіреді.

Суды өрт ошағына тұтас ағын не ұсақ ыдыраған (тозаңданған) түрінде беруге болады. Суға әртүрлі бет-активті заттарды қосса, оның от сөндіргіш әсері жоғарлайды, шығыны және сөндіру уақыты азаяды.

Сумен ірі де, ұсақ та өрттерді сөндіруге болады. Бірақ суды өрт сөндіруге барлық жағдайда қолдануға болмайды. Мәселен, сумен сөндіруге болмайды: онымен химиялық реакцияға түсетін заттарды (сілті металлдар, кальций карбиді, сөнбеген ізбес т.б.), бағалы материалдар мен бұйымдарды (су әсерінен олар бүлінуі мүмкін), электр тоғы бар қондырғыларды (су жақсы тоқ өткізгіш), тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтарды (олар судан женіл болғандықтан, әрқашан жоғары шығып, жана береді). Ал электр қондырғыларын және сұйық заттарды ұсақ тозаңданған су ағынымен сөндіруге болады.

2) Өртті су буымен сөндіру. Су буынын ресурсы мол кәсіпорындарда өрт сөндіру үшін көп жағдайларда су буын. пайдалану қолайлы болады, әсіресе көлемі шамалы (500 м3 дейін) бөлмелерде және ашық алаңда ұсақ өрттерді сөндіруге.

Су буынын от сөндіргіш қасиеті - ол бөлмеден ауаны ығыстырып шығарып, оттегінін концентрациясын азайтады. Өрт сөндіру үшін ауада су буының концентрациясы көлем бойынша 35% болу керек.

3) Өртті көбікпен сөндіру. Көбік өрт сөндіргіш зат ретінде көп қолданылады. Онын екі тұрі болады: химиялық көбік және ауа-механикалық көбік. Химиялық көбік сілті (натрий бикарбонаты NaHCO3 - сода) ертіндісі (бұған көбік шығару үшін солодтық экстракт ұңтағын қосады) және қышқыл (күкірт қышқылы H2SO4 мен темірдін күкірт қышқыл, тотығынын Fe2(SO4)3 қоспасы) ертін дісінің арасындағы химиялық реакциядан туады. Химиялық көбіктік көпіршіктерінін ішінде көмір қышқыл газы болады._Ауа механикалық көбік ауа(90%) және көбік шығаратын заттын (10 %) су ертіндісін араластырғанда пайда болады.

Көбіктің от сөндіргіш қасиеті-оның меншікті салмағы аз болғандықтан жанған (әсіресе сұйық) заттардың бетін жауып, оларға ауанын оттегін өткізбей жану процесін тоқтатады және заттарды біршама салқындатып, температурасын төмендетеді.

Көбіктін сапасын сипаттайтын басты көрсеткіштер: көбіктін еселігі және тұрақтылығы. Көбіктін еселігі деп шыққан көбіктің көлемінін алғашқы заттын көлеміне еселік қатысын айтады. Еселіктін шамасына қарай көбіктер төмен әселікті (<30), орта еселікті (30-200), жоғары еселікті (>200) болып бөлінеді. Көбіктін тұрақтылығы деп онын сақталу уақытын айтады. Химиялық көбік I сағат, ал ауа механикалық көбік 30-45 мин уақыт бойы сақталынады.

Көбік қатты және тез тұтанғыш, жанғыш сүйық заттарды сөндіруге қолданылады. Химиялық көбік элентр тоқ өткізгіш болғандықтан онымен электр қондырғыларын сөндіруге болмайды. Сонымен қатар химиялық көбік қымбат бағалы; адамға, дүние-мүлікке зиян келтіретін зат болғандықтан көп пайдаланылмайды. Өрт сөндіру үшін көбіне ауа-механикалық көбікті пайдаланады. Онын себебі - ол өте арзан, адам үшін зиянсыз, заттарды бүлдірмейді, электр өткізгіштігі аз.

4) Өртті инертті газдармен сөндіру. Өрт сендіргіш газдарға жатады: көмір қышқыл газы, азот, аргон, гелий, түтін және пайдаланған газдар. Бұл газдар жабық бөлмеде шағын өрттерді сөндіруге қолданылады, олардын от сөндіру концентрациясы көлем бойынша 30-36 %. Өрт сөндіру үшін ен қолайлы көмір қышқыл газы болады, бірақ бұл газ қымбатқа түсетін зат болғандықтан оны көп мөлшерде пайдалануға мүмкіншілік болмайды. Бұл газдардын от сәндіргіш қасиеттері: өрт зонасында ауа оттегісінін концентрациясын азайтады; температурасын төмендетіп, жану процесін тоқтатады. Бұл газдар электр тоғын өткізбейді. Сондықтан оларды электр қондырғыларын және бағалы дүниелерді сөндіруге қолдануға болады.

Бұл газдардан басқа қазіргі кезде өрт сөндіруге әртүрлі галоидті көмірсутегілер пайдаланылып жүр (бромды метил, хлахдон (Фреон), иодты метилен, тетрафтордибромэтан т. б.). Бұл заттардын от сөндіру қасиеті - өрт зонасында олардын буларынын жану реакциясын химиялық төжеуіне негізделген. Олардын от сөндіру концентрациясы көлем бойынша, өте аз (3-7 %); көбіне электр қондырғыларын, двигателдерді, тез түтанғыш және жанғыш сұйықтарды сөндіруге қолданылады. Бірак бұл заттар улағыш заттар болып есептеледі, сондықтан қауіпсіздік мәселесін ескеру керек.

5) Өртті минералды ұнтақтармен сөндіру. Ұнтақты составтар сілті металлдардын органикалық емес тұздарына негізделген (натрий және калий карбонаттары, бикарбонаттары және хлоридтары, фосфорлы-аммонийлық тұздар т.б.). Бұл ұтақтардын құндылығы – олардын өте жоғары от сөндіргіш қабылеттілігі және жан-жақтылығы (универсалдылығы), яғни барлық материалдарды сөндіру мүмкіншілігі (тіпті басқа от сөндіргіш заттармен сөндіре алмайтын материалдарды да).

Олардың от сөндіру әсері өрт ошағын ауадан оқшаулауға және қызғанда көмір қышқыл газын шығаруға негізделген. Ұнтақтар электр тоғын өткізбейді, адамдарға және металлдарға зиянды әсер тигізбейді.

6) Өртті құм не жапқыштармен сөндіру. Бұл заттар шағын (ұсақ)өрттерді (жана бастаған нәрселерді) сөндіругеқолданылады. Құмды жанған жерге сеуіп немесе оны жапқышпен жабу керек. Бұл жағдайда жанузонасы ауадан оқшауланып, жалын басылып, жану процессі тоқталады. Жапқыштар киіз, асбест, брезент тағы басқа материал түрінде болады.

Жоғарыда көрсетілген от сендіргіш заттардын ішінде су мен көбік ең бастысы болып есептеледі. Сондықтан олар өрт сөндіру тәжірибесінде кеңіненқолданылады.

5.2.4 Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын құралдарды үш түрге бөлуге болады: бірінші қолданылатын, стационарлык, жылжыналы құралдар.

Бірінші қолданылатын өрт сөндіргіш құралдарына жататын жабдықтар: өрт крандары, әр типті от сөндіргіштер, құм толтырылған жәшіктер, қажетті сайман ілінген өрт тақталары (щит), су құйылған ыдыстар, әртүрлі жапқыштар т.б. Бұл құралдарды бірінші деп атайтыны, олар өрт шыққан жағдайда стационарлық өрт сөндіргіш құралдары іске қосылғанша және өрт сөндірушілер командасы келгенше ен алдымен қолданылатын құралдар болып саналады. Олардың ішінде ең көп тарап, кен түрде пайдаланатыны қол от сөндіргіштері болады. Олар химиялық көбікті, ауа көбікті, көмір қышқылды, көмір қышқыл-бромэтилді, ұнтақты, тағы басқа түрлі от сөндіргіштер болып бөлінеді.

Химиялық көбікті от сөндіргіштер ОХП-10 (ОХВП-10) және ауа көбікті от сөндіргіштер ОВП-10 жана бастаған қатты материалдар мен сұйық заттарды сөндіруге қолданылады. Олармен тоғы бар электр қондырғыларын, сілті металлдарды, қымбат бұйымдарды сөндіруге болмайды.

Көмір қышқыл от сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 шағын жанған барлық материалдарды (олардын ішінде тоғы бар электр қондырғыларын, қымбат бұйымдарды т.б.) сөндіруге арналған.

Көмір қышқыл-бромэтилді от сөндіргіштер ОУБ-3А, ОУБ-7А талшық заттарды, қатты материалдарды, электр қондырғыларын сөндіруге қолданылады. Бірақ олармен сілті металлдарды, ауасыз жанатын заттарды сөндіруте болмайды.

Ұнтақты от сөндіргіштерді ОПС-6, ОПС-10, ОП-8УІ тоғы бар электр қондырғыларын, двигателдерді, сілті металлдарды, сұйық заттарды сөндіруге пайдалануға болады.

Тез тұтанғыш және жанғыш заттар көп мөлшерде тұратын жерлерде жылжымалы от сөндіргіштер болуы керек: ОВП-100, ОВП-250, ОУ-25, ОУ-60, 0У-400, ОППС-100, ОП-250.

Қызыл сырмен боялған, көлемі 0,5-1 м3, темір жәшіктер ұсақ құрғақ қуммен толтырылу керек. Өрт крандары шланг және стволмен жабдықтанады. Өрт тақталарында керекті сайман-құралдар болуға тиіс: күрек, балта, лом, шелек тағы басқалар. Әр өндіріс бөлмесі үшін өрт нормативтеріне сәйкес бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдарынын түрлері және мөлшері белгіленген.

Кәсіпорындарында үлкен өрттерді сөндіру үшін стационарлы өрт сөндіргіш қондырғылары пайдаланылады. Олар іске қолмен ненесе автоматтық әдіспен енгізіледі. От сөндіргіш заттын түріне қарай олар сулы, су булы, көбікті, газды, ұнтақты болып келеді.

Жылжымалы өрт сөндіргіш құралдары негізгі және арнайы болып бөлінеді. Негізгі құралдарға жатады: өрт автомобилдері, автоцистерналар, автонасостар, мотопомпалар, пойыздар, танклер, теплоходтар, самолеттер т.б.

5.2.5 Өртке қарсы су жабдығы.

Әр кәсіпорнында өртке қарсы қолданылатын су жабдықтау жүйесі ұйымдастырылады. Ол шыққан өртті сөндіру үшін сөткенін қай мезгілі болсада қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз ететін болу керек.

Өрт сөндіру үшін табиғи (көл, өзен, теңіз т.б.) және жасанды су қоймалары (бассейн, арық, канал т.б.) немесе су құбырлары пайдаланылады. Кәсіпорындарында өртке қарсы су құбырлары көбіне шаруашылық - ішерлік не өндірістік су құбырларымен бірлестіріледі.

Өртті сырттан және іштен сөндіру үшін сыртқы және ішкі су құбырлары орналастырылада. Олар бірімен-бірі кемінде екі жерден қосылуы керек. Сыртқы құбырларда су алу үшін арнама жасалған құдыңтарда өрт гидранттары орнатылады. Олардын бірінен бірінін аралығы 150 м аспау керек және олар үй қабырғасына 5 м жақын, жүретін жолдан 2,3 м алыс болмаған жөн. Гидранттардын орнын тез табу үшін үй қабырғасында арнайы көрсеткіштер болады. Гидрант құдығынын аузы темір қақпақпен жабық болу керек.

Ішкі су қубырларында қолайлы, көрінетін жерлерде өрт крандары орнатылады. Олар жәшік ішінде шланг және өрт стволымен жабдықтанады, және әрқашан іске кірісуге дайын болу керек. Көршілес өрт крандарынын аралығы олардың су ағындарынын бірімен бірінің түйісуін қамтамасыз ететін болу керек.

Сыртқы өртті сөндіруге жұмсалатын судын есептік мөлшері үйдін өрт қауіптілік категориясы, отқа төзімділігі, көлемі және конструкциялық өзгешелігі бойынша анықталады. Сонымен қатар судын мөлшерін айыру үшін бір өртті сөндіруге кететін есептік уақытты және бір мезгілде болатын өрттердін санын есепке алу керек.

Бір өртті сөндіру үшін кететін уақыт 3 сағатқа тең деп есептейді; ал бір мезгілде шығатын өрттердін саны тең: кәсіпорны территориясының ауданы 150 га кем болса - 1 өрт, 150 га артық болса - 2 өрт деп есептеледі.

Сонымен бір өртті сырттан сөндіру үшін жоғарыда көрсетілген факторлар бойынша СНкП нормаларына сәйкес қажетті судын мөлшері 60-40 л/с болу керек. Ішкі өртті сөндіру үшін су мөлшері әр аранға 2,5 л/с есебімен екі краннын жұмыс істеуі бойынша анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]