Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

3. Сенімділіктің сандық көрсеткіштері.

Технологиялық машиналардың сенімділігін төменде көрсетілген сандық көрсеткіштер кешенімен анағұрлым дәл анықтауға болады. Олар:

- істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы;

- істен шығудың жиілігі мен қарқыны;

- істен шыққанға дейінгі орташа уақыт;

- орташа қызмет уақыты;

- техникалық пайдалану коэффициенті;

- жұмыс істеу қабілетін қалпына келтірудің орташа уақыты;

- жөндеудің өзіндік жұмыс қиындығы.

Осы көрсеткіштерді пайдаланып математикалық жолмен кездейсоқ шамалардың таралуының сандық мәндерін анықтау керек.

Математикалық жолмен алынған шамаларды өңдеу кездейсоқ шамалардың қатарын құрауға, олардың эмпирикалық функцияларын табуға, эмпериялық таралулар параметрлерін есептеуге, оларды алдын-ала алынған теориялық заңдармен салыстыруға келіп саяды.

Билет № 11

1. Кж технологиялық процестері.

КЖ технологиялық процесі машиналар мен жабдықтардың жұмыс қабілетін қалпына келтірудің технологиялық және көмекші жұмыстардың кешені болып табылады. Ол өз құрамына жөндеуге қабылдауды, жуу-тазалау операцияларын, агрегаттарға, бөлшектерге және жинау бірліктеріне бөлшектеуді, бөлшектерді тексеруді, сұрыптауды және жөндеуді, оларды комплектілеуді, жинау бірліктерін, агрегаттарын және бүтіндей жабдықты жинауды, жүргізіп көруді, сынауды, сырлауды және жөндеуден кейінгі жабдықты тапсыруды кіргізеді.

Күрделі жөндеудің екі әдісі - жекелей және агрегаттық бар.

Жекелей жөндеу әдісінде машинадан алынған барлық бөлшектер қалпына келтіріліп, қайтадан орнына қойылады.

Агрегаттық әдіс. Бұл әдісте базалық бөлшектерден басқа бөлшектер жалпыланады (жалпыға бірдей болып, атсыздандырылады). Қоймада үнемі толықтырылып отыратын жөндеулі атсыздандырылған айналымдық бөлшектердің болуы жөндеуге алынған машинаның базалық бөлшектері жөнделгеннен кейін-ақ тез арада оны жинауды бастауға мүмкіндік береді.

2. Бөлшектерді дәнекерлеумен жөндеу.

Дәнекерлеу деп қатты күйдегі қыздырылған металл беттерін балқу температуралары негізгі металдардікінен төмен ерітілген қорытпалар (дәнекерлер) көмегімен бөлінбейтін бірігулер жасау процесін айтады.

Дәнекерлеу процесіне біріктірілетін беттерді дайындау, оларды дәнекердің балқу температурасына жақын шамада қыздыру, дәнекерді балқыту және сұйық дәнекерді біріктірілетін беттерге жағу және олармен жұмыстық жапсарды толтыру жатады.

Дәнекерлеу алдында беттерді кір мен тотықтардан мұқият тазалау қажет. Ол үшін механикалық өңдеуді, негіздермен майсыздандыруды және қышқылдармен улауды қолданады. Біріктірілетін беттерді қорғау және дәнекерлеу кезінде пайда болатын тотықтарды кетіру үшін ұнтақ немесе сұйық флюстер қолданылады. Дәнекерлеп болған соң флюстердің қалдығы сумен жуылып, кептіріледі. Дәнекерлеуді механикалық зақымдалған, көбіне жарылып кеткен бөлшектерді жөндеуге қолданады.

3. Төлке типті бөлшектерді жөндеу.

Сырғанау мойынтіректерін жөндеу. Сырғанау мойынтіректері жиі маңызды өзіндік күшсалмақпен және жоғары жылдамдықтарда жұмыс істейді. Сондықтан олар мойынтіректің тозуына, қосылған жерлердегі саңылаулардың үлкеюіне әкеледі. Нәтижесінде мойынтіректің жұмысшы беттерінде жырықтар мен жарықтар, үйкеліске қарсы қабаттың қабыршақтануы пайда болады. Ішпекті жөндеуде мынадай операциялар қарастырылған: ішпекті құйма құюға дайындау, үйкеліске қарсы қорытпаны дайындау, мойынтірекке құйма құю және механикалық өңдеу. Биметалл төлкелерді әдетте жөндемейді, оларды алмастырады.

Алмастырылатын цилиндр төлкелерін жөндеу. Алмастырылатын төлкелерді әдетте поршеньді машиналарда қолданады. Бұл бөлшектердің өзіне тән ақаулары ішкі – жұмысшы беттерінің тозуы. Цилиндр төлкелерін әдетте жөндеу өлшемдері әдісімен жөндейді. Төлке өлшеміне байланысты станокты таңдайды.

Билет № 12

Соседние файлы в папке ГОС