Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кейс.аза тілі Балташева Жанна.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
60.29 Кб
Скачать

Кейс №9 Әлеуметтік педагог

 Әлеуметтік педагог – өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог-сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен   ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар – бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы. Оның барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шеше алуына көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар боый баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге ол әлеуметтік терапевт-өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңжі жағдайын шешуге, соған сәйкес мамандарға көрінуіне көмектеседі. әлеуметтік педагок әрқашан өзінің клиентінің құқын қорғайды, «әлеуметтік диагноз» қоюда эксперт ретінде қатыса алады.

 Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуына тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында  оны жойып отыру, адам бойындағы  олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды(алкоголизм, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзін-өзі қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін (қарт адаммен жұмыс, босқындармен, әлеуметтік риск тобына жататын адамдармен жұмыс) Солнымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының (ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.

  2. «Нашақорлық», «мүгедектермен», «босқындармен» сөздеріне морфологиялық талдау жасаңыз.

  3. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз, жаңа сөздерді аударыңыз.

  4. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: қорғаушы, педагог.

  5. Әлеуметтік педагог міндетіне не кіреді?

  6. Проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды. Ол қандай қызметкер?

  7. « Педагог » сөзіне синонимдік қатар құраңыз.

Кейс №10 Суицид - әлеуметтік мәселе

Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша өзін-өзіне қол жұмсау мәселесі қоғамды дүр сілкіндірген жағдайдың бірі. Жылдан жылға өлім мәселесі арта түсуде, оның себептерін анықтау барысында келесі мәселелерге тоқталу керек: отбасында туындаған дағдарыстық жағдайлар, мемлекетте және дүние жүзінде туындаған экономикалық тепе-теңсіздік мәселесі, қоғамдық өмірде кездесетін алкоголизм, нашақорлық, зорлық зомбылық, бәскелестік.

БҰҰ балалар ұйымының әлеуметтік мониторинг зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Рессей және Қазақстан мемлекеттерінде өз-өзіне қол жұмсау деңгейі жоғары екенін көруге болады. Суицидке барудың басты себептерінің бірі бұл әлеуметтік-экономикалық мәселелер және отбасындағы ата-аналар мен балаларының арасында қарым-қатынастың нашарлауы. Көп жағадайда жасөспірімдер арасындағы кездесетін суицидтің себебі ол ата- анасының балаларының қарапайым қажеттіліктерін өтей алмауынан туындап жатады. Сол себепті өзін- өзіне қол жұмсау мәселесі әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық мәселе болып табылады.

Өзіне -өзі қол жұмсау, суицид- психикалық көңіл күйдің немесе жан дүниесінің әлсіреуінен ішкі күйзеліс арқылы туындайтын ой.

«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қолсалу» деген мағынаны береді. Суицидттік әрекет екі түрлі жағдайды қамтиды алғашқысы аяқталған суицид және суицидтке әркет ету жағдайы. Алайда бұл феномендердің көрінісі деп есептеледі. Кейбір авторлардың айтуынша кей жағдайларда бұл айналасындағы адамдарды қорқыту немесе көңіл аударудың жолы деп есептейді.

Өзіне- өзі қолжұмсаудың себептерін алғаш зерттеген ғалымдардың бірі Э. Дюркгейм өлімге итермелейтін себептерден бастап зерттеген: эгоисттік себеп (қоғам мен индивидттің арасындағы қарым- қатынастың әлсіреуі); альтуристік (шындық үшін немесе басқа адамдар үшін); аномикалық (қоғамдағы дағдарыс жағдайлар).

Дорпат және Босвелл суицидтті әрекеттік немесе демонстративті деп қарастырған, өзінің өміріне қастандық ету әрекеті.

Л.Векштайн суицидттік әрекеттің отызға жуық түрін көрсетеді: алкоголдік немесе нашақорлық мәселесі, рационалды суицид, психикалық және экзистенционалды және т.б..