Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кейс.аза тілі Балташева Жанна.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
60.29 Кб
Скачать

Кейс №14 Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік құндылығы

Әлеуметтік жұмыс профессионалдық қызметте жиі кездесетін түрлерге жатады.  Мұнда көбінесе қызметкердің  тиімді және үлгерімділігін анықтайды. Сондықтан әлеуметтік қызметкерді оқыту процесінде мамандықтың маңыздылығын ғана көрсетпейді, сонымен қатар тұлға ретінде  рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Қазіргі әлеуметтік қызметкер өзіне профессионалдық  білімін және дағдыны, жеке қасиеттерді міндетті түрде есепке алады.

Әлеуметтік жұмысты таңдай отырып жастар осы мамандық туралы  толық мағлұмат алуы керек. Әлеуметтік қызметкер қиыншылықтарға қарамастан ол адамдарды  жақсы көре ме? Адамдарға  жақсылық істей ала ма?  Адамдардың күнделікті бақытсыз жағдайларды  төзе алуға дайын ба, сонымен қатар бұл адамгершілік сұрақтарды мамандық таңдағанда шешуі қажет. Сондықтан әлеуметтік қызметкер мамандығын таңдаған кезде адамгершілікті реттеуді қажет етеді, яғни  қате таңдауды негативті  салдарын болдырмайды.

Әлеуметтік қызметкер және оның клиенті  ең бірінші рет клиенттің өміріндегі өте қиын жағдайда кездеседі, яғни адамға қауіп төнген жағдайда кездеседі. Клиент үшін әлеуметтік қызмет  мекемесіне келу ол үшін  сыннан өту болып табылады.  Солай болғандықтан  бұл мәселені  сәтті шешу үмітін  ғана білдірмейді, сонымен қатар өзінің жауапсыздығын мойындайды, яғни өзінің тәуелді  болғанына қарамастан адам ішкі дүниесін мойындағанмен бұл әрқашан да  тұлға үшін мойындау өте қиын.  Бұндай жағдайда  әлеуметтік қызметкердің клиентті өзінің  күшіне және өз-өзіне  сенімсіздікті жеңе ала ма, өзіне сенімді бола ала ма, өзінің қоршаған ортасы жағынан өзінің қадір  қасиетін сақтай ала ма, мұндай кезде әлеуметтік қызметкердің  жеке адамгершілік құндылықтарына тәуелді.

Әлеуметтік қызметкердің басты  тұлғасы болып адамның ішкі, рухани  құндылығы ретінде  адамгершілік болып табылады.  Оның моральдық және  этикалық қажеттіліктерге  сәйкес  адамдарға жақсылық  көрсету,  ігілікті істерді істеу керек.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.

  2. Клиент, қызмет, мамандық  сөздерін септеңіз.

  3. Мына сөйлемге синтаксис талдау жасаңыз: Әлеуметтік жұмысты таңдай отырып жастар осы мамандық туралы  толық мағұлмат алуы керек.

  4. Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді табыңыз,теріп жазыңыз.

  5. Әлеуметтік жұмысты таңдай отырып жастар осы мамандық туралы  қандай мағлұмат алуы керек?

  6. Әлеуметтік қызметкердің басты  тұлғасы болып не табылады?

  7. Мамандық, қызмет, профессионалдық  білім, қасиеттер, адамгершілік  сөздерді пайдаланып бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

Кейс №15 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүгедек – бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.Қазастан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мүгедектің мынадай құқықтары бар: әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу, ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу, білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты, кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу, мүгедектердің және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі, мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау. 

Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:1) мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер; 2)жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер; 3)жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері.