Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кейс.аза тілі Балташева Жанна.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
60.29 Кб
Скачать

Кейс №7 Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық негіздері

Әлеуметтік жұмыс қоғамдық құбылыс, белгілі бір қоғамдық институт ретінде пайда болған. Ол бірте бірте әр түрлі ғылымның зерттеу объектісіне айналды. ХХ ғасырдың ішінде ол теориялық тұрғыдан қарастырылып, ғылыми сипаттама беріле бастады. Шетелдік ғылыми дәстүрде әлеуметтік жұмысты теориялық тұрғыдан зерттеудің тарихы біршама уақытты қамтиды. Осы тақырыпқа арналған еңбектер жеткілікті. Бұл ретте бір бірімен әлеуметтік жұмыс туралы ғылымдағы өзара байланысты екі құбылысты бөліп алуға болады. Біріншісі, жалпы әлеуметтік даму барысындағы әлеуметтік жұмыстың орнын анықтау, жалпы қоғам тарихын зерттеу, ал екіншісі әлеуметтік жұмысты ғылыми зерттеу, әлеуметтік жұмыс теориясының эволюциясы, оның адам мен қоғам туралы басқа да ғылымдармен ара қатынасы тұрғысындағы зерттеулер. Ғылыми әдебиеттерге жүргізілген зерттеулер әлеуметтік жұмысты ғылыми пайымдау тарихындағы теориялық дәстүрлер қоғам өміріндегі қайырымдылық секілді құбылыстың әлеуметтік орны мен мәнін зерттеуге, сондай-ақ әлеуметтік көмекті әр түрлі психологиялық, социологиялық, психотерапевтикалық доктриналармен салыстыра тексеру талпыныстарын қарастыруға орай қалыптасқанын көрсетеді.  

90-жылдардың басында ғылыми әдебиетте әлеуметтік жұмысты теориялық негіздеудің бірнеше үлгісі белгіленді. Оны қоғамдық құбылыстың ерекше әлеуметтік қызметі ретінде түсіну өрістеді. Бұлар қазіргі заманғы қоғамдағы әлеуметтік қорғау проблемаларын теориялық пайымдауға бағытталған әр түрлі мектептердің ірі ғалымдарының ғылыми ізденістерінің ғана нәтижесі емес, сонымен бірге әлеуметтік жұмыстың мазмұны мен формаларының өзіндегі эволюция, өзгерістер. Әлеуметтік жұмысқа қатысты ғылыми білімді құрудағы әйгілі теориялық тәсілдерге, олардың өздеріне әсер еткен аралас ғылымдарға қатысты жүргізілген талдаулар кем дегенде үш топтағы теориялардың бар екендігін көрсетеді: 1) әлеуметтік жұмыстың психологиялық-бағдарлы теориясы; 2) әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-бағдарлы теориясы; 3) психологиялық-әлеуметтік (социопсихологиялық) немесе жан-жақты, пәнаралық бағдарлы әлеуметтік жұмыс теориясы.

Тапсырмалар :

1. Мәтінді оқып шығыңыз.

2. Мәтінде не тұралы айтылғанын қысқаша мазмұндаңыз.

3. Әлеуметтік жұмысқа қатысты ғылыми білімді құрудағы әйгілі теориялық тәсілдерге, олардың өздеріне әсер еткен аралас ғылымдарға қатысты жүргізілген талдаулар кем дегенде үш топтағы теориялардың бар екендігін көрсетеді. Олар қандай топтар?

4. «Ғылыми » сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

5. Мына сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: психологиялық-әлеуметтік, социопсихологиялық, жұмыстың, формаларының.

6. « Институт » сөзін септеңіз.

7.  Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

Кейс №8 Әлеуметтік зерттеулер

Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебапбелгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғамдағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекелеген құрылымдары, бөлігі, саласы қарастырылады. Әлеуметтік зерттеулерге сай белгілер: әлеуметтік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас, әлеуметтік дәйектерге сүйену, эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай әлеуметтік зерттеулертеориялық және эмпирикалық, негізгі және қолданбалы,макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

  2. Мына сөйлемге синтаксис талдау жасаңыз: Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекелеген құрылымдары, бөлігі, саласы қарастырылады.

  3. Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жазыңыз.

  4. Әлеуметтік зерттеулердің анықтамасын беріңіз.

  5. Әлеуметтік зерттеулерге сай белгілерін атаңыз.