Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Камиля Жунусова.docx
Скачиваний:
148
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
220.5 Кб
Скачать

Аймақтық телефон желілері.

Аймақтық телефон желісінің негізгі компоненті болып, ҚР облыс орталығында орналасқан ҚТЖ табылады. Тапсырыс берілген жалғаушы жолдар (ТЖЖ-ЗСЛ) мен қалааралық жалғаушы жолдар (ҚЖЖ-СЛМ) шоғыры барлық ірі қалалардың ҚТЖ байланыстырушы желісі, олар әдетте облыс орталығына бағанады. ҚР құрамында осындай ҚТЖ-нің К саны құрылған деп жорамалданады. Облыс орталығымен де L ауылдық желі байланысқан. Олардың құрамына аудан орталықтарындағы ҚТЖ-де кіреді. Ірі қалалардағы ҚТЖ мен кейбір ауылдық байланыс желілерінің орталық желілері (ОЖ-ЦС) арасындағы үлкен өзара тартылыс кезінде түзу ЗСЛ/СЛМ шоғырлары пайда болуы мүмкін.

Қалааралық және халықаралық телефон желілері.

ХХ ғасыр ішінде Қазақстандағы қалааралық және халықаралық телефон байланысы бір Оператормен ғана пайдаланымға беріліп отырған. ХХІ ғасырдың басында қалааралық және халықаралық телефон байланысының монополиясыздандыру нарығы басталды. 1.1 суретіндегі «Л» және «В» әр түрлі ГТС-ке қосылған абоненттер байланысы, әр түрлі Операторлармен пайдаланымға берілетін бірнеше қалааралық байланыс желілерінің кез-келгені арқылы орнатылуы мүмкін. Осы қарастырылған модель үшін қалааралық байланыстың М желісі сипатталған.

1сурет – Аймақ ішіндегі телефон байланысы кезіндегі жалғаулар түрі

1.2.Радиотелефонды желілердің құрылу принциптері.

Радиобайланыстың дамуының ең маңызды кезеңі 1906 жылы американдық инженер Д. Форестің үш электродты шамды — триодты ойлап шығарумен байланысты. Триод негізінде 1913 жылы өшпейтін электрлік тербелістердің шамды генераторы жасалынды. Соның нәтижесінде электромагниттік толқын арқылы енді музыканы, сөзді, яғни дыбысты қашықтықта тарату жүзеге асырылды. Оны радиотелефондық байланыс деп атады.

4-сурет

Радиотелефон байланысын іске асыру енді тіпті оңай сияқты көрінеді. Дыбыс толқыны тудыратын ауа қысымының тербелісін микрофонда дәл сондай электрлік тербелістерге айналдырады. Оны күшейетіні дыбыс жиілігіндегі айнымалы токтың еріксіз тербелісін антеннада тудыруға болады. Бірақ мұндай тәсілмен радиотелефондық байланысты іске асыру мүмкін емес. Антенна шығаратын электромагниттік толқынның интенсивтілігі жиіліктің төртінші I~w4 дәрежесіне пропорционал екенін еске түсірейік. Дыбысты берудің қиыншылығы мынада: радиобайланыс үшін жоғары жиілікті электрлік тербелістер керек, ал дыбыс жиілігі төменгі жиіліктегі тербелістер болып табылады. Мұндай төменгі жиіліктегі электромагниттік толқындар мүлдем шығарылып таратылмайды дерлік. Сондықтан дыбыс жиілігіндегі электромагниттік тербелістерді алысқа тарата алатын жоғары жиілікті электромагниттік тербелістерге қандай да бір тәсілмен үстемелеу қажет болды.

Төменгі жиілікші электрлік тербелістерге сәйкестендіре отырып жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердібасқару — жоғары жиілікті тербелістердімодуляциялаудеп аталады. Модуляция деп отырғанымыз жоғары жиілікті тербелістердің параметрлерінің бірін — амплитудасын, жиілігін немесе фазасын төменгі (дыбыс) жиілікпен баяу өзгертетін процесс. Радиобайланыста амплитудалық, жиіліктік және фазалық модуляция қолданылады. Жоғары жиілікті тербелістерді тасымалдаушы жиіліктер деп атайды, өйткені олар дыбыс жиілігіндегі тербелістердің тасымалдаушылары рөлін атқарады.

Қазіргі заманғы радиотехникада көбінесе, ғарыштық байланыс жүйелерінде және телевизияда әрқашан жиіліктік модуляция қолданылады.

Радиоқабылдағышта жиіліғі жоғары күрделі тербелістерден қайтадан төменгі жиілікті тербелістерді ажыратып, бөліп алады. Төменгі жиілікті сигналды қалпына келтіру процесін демодуляция немесе детекторлеу деп атайды. Детекторленген сигналды күшейткеннен кейін акустикалық тербеліске айналдырады. 4-суретте радиобайланысты жүзеге асырудың негізгі принциптерінің модульдік сұлбасы берілген.

Телефон байланысының сымсыз жүйелері әдетте радиотелефонды байланыс жүйелері деп аталады, ал шет елдерде - Wireless Local Loop (WLL). Соңғы жылдары радиотелефонды байланыс жүйелері кеңінен дами бастады. Олар көбінесе мобильді байланысқа (mobil – жылжымалы) арналған аймақтық телефон жүйелері ретінде қолданылады, сонымен қатар, сымды телефон жолдары болмаған кезде (мысалы, жаңа құрылыс орындарында, ауылдық жерлерде және т.б.) стационарлы объектілермен байланысу үшін қажет.

Радиотелефон жүйелерін құру қымбат бағалы телекоммуникацияларды төсеуді, күрделі инженерлік жұмыстарды жүргізуді талап етпейді, санаулы күндер ішінде жер бедері мен ауа райы шарттарына қарамай-ақ, байланыс ұйымдастырылуы мүмкін.

Радиотелефонды байланыс технологиялары телекоммуникация жүйелері дамымаған үлкен қалаларда, тез үлкейіп жатқан қала маңы мен саяжай қоныстарында, кішкене қалалар мен аз тұрғыны бар ауылдық жерлерде байланыстың қажеттілігін қамтамасыз ете алады.

Радиотелефонды байланыс сымды телефонияның орнына әрдайым қолдануға арналған бәсеге қабілетті балама (альтернатива) болуы мүмкін, өйткені сымды телефония бірталай ақша қаражаты мен күнделікті қызмет көрсетуде көп еңбекті талап ететін күрделі шаруашылық болып табылады, және де дәл уақытында қажетті жедел жалғауды қамтамасыз ете алмайды.

Қарапайым сымды телефон жүйесімен салыстырғанда, сымсыз байланыс маңызды артықшылықтарға ие:

- ауа райы шарттары мен телекоммуникация инфрақұрылымынының болуына қарамастан, кез-келген жағдайларда орнатылу мүмкіндігі;

- жылжымалы (мобильді) тұтынушылармен сенімді және жедел байланысты қамтамасыз ету;

- жүйені ұйымдастыру бойынша көп еңбек сіңіруді талап етпейді, және де қолданысқа енгізу қарқыны айтарлықтай жылдам;

- оны құруға арналған қаражат шығыны 2-3 есеге аз;

- жүйенің өзіне жұмсалған қаражатын шығару мерзімі аз;

- жүйені басқару мен ақпараттарды қорғау бойынша жан-жақты қызмет көрсетеді.

Радиотелефонды жүйелердің ішінде олардың мынадай түрлері болады:

- ұялы радиотелефонды байланыс жүйесі;

- транкингті радиотелефонды байланыс жүйесі;

- радиотрубкалы телефондар;

- радиотелефонды ұзартқыштар;

- дербес спутникті радиобайланыс жүйелері.

Қазіргі уақытта әлемде радиотелефон жүйелерінің жұмыс істейтін протоколдарын анықтайтын, елуге жуық әр түрлі стандарттары бар.

Радиотелефон байланысының кейбір стандарттары

Стандарт

Таралуы

Арна жолағының ені,кГц

Деректерді тарату жылдамдығы, кбод

Желінің түрі

1

2

3

4

5

GSM

Ресей, Еуропа, АҚШ

200

0,2 – 9,6

Цифрлық ұялы

TDMA

Ресей, Еуропа, Азия, АҚШ

30

48,6

Аналогты және сандық радио желілері,

спутниктік жүйелер

CDMA

Азия, АҚШ

1230

1230

Цифрлық ұялы,спутниктік жүйелер

DECT

Еуропа

1728

1152

Цифрлық радиотелефон

TETRA

Еуропа

25

36

Транкингті жүйелер

CT

Еуропа

100

72

Радиотелефон