Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кейс.аза тілі Балташева Жанна.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
60.29 Кб
Скачать

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып шығыңыз.

  2. Мәтінді мазмұндаңыз. Өз пікіріңізді айтып беріңіз.

  3. «Суицид» сөзі қай мағынаны береді?

  4. Өзін- өзіне қол жұмсау мәселесі қандай мәселе болып табылады?

  5. «Қолжұмсаудың», «жасөспірімдер», «айналасындағы», «себептерден» сөздеріне морфологиялық талдау жасаңыз.

  6. Мәтіндегі бірінші сөйлемге синтаксис талдау жасаңыз.

  7. Өзіне- өзі қолжұмсаудың себептерін алғаш зерттеген ғалымдарды атаңыз.

  8. «Суицид» сөзіне жақын мағыналы сөздерді теріп жазыңыз.

Кейс №11 қазақстандағы кедейшілік мәселелерінің әлеуметтік аспектілері

 

Кез-келген экономикалық жүйеге ілесетін кедейшілік құбылыс ретінде даму деңгейіне байланыссыз әлемнің барлық елдерінде болған және қазір де бар. Кедейшілік тек адамдардың тұрмыс деңгейіне ғана ықпал етумен шектелмейді, ол сонымен бірге қоғамның әлеуметтік және саяси саладағы өмірлеріне әсерін тигізіп, көпшілік жағдайларда қылмыстың өсуі мен әлеуметтік жанжалдардың тууының себеп көздеріне айналады. Қазақстандағы қоғамы қызметінің барлық қырларын дерлік қамтитын көп факторлы құбылыс ретінде кедейшілікті азайту проблемасы, біздің әлеуметті-экономиклық дамуының және нарықтық реформаларды іске асырудың одан арғы барысындағы ең маңызды міндеттердің бірі ретінде қаралады.  

Жалпы, «кедейшілік» ұғымын алғаш рет әлеуметтану ғылымына француз социоэкономисі Ж.Прудон енгізген. Адам өз организмінің физиологиялық мұқтаждықтарынан туындайтын, өз қажеттіліктерінің ең төменгі әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс ахуалы «абсолютті кедейшілік» деп анықталады. Ал, «салыс­тырмалы кедейшілік» дегеніміз, қоғамда белгіленген әл-ауқаттың стандартқа сай өмір сүруге материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдар тобы жатқызылады. Одан басқа, кедейшілік адамдардың тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлердің негізінде бағалануы мүмкін, ондай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме «субъктивті кедейшілік» туралы болады .  У.Уилсонның пайымы бойынша кедей­шілікті қоғам өзі тудырады. Өйткені, қалалардың орталығында жұмыс орны жеткі­ліксіз. Сондықтан, кедейлердің енжарлығы мүмкіндіктердің шектеулі болуының нәтижесі. Нарық экономикасының үстеме пайда табу заңдылығына сай, ірі өндіріс орынның иесі оның тиімділігін арттыру үшін оны шикізаты мен еңбек қоры арзан елдерге көшіреді. Табыс жоғары кезінде өндіріс кеңейтіледі. Ал, дағдарыс кезінде қызметкерлерді аяусыз қысқарта бас­тайды. Сондықтан, Еуропада жұмыссыздық 7 пайыздан 10 пайызға дейін өсті, ал Испания, Грекия мен Португалияда 15-20 пайызға жетті. Бұл ереуілдер қозғалысын күшейтті.

Тапсырмалар :

  1. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

  2. Мәтіндегі «кедейшілік» сөзінің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.

  3. Жалпы, «кедейшілік» ұғымын алғаш рет әлеуметтану ғылымына француз социоэкономисі кім енгізген?

  4. Ал «салыс­тырмалы кедейшілік» дегеніміз не?

  5. «Құбылыс» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз. « Қоғамдық» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

  6. Мына сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: кедейшілік, мүмкіндіктердің, физиологиялық мұқтаждықтарынан.

  7. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Жалпы, «кедейшілік» ұғымын алғаш рет әлеуметтану ғылымына француз социоэкономисі Ж.Прудон енгізген.