Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ППУ / Диплом / 3. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау.docx
Скачиваний:
164
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
44.58 Кб
Скачать

3.6 Өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар

Өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі шараларға өртті алдын-алу және туындаған өртті жою жатады. Бұл шараларды қарастырмас бұрын, жану және жарылыс үрдістеріне не кіретінін анықтап алайық. Жану және жарылыс үрдістерінің негізінде жылу мен жарық бөлумен ауа көміртегі мен ыстық заттардың қосылуы жүретін тотығу реакциясы жатады.

Депарафинизациялық қондырғыларды пайдалану кезінде өрт туындауының негізгі себептері болуы мүмкін:

- оттықта отынның жарылуы;

- отты ұқыпсыз қодану;

- электржабдықтарының, электрөткізгіштердің істен шығуы және оларды пайдалану ережелерінің бұзылуы.

Сондықтан қондырғыларда жұмыс жасау кезінде қажет:

- қазандықты жақпас бұрын оттық пен түтін құбырын желдету;

- отынның оттықтарға біртекті берілуін қадағалау, бу қазандығы мен мұнай қыздырғышын дұрыс жандыру және өшіру, сонымен қатар олардың жұмысы кезінде дұрыс қызмет кету;

- өздігінен жарылуға қабілетті материалдарды уақытында жинау.

Өрт туындаған жағдайда депарафинизациялық қондырғы операторы өрт сөндіру шараларын қолдану қажет, өрт күзетіндегі әкімшілікке хабарлауы тиіс. Бұл кезде қазандықты тоқтату керек. Ауа өткізгіш пен түтіндік жапқыштарын, бақылау терезелерін, шанақ есіктері мен терезелерін жабу керек, ал порттарды сақтандырғыш клапаны арқылы атмосфераға жіберу керек.

Егер өрт оператор өміріне қауіп төндірсе, ол қауіпті жерді қалдырып кетуге құқылы.

Өртті сөндіру үшін оператор өрт сөндіру құралдары мен әдістерін білуі тиіс. Ең алдымен өрт сөндірудің негізгі принциптеріне жанып жатқан затты оның тұтану температурасынан төмен температураға дейін салқындату және оған ауа көміртегісі мен басқа тотықтырғыштың енуін жою қызмет ететінін есте ұстау керек. өрт сөндіру құралдарына: су, су буы, инертті газдар, химиялық және ауа-механикалық көбік, ұнтақты құрамдар жатады. Бірақ аталған құралдардың әрқайсысын жанып жатқан заттардың тек белгілі заттарын ғана сөндіруде қолданады. Осылайша, мысалы, сумен бензин, керосин, май және тығыздығы бірлікке кіші басқа заттарды сөндіруге болмайды.

Депарафинизациялық қондырғыда өрт туындаған жағдайда ең алдымен алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану қажет:

Қолды өртсөндіргіш, құм, асбестті жамылғы, киіз.

Мұнай кәсіпшілігі мұнай және газдың жарылуға және өрт қауіпсіздігімен мінезделеді. Жарылу және өрт заттарын пайдалану кезіндегі технологиялық процестер қолданады (мұнай негізінде ерітіндіні пайдаланумен бұрғылау, ұңғыны меңгеру). Мұнай мен газды өндіру және бұрғылау өндірісінде жану көзі механикалық және электрлік ұшқындар, статистикалық және атмосфералық электрлігінің зарядтары, қыздырылған беттер болуы мүмкін.

Өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар төрт негізгі топқа бөлінеді:

- өртті ескерту, яғни оларды болу себебін жою;

- өрттің таралу сферасын шектеу (өрт сферасынан материалдың, құндылықтардың, адамдардың сәтті эвакуациялануын қамтамасыз ету);

- өрттік тиімді сөндіру шартын жасау.

Өндірістің жарылуға, өртке қауіптілігіне байланысты конструкция жасалған құрылыс материалдардың жануға және өрт тұрақтылығы талаптарына ұсынады.

Өндірістің өрт қауіпсіздігі бойынша комиссияның келісімімен алты категорияға бөлінеді. Сораптық блок «В» категориялы өндірістің мінездемесі өртке қауіпті, оларға 610 С-тан жоғары тұтыну температурасынан тұйықтар жатады.

Құрылыс конструкциясы жасалынған материал ыстығы және осы конструкциялардың өрт тұрақтылығы шегі өндірістік ғимараттың өрт тұрақтылығын анықтайды. Өрт тұрақтылығы бойынша барлық өнеркәсіптік ғимараттар СНиП келісімімен бес дәрежеге бөлінеді.

«В» категориясы үшін ғимараттың өрт тұрақтылығының ІІ дәрежесіне сәйкес келеді. «В» категориялары өндірісті жайлар автоматы өрттік дыбыс беру қондырғыларымен жабдықталады.

Өндірістік ғимараттардан адамдарды эвакуациялау кезінде ғимарат пен жайдан шығудан жұмысшы орынның шығарылуы, өту ені эвакуацияланғандар саны үлкен мәнге ие болады. «В» категорялы өндіріспен өрт тұрақтылығын ІІ дәрежелі бір қабатты өндірістік ғимараттарда эвакуациялау жолының ұзындығы 100 м-ден аспайды.

Эвакуациялау есіктерінің ең кіші ені 0,8 м-ге тең деп қабылданады, ал эвакуациялау жолында өтпенің және есіктердің биіктігі 2 м-ден кіші болмауф керек.

Еңбек қауіпсіздігі стандартты жүйесі обьектіні өртпен қорғауға арналған өрт техникасының тобына бөледі:

- өрт мащиналары (автомобильдер және мотополигал);

- өрт сөдіру қондырғылары (аэрозольді өрт сөндіру);

- сұйықтықтың өртт сөндіру (сулы өрт сөндіру қондырғылары);

- өрт сөндіргіштер (ауаөпеналы, сұйықты, ұнтақталы, көмірқышқылды, бромэтильді, көмірқышқылды, химиялық пеналы);

- өртпен құтқару қондырғылары (өрт сатылары, құтқару арқандары);

- өрттік қол құралдары (өрт бақандары, өрт іліктері, балталар);

- өрттік инвентарь (өрт шелектері, құм салғыштар, өрт қыбырғалары, жібекті маталар, құмға арналған жәшіктер).

Өндірістік зиянды заттарды жою үшін гигиеналық талаптар бойынша өндірістік желдету жүргіземіз. Желдету табиғи және жасанды түрде жасалады. Табиғи желдетуде өндірістік ғимараттың ауасы сыртқы ауа температурасымен ауысып нәтижесінде жел болады. Табиғи желдетуде ауа қозғалысы желдеткіш көмегімен жүреді.

Желдету – бұл бөлмедегі артық жылу, ылғалдылықты, қауіпті және зиянды заттарды жою үшін, сондай-ақ жұмыс зонасындағы микроклиматтық жағдайды жақсарту үшін жасалатын ұйымдық шаралар. Желдету жалпы ауысымдық және жергілікті болады.

Соседние файлы в папке Диплом