- •2. Бөлшектерді қысыммен жөндеу.
- •3. Соққылық беттік пластикалық деформация.
- •2. Полимерлік жаппалармен бөлшектерді жөндеу.
- •3. Бөлшектердің химиялық жылулық бұзылуы.
- •1. Желімдеп біріктіруді қолданып бөлшектерді жөндеу.
- •2. Беріктендіруші электр-ұшқындық өңдеу.
- •3. Бөлшектерді беттік беріктендіру әдістері.
- •1. Бөлшектерді пісірумен және балқыма құюмен жөндеу.
- •2. Беріктендіруші химия-жылулық өңдеу.
- •3. Типтік машина бөлшектерін жөндеу.
- •1. Беріктендіруші жылулық өңдеу.
- •2. Кинематикалық белгілері бойынша үйкелістің түрлері.
- •3. Бөлшектердің тозуына әсер ететін факторлар.
- •1. Тозуға төзімді материалдар балқымасымен беріктендіруші өңдеу.
- •2. Деформацияның түрлері.
- •3.Агрегаттарды монтаждау сапасын тексеру (өстестік, паралеллдік, тарту т.Б.).
- •1. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері.
- •2.Үйкеліске қарсы қорытпаларды қайта құйып бөлшектерді жөндеу.
- •3. Балқыма құю тәсілдері.
- •1. Бөлшектердің тозуы.
- •2. Механикалық өңдеумен бөлшектерді жөндеу.
- •3. Беріктендіру әдісін таңдау.
- •1. Майлау шаруашылығы.
- •2. Тозған бөлшектерді жөндеу тәсілдерінің сыныптамасы.
- •3. Диск типтегі бөлшектерді жөндеу.
- •1. Бөлшектерді өсірумен жөндеу.
- •2. Статикалық пластикалық деформация.
- •3. Сенімділіктің сандық көрсеткіштері.
- •1. Кж технологиялық процестері.
- •2. Бөлшектерді дәнекерлеумен жөндеу.
- •3. Төлке типті бөлшектерді жөндеу.
- •1. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру.
- •2. Машиналар мен жабдықтардың бөлшектерінің өзара орналасуы және сынау.
- •3. Корпустық бөлшектерді жөндеу.
- •1.Машиналар мен жабдықтардың техникалық диагностикасы.
- •2. Жабдықтарды күрделі жөндеуді ұйымдастыру.
- •3. Білік типтегі бөлшектерді жөндеу.
- •1.Бөлшектердің тозуына әсер ететін факторлар.
- •2. Техникалық күтім жасау процесінде диагностиканың алатын орны.
- •3. Жөндеуді жоспарлау, дайындау және ұйымдастыру.
- •1.Кж кезінде агрегаттарды жинау.
- •2. Қосылысқан жердің бұзылу себептері және оны қалпына келтіру әдістері.
- •3. Гальваникалық өсірумен бөлшектерді жөндеу
- •1.Кж кезінде жабдықты комплектілеу.
- •2. Бөлшектерді теңгеру.
- •3. Электрдоғалық пісіру және балқыма құю және оның түрлері.
- •1.Жабдықты кж тапсыруға арналған дайындық жұмыстары.
- •2. Қолдан газбен пісіру және балқыма құю.
- •3. Сормайт №2, сталинит, Висхом-9 қорытпалары
- •1.Бөлшектердің бұзылуының түрлері.
- •2. Кж кезінде агрегаттарды тексеру, сұрыптау жұмыстары.
- •3. Бөлшектерді металдаумен жөндеу.
- •1. Жабдықтардың өмір ұзақтығын арттырудың конструктивтік әдісі.
- •2. Диагностикалауда қолданылатын әдістер мен құралдар.
- •3. Жұмыс істеп шыққан майларды жинау және регенерациялау.
- •1. Машина, механизмдердің техника-экономикалық өмір ұзақтығы.
- •2. Күту мен жөндеу түрлері.
- •3. Қоспаланған болаттан балқыма құю.
- •1. Бөлшектердің бұзылуының түрлерінің сыныптамасы.
- •2. Машиналар мен механизмдердің моральдық өмір ұзақтығы.
- •3. Жөндеудің жекелей және агрегаттық тәсілдері.
- •1. Сенімділікті бағалау.
- •2. Қажалу түрлерінің сыныптамасы.
- •3. Жабдықты сырлау.
- •23Билет
- •1. Машинаның физикалық өмір ұзақтығы.
- •24 Билет
- •1. Сенімділік туралы мәліметтер.
- •1.Мұнайгаз жабдықтарын жөндеудің негізгі өндірістік процесін ұйымдастыру.
- •3. Майлау материалдары және жабдықтарды майлау.
- •1. Жабдықты төлқұжаттау.
- •2 Жабдықты жөндеу алдындағы дайындық жұмыстары..
- •1. Жөндеудің жылдық жоспар-графигі не үшін қызмет етеді?
- •2.Жөндеудің өзіндік құны және ұзақтығы.
- •3.Жабдықты жөндеуге тапсыру тәртібі.
- •32Билет
- •1. Қойма шаруашылығы.
1. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері.
Жөндеу кәсіпорындарында бөлшектерді пайдалану нәтижесінде бұзылған қосылысқан жерлердің орналасуын, механикалық беріктігін, тозуға төзімділігін және жегіге төзімділігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін бөлшектерді жөндеудің әртүрлі тәсілдері кеңінен қолданылады.
Тозған бөлшектерді жөндеудің тәсілдері мыналар:
механикалық өңдеу; қысыммен өңдеу; пісіру; балқыма құю; металдау; гальваникалық өсіру; дәнекерлеу; үйкеліске қарсы қорытпаны қайта құю; пластмассамен жабу; желімдеу.
2.Үйкеліске қарсы қорытпаларды қайта құйып бөлшектерді жөндеу.
Үйкеліске қарсы қоспалар үйкелісті төмендету және білік мойынының тозуын азайту мақсатында сырғанау мойынтіректерін қайта құюда кең қолданылады. Бұл мақсатта қалайысы көп баббит, қорғасын-қалайылы никель (БН) және теллурлы баббиттер (БТ), қорғасынды қола және т.б. қолданылады.
Мойінтіректерді үйкеліске қарсы қорытпаны қайта құйып жөндеу мойынтіректі дайындаудан, баббитті балқытудан, баббитті мойынтірекке құюдан, мойынтіректі механикалық өңдеуден және сапасын тексеруден тұрады.
3. Балқыма құю тәсілдері.
Балқыма құю жұмыстарын екі тәсілімен: қолдан және механикаландырылған – жүргізіледі.
Қолдан балқыма құю тәсілдері мыналар:
- газбен;- электрдоғалық;- аргондық-доғалық.
Механикаландырылған балқыма құю тәсілдеріне мыналар жатады:
- флюс қабаты астында;- қорғаушы газ ортада;- діріл доғалық;- плазма доғалық;- электр қождық ;- индуктивті;- үйкеліспен.
Электрдоғалық қолдан пісіру мен балқыма құюда көбіне өзегі металл электрод пайдаланылады.
Қолмен балқыма құюды жұмыс көлемі аз кезде және жетуі қиын жерлерді пісіргенде қолданады. Бұл процестің артықшылығы – қолайлылығы мен қарапайымдылығы. Оның кемшіліктері - өнімділігі аз.
Қол-доғалық және газбен балқыма құю кезінде абразивтік қажалу шартында жұмыс істейтін бөлшектерді беріктендіру үшін жылулық өңдеусіз HRC 57-63 қаттылықтарын қамтамасыз ететін Т590, Т620, БХ-2, 13КН маркалы электродтарды пайдалану ұсынылады.
Билет № 8
1. Бөлшектердің тозуы.
Бұрғылау және мұнайгаз кәсіпшілігінің жабдықтарын, құралдарын пайдалану кезінде біртекті және біртекті емес тозулар, сонымен қатар бөлшектердің жұмыстық беттерінде сызықіз және қажалықтың пайда болуы байқалады. Жұмыс кезінде жабдықтың бөлшектері ауыспалы жүктемелерге ұшырайтындықтан біртекті емес тозулар жиі кездеседі. Ротор столы тәжінің және тістегерішінің тістерінің біржақты тозуы бұл бөлшектердің істен шығуының негізгі себебі болады. Бөлшектердің тозуы машиналардың істен шығуына әкелетін негізгі ақау. Бұрғылау және мұнайгаз кәсіпшілігінің жабдықтарын пайдалануда бөлшектердің басқа бұзылу түрлері азырақ кездеседі. Сондықтан тозу құбылысын және оның себептерін әржақты зерттеу өте маңызды.
Тозу материалдың бөлінуі немесе қалдық майысуы түрінде білінетін қажалудың нәтижесі.Үйкелісетін беттердің ең аз тозуы сұйықтық үйкеліс кезінде байқалады.
2. Механикалық өңдеумен бөлшектерді жөндеу.
Жөндеу өлшемдері тәсілі. Бұл тәсілдің мағынасы қосылысқан тозған бөлшектердің бірін, әдетте, жасалуы қиынын,дұрыс геометриялық пішін беру және талап етілген кедір-бұдырлылықты алу үшін алдын-ала белгіленген жөндеу өлшемдеріне дейін механикалық өңдейді де, ал екіншісін жаңасымен немесе алдын-ала белгіленген өлшемге дейін жөнделгенімен алмастырады.
Қосымша жөндеу бөлшектері тәсілі. Бұл тәсілдің мағынасы қажалған бетті жөндеуге оған тікелей бекітілетін жөндеу бөлшегін пайдалану болып табылады. Қосымша бөлшектің қалыңдығы әдетте жөнделетін тозу шамасынан едәуір артық, сондықтан қосымша бөлшекті бекітпестен бұрын жөнделетін бөлшектің қажалған қабатын алып тастайды.
Бөлшектің бір бөлігін алмастыру тәсілі. Бұл тәсілдің мағынасы – бөлшектің қажалған бөлігі алынып тасталып, оның орнына қосымша бөлшек қойылады. Алмастырылған бөлік бөлшектің негізгі бөлігімен пісірумен, бұрандамен, желімдеумен немесе басқа бір тәсілмен біріктіріледі де, сонан соң қажетті дәлдік пен беттің кедір-бұдырлылығына дейін түпкілікті механикалық өңделеді.