Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кейсы.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
56.7 Кб
Скачать

Транзистор

Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) — электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал. 

1956 жылы қос полярлық транзисторды ойлап шығарғандары үшін Уильям Шокли, Джон Бардин және Уолтер Браттейн физикадан Нобель премиясын алған болатын.

Ең бірінші транзистор алтын фольгасына оралған үшкір пластиктен, аз мөлшерде германийден тұратын. Көпшілік те, ғалымдар да бұл нәрсенің қалай істейтінін түсіндіре алмады, ол құрал арқылы тек радио тыңдады.Транзистор өрістік (униполярлы) және биполярлы деп бөлінеді.

Өрістік (арналық) транзистор – жұмыстық токтың өзгеруі кіріс сигналы тудыратын, оған перпендикуляр бағытталған электр өрісі әрекетінен болатын транзистор. Өрістік транзисторларда кристалл арқылы өтетін токты тек бір таңбалы заряд тасушы – электрон немесе кемтік тудырады.

Өрістік транзисторлар әдетте кремний немесе галий арсениді негізінде жасалады. Өрістік транзисторлар байланыс, есептеуіш техникаларында, теледидарда шусыз, қуатты және ауыстырып-қосқыш (кілттік) ретінде қолданылады. Металл-диэлектрик-шалаөткізгіш (МДШ) құрылымды өрістік транзисторлар интегралдық сұлбаларда кеңінен қолданылады.

Биполярлы транзисторлар үш кезектелген электрондық (п) немесе кемтіктік (р) өткізгіштік облыстардан тұрады. Олар р-п-р және п-р-п типті болып ажыратылады. Биполярлық транзисторлар негізінен электр сигналдарын өндіруге, күшейтуге арналған.

Транзисторлар физикалық және басқа да параметрлеріне байланысты төмен (3 МГц-ке дейін), жоғары (300 МГц-ке дейін), аса жоғары жиілікті (300 МГц-тен жоғары), аз қуатты (шектік сейілу қуаты 1 Вт-қа дейін), үлкен қуатты (шектік сейілу қуаты 1 Вт-тан жоғары), жоғары және төмен кернеулі, дрейфтік, т.б. түрлерге бөлінеді. Транзистор қазіргі кездегі микроэлектроника құрылғы-ларының негізгі элементі болып табылады.

Қазіргі кезде транзисторлар өмірімізде түпкілікті орын алады. Аналогты және сандық құралдар құрамында бола отырып, олар электр құралдарының негізі саналады. Қолданылатынаялары: компьютерлер, күшейткіштер, электркілттері, т.б.

Тапсырмалар:

  1. Ең бірінші транзистор неден жасалған?

  2. Өрістік транзистор дегеніміз не?

  3. Биполярлы транзисторлар қандай өткізгіштік облыстардан тұрады?

  4. Биполярлы транзисторлар неге арналған?

  5. «Биполярлы» деген сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

  6. «Күшейткіш» деген сөзді жіктеңіз.

Кейс№13

Google Chrome

Google Chrome — бұл Google компаниясыныңChromium еркінбраузері мен веб-парақшаларды көрсететін WebKitжүргіртпесінің (қозғағыш) негізде жасалған браузер. Алғашқы beta-нұсқасы 2008 жылдың 2 қыркүйегіндеMicrosoft Windows-ке арналып шығарылды. Ал бірінші тұрақты нұсқасы - 2008 жылдың 11 желтоқсанында шықты.

StatCounter менNet Applicationsмәліметтері бойынша браузер танымалдылығы жөнінен 3 орында, ал оның 2011 жылдың нарықтағы көрсеткіші 13,49% пен 22,14% аралығында.

Алты жыл бойы Google-дің бас директоры Эрик Шмидт үздік браузерді ойлап табу идеясын қолдамады. Ол Google-дің тек қана "кішкене компания" деп, және де "браузерлер соғысына" қайтысқысы келмеді. Компания негізін қалаушылары Сергей Брин мен Ларри Пейдж Mozilla Firefox браузерін жасаған бірнеше адамдарды ала отырып, Chrome-ның алғашқы түрін көрсеткеннен соң, Шмидт өз сөзінде "Оның керемет болғаны соншалық, өз ойымды өзгертуге тура келді."

Алғашқы Chrome тек Microsoft Windows ғана арналып шығарылыпп келген, кейінірек 2009 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Linux пенMac OS X-ке арналған dev және beta-нұсқалары шығарыла бастады.

2011 жылы Google Chrome 11 жаңа логотиппен шықты, бұрынғы Chromium-ге ұқсайтын көлемді логотипті ауыстырды.

2008 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Google компаниясы өзінің жеке өнімі браузерді шығарғаны туралы жариялады.