Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС лаба.каз Электр станциялардың және қосалқы станциялардың негізгі және қосымша жабдықтары.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
509.66 Кб
Скачать

1.7 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

 

1. Жоғарывольтті сақтағыштардың негізгі параметрлеріне анықтама беру.

2. Жоғарывольтті сақтағыштардың тоқ шектеуші қасиеттерінің себебі неде?

3. Уақыт-тоқтық және тоқ шектеуші сипаттамаларының маңызы және оларды қолдану әдісі.

4. Тоқ шектеуші және қарапайым сақтағыштардың құрылымдық сипаттамаларын түсіндіру.

5. Сақтағыштардың әртүрлі типтеріне салыстырмалы сапалық бағалау жүргізу.

6. Сақтағыштардың көрсеткіштерін таңдау және есептеу кезегі.

 

 

2 Зертханалық жұмыс. 1000 в-қа дейінгі аппараттар

 

Жұмыстың мақсаты: 1000 В-қа дейінгі аппараттардың құрылысын, міндеттерін, қолдану саласын, қосылу тізбектерін оқып  білу және олардың техникалық мәліметтеріне сәйкес бірқатар сынақ жұмыстарын жүргізу.

 

2.1 Зертханалық қондырғының сипаттамасы

 

Зертханалық құрылғы жұмыс жасайтын стендке құрастырылған. Қорек көзі АП-503-полюсті автоматы көмегімен ортақ таратушы шкафтан беріледі. Кернеу және токты байсалды реттеу үшін ЛАТР-лар орнатылған. Олар өз автоматтарымен қоректенеді.

Құрылғының жүктемесі жүктемелік бірфазалы трансформатор арқылы жасалған, ол стендтің алдыңғы панелінде. Кернеу және ток мәндерін амперметр, вольтметр көрсетулерінен алынады. Стендтің сол жақ жоғарғы бұрышында ПМ-310 реверсивті жүргізгіш (пускатель), ал оң жақ жоғарғы жағында КТ-60 контактор орнатылған. Стендтің орта бөлігінде аппарат элементерінің сыртқа шығыс өткізгіштері орнатылған:

ЛI1, Л22, Л33 – бірінші жүргізгіштің бас түйіспелері;

Л'I-C'I, Л'2'2, Л'3-С '3 – екінші жүргізгіштің бас түйіспелері;

КI, КI  – магниттік жүргізгіштің катушкасының кіріс өткізгіштері;

БКI, БК2 – магниттік жүргізгіштің блок-түйіспелерінің шығыс өткізгіштері;

ТРН – магниттік жүргізгіштің жылулық релесінің қыздыру элементінің шығыс өткізгіштері;

СOI, СО2, СО3 – үшфазалы асинхронды қозғалтқыштың шығыс өткізгіштері;

ПI, П2 – жүргізгіштің «пуск» батырмасының қысқышы;

«С» – жүргізгіштің «стоп» батырмасының қысқышы;

ЛII, Л22, Л33 – контактордың бас түйіспелері;

Б К3 – контактордың блок түйіспелерінің шығыс өткізгіштері;

ФУ – фазакөрсеткіш;

П3, С3 – контактордың «пуск» және «стоп» батырмалары.

2.1 суретте қозғалтқыштың реверсивті емес жүргізгіш арқылы қосылуының принциптік сұлбасы көрсетілген. ЛII, Л22, Л33 бас желілік түйіспелері қозғалтқышты қоректендіретін сымдарға қосылады. Электромагниттің К катушкасы 380 В желіге ИМ-310 ТРК жылулық магнит қжүргізгіштің ажыратқыш түйіспелері және «стоп», «пуск» басқару батырмалары арқылы қосылады. «Пуск» батырмасын басқанда 3,4 түйіспелері тұйықталады, кернеу «стоп» батырмасының 1,2 тұықталған түйіспелері арқылы және ПМ-310 магнитті жүргізгіштің жылулық релесінің түйіспелері арқылы К катушкаға беріледі.

Электромагнит якорінің тартылысынан кейін «пуск» батырмасын шунттайтын БК блок-түйіспелері тұйықталады. Бұл «пуск» батырмасын жіберуге мүмкіндік береді. Жүргізгішті өшіру үшін «стоп» батырмасы басылады. Қозғалтқыш артық жүктелгенде жылулық реле іске қосылады, ол К катушкасының тізбегін үзеді. Электромагнит якорі үзіледі де, жүргізгіш өшеді.