Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кейсы.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
56.7 Кб
Скачать

Тапсырмалар:

  1. Радио дегеніміз не?

  2. Сөздік құрыныз.

  3. Радио қалай құрылған?

  4. Мәтінде не туралы айтылған?

  5. Радионың әкесі кім?

  6. Мәтімді орыс тіліне аударыныз

  7. Мәтім бойынша эссе жасаныз

  8. Мәтімді мазмұнданыз

Кейс№9

Радио байланыс

Радио байланыс — радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланысы. Бұл үшін  хабар  беретін пункте радиотаратқыш пен таратқыш антенншан тұратын қондырғы, ал қабылдау пунктіндегі қабылдағыш  антенна мен радиоқабылдағыштан қүралған қондырғылар орнатылады. Белгілі бір тасымалдауышы (радиодиапазондық) жиіліктегі гармониялық тербелістер таратқыштан генерацияланып, берілетін хабарға сәйкес модуляцияланады.  Модуляцияланған тербелістер радиосигнал ретінде таратқыш антеннадан кеңістіке таралады. Қабылдағыш антеннаға жеткен мұндай радиосигналдар онда электрлік тербелістер қоздырады. Қабылдағыш антеннаға таратылған энергияның өте аз мөлшері келуі себепті бұл сигналдар әлсіз болады. Сондықтан олар радиоқабылдағышта күшейтіледі де, кері модулянцияланады (детектирленеді). Осының нәтижесіде тасымалдауыш жиілікті модуляциялаған  сигналға сәйкес келетін электірлік тербелістер алынады.

1906 ж. 29 мемлекет өкілдерінің қатысуымен Берлинде өткен 1 халықаралық әкімшілік конференциясында радиобайланыс регламенті  және  халықаралық конвеңция қабылданды. Ол 1908 жылдын 1 июлінен бастап күшіне енді. 

1912 ж. жиілік диапазондары әр елдегі әкімшіліктерге бекітіліп берілді, радиомаяк, ауа райын хабарлау т. б. қызметтері құрылды. Жүз метір ден  ондаған км арасындағы, ал 1922 жылдан декаметрлік толқындар пайдаланылады.

1930 ж. метрлік, ал 1940 ж. түзу сызықпен таралатын дециметрлік және сантиметрлік толқындар алқабы игерілді. Ңысқа толқындар негізінде көп каналды байланыс орнатылып, телөфон, радио, телевизия байланыстары арқылы өте көп информация қабылдау-тарату мүмкіндігі туды.

Тапсырмалар:

  1. Радио байланыс дегеніміз не?

  2. «Радиотолқындар» деген сөзді есептеніз.

  3. Мәтім бойынша сөздік жасаныз

  4. Мәтімді жалғастырыныз «Осының нәтижесіде тасымалдауыш жиілікті модуляциялаған  сигналға.......»

  5. Абзацтарға ат қою

  6. Мәтімге 2-3 сұрақ құраныз

Кейс№10

Ноутбук

Ноутбук (ағылш. notebook — блокнот) – дербес компьютердің құрамы, пернетақта, монитор,қалталы компьютер және қуат көзінің батареясының ықшамдалған түрдегі жиынтығы. Ноутбуктардың басты ерекшеліктері жеңіл салмақтылығыда және көлемінің ықшамдылығында. Жұмыс істеу уақыты бір сағат пен он бес сағат аралығына тең.

Көп жағдайларға ноутбуктарға форм – факторы жинама негізді келетін лэптоп түрлері жатады. Ноутбуктың тасымалы жиналған күйде орындалғандықтан, экранды, пернетақтаны және тачпад нысандарын қорғау мүмкіндігін береді. Ноутбуктын тағы мүмкіншіліктерінің бірі – оны қарапайым арнайы дорбада тасымалдауға болатындығында.

1968 жылы «Xerox» фирмасының зерттеу лабараториясының басшысы Алан Кей «блокнот» көлемімен тең келетін, желіге сым қолданбай қосылуға болатын, шағын экранмен жабдықталған және тасымалға жеңіл есептеуіш машинасын құру жайлы ұсыныс жасады.

1979 жылы NASA тапсырысымен, Вильям Могридж(Grid Systems компаниясының өкілі) алғашқы Grid Compass есумду ноутбукты жасап шығарды(жедел жадының көлемі 340 кБ, процессоры Intel 8086 жиілігі 8 мГц және экраны люминесцентналы). Аталмыш ноутбук Space Shuttle жобасында қолданылған.

Алғашқы азаматтық қолданысқа 1981 жылы Адам Осборнның 1795 АҚШ доллары тұратын ноутбугі қолданысқа еңді (салмағы 11 кг, жедел жады 64 кБ, 4 мГц жиілігі бар Zilog Z80A процессоры, 5,25 дюймды екі диск салу құрылғысы бар, үш портты, 52 таңбадан 24 жол еңгізуге мүмкіндік беретін 8,75х6,6 см көлемді монохромды экран және 69 пернемен жабдықталған болатын). Алайда Osborne Vixen ноутбуктарының шығарылымы жайлы хабар оның құрастырылуына дейін айтылғандықтан (ал бұл хабар Osborne 1 ноутбуктарының сатылымына теріс әсерін тигізді), компания кедейленді.

1982 жылы Compaq фирмасы процессоры Intel 8080 IBM PC есімді ноутбукты қолданысқа еңгізді. 1983 жылы компьютерді өндіретін көптеген фирмаларда өздерінің ноутбуктарын жасауға тәжірибелері болған. 1984 жылы Apple фирмасы LCD дисплейді ноутбуктарын шығарды. 1986 жылы IBM процессоры Intel (салмағы 5,4 кг, диск салу кеңістіні 3,5 дюйм) болған ноутбугын 3500 АҚШ доллары бағасының көлемінде шығарды.

1990 жылы Intel дүниежүзінде алғашқы мобильді дербес компьютерлерге арналған процессорын Intel 386 SL есімімен шығарды, сондай ақ қуат көзінің батареясының ұзақ мерзімділігі арттырылды.