Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ППУ / Диплом / 3. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау.docx
Скачиваний:
164
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
44.58 Кб
Скачать

3.2.1 Бу генераторы қондырғыларды пайдалану техника қауіпсіздігі

Жалпы мәліметтер

1970 жылдың 12 шілдесінде КСРО Мемгортехбақылау бекіткен қазандық жұмысшыларына арналған типтік нұсқау негізінде кәсіпорынның басты инженерімен жасалған және бекітілген өндірістік нұсқаулық жұмыс орнында ілініп, қозғалмалы бу генераторлық және депарафинизациялық қондырғыларға қызмет көрсететін жұмысшылардың қолына берілуі тиіс.

Қондырғыда жұмыс жасауға медициналық куәландырудан өткен, сәйкес бағдарлама бойынша оқытылған және қондырғыға қызмет көрсету құқығына кәсіптік комиссия куәлігі бар, жасы 18 жастан кем емес тұлғалар жіберіледі. Қозғалмалы бу генераторлық және депарафинизациялық қондырғыда қызмет көрсететін жұмысшыларды оқыту кәсіптік-техникалық білім беру бойынша КСРО Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік комитетімен бекітілген типтік бағдарламаға сәйкес жүргізілуі тиіс. Қозғалмалы бу генераторлық және депарафинизациялық қондырғылар операторларын аттестациялау бойынша кәсіптік комиссия құрамына міндетті түрде Мемгортехбақылау жергілікті ұйымының өкілі болуы тиіс. Кәсіпорын комиссиясы қызмет көрсетуші жұмысшылардың білімін 12 айда кемінде бір рет қайта тексеруі тиіс. Мемгортехбақылау жергілікті ұйымының өкілі білімді қайта және кезектен тыс тексеруге қатысуы міндетті емес.

Оператор қондырғыда өз жұмысын ішкі ереже талаптарын сақтай отырып бастауы және аяқтауы тиіс. Жұмысқа кіріскенде қондырғыда жұмыс жасайтын оператор ауысымдық журнал жазбаларымен танысып, барлық қондырғы түйіндері мен жүйелерінің дұрыс жұмыс жасауы мен жұмыс қабілеттігін тексеруі тиіс.

Қондырғы операторы оған нұсқаулықпен берілген міндеттемелерден жұмыс уақытында жалтармауы керек. Сондай-ақ бу қазандығы немесе қыздырғышының оттығында жанудың толық тоқтағанына дейін, ондағы отын қалдығын тазалап, қысым нөлге дейін түскенін қадағаламастан жұмыс жасап жатқан қондырғыныны қалдыруға тыйым салынады.

Автокөлік кабинасы және қондырғы шанағы, мұнай қыздырғышы, сонымен қатар оның барлық жабдықтары дұрыс жұмыс жасауы және қажетті тазалықта ұсталуы тиіс. Қондырғы шанағының ішкі бөлігін үйіп тастауға немесе онда қандай да бір материалдар мен заттарды сақтауға болмайды.қондырғы шанағына кіретін және шығатын орын әр уақытта бос болуы керек. есіктер оңай ашылуы тиіс. Қондырғы шанағында қондырғыны пайдалану бойынша өндірістік нұсқаулық және электр тогынан, өрттен және тағы басқа оқыс жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету плакаттары ілінуі тиіс. Шанақта дәрі-дәрмектер мен таңғыш материалдар бар дәрі қорапшасы болуы тиіс.

Істен шығуларды жоюмен байланысты барлық жөндеу жұмыстары сөндірілген қондырғыда іске асырылуы тиіс. Бұл кезде автокөлік қозғалтқышы тоқтатылуы керек, құбыр желісіндегі қысым атмосфералық қысымға дейін төмендетіуі тиіс.

Депарафинизациялық қондырғы операторы қондырғы өзінің және оның жабдықтары, арматурасы, бақылау-өлшеу аспаптары үшін және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуы үшін жауапкершілік алады.

Бу қазандығын жақпастан бұрын мұқият тексеру қажет:

- оттық және газ құбырларының, бекіткіш және реттегіш құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматураның, гарнитураның, қорек сорғышының, желдеткіштің дұрыс жұмыс жасауы;

- сұйық отынды жағуға арналған жабдығының дұрыс жұмыс жасауы;

- ыдыста судың болуы;

- сақтандырғыш клапанынан кейін бу жеісінде, қоректендіру, түсіру және үрлеу жолдарында бітеуіштің болмауы.

Қазандықты жақпастан бұрын 10-15 мин ішінді оттық және газ құбырларын тікелей желдету жүргізіуі тиіс.

Бу қазандығын қондырғыны пайдалану бойынша өндірістік нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.

Істен шыққан арматура, қоректендіру сорғыштар, қауіпсіздік автоматикасы және апатқа қарсы қорғаныс құралдар мен дабыл жүйелерімен бу қазандығын іске қосуға тыйым салынады.

Қондырғы жұмысы кезінде оператор бу қазандығының және барлық жабдықтардың жұмыс дұрыстығын бақылап, қондырғы жұмысының орнатылған режимін ұстануы тиіс. Жұмыс уақытында аса көңіл бөлу қажет: ыдыстағы су деңгейіне, будың қалыпты қысымының ұстауын, бу температурасы мен оттықтың қалыпты жұмыс жасауын.

Қондырғы жұмыс жасап жатқанда тыйым салынады:

- қозғалмалы бу генераторлық қондырғыда бөтен адамдардың болуы;

- қандай да жөндеу жұмыстарын немесе ұңғыма аузының түйіні мен құбырлардың бектілуін жүргізуге;

- агрегаттардың қозғалып тұрған бөліктерін тазалауға және майлауға;

- бөгеттерді немесе оның жеке бөліктерін шешуге;

- механизмдердің қозғалмалы бөліктерін қолмен немесе қандай да бір заттарды қою арқылы тежеуге;

- белдікті берілісті бағыттауға және реттеуге;

- тығыз емес байланысулар арқылы отынның ағуын анықтағанда жұмыс жасауға;

- бу температурасын 310°С-дан, қысымды 10 МПа асыруға және бу температурасын оттыққа отын берілуін тоқтату арқылы түсіруге;

- шылым шегуге.

Бу қазандығы тоқтап қалған жағдайда қажет:

- оттықта отынның берілуін тоқтату;

- оттық пен газ құбырларын желдету;

- бу қазандығының ирек түтігін (змеевик) 50°С температураға дейін салқындату;

- жетекті топты қосу.

Қозғалмалы бу генераторлық қондырғының қызмет көрсетуші жұмысшылары апатты жағдайда бу қазандығын тез арада тоқтатып, бұл жайында өз бастығына немесе оның орынындағы тұлғаны хабардар етуге міндетті, егер:

- сақтандыру клапандарының 50% астамы істен шықса;

- қысым рұқсат етілген шектен 10% артып және отынның беріуі тоқтатылса да өсуін тоқтатпаса;

- өрт туындаса.

Апатты тоқтау себептері ауысым журналында жазылуы тиіс.

Қозғалмалы бу генараторлық қондырғысына қызмет көресту кезінде аталған талаптарды білмеу немесе орындамау әртүрлі істен шығуға, жабдықтардың зақымдануына және апатқа әкелуі мүмкін. Кейде істен шығулар дұрыс жойылмайды, мұның нәтижесінде апат тууы мүмкін.

Істен шығуды немесе апатты жойғаннан кейін қауіпсіздік техникасы бойынша кезектен тыс нұсқаулық жүргізілуі тиіс. Қондырғыны пайдалану бойынша нұсқаулықтың әрбір бұзылуын талқылап, вахталық журналға жазу қажет.

Соседние файлы в папке Диплом