Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты по элективу Гематология 180 каз..doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
494.59 Кб
Скачать
  1. Зақымдалған буынға суық басу

  2. буынды иммобилизациялау

  3. буыннан қанды аспирациялау

  4. зақымдалған буын қуысына гидрокортизон енгізу

  5. тапшы фактордың концентратын, криопреципитатты енгізу

117. 22 жасар науқаста бала кезінен мұрнынан қан кету байқалған, 12 жасында жарақаттан соң санның бұлшық-ет аралық гематомасы анықталған. Коагулограммада – қан кету уақыты ұзарып, тромбоциттердің ристомицин-индуцирленген агрегациясы, АПТУ – ұзарған, тромбинді және протромбинді уақыттар қалыпты. Болжамалы диагнозыңыз:

А. гемофилия

Б. аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура

В. Геморрагиялық васкулит

Г. Виллебранд ауруы

Д. тромбастения Гланцмана

118. 26 жасар науқас әйелде бала кезінен мұрнынан қан кету байқалған, 12 жасында жарақаттан соң санның бұлшық-ет аралық гематомасы анықталған. Коагулограммада – қан кету уақыты ұзарып, тромбоциттердің ристомицин-индуцирленген агрегациясы, АПТУ – ұзарған, тромбинді және протромбинді уақыттар қалыпты. Аталған зерттеулердің қайсысы диагнозды дәлелдейді?

А. IX фактордың деңгейін анықтау

Б. VIII фактордың деңгейін анықтау

В. Виллебранд факторының деңгейін анықтау

Г. Паракоагуляциялық тесттерді өткізу

Д. определение антител к тромбоцитам

119. 26 жасар науқас әйелде бала кезінен мұрнынан қан кету байқалған, 12 жасында жарақаттан соң санның бұлшық-ет аралық гематомасы анықталған. Коагулограммада – қан кету уақыты ұзарып, тромбоциттердің ристомицин-индуцирленген агрегациясы, АПТУ – ұзарған, тромбинді және протромбинді уақыттар қалыпты. Осы науқасқа аталған ем әдістерінің қайсысын тағайындайсыз?

А. преднизилон

Б. тромбоконцентрат

В. VIII фактордың концентраты

Г. викасол

Д. нативті плазма

120. Гемофилиямен науқасты хирургиялық әдіспен емдеудің принциптері:

А. адекватты орынбасушы терапия негізінде қандай болмасын хирургиялық амалдар орындауға болады

Б. хирургиялық амалдар шектеулі

В.аурудың тек жеңіл формасымен науқастарға ортопедиялық ем тағайындалды

Г. Буындарды протездеу қарсы көрсетілген

Д. тек жамбас-сан буындарын протездеу қарсы көрсетілген

121. ҚТШҰ-синдромы кезінде коагулограммада қандай өзгеріс тән:

А. тромбоцитопения + антитромбин III төмендеуі + оң этанолды тест

Б. тромбоцитопения + антитромбин III жоғарылауы + теріс этанолды тест

В. тромбоцитоз + антитромбин III жоғарылауы

Г. оң этанолды тест + криоглобулиндер

Д. антикоагулянттардың жоғарылауы + еритін фибринмономерлік кешендер жоғарыламаған

122. Аталған препараттардың қайсысы фибринолизді басады?

А. гепарин

Б. рекомбинантты антитромбин III

В. ε-аминокапрон қышқылы

Г. тиклид

Д. дицинон

123. ҚТШҰ-синдромы кезіндегі көпағзалық жетіспеушіліктің себебі:

А. тіндік тыныстың фибриногеннің деградация өнімдерімен тежелуі

Б. микроциркуляцияның блокадасы

В. өмірлік маңызды ағзалардың плазматикалық мембраналарының тромбинмен зақымдалуы

Г. лизосомды мембраналардың тромбинмен зақымдалуы

Д. иммунокомплексті синдром

124. ҚТШҰ-синдромы кезіндегі жаңамұздатылған плазманың негізгі әсер ету механизмі:

А. фибриногеннің деградация өнімдерінің байланысуы

Б. жұмсалған қанның ұю факторларының және табиғи антикоагулянттардың толықтырылуы

В. тромбоциттердің агрегациялық қабілетінің төмендеуі

Г. қан айналымында ҚТШҰ-синдромының белсендірушілерінің концентрациясының азаюы

Д. жасушалық антигендерді шығару

125. Науқас К., 27 жасар, күйіктің III дәрежесімен ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр, боз. Жүрек тондары ұяң, ЖСЖ=110 рет/мин. АҚҚ – 70/50 мм.сын.бағ. Екінші тәулікте мұрнынан қан кету, гематомалар, анурия дамыды. ҚЖА: Нв–70 г/л, эр–2,6х1012, лейк.–12,5х109, солға ығысу, тромб.-40х109, ЭТЖ-46 мм/сағ. Коагулограммада: АПТУ ұзарған, фибриноген – 1,2 г/л. ЗЖА: белок – 2,5г/л, лейк.-3-4, эритр. - 8-9 в к/а. Аталған асқынулардың қайсысы науқаста дамыды?

А. аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура

Б. гломерулонефрит

В. ҚТШҰ- синдром

Г. екіншілік геморрагиялық васкулит

Д. апластикалық анемия

126. Науқас О., 28 жасар, күйіктің III дәрежесімен ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр, боз. Жүрек тондары ұяң, ЖСЖ=110 рет/мин. АҚҚ – 70/50 мм.сын.бағ. Екінші тәулікте мұрнынан қан кету, гематомалар, анурия дамыды. ҚЖА: Нв–70 г/л, эр–2,6х1012, лейк.–12,5х109, солға ығысу, тромб.-40х109, ЭТЖ-46 мм/сағ. Коагулограммада: АПТУ ұзарған, фибриноген – 1,2 г/л. ЗЖА: белок – 2,5г/л, лейк.-3-4, эритр. - 8-9 в к/а. Дамыған асқынуды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісі қажет?

А. паракоагуляциялық тесттер, клампинг-тест

Б. тромбоциттерге антиденелерді анықтау

В. бүйректік сынамаларды анықтау

Г. ЦИК анықтау

Д. Миелограмма

127. Науқас П., 29 жасар, күйіктің III дәрежесімен ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр, боз. Жүрек тондары ұяң, ЖСЖ=110 рет/мин. АҚҚ – 70/50 мм.сын.бағ. Екінші тәулікте мұрнынан қан кету, гематомалар, анурия дамыды. ҚЖА: Нв–70 г/л, эр–2,6х1012, лейк.–12,5х109, солға ығысу, тромб.-40х109, ЭТЖ-46 мм/сағ. Коагулограммада: АПТУ ұзарған, фибриноген – 1,2 г/л. ЗЖА: белок – 2,5г/л, лейк.-3-4, эритр. - 8-9 в к/а. Дамыған асқынуды емдеу үшін қандай ем әдісі қажет?

А. жаңамұздатылған плазма

Б. фибриноген

В. гепарин

Г. реополиглюкин

Д. преднизолон

128. ҚТШҰ – синдромын жаңамұздатылған плазмамен емдегенде ұстанатын принциптер, біреуінен басқа:

А. жаңамұздатылған плазманы көктамырға баяу, ташылатып енгізу

Б. жаңамұздатылған плазманы көктамырға ағызып енгізу

В. жаңамұздатылған плазманы 2000 мл/тәул орталық венозды қысымды бақылай отырып көктамырға енгізу

Г. жаңамұздатылған плазманы науқасқа еріткеннен соң бірден құю

Д. жаңамұздатылған плазмамен бірге гепаринді физиологиялық антикоагулянттарды бақылай отырып қолдану қажет

129. Мына клиникалық көрініс: іштегі интенсивті толғақ тәрізді ауру сезімі,қанды құсық, қызба, папулезді-геморрагиялық бөртпе, артралгиялар, ҚЖА - лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, коагулограммада – оң паракоагуляциялық тесттер аталған аурулардың қайсысына тән ?

А. гемофилия

Б. аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура

В. геморрагиялық васкулит (Шенлейн – Генох ауруы)

Г. ойық жараның перфорациясы

Д. Виллебранд ауруы

130. Науқас Н., 44 жасар, аяқтарында басқанда жойылмайтын көп ұсақ нүктелі папулезді-геморрагиялық бөртпелер, тізе, тобық, білезік буындарының ауру сезіміне шағымданады. Зәрде микрогематурия, коагулограммада паракоагуляциялық тесттер оң. Осы жағдайға аталған диагноздардың қайсысы тән?

А. геморрагиялық васкулит

Б. созылмалы гломерулонефрит

В. гемофилия

Г. ревматизм

Д. түйінді периартериит

131. Науқас Л., 35 жасар, аяқтарында басқанда жойылмайтын көп ұсақ нүктелі папулезді-геморрагиялық бөртпелер, тізе, тобық, білезік буындарының ауру сезіміне шағымданады. Зәрде микрогематурия, коагулограммада паракоагуляциялық тесттер оң. Емдеу үшін қандай препарат тағайындайсыз?

А. гепарин

Б. дицинон

В. викасол

Г. тромбомасса

Д. эритромасса

132. Науқас У., 36 жасар, аяқтарында басқанда жойылмайтын көп ұсақ нүктелі папулезді-геморрагиялық бөртпелер, тізе, тобық, білезік буындарының ауру сезіміне шағымданады. Зәрде микрогематурия, коагулограммада паракоагуляциялық тесттер оң. Диагнозды қандай зерттеу әдісі дәлелдейді?

А. қанда иммунных кешендердің деңгейін анықтау

Б. терінің гистологиялық зерттеу

В. қанның жалпы анализін зерттеу

Г. коагулограмма

Д. кемікті цитологиялық тексеру

133.Рандю-Ослер ауруына қандай қанталау типі тән?

А. петехиалды-дақты

Б. гематомды

В. аралас

Г. васкулитті-пурпуралы

Д. ангиоматозды

134. Рандю-Ослер ауруына тән патогномды белгі:

А. гемостаздың тамырлық-тробоцитарлық звеносының бұзылысын

Б. телеангиэктазияның анықталуы

В. тромбоциттердің функционалды қасиеттерінің бұзылыстары

Г. тромбоцитоз

Д. плазмалық факторлардың патологиясы

135. Науқас В. 65 жасар, әлсіздік, арықтау, тершеңдікке шағымданады. Тері жабындысы боз, бірен-саран петехиялармен. ҚЖА: эр. – 1,5 млн., Нв-65г/л, ТК – 1,3, лейк. – 2,2 мың., тромб. – 80 мың, анизоцитоз, пойкилоцитоз. В12 витаминімен ем әсерсіз. Миелограммада – кемік аз жасушалы, қан түзілу типі мегалобласты, бласты жасушалар -4,5%. Болжамалы диагнозыңыз:

А. жедел лейкоз

Б. миелоидты типті лейкемоидты реакция

В. витамин В12 тапшы анемия

Г. фолли-тапшы анемия

Д. миелодисплазиялық синдром

136. АВО жүйесі бойынша қан тобын анықтаудың негізінде қандай принцип жатыр?

А. Тексерілетін қандағы эритроциттердің тек анти-А және анти-В реагенттермен агглютинациясының нәтижесіне сүйенеді

Б. Стандартты эритроциттердің тек тексерілетін қанның сарысуымен агглютинациясының нәтижесіне сүйенеді

Г. сарысудағы эритроциттердің және изогемагглютининдердің антигендерін паралельді зерттеу нәтижесі бойынша

Д. сарысудағы изогемагглютининдер және топты заттарды паралельді зерттеу нәтижесі бойынша

137. Кумбс сынамасының мәні:

А. бұл желатинмен ортада толық емес антиденелермен қапталған эритроциттердің агглютинациясы

Б. бұл эритроциттердің қоян сарысуымен адам эритроциттеріне қарсы аглютинациясы

В. бұл эритроциттердің лектиндермен агглютинациясы

Г. бұл толық емес антиденелермен қапталған эритроциттердің қоян сарысуымен адам иммуноглобулиндеріне қарсы аглютинациясы

Д. бұл эритроциттердің толық аутоиммунды антиденелермен агглютинациясы

138. Жедел лейкоздың жіктелуі неге негізделген?

А. клиникалық көрінісіне

Б. анамнезіндегі мәліметтерге

В. аурудың жасушалы субстратына

Г. Науқастың жас шамасына

Д. тағайындалған емнің әсерлілігіне

139. Эритроцитарлық массаны тағайындауға көрсеткіш:

А. созылмалы қан кетулерде

Б. В12-тапшы анемиямен науқаста анемиялық кома даму қаупі туындағанда

В. Көп босанған әйелде анемия дамығанда (Нв-60 г/л).

Г. Фибромиомаға байланысты операцияға дайындалған анемиямен (НВ-50 г/л) әйелге.

Д. асқазанның резекциясымен анемиясы бар науқасқа

140. Қорғасынмен улану кезіндегі анемияға тән белгі:

А. эритроциттердің гиперхромиясы

Б. жоғары ретикулоцитоз

В. эритроциттердің базофильді пунктациясы

Г. Шизоциттердің пайда болуы

Д. Жолли денешіктері

141. Порфирияның дамуының ең жиі себебі:

А. эритроциттердің ферменттерінің тапшылығы

Б. эритроцитарлық антиденелердің өндірілуі

В эритроциттердің мембранасының дефекті

Г. Гем синтезінің бұзылысы

Д. Глобин тізбегінің бұзылысы

142. Цитостатикалық аурудың жиі инфекциялық асқынуларына барлығы жатады, біреуінен басқа:

А. флебиттер

Б. пневмониялар

В. саңырауқұлақты сепсис

Г милиарлы туберкулез

Д. генерализацияланған лимфоаденопатия

143. Тромбофилиялық жағдайлардың диагностикасы аталған жағдайлардың барлығына негізделеді, біруінен басқа:

А. эуглобулинді лизистің жылдамдығын зерттеу

Б. антитромбоцитарлық антиденелер және плазминогеннің концентрациясын анықтау

В. жегілік антикоагулянттарды анықтау

Г. Физиологиялық антикоагулянттардың деңгейін тексеру

Д. тромбоциттердің ристомицин-тәуелді агрегациясын тексеру

144. Иммунобласты лимфаденитпен науқасқа қандай ем тағайындаған жөн;

А. преднизолонмен пульс-терапия

Б. плазмаферез

В. этиотропты ем

Г. спленэктомия

Д. сәулелі ем

145. Анемиялық кома кезінде (этиологиясына байланыссыз) бірінші кезекте қандай ем тағайындаған оңтайлы?

А. жаңамұздатылған плазманың трансфузиясы

Б. эритроцитарлық массаны құю

В. стероидтар тағайындау

Г. коллоидтардың трансфузиясы

Д. кристаллоидтардың трансфузиясы

146. Жедел қан кетулер кезінде трансфузиялық орталарды енгізудің оңтайлы тәртібі қандай?

А. бүтін қан, полиглюкин, кристаллоидтар, натрий гидрокарбонаты

Б. эритроциттер, альбумин, тромбоциттер, кристаллоидтар

В. декстрандар, кристаллоидтар, эритроциттер

Г. кристаллоидтар, декстрандар, бүтін қан, альбумин

Д. кристаллоидтар, декстрандар, альбумин

147. Жедел агранулоцитозға аталған өзгерістердің қайсысы тән:

А. қанда гранулоциттердің 0.7х109 төмендеуі

Б. қанда гранулоциттердің 1.0х109/л күрт төмендеуі

В. тромбоциттердің қанда 20х109/л төмендеуі

Г. тромбоциттердің қанда 5х109/л күрт төмендеуі

Д. қанда моноциттердің 0.05х109/л күрт төмендеуі

148. Агранулоцитозбен науқасқа қандай ем тағайындаған жөн:

А. жаңамұздатылған плазма

Б. лейкомакс

В. натрий нуклеинаты

Г. литий карбонаты

Д. метилурацил

149. Сублейкемиялық миелозға тән белгілер:

А. лейкоцитоз, миелофиброз, спленомегалия

Б. панцитопения, гепато, -спленомегалия

В. лейкопения, бластоз, спленомегалия

Г. Нейтрофильді лейкоцитоз, лейкоформуланың солға ығысуы, спленомегалия

Д. панцитоз, панмиелоз, плетора

150. Гоше ауруымен науқастарға қандай ем тағайындау оңтайлы?

А. кеміктің трансплантациясы

Б. спленэктомия

В. глюкокортикоидтар

Г. цитостатиктер

Д. глюкокортикоидтар және цитостатиктердің комбинациясы

151. Науқас З., 76 жасар, әлсіздік, басының айналуы, ентігу, эпигастридегі ауру сезіміне, тамақатанғаннан кейінгі толу сезіміне, шіріген иіспен кекіруге шағымданады. Объективті шекті спленомегалия, аяқтарында тактильді сезімталдықтың «шұлық» типті төмендеуі. ҚЖА.: Эр. 2,5 х 1012 /л; Нв = 88 г/л, ТК = 1,1, лейк. = 3,2 х 109/л, тр. = 150 х 109/л, ретикулоциттер – 0,2%; билирубин = 42 ммоль/л (тура емес фракция 33 ммоль/л).

Болжамалы диагнозыңыз:

А. жедел лейкоз

Б. созылмалы миелолейкоз

В. теміртапшы анемия

Г. витамин-B12-тапшы анемия

Д. апластикалық анемия

152. Науқас Л., 22 жасар, бала кезінен кезеңді түрде тері жабындысының сарғаюын байқаған. Қарап тексергенде: «мұнара тәрізді бас сауыты», «күмбез тәрізді таңдай». Көкбауыры +3,0 см. Қан анализі: Нв – 106 г/л, Эр – 3,3 х 1012/л, ТК – 0,9.

Болжамалы диагнозыңыз?

А. жедел лейкоз

Б. тұқым қуатын микросфероцитоз

В. теміртапшылықты анемия

Г. витамин-B12-тапшы анемия

Д. апластикалық анемия

153. Науқас Г., 65 жасар, тексергенде көкбауыры 12 см қабырға доғасынан шығып тұр, тығыз, беті тегіс, ауру сезімсіз. ҚЖА.: Эр. 2,8 х 1012 /л; Нв = 78г/л, ТК = 0,9, лейкоциттер 156 х 10 9/л, промиелоциттер - 14%, миелоциттер – 8 %, т/я – 17 %, с/я – 28 %, лимф. – 11 %, баз. – 12 %, эоз. – 10 %, СОЭ – 52 мм/мағ.  Миелограммада – миелоидты қатар жасушаларының есебінен гиперплазия, лейко-эритробласты қатынас 20:1. Осы науқасқа бірінші қатарда қандай препарат тағайындаған жөн:

А. иматиниб

Б. флюдарабин

В. винкристин

Г. лейкеран

Д. ритуксимаб

154. 72-жасар науқаста тексеру кезінде кездейсоқ қан анализінде абсолютті лимфоцитоз анықталады. Шағымы жоқ. Лимфа түйіндері және көкбауыры үлкеймеген. Қан анализінде: Л-35х109/л, лимф - 70%, Гумпрехт көлеңкелері. Бір айдан соң қан анализіндегі өзгерістер бұрынғыдай. Болжамалы диагнозыңыз қайсы?

А. Созылмалы лимфолейкоз, ісіктік формасы

Б. Созылмалы лимфолейкоз, тез үдемелі формасы

В. Созылмалы лимфолейкоз, қатерсіз форма

Г. Созылмалы миелолейкоз, созылмалы сатысы

Д. Созылмалы миелолейкоз, акселерация кезеңі

155. Науқас Н., 67 жасар, лимфа түйіндерінің үлкеюіне, әлсіздік, тершеңдікке, дене салмағының төмендеуіне шағымданып ауруханаға түсті. Объективті: жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің диаметрі 1-2 см, қозғалмалы, жабыспаған, ауру сезімсіз. Бауыры үлкеймеген. Көкбауырының төменгі полюсі пальпацияда қолға сезіледі. ҚЖА: Нв – 135 г/л, эр. – 4,5х1012/л, ТК – 0,9, лейк. – 72,5х109/л, с-17%, лимф-77%, мон.-6%, тромб. – 232,5х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Лимфоциттердің арасында кіші тарплазмалы пішінділері (жалаңаш ядролы деуге болар) анықталады. Миелограммада қандай өзгерістер күтесіз?

А. бластоз 20% артық

Б. жетілген лимфоциттер 30% артық

В. плазматикалық жасушалар 15% артық

Г. Мегалобластоидты қан түзілу типі

Д. қызыл өскіннің тітіркенуі

156. Науқас В., 59 жасар, анамнезінде – сүйектерінің екі патологиялық сынығы болған. Қан анализінде – ЭТЖ =60 мм/сағ, жалпы белок 105 г/л, М-градиент анықталады, ЗЖА – протеинурия, лейкоцитурия, цилиндрурия, Бенс-Джонс белогы оң, креатинин – 635 мкмоль/л. Миелограммада қандай өзгерістер күтесіз?

А. бластоз 20% артық

Б. жетілген лимфоциттер 30% артық

В. плазматикалық жасушалар 15% артық

Г. Мегалобластоидты қан түзілу типі

Д. қызыл өскіннің тітіркенуі

157. Науқас Т., 37 жасар, денесінде петехиалды-дақты бөртпелердің пайда болуына, мұрнынан, қызыл иектен қан кетуге шағымданып ауруханаға түсті. Көкбауырдың шеті пальпацияланады. Қан анализінде - Эр. 4,0 х 1012 /л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкоформула – өзгеріссіз, тромбоциттер 12 х 109/л, қан кету уақыты ұзарған. Болжамалы диагнозыңыз:

А. гемофилия А

Б. геморрагиялық васкулит

В. созылмалы миелолейкоз

Г. эритремия

Д. аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура

158. Науқас С., 33 жасар, денесінде петехиалды-дақты бөртпелердің пайда болуына, мұрнынан, қызыл иектен қан кетуге шағымданып ауруханаға түсті. Көкбауырдың шеті пальпацияланады. Алғаш рет ауырып тұр. Қан анализінде - Эр. 4,0 х 1012 /л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкоформула – өзгеріссіз, тромбоциттер 12 х 109/л, қан кету уақыты ұзарған. Осы науқасқа аталған емнің қайсысын тағайындайсыз?

А. преднизолон

Б. циклофосфан

В. иммуноглобулин

Г. плазмаферез

Д. спленэктомия

159. Қанның ұю фаторының қайсысының тұқымқулайтын тапшылығы гемофилия В дамуында орны бар?

А. Х

Б. IX

В. VIII

Г. VII

Д. V

160. Науқас К., 22 жасар, ауруханаға бетінде, мойныныда, кеудесінде эритрематозды бөртпелерге, тізе, тобық буындарының ісінуіне, склераларының сарғаюына, зәрінің қараюына шағымданып ауруханаға түсті. ҚЖА:. – эр. 2,5х 1012/л , Нв = 87 г/л,  ЭТЖ – 68 мм/сағ, LE жасушалары – 5, 1000 жасушаға. Науқаста қандай асқыну дамыды?

   а) гемолитикалық анемия

   б) теміртапшы анемия

   в) гепатит

   г) геморрагиялық васкулит

   д) стрептодермия

161. Науқас Д., 36 жасар,ауруханаға жоғары қызба қалтыраумен тершеңдікке, айқын әлсіздікке шағымданып түсті. Екі апта бұрын аппендоэктомия жасатқан. Объективті: жағдайы ауыр. Өкпесінде – оң жағынана төменгі бөлікте ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры 3 см қабырға доғасынан шығып тұр. ҚЖА – Эр. 2,8 х 1012/л, Нв 92 г/л, ТК 0,98, лейкоциттер 18,2 х 109/л, т/я 12%, сегм. 43%, эоз. – 3%, мон. 8%, лимф. 34%, тромбоциттер 193,0 х 109/л, ЭТЖ- 48 мм/сағ. Болжамалы диагнозыңыз?

        а) сепсис

   б) перитонит

   в) крупозды пневмония

   г) вирусты гепатит

   д) жедел лейкоз

162. Науқас З., 37 жасар,ауруханаға жоғары қызба қалтыраумен тершеңдікке, айқын әлсіздікке шағымданып түсті. Екі апта бұрын аппендоэктомия жасатқан. Объективті: жағдайы ауыр. Өкпесінде – оң жағынана төменгі бөлікте ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры 3 см қабырға доғасынан шығып тұр. ҚЖА – Эр. 2,8 х 1012/л, Нв 92 г/л, ТК 0,98, лейкоциттер 18,2 х 109/л, т/я 12%, сегм. 43%, эоз. – 3%, мон. 8%, лимф. 34%, тромбоциттер 193,0 х 109/л, ЭТЖ- 48 мм/сағ. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісі қажет?

        а) трансаминазалар, билирубин деңгейін анықтау

   б) қанның себіндісі

   в) құрсақ қуысының УДЗ

   г) стерналды пункция

   д) қақырық анализі

163. Геморрагиялық васкулит кезінде басым жағдайда зақымдалады:

   а) ұйқы артериялары

   б) капиллярлар

   в) артериоллалар

   г) венулалар

   д) қолқа

1. а, б, в

2. б, в, г

  3. а, д

4. в, д

5. в, г

164. Мына қан анализі қай ауруға тән: Э-1,8 х 1012 , Нв – 56 г/л, ТК – 0,9; лейкоциттер – 1,6 х 109/л, тромбоциттер – 5,0 х 109 /л:

   а) теміртапшы анемия

   б) B12- тапшы анемия

   в) гемолитикалық анемия

   г) апластикалық анемия

   д) сидероахрезиялық анемия

165. Науқас Ж., 25 жасар, жүйелі қызыл жегі диагнозымен « жыл бойына сырқат. Ауруханаға терісінің сарғаюына, зәрінің қоңырлануына, 390 дейінгі қызбаға, айқын әлсіздікке шағымданып түсті. Қан анализінде: эритроциттер 1,4 х 1012/л, Hb 45 г/л, ТК 0,96, лейкоциттер 17,7 х 109/л, тромбоциттер – 254,0 х 109/л. Лейкоформулада: таяқшаядролы – 7%, сегментоядролы – 54%, моноциттер – 5%, эозинофилдер 3%, базофилдер 1%, лимфоциттер – 30%. Ретикулоциттер 50%. Жалпы билирубин 67 мкмоль/л, тура емес фракция – 54 мкмоль/л, АЛТ 0,23 бірлік/л, АСТ 0,32 бірлік /л. Кумбс сынамасы – оң.

Науқаста қандай асқыну дамыды?

А. Вирусты гепатит

Б. Витамин В12-тапшы анемия негізіндегі ретикулоцитарлы криз

В. Дәрілік агранулоцитоз

Г. Сидероахрезиялық анемия

Д. Аутоиммунды гемолитикалық анемия

166. Лейкемоидты реакцияға тән белгі:

  1. нейтрофильдердің токсикалық түйіршіктенуі

  2. панцитопения

  3. өзгерістердің қайтымдылығы

  4. лейкоцитоз солға ығысумен

  5. миелограммада бластоз

А. 1+2 Б. 2+3 В. 2+4+5 Г. 1+3+5 Д. 1+3+4

167. Реактивті тромбоцитоздардың патогенезінде негізгі орын алады:

А. тромбоцитопоэтин

Б. простоциклин

В. тромбоксан А2

Г. тромбомодулин

Д. эритропоэтин

168. Тромбоциттердің циклооксигеназасын қайтымсыз бөгейтін, антиагреганттарға жатады:

А. курантил

Б. трентал

В. аспирин

Г. тиклид

Д. дицинон

169. Науқас И., 65 жасар, өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен 20 жыл бойы ауырады. ҚЖА – Нв 183 г\л, эритроциттер 6,5 х 1012/л, лейкоциттер 4,8 х 109/л, т\я 4%, с\я 63%, эоз. 3%, мон. – 7%, лимф. 23%, тромбоциттер 242,0 х 109/л. УДЗ бойынша көкбауырдың ауданы 36,0 см2.

Қан анализіндегі өзгерісті қалай бағалайсыз?

А. эритремия

Б. екіншілік эритроцитоз

В. лейкемоидты реакция

Г. реактивті тромбоцитоз

Д. анемия

170. Лейкоциттердің қандай деңгейінде гранулоцитарлы колониестимульдеуші факторлар тағайындалады?

А. 5,0 х 109/л аз

Б. 4,0 х 109/л аз

В. 3,0 х 109/л аз

Г. 2,0 х 109/л аз

Д. 1,0 х 109/л аз

171. Қабылдау бөлімінде 98 жасар науқастың қан анализінде анемия (Нв 55 г/л) анықталды. Бірақ дәрігер науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартты, өз әрекетін науқастың қарт жасымен түсіндірді. Науқастың туыстары денсаулық сақтау басқармасына арыз жазды.

Төменде көрсетілген шешімдердің қайсысы дұрыс деп ойлайсыз:

А. дәрігер әрекеті дұрыс, қарт жастағы науқастар ауруханаға жатқызылмайды

Б. дәрігер әрекеті дұрыс емес, ауыр анемиясы бар науқастар жасына байланыссыз ауруханаға жатқызылуы тиіс

В. дәрігер әрекеті дұрыс – науқасқа үйде күтім қажет

Г. дәрігер әрекеті дұрыс – науқасты амбулаторлы түрде емдеу қажет

Д. дәрігер әрекеті дұрыс – науқасты ХОСПИСке жатқызу қажет

172. Созылмалы миелолейкозбен науқас облыстық аурухананың гематология бөлімінде емделді, бірақ жақсару жоқ. Науқас учаскелік дәрігерден онкология және радиология ҚазҒЗИ жолдама сұрады. Бірақ дәрігер жолдама беруден бас тартып, оны науқас жақын арада стационарлық ем қабылдап шыққандықтан, артық болмайтынымен түсіндірді.

Төменде көрсетілген шешімдердің қайсысы дұрыс деп ойлайсыз:

А. дәрігер әрекеті дұрыс, науқасты ауруханаға жатқызуға көрсеткіш жоқ

Б. дәрігер әрекеті дұрыс емес, науқасты жоғары мамандандырылған Республикалық медициналық ұйымға жолдау керек

В. дәрігер әрекеті дұрыс – науқасқа үйде күтім қажет

Г. дәрігер әрекеті дұрыс – науқасты амбулаторлы түрде емдеу қажет

Д. дәрігер әрекеті дұрыс – науқасты ХОСПИСке жатқызу қажет

173. Науқас витамин В12-тапшы анемиясымен гематология бөлімінде ем қабылдау кезінде емдеуші дәрігерден көру өткірлігін тексеру мақсатында көз дәрігерін шақыруын сұрады.

Төменде көрсетілген жауаптардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз:

А. көз дәрігерінің кеңесі жоспарлы түрде жергілікті емханада өткізілуі қажет

Б. шұғыл түрде бөлімге көз дәрігерін шақыру

В. жоспарлы түрде көз дәрігерін бөлімге шақыру

Г. Бөлім меңгерушісін ескертіп бөлімге көз дәрігерін шақыру

Д. Бас дәрігердің орынбасарын ескертіп бөлімге көз дәрігерін шақыру

174. Науқас жедел лейкозбен гематология бөлімінде ем қабылдау кезінде, кенеттен оң көзі көрмей қалды емдеуші дәрігерден көз дәрігерін шақыруын сұрады.

Төменде көрсетілген жауаптардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз:

А. көз дәрігерінің кеңесі жоспарлы түрде жергілікті емханада өткізілуі қажет

Б. шұғыл түрде бөлімге невропатоог және көз дәрігерін шақыру

В. жоспарлы түрде көз дәрігерін бөлімге шақыру

Г. Бөлім меңгерушісін ескертіп бөлімге невропатологты шақыру

Д. Невропатоог және көз дәрігерінің кеңесі жоспарлы түрде

175. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) – бұл құзыретті органдармен анықталған медициналық мекемелерде өткізілетін, диагностика, ем, және медициналық реабилитация өткізуде жаңа технологиялар қолдануды талап ететін аурулар кезіндегі, бағытты (профильді) мамандар көрсететін көмек.

Бұл көмек түрін кім төлейді?

А. мемлекет

Б. науқас

В. науқастың туыстары

Г. науқастың жұмыс орны

Д. спонсорлар

176. Жедел лейкозбен науқасқа өмірлік көрсеткіштерге байланысты гемотрансфузия тағайындалды, науқас бұл процедурадан бас тартып, оны жазбаша түрде сырқатнамада көрсетті. Таңертең науқас қайтыс болды. Науқастың қызы дәрігерді гемотрансфузия өткізбегені үшін кінәләді.

Төменде көрсетілген жауаптардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз:

А. дәрігер әрекеті дұрыс, науқастың жазбаша түрде гемотрансфузиядан бас тартқаны тіркелген

Б. дәрігер әрекеті дұрыс емес, науқасқа гемотрансфузия өткізу керек болған

В. дәрігер әрекеті дұрыс емес – науқасты бас тартқан соң ауруханадан шығару керек болған

Г. дәрігер әрекеті дұрыс емес – науқасты бас тартқан соң амбулаторлы емдеу керек болған

Д. дәрігер әрекеті дұрыс емес – науқасты бас тартқан соң ХОСПИС-ке ауыстыру керек болған

177. Науқас гематология бөлімінде жедел лейкоздан қайтыс болды. Диагноз күдіксіз. Науқастың ұлы мәйітті ашпай беруді сұрады.

Бас дәрігердің қай шешімі дұрыс деп ойлайсыз?

А. ұлының мәйітті ашпай беруді сұраған өтінішін, диагнозы және емімен келіскенін, медперсоналға қояр міні жоқ екенін көрсетіп, сырқатнамаға тігіп қоюы қажет

Б. бас дәрігір мәйітті ашуға міндетті түрде жолдауы қажет

В. ҚР халықтарының әдет-ғұрыптарын ескермей, мәйітті ашу қажет

Г.мәйітті ашқаннан соң ғана денені беруге болады

Д. шығару зпикризін жазып, мәйітті ашпай беру керек

178. Айқын панцитопениямен науқас гематология бөлімінде кенеттен қайтыс болды. Диагноз дәлелденген жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтап үлгермеді. Науқастың ұлы мәйітті ашпай беруді сұрады (науқастың ұлттық салтына байланысты мәйітті союға болмайды).

Бас дәрігердің қай шешімі дұрыс деп ойлайсыз?

А. ұлының мәйітті ашпай беруді сұраған өтінішін сырқатнамаға тігіп қоюы қажет

Б. бас дәрігір мәйітті ашу қажет екенін науқастың ұлына түсіндіруі қажет

В. ҚР халықтарының әдет-ғұрыптарын ескермей, мәйітті ашу қажет

Г.мәйітті ашқаннан соң ғана денені беруге болады

Д. шығару зпикризін жазып, мәйітті ашпай беру керек

179. Науқастың құжаттары түскеннен соң қанша уақыт ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) комиссиясы жоғары мамандандырылған медициналық көмек қажеттілігі және кепілді ақысыз көмек көлемінде ауруханаға жатқызу жайында хаттамалы түрде шешім қабылдайды?

А. Екі жұмыс күні ішінде

Б.Бес жұмыс күні ішінде

В. Он бес жұмыс күні ішінде

Г. Отыз жұмыс күні ішінде

Д. Бір күн ішінде

180. «Саламатты Қазакстан» Бағдарламасының мақсаттары:

А. Денсаулықты қорғау мәсәлесінде қоғамның біріккен жауапкершілігінің арқасында қазақстандықтардың денсаулығын күшейту

Б. Бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру; медициналық қызметтің сапасын жоғарылату

В. Денсаулықты қорғау мәсәлесінде қоғамның біріккен жауапкершілігінің арқасында қазақстандықтардың денсаулығын күшейту; бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру

Г. Денсаулықты қорғау мәсәлесінде қоғамның біріккен жауапкершілігінің арқасында қазақстандықтардың денсаулығын күшейту

Д. Қазақстандықтардың денсаулығын, денсаулықты қорғау мәсәлесінде қоғамның біріккен жауапкершілігінің арқасында күшейту; медициналық қызметтің сапасын жоғарылату

37 беттің 37 беті