Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / otvet_RTM_dayyn.docx
Скачиваний:
83
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
369.78 Кб
Скачать

12 Біліктер мен өстерді жөндеу

Бұл бөлшектердің көпшілігі маңызды бұраушы моменттер мен таңбасы айнымалы өстік күшсалмақтар қабылдайды.

Біліктерді жөндеу тәсілі оларың ақауларының сипатына тәуелді. Тозған білік мойындар екі тәсілмен жөнделеді – бастапқы өлшемдері қалпына келтіріліп және жөндеу өлшемдерін енгізумен. Бұлардың ішінде дұрысы бастапқы өлшемдерін қалпына келтіру. Ол үшін электрдоғалық балқыма құю, металдау, дірілдоғалық балқыма құю, хромдау, болаттау және полимермен жаппалау әдістерін қолданады.

Кілтектік пазды бірнеше тәсілмен қалпына келтіреді. Егер клітектік біріктіру қосылатын бөлшектердің белгілі бір қалпын сақтамайтын болса, алғашқы пазға азғана бұрыш жасай паз жасалады. Егер кілтектік бірігу қатаң сақталатын болса, онда пазды балқыма құйып, сол жерден қайтадан жасайды.

Тозған беті өсірілген білік қажетті пішін, өлшем, тегістікке дейін механикалық өңделеді.

Біліктердің ішінде иінді біліктерді жөндеу ең күрделісі.

Түптік мойынды жөндегенде білікті токарь немесе ажарлау станоктарына центрлеп орнатады. Білікке қажетті қаттылық беру үшін бұлғақтық мойынға параллель білік жақтары кергілермен немесе домкраттармен кергіленеді.

Бұлғақтық мойынды өңдеуде білікті станокқа орнату күрделірек. Станокқа орнатпас бұрын бірінші және соңғы түптік мойындарға арнайы жабдық – центржылжытқыштар кигізіледі. Сонан соң білік станокқа қойылады. Алдыңғы тұғыр патронына және артқы тұғыр жақтағы центржылжытқышқа қарсы салмақтар бекітіледі. Білік қаттылығын арттыру үшін кергіштермен білік патронға және центржылжытқышқа керіледі (7.1-сурет). Осы операциялардан кейін механикалық өңдеу жүргізіледі.

7.1-сурет. Бұлғақтық мойынды өңдеу кезінде иінді білікті орнату: 1-қарсы салмақ; 2-орта ығыстырғыш; 3-кергі домкраттар.

Ірі габаритті иінді біліктерде жақтарының және бұлғақтық мойындарының жарылуы және сынуы болуы мүмкін.

Жақтарында жарық пайда болғанда оның шеттерінде тесіктер бұрғылап, әрі қарай тарауына шек қойылады. Сонан соң жарық жиектері пісіру жапсарына дайындалып, ол жақтың бүкіл тереңдігіне шабылады. Жарықты электрдоғалық пісірумен жөндейді. Пісіруден кейін ішкі кернеуді түсіру үшін жасыту жүргізу керек.

Бұлғақтың мойын жарылғанда және сынғанда оны толығымен алып тастайды. Сонан соң жақтарында кернеулі отырғызуға арнап тесіктерді мұқияттап жасайды. Сонан соң жақтарын кезекпен дейін қыздырып бұлғақтық мойынды орнатады. Білік суынғаннан кейін механикалық өңдеулер жүргізіледі.

Біліктерді жөндеуде көп кездесетін операцияларың бірі – түзету. Біліктің диаметрі мен майысуының шамасына тәуелді түзету суық және ыстық күйде жүргізіледі. Әдетте диаметрлері мм біліктер ұзындығына жергілікті майсуы 0,008мм болғанда суықтай түзетіледі. Майысу шамасы үлкен және диаметрлері үлкен біліктерді қыздырып түзету ұсынылады.

15 Білік типтегі бөлшектерді жөндеу. Бұл бөлшектердің көпшілігі маңызды бұраушы моменттер мен таңбасы айнымалы өстік күшсалмақтар қабылдайды.

16, 17 КЖ технологиялық процесінің құрылымы. КЖ технологиялық процесі машиналар мен жабдықтардың жұмыс қабілетін қалпына келтірудің технологиялық және көмекші жұмыстардың кешені болып табылады. Ол өз құрамына жөндеуге қабылдауды, жуу-тазалау операцияларын, агрегаттарға, бөлшектерге және жинау бірліктеріне бөлшектеуді, бөлшектерді тексеруді, сұрыптауды және жөндеуді, оларды комплектілеуді, жинау бірліктерін, агрегаттарын және бүтіндей жабдықты жинауды, жүргізіп көруді, сынауды, сырлауды және жөндеуден кейінгі жабдықты тапсыруды кіргізеді.

Күрделі жөндеудің екі әдісі - жекелей және агрегаттық бар.

Жекелей жөндеу әдісінде машинадан алынған барлық бөлшектер қалпына келтіріліп, қайтадан орнына қойылады (7.1-сурет).

Жекелей жөндеу әдісінде машинадан алынған барлық бөлшектер қалпына келтіріліп, қайтадан орнына қойылады

Жекелей әдіс жөндеу мекемелеріне бір типті агрегаттар аз келетін жағдайларда қолданылады. Жөндеуді жоғарғы квалификациялы жұмысшылардан тұратын бір бригада жүргізеді.

Бұл әдістің кемшіліктері:

- жұмысты мамандандыру және механикаландыру шектеулі;

- жабдық жөндеуде ұзақ уақыт тұрады;

- жоғарғы білгірлікті жұмысшылар керек.

Ерекшелігі – машинаны қандай жабдықтарымен тапсырса, өзгертілмей сол жабдықтарымен жөндеуден алады.

7.2-суретте жабдықтарды күрделі жөндеудің агрегаттық әдісінің технологиялық процесі көрсетілген. Бұл әдісте базалық бөлшектерден басқа бөлшектер жалпыланады (жалпыға бірдей болып, атсыздандырылады). Қоймада үнемі толықтырылып отыратын жөндеулі атсыздандырылған айналымдық бөлшектердің болуы жөндеуге алынған машинаның базалық бөлшектері жөнделгеннен кейін-ақ тез арада оны жинауды бастауға мүмкіндік береді.

Бұл жерде .

Бұл әдістің артықшылықтары:

- жұмыстың мамандандырылған, ол жұмыс өнімділігін арттыруға септігін тигізеді;

- арнаулы технологиялық жабдықтар мен жарақтарды пайдаланып жөндеу технологиясын жетілдіру мүмкіншілігі;

- механикаландыру мүмкіншілігінің молдығы;

- жұмыс сапасының артуы және өзіндік құнының төмендеуі;

- жөндеу мерзімнің қысқаруы.

Ең қажетті шарт бұл әдісті пайдаланғанда агрегаттардың айналымда қоры болуы.

18 Жасырын ақауларды анықтаудың негізгі әдісі ультрадыбыстық дефектоскопия. Ультрадыбыстық дефектоскопия металдарда тереңде

орналаскан, яғни бөлшектердің бетіне шықпайтын ақауларды іздеу кезінде қолданылады. Әдетте металл бөлшектердің ішкі ақауларына мыналар жатады: талшықтар, жарықтар,шөгілген қаяулар, кеуектілік, қождық қосылымдар және пісіру тігісіндегі шикіліктер.

Ультрадыбыстық дефектоскопия әдісі жиіліктері 20000 Гц жоғары ультрадыбыстық тербелістердің кез келген қатты немесе сұйық денелердің қабаттарынан өтіп және екі ортаның (ауа-металл, басқа косылымдар-металл, сұйық-газ, т.б) шекарасынан шағылысу қасиеттеріне негізделген.

Акустикалық көлеңқе әдісінің салыстырмалы сезімділігі төмен, сондықтан импульсте ультрадыбыстық дефектоскоптарды пайдаланатын шағылысқан жаңғырык әдісі көп таралған.

Ультрадыбыстық дефектоскопияның айтарлықтай жетістігі жеке бөлшектердің, сондай-ақ жинақтаулы түйіндер мен құрылымдардағы бөлшектердің олардың жасалган материалдарына тәуелсіз тереңдегі акауларын анықтау мумкінішлігі болып табылады.

Бұл әдістің кемішлігіне әрбір бұйымнын түрін, ал кейде оның әрбір учаскесін тексеруге арналған "өз" іздегіштері қажеттігін айтута болады. Сондай-ақ бұйымның тексерілетін белігін алдын ала мұқият өңдеу керек. Бұдан басқа ультрадыбыстық тексеру тек қана дефектоскопты реттеуді ғана емес, аппаратураның жұмыс істеу ерекшеліктерін және ақауларды түсіндіру дағдысын талап етеді.

Соседние файлы в папке ГОС