Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ППУ / Диплом / 3. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау.docx
Скачиваний:
164
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
44.58 Кб
Скачать

3.7 Бу қазандықтарын пайдалану кезіндегі апаттық жағдайы

Бу қазандықтарын пайдалану кезінде апаттың негізгі себептеріне жатады: судың шығып кетуі, қысымның артуы, су режимінің бұзылуы, дайындау және жөндеу ақаулары. Апат себебін талдау бу қазандықтарын пайдаланылуын кәсіпорын әкімшілігі тарапынан қанағаттанарлықсыз қадағалауының, қазандықтарға қызмет ететін жұмысшылардың кәсібилігінің жетіспеу және еңбек тәртібінің төмен болу салдарынан болатынын көрсетті.

Судың өтіп кетуінен туған апаттар машинисттердің істеп тұрған қазандықтарды қадағалаусыз қалдыруынан (қазандықтан кетіп қалу, кезек кезінде ұйықтау) немесе қазандыққа қызмет көрсету кезінде машинисттаердің дұрыс емес әрекеттерінен болда.ы

Жеке жағдайларда апат салдары судың өтіп кетуін байқағаннан кейін қазандықтың қорегін іске асыратын машинистердің дұрыс емес әрекеттерінен қиындады.

Қазандықта қысымның артуымен байланысты апаттың негізгі себебі қазандықтардың істен шыққан және реттелінбеген сақтандыру клапандарымен (немесе бітеуіш көмегімен өшірілген немес сыналанған) және істен шыққан монометрлермен жұмыс болып табылады.

Бу қазандықтарының апаттары сирек болады, бірақ жеке жағдайда олар адамдардың зақымдауымен бірге жүреді, ғимараттардың қирауы туғызады және материалдық залал әкеледі.

Қазандықты апатты жағдайда тез арада ауыстыру қажет, егер:

Қысым рұқсат етілген шамадан артық болса (10% жоғары) және отынның берілуі тоқтағанға және тарту мен үрлеудің, оны сумен қоректендірудің азаюына қарамастан өсе береді;

Қазандықтан су шығып кетті (бұл жағдайда қазандықтың сумен қоректендірілуіне мүлдем тиым салынған);

Қазандықта су деңгейі тез төмендеп жатыр, оның сумен мол қоректендірілуіне қарамастан;

Су деңгейі су-көрсеткіш шынысының жоғарғы жиегінен жоғанры көтерілді және қазандық үрлемес оны тез арада төмендете амайды;

Барлық қорек құрығылары жұмыс жасамайды; барлық су көрсеткіш аспаптар немесе сақтандырғыш клапандарының 50% жұмыс жасамайды.

Қазандықтың негізгі элементтерінде (барабан, камера коллекторында, от қорабында, оттық қабығында, құбырлы торда жәе т.с.с.) жарықтар, тасыраюлар, пісірілген жіктердің тығыз болмауы, құбырлардың үзілуі, екі немес одан көп жақын орналасқан байланыстардың үзілуі;

Бақылау тығыны балқып кетті; қызмет етуші персоналға қауіп туғызатын қазандық немесе қабат элементтерінің бұзылуы;

Жасанды тарту кезінде электрэнергиясын беру тоқтатылды;

Қазандықта өрт туды.

Технологиялық қорғау әрекетімен немесе қызмететуші персоналдың әрекетімен қазандық жұмысы тоқтатылуы тиіс газды және сұйық отынды жағумен байланысты апатты жағдайлар болып табылады: газ-ауа қоспасының қазандық оттығында немесе газ құбырларындағы жарылысы; оттықта жалынның өздігінен сөнуі; барық түтін сорғыштарының (тарылуы тепе-тең қазандықтар үшін) немес желдеткіштердің өшуі; белгіленген мәндерге қатысты реттеуші клапаннан кейін газ қысымының күрт төмендеуі немесе артуы (азбен жұмыс жасау кезінде); реттеуші клапан артындағы коллекторда мазут қысымының төмендеуі (мазутпен жұмыс жасау кезінде); қащықтықтан және автоматты басқару құралдарында, сондай-ақ барлық бақылау-өлшеу аспаптарында кернеу шығындары,; қазандық бөлмесінің газдандырылуы; отыин берілуінің тоқтауы.

Апаттық тоқтау қажет болғанда машинист орындалатын операциялардың реттілігін біліп, тез әрі нақты әрекет етуі керек: оттыққа отын мен ауа жіберіуін шұғыл тоқтату керек, ал қатты отын қолданылса отынның жүктелуін, тартуды күрт азайтып, оттықтан жанып тұрған отынды жоюы керек.

Оттықтан отынды тез алып тастау мүмкіндігі болмайтын ерекше жағдайларда жанып тұрған отынға су құылады, бұл кезде машинисттің ерекше назары су ағыны қазандық қабырғасы мен қабығына тимеуінде болуы керек. газды отынмен жұмыс жасау кезінде қазандық газ құбырындағы бекітпені немесе кранды тез арада жабу қажет, одан кейін әрбір оттықта үрлеу шамдарын және «қауіпсіздік» шамдарын ашу қажет. Барлық қазандықтардың апатты тоқтауында қазандыққа газ құбырының енгізілуіндегі бекітпе жабылады. Қазандық мазутпен жұмыс жасаған жағдайда мазут құбырының бұрамаларын оттыққа жабу, одан кейін ауа бағыттаушы құрылғылардың регистрін жауып, оттықтан форсункаларды алу қажет.

Жану аяқталғаннан кейін оттықта түтін қалқанын кейбір уақытқа ашып, буды асыра қыздырғыш болған жағдайда – оның үрлемесін ашып, қыздырылған бу ортақ буқұбырынан өшіру қажет, қолды оттықтарда – оттық есіктерін ашу қажет. Қазандықты қаныққан бу құбырынан өшіру қажет, егер бұл бу құбырға басқа қазандықтардан бу келетін болса, сақтандыру клапандарын көтеріп, буды шығарып тастау керек. Егер қазандықтың апатты тоқтауы судың шығып кетуі немесе қоректендіру аспаптарының істен шығуынан болмаса, қазандықты сумен қоректендіре беруге болады.

Егер апатты тоқтау судың шығып кетуінен болса, яғни, қорек сызығында қысым қалыпты кезінде қазандықта су деңгейі төменгі деңгейден төмен түскенде: сукөрсеткіш шыныларының дұрыс жұмысына көз жеткізу және қоректендіруші сорғыштың істен шықпауын тексеру; жіктерде, құбырларда, люктарда судың ағып кетуінің болмауын тексеру; үздіксіз үрлеу бұрандасын тексеру және қазандықтың барлық үрлеу және түсіру бұрандаларының тығыздығын тексеру. Егер су деңгейі сукөрсеткіш шынысының жиегінен төмен деңгейге дейін түсуін жалғастырса, машинист қазандықтың тоқтатылуына дайын болуы керек. су деңгейі шыныдан көрінбей қалатындай ары қарай түссе, отынның берілуін тоқтатып, түтін сорғышты, желдеткішті тоқтатып, қазандық артындағы шиберді жабу қажет.

Бөлім бойынша қорытынды:

Дипломдық жобаның нақты бөлімі «ҚР-ның Еңбек кодексінің» дәйектемесімен 15.05.07. № 252 ҚР ІІІ заңы бойынша жазылған, 11.04.2014 бастап «Азаматтық қорғау» туралы заңы, № 188-V бойынша жазылған.

Еңбекті қорғау туралы заңдар – Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау Заңы және басқа да Заңдар мен еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы, орта жөніндегі нормативтік актілерден тұрады.

Еңбек кодексі бойынша кәсіпорын әкімшілігі тиісті нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен барлық қызметкерлердің жұмыскерлердің еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі оқуын ұйымдастыруға нұсқау беруге және білімін тексеруге, қайта аттестациялауға міндетті.

83

Соседние файлы в папке Диплом