Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС лаба.каз Электр станциялардың және қосалқы станциялардың негізгі және қосымша жабдықтары.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
509.66 Кб
Скачать

2.3 Жұмыстың есептік мазмұны

 

Зертханалық жұмыс бойынша нәтиже келесіні қамту керек:

2.3.1 1000 В-қа дейінгі апппараттар туралы жалпы мағлұматты;

2.3.2 Зерттелетін аппаратардың қосылуының принциптік сұлбаларын;

2.3.3 ПМ-310 магнитті жүргізгішінің, КТ-60 контакторынының, АП-50-2М автоматының паспорттық мәліметтерін;

2.3.4 Негізгі есептеу формулаларын;

2.3.5 Тәжірибелік мәліметтері бар кестені;

2.3.6 Тәжірибе бойынша қорытындыны;

2.3.7 Бақылау сұрақтарына жазбаша жауап.

 

2.4 Бақылау сұрақтары

 

2.4.1 1000 В-қа дейінгі электростанция және желілерде аппараттардың қандай типтері қолданылады?

2.4.2 Автоматты емес ажыратқыштар не үшін арналған (ауыстырып қосқыш, ажыратқыш)?

2.4.3 Ажыратқыш таңдау. Таңдаудың ерекшеліктері.

.4.4. Автоматты ажыратқыштар не үшін арналған? Қолдану саласы.

2.4.5 Автоматты ажыратқыштардың типтері. Олардың ерекшеліктері.

2.4.6 Автоматты ажыратқыштарды таңдау. Ерекшеліктері.

2.4.7 Контакторлар не үшін арналған? Қолдану саласы.

2.4.8 Контактор типтері. Ерекшеліктері.

2.4.9 Магнитті жүргізгіш не үшін арналған? Қолдану саласы.

2.4.10 Контактор және магнитті жүргізгіш таңдау. Мысалдар келтіру.

2.4.11 Түйіспесіз коммутациялық қондырғылар. Ерекшеліктері.

2.4.12 1000 В-қа дейінгі кернеуде қолданылатын тұрақты және айнымалы токтың коммутациялық аппаратары. Ерекшеліктері.

 

3 Зертханалық жұмыс. Өлшеуіш ток трансформаторлары. (өтт)

 

Жұмыстың мақсатыток трансформаторларын, өлшеуіш ток трансформаторларының векторлық диаграммаларын, ток трансформаторларының түрлі үлгілерінің құрылысын зерттеу және техникалық қолдану ережелерін сақтап сынақтар жүргізу.

 

3.1 Өлшеуіш ток трансформаторларының векторлық диаграммасы мен сипаттамалары

 

ӨТТ-ң номиналды коэффициенті біріншілік номиналды токтың I1н  екіншілік номиналды токтың  I катынасы арқылы табылады:

 

(3.1)

 

Өздігнен магниттену тогы  Iµ=0  тең идеал трансформатор үшін орамадағы токтар қатынасы орамалар санының кері пропорционалына тең:

 

 мұндағы 

(3.2)

Реалды трансформатордың құрылысының жетілмегендігінен және магнитөткізгіштің орамаларында болатын шығынға байланысты өлшемдердің дәлдігі кемиді.

Ток қателігі

(3.3)

Немесе пайыздарда

(3.4)

және бұрыштық қателікті біріншілік және екіншілік токтар арасындағы бұрыш арқылы табамыз. Ток қателігінің теңдеуіне орнынақойғанда

 

(3.5)

Жұмыс режимін сараптау және қателіктерді бағалау үшін ӨТТң векторлық диаграммалары тұрғызылады. (3.1 суретті қара). Ток қателігін ∆I диаграммада Fжәне Fөздігінен магниттелу күшінің айырымы арқылы табылады. (Аз бұрыш кезінде оны АБ деп алуға болады).

(3.6)

Сонымен, α бұрышы аз болғандықтан ток қателігін (пайызбен) келесідей анықтаймыз.

(3.7)

Бұрыштық қателік δ аз кезде

(3.8)

 

3.1 сурет - Өлшеуіштік ток трансформаторларының векторлық диаграммасы

Соңғы кезде дәлірек өлшемдер алу үшін ток қателігі ∆I,  емес, F0 векторымен анықталатын толық қателік ε алынады. Ол ток және бұрышық қателіктерді бірге көрсетеді.

Қателіктерге көбінде болат өзекшенің өздігінен магниттену тогы әсер етеді. Өздігінен магниттену тогы азырақ және тұрақтырақ болу үшін болат сапасы жағары болу керек, себебі оның бастапқы магниттік өтімділігі көбірек.

Қателіктерді төмендетіп дәлме-дәл өлшемдер алу үшін: салқындай оралған болат, пермаллой (болат пен никель қортпасы), ораманы жалғаудың арнайы сұлбалары, өзекшенің жасанды өздігінен магниттенуі және т.б. әдістер қолданылады.

Берілген қателіктерге байланысты өлшенген ықтималдықтарға сәйкес аппараттарды таңдайды. Өзекшелер дәлдік класстары бойынша ток трансформаторларының топтары ГОСТ 7746-78 бойынша және қолдану аймағы 3.1 кестеде келтірілген. Біріншілік орамадағы токтың дәлдік класы 100-120% номиналдыға сәйкес.

 

3.1 кесте - ӨТТ дәлділік класы мен пайдалану аймағы

Өзектің дәлділік класы

Біріншілік ток, 

Рауалы қателіктердің шегі

Пайдалану аймағы

токтың

% (±)

бұрыштың (±)

.......

град

0,2

 

 

 

 

Энергияны және қуатты дәлдікпен өлшеу (зертханалық дәлділік бақылау құралдары)

0,5

 

 

 

 

Энергияны және қуатты дәлдікпен өлшеу, 1 кластық санағыштар

1

 

 

 

 

Токты, энергияны және қуатты өлшеу; реле, 1 кластық санағыштар - есептеушілер

3

5

10

 

 

 

 

Амперметрлерді, релелерді, фазометрлерді қосу, жетектердің орауыштарын қосу.

 

ӨТТ 0.2 класы дәл өлшеулерге арналған, зерттеуді тексеру үшін электрлік станциялардың электротехникалық зерханаларында орнатады. 0.5 және 1 класс ТТры тарату қондырғыларында орнатылады.

3-10 класс ТТ релелік қорғаныс, автоматикада қолданылады, себебі онда 3% және жоғары кателіктер жіберіледі.

ӨТТ-ң дәлдік класы екіншілік тізбектің жүктемесіне байланысты. ӨТТ-ң жүктемесі қуатпен S2 және номиналды ток I2кезіндегі cos φ2 немесе екіншілік тізбектің толық кедергісімен анықталады.

Есептіу үшін токты алсақ, онда 

ӨТТ-ң номиналды жүктемесі болып ең үлкен қуат танылады, себебі ол осы кезде дәлдіктің жоғарғы класында жұмыс істейді. Қосымша аспаптарды іске қосқанда екіншілік тізбектегі жүктеменің артуы өлшеудің дәлдігін төмендетеді.

ӨТТ-ң жұмыс дәлдігіне біріншілік ток та әсер етеді. 3.1 кестесіндегі номиналды дәлдік класы тек берілген біріншілік ток 100- 120% тең ГОСТ-та ғана сақталады. 3.2 суретте ӨТТ жалғану сұлбалары көрсетілген.