Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС лаба.каз Электр станциялардың және қосалқы станциялардың негізгі және қосымша жабдықтары.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
509.66 Кб
Скачать

1.5 Балқығыш сақтағыштарды таңдау

 

Сақтағыштарды таңдау келесі шарттарда орындалады:

1) Сақтағыштың номиналды кернеуі желінің номиналды кернеуіне сәйкес келуі тиіс.

2) Балқығыш толықтырғыштың номиналды ұзақ тогы жұмыс тогы ең көп мөлшерге ие болғанда форсирленген режимде балқымайтындай таңдалуы қажет. Толықтырғыш айнымалы үрдістерде, мысалы, қозғағышты іске қосқанда тізбектегі ток номиналдыдан 5-6 есе өскенде немесе күштік трансформаторды қосқан кезде магниттейтін ток 8-10 есе бөлінетін мәнге жеткенде балқымауы тиіс (токтың 5 период ішіндегі орташа мәні). Нәтижесінде, толықтырудың максималды номиналды ұзақ тогы қысқа тұйықталу кезінде  өшу таңдаулылығын қамтамасыз ететіндей таңдалуы тиіс.

 

 

1.7 сурет - ПСН-35 типті атқыш сақтағыш

 

3) Балқитын сақтағыштардың номиналды өшірілуші тогы қарастырылатын кернеуде қысқы тұйықталудың күтілген тогының периодты құраушысынан аз болмауы тиіс, яғни

 

(1.1)

4) Токшектеуші сақтағыштарды таңдау кезінде сипаттамалар көмегімен қорғалушы желінің қондырғысына тән аппараттардың К3 тогының ең үлкен жылулық импульсінің немесе лездік жанама тогының номиналды сипаттамаларына байланысты тексеру қажет.

Кез келген уақыт үшін ток мөлшеріндегі ауытқуы өндіруші заводтың ақпаратында көрсетілген өшіру ток мөлшерінен +20%-тен аспауы қажет.

1000В асатын кернеудегі сақтағыштардың қорғаныс сипаттамалары 1,9 суретте берілген.

 

 

1.8 сурет - 1000В жоғары кернеудегі          1.9 сурет – Завод берілгендері

сақтағыштардың есептеу                             бойынша ПСН-35 cақтағыштарының

сипаттамаларын құру                                   қорғаныс сипаттамалары

 

Селективтілікті тексеру үшін заводтық сипаттамаларда 1,8 суретте көрсетілгендей есептікке келесі кезекте қайта құрыңыз:

1) tуақыт мөлшері берілген номиналды токка енгізу үшін заводтық сипаттама бойынша беріледі және оған сәйкес горизонтал ось бойынша орналастыратын Iтогы анықталады. Осы нүктеден оңға және солға ± 0,2I1 мәндері орналастырылады.

2) Алынған нүктелер мен tнүктесінің қиылысуы бойынша перпендикулярлар жүргізіледі. ,,, нүктелері анықталады және оның жоғалтуларын еске алғандағы қорғаныс сипаттамасы болатын ауданды шекетейтің екі түзу жүргізіледі.

Мысалы: 30 А және 40 А терде ПСН-35 сақтандарғыштарының таңдаулылығын тексеру.

Шешуі: 1,8 сурет бойынша 10, 1, 0,4, 0,05 толықтырғыштарының жануына әкелетін 30 А үшін 20% ауытқуларын, 40 А толықтырғышы үшін 20% ауытқуды  ескере отырып токтарды анықтау.

Ыңғайлылық үшін есептеулер кестеге енгізіледі.

 

1.1 кесте

Толықтырудың номиналды тогы

Т, с

10

1

0,4

0,05

30 А

I

55

67

100

200

 

1,2I

66

80

120

240

40 А

I

65

100

145

300

 

0,8I

52

80

116

240

 

1.6 Жұмыс есептеуінің құрамы

 

1. Жоғарывольтті сақтағыштардың арналуын және оларға келтірілетін талаптарды сипаттау.

2. Сақтағыштардың негізгі сипаттамаларын және олардың арналуларын келтіру.

3. Барлық номиналды деректерді көрсету арқылы жоғарывольтті сақтағыштардың типтерінің бірінің эскизін беру.

4. ПСН-35 типті 10 А және 15 А, 60 А және 100 А толықтырғыштарының таңдаулылықтарын тексеру.