Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС лаба.каз Электр станциялардың және қосалқы станциялардың негізгі және қосымша жабдықтары.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
509.66 Кб
Скачать

4.2 Жұмыстың бағдарламасы

 

4.2.1. Берілген ӨКТ-ң құрылысымен танысып, олардың техникалық мәліметтерін жазып алуыңыз керек.

4.2.2. Кернеу трансформаторларының шықпаларының (выводы) полярлығын тексеру.

4.2.3. Кернеу трансформаторының қателіктерін және трансформация коэффицентін анықтау.

4.2.4. Изоляцияны бақылау үшін сұлбаның жұмысын тексеру.

 

4.3 Жұмысқа дайындық

 

4.3.1. Кітаптың соңында келтірілген әдебиеттер тізімі мен баяндалған мәселелермен танысу;

4.3.2. Барлық керекті суреттерді дайындау керек.

4.3.3. Өлшенген мәндерді жазу үшін кестелерді сызу.

4.3.4. Зертханалық жұмыстың бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

 

4.4 Жұмысты орындау тәртібі

 

4.4.1. КТ құрылысын зерттеу.

1) Келесі КТ-ң төлқұжат мәліметтерін жазып алу: НОМ-6, НОМ-10, НТМК-6 және И-50.

2) Жоғарыда айтылған КТ-ң құрылысын оқып зерттеу керек. Ескерілетін жағдайлар: магнитөткізгіштігінің типі, трансформатор орамдарының саны мен орналасуы, орама изоляциясы, төменгі және жоғарғы кернеулі шықпалар және олардың таңбалануы, (Үш фазалы КТ-ға арналған) орамаларының жалғану сұлбасы, майы бар бак және оның жерленуі (заземление).

 

4.4.2. Кернеу трансформаторларының шықпаларының полярлығын тексеру.

КТ-ның екінші орамына ваттметрлерді, электр энергия есептеуіштерін т.б. жалғау үшін  алдымен КТ орамның қысқыштарының полярлығын білу керек.

Барлық КТ шықпалары нақты белгіленуі керек. Отындық бір полярлы КТ-ларда жоғарғы кернеу жағын үлкен әріппен, ал төменгі кернеу жағын кіші әріппен белгілеген.

Бір фазалы кернеу транформаторларының шықпалары жоғары кернеу жағынан келесідей белгімен анықталынады: А-орамының басталуы, Х-орамының аяқталуы. Сол кернеу трансформаторларының төменгі кернеу жағындағы бірполярлық шықпалары «а» және «х» таңбаларымен белгіленеді.

Үшфазалы бесоқтаушалы кернеу трансформаторларының сұлбалары «жұлдызша-жұлдызша» - «ашық үшбұрыш» болғанда, олардың шықпалары келесідей таңбамен белгіленеді: А,В,С,О – жоғары кернеу жағындағы шықпалары, а,в,с,о – төменгі кернеу жағындағы шықпалары, ал ашық үшбұрыш жағындағы шықпалар «а0» және «х0» таңбаларымен белгіленеді.

Шықпалардың полярлылығын және тексеруді дұрыс жүргізу үшін гальвонометрлік тәсіл немесе кез-келген магнитоэлектрлік жүйелі (полярлылығы көрсетілуі керек) құралдар пайдаланылады. Ол үшін тұрақты ток көзі және бір полюсті ажыратқыш қолданылуы тиіс.

Зертханалық жұмыстың бұл пунктін орындау үшін түрі НОМ-6000/100В кернеу трансформаторының шықпалары стендінің панеліне шығарылуы қажет.

Бұл жұмыстың осы пунктінде студенттің атқаратын міндеті:

1) НОМ-6 кернеу трансформаторларның шықпаларының таңбаларының дұрыстығын анықтау. Ол үшін НОМ-6 кернеу трансформаторының орамаларының шықпаларын поляриметрге 4.1 суретте көрсетілген сұлба арқылы қосу керек. НОМ-6 кернеу трансформаторының бірінші реттік тізбегіндегі батырманы «К» іске қоссақ, онда кернеу трансформаторының екінші реттік орамасыда ЭҚК-і пайда болады. Оның бағыты бақылау - өлшеуіш құралы қай шықпаға қосылғанына байланысты. Егерде құралдың тілі оңға ауытқыса, онда көрсетілген полярлылықтың 4.1-суреттегі сұлбаға сәйкестігін көрсетеді, ал солға ауытқыса онда орамдардың біреуінің полярлылығын өзгерту керек (батырманы «К» ажыратқан уақытта құралдың тілі керісінше бағытты көрсететінін ескеру қажет).

2) НОМ-6 кернеу трансформаторының төменгі кернеу жағындағы шықпаларының (а2 және х2) полярлылығын анықтау керек (4.1 суретті қара). Бұл жағдайда И-60 кернеу трансформаторының шықпаларының полярлығы белгілі деп есептелінеді.

4.2 -суретті жинап НОМ-6 кернеу трансформаторының екінші реттік орамдарындағы шықпаларының (а2 және х2) полярлылығын анықтау керек. Ол үшін ажыратқыш ажыратылған мезгілде ЛАТР-дың көмегімен И-50 жоғары кернеу жағына 6000В тұрақтандырамыз да ажыратқышты тізбекке қосамыз. Сол мезгілде, егерде НОМ-6 кернеу трансформаторының жоғары кернеу жағындағы орамдарының шықпалары А2 және Х2, төменгі кернеу жағындағы шықпалармен а2 және хбір полярля болса, онда вольтметр V1 нолді көрсетеді. Егерде вольтметр Vкернеудің деңгейін көрсетсе, онда төменгі кернеу жағындағы шықпалардың орынын ауыстырып қосу керек.

3) Екі вольтметрдің көмегімен екі үшфазалы кернеу трансформаторларының КТ1 және КТ2 (қосылу сұлбасы 12 топ, жұлдызша λ) орамдарының шықпаларының полярлылығын анықтайтын сұлбаны істеу керек.

 

4.1 сурет - Гальванометр әдісімен КТ-ң полярлығын анықтау

 

 

4.2 сурет - КТ-ң полярлығын түпнұсқалық трансформатор әдісімен анықтау