Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

1. Жабдықты төлқұжаттау.

Технологиялық машиналар мен жабдықтарының ЖЕЖ жүйесінің негізгі көрсеткіштері төменде келтірілгендер болып табылады.

- жөндеу циклі кезекті екі КЖ, ал жаңа жабдықтар үшін бірінші КЖ-ге дейінгі уақыт;

- жөндеу аралық кезеңі кез келген жоспарлы екі жөндеулер аралығындағы уақыт.

Жөндеу аралық циклінің құрылымы – бір жөндеу циклі ішіндегі әртүрлі жоспарлы жөндеу түрлерінің саны және кезектесу реті.

жәнежабдық жұмыс істеген сағат санымен анықталады. Уақытты есептеу дұрыс жолға қойылмаған жағдайдажәнемашиналық және күнтізбектік уақытта оны пайдаланудың жоспарлы коэффициенттерін ескере отырып күнтізбектік уақытпен анықталады.

2 Жабдықты жөндеу алдындағы дайындық жұмыстары..

Жабдықты жұмысшылар ЖЕЖ кестесіне байланысты жөндеуге дайындайды. Дайындау жұмыстарына: майларды отынды және сұйықтарды агрегаттардан төгу, сондай-ақ жабдықты алдын ала жуу мен тазалау жатады.

Жабдықты жөндеуге тапсыруға қажетті құжаттар:

1) жөндеу түрі, оның орындалу уақыты пайдалану және жөндеу деректері көрсетілген, сондай-ақ пайдалану және жөндеу процесінде алмастырылған бөлшектер, агрегаттар (жинау бірліктері) жөнінде мәліметтері, жұмыс істеген уақыты және орындаған жұмыс көлемі жөнінде деректері бар заводтың төлқұжаты;

2) жабдықтың техникалық жағдай жөніндегі акт, апаттық жағдайда болса – апаты жөніндегі акт.

Жабдықты қабылдау нәтижесінде қабылдау–тапсыру актісі жасалады.

3. . Жөндеу циклдері мен жөндеу аралық кезеңдердің құрылымы мен ұзақтағы.

Жабдықты жөндеуге тапсыруға қажетті құжаттар:

1) жөндеу түрі, оның орындалу уақыты пайдалану және жөндеу деректері көрсетілген, сондай-ақ пайдалану және жөндеу процесінде алмастырылған бөлшектер, агрегаттар (жинау бірліктері) жөнінде мәліметтері, жұмыс істеген уақыты және орындаған жұмыс көлемі жөнінде деректері бар заводтың төлқұжаты;

2) жабдықтың техникалық жағдай жөніндегі акт, апаттық жағдайда болса – апаты жөніндегі акт.

Жабдықты қабылдау нәтижесінде қабылдау–тапсыру актісі жасалады.

Билет № 31

1. Жөндеудің жылдық жоспар-графигі не үшін қызмет етеді?

ЖЕЖ жүйесі нақты жоспарлауды талап етеді. Жөндеу жұмыстарының бекітілген құрылымы мен кезеңдері негізінде бас механик қызметі ТҚК мен жөндеудің айларға бөлінген жылдық жоспар-кестесін немесе жиі бөлек жөндеудің жылдық жоспарын және ТҚК оперативтік кестесін жасайды.

Жоспар-кестені және ЖЕЖ жүйесімен белгіленген жұмыс сыйымдылығын, қосалқы бөлшектер мен материалдар шығынын біле отырып жөндеу базасына тағайындалған жұмыс көлемін анықтайды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды сатып алуды жоспарлайды.

2.Жөндеудің өзіндік құны және ұзақтығы.

Жөндеудің өзіндік құны және ұзақтығы келесі түсініктермен анықталады.

Сенімділік (надежность) – бұйымның талап етілетін уақыт ішінде өзінің пайдаланулық қасиеттерін сақтай отырып берілген функцияларды орындау қасиетті.

Техникалық пайдалану коэфициенті (коэффициент технического использования) - пайдалану мерзімінде бұйымның жұмыс істеу уақытының осы жұмыс істеу уақыты мен осы пайдалану мерзімі ішіндегі техникалық күтім мен жөндеуге кеткен уақыттың қосындысына қатынасы.

Уақыт қоры (ресурс) – техникалық құжаттарда көрсетілген шектік күйге дейін бұйымның жұмыс істеу уақыты.

Қызмет мерзімі (срок службы) - техникалық құжаттарда көрсетілген шектік күйге жеткенше немесе тізімнен шығарылғанша бұйымды пайдаланудың күнтізбектік ұзақтығы.

Физикалық өмір ұзақтығы(физическая долговечность)заттың орташа жағдайда ортаңғы немесе күрделі жөндеуге дейінгі жұмыс істеу уақытының ұзақтығы.

Соседние файлы в папке ГОС